Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азіргі әлемдегі интеграциялық үрдістер және оладың геосаясатқа әсерін сараптаңыз




Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Казіргі таңда әлемде интеграциялық ұйымдарға бірігу мемлекеттер арасында үрдіске айналып отырған сияқты. Біздің ел де даму сатысында осы жолды таңдағаны белгілі. Елбасы Жолдауындағы біз қосыламыз деп отырған, дамыған отыз мемлекеттің қай қайсысын алсақ та, барлығы бірнеше интеграциялық ұйымдарда мүшелікте. Мысалы, көптеген интеграциялық бірлестіктер ішінен Батыс Еуропада – Еуропалық одақты, солтүстік Америка аймағында –НАФТА одағын, Азия Тынық мұхит аймағында – АСЕАН-ды және Еуразия құрлығында – Тәуелсіз мемлекеттер достастығын, Латын Америкасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай атап кетсе болады.
Интеграциялық ұйымдар мақсаттары әр түрде болуы мүмкін және олар көбінесе мүше мемлекеттердің осы ұйымдардағы ұстанатын саясатына да көп байланысты болады. Интеграциялық ұйымдар түрлеріне байланысты еркін экономикалық аймақ, кедендік одақ, жалпы нарық, экономикалық одақ, валюталық одақ және саяси одақ болып бөлінеді. Олар шекаралас мемлекеттер арасында және кейбір кездері шекарасы мүлде түйіспейтін мемлекеттер арасында да құрылуы мүмкін. Біріккен мемлекеттер ұйым шеңберінде интеграциялық дамудың әртүрлі сатыларынан өтіп, бертін келе ортақ шекара мен ортақ бір валюта қолданып,экономикалық ортақ саясат жүргізу мақсатында ортақ мемлекеттік басқару құрылымын қалыптастыратын ұйымдар да бар.

Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.

Кейбір кедергілерге қарамастан Батыс Еуропадағы интеграциялық топ бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда өзінің артықшылығын көрсетті. Осы жағдайдан терең әсер алған үшінші әлем өздерінің эконономикалық және саяси мәселелерін мемлекетаралық интеграция жолында шешуге тырысты.

Азия мемлекеттері және үшінші әлемдегі интеграциялық жүйелерді сараптау барысында, қызмет жасау барысында олардың сәтсіздіктерге ұшырағанын көреміз. Ал Батыс Еуропада дәл осы уақытта сәттіліктерге қол жеткізді. Бұл жерде алым ретінде тек АСЕАН-ды айтып кеткеніміз жөн. Оңтүстік-Шығыс Азия Ассоциациясының құрылуы сол аймақтағы Үндіқытайдағы қақтығысының орын алған кезінде құрылды. Яғни, бұл қақтығыс субаймақтық топтың құрылуында бір бастама болды. Бұл халықаралық ұйымды 1967 жылы Сингапур, Малайзия, Индонезия, Филипин, Тайланд мемлекеттері құрылды. Бұл ұйымның алғашқы кездегі мақсаты қауіпсіз дамуға жағдай жасау. Кейін келе, АСЕАН әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси тұстарды қамти бастады. АСЕАН сыртқы саяси сферада, аймақтық қауіпсіздік негізін құруда көптеген жетістіктерге қол жеткізді, сонымен қатар Азия-Тынық мұхит аймағындағы тұрақтылыққа үлкен ықпал етті, яғни тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кеңеюіне себепші болды. Қазіргі кезде Бруней мен Вьетнамның қосылумен бұл ұйымның мүше саны тоғыз болды. Бірақ өз қызметінің 30 жылдық кезеңі барысында экономикалық сферадағы жетістіктері жоққа шақ. Сыртқы сауданың көп бөлігі АСЕАН-нан тыс елдердің үлесінде жатыр, яғни біріншіден, Жапония, АҚШ және ЕО елдері. 1997 жылы Сингапурдағы төртінші жоғарғы деңгейдегі кездесуде Ассоциацияға мүше-мемлекеттер 2007 жылға дейін еркін сауда зонасын құруға келісті.

Латын Америкасындағы ірі интеграциялық бірлестік ретінде МЕРКОСУР-ды айтуға болады. 1991 жылы Бразили, Аргентина, Уругвай, Парагвай мемлекеттері құрған интеграциялық бірлестік. Бұл мемлекеттердің тауар айналымы 1991-1995 жылдар аралығында үш есе өекен. 1994 жылы жалпы рынок кеңесі құрылды. Оның құрамында сыртқы істер министрлері бар және тұрақты атқарушы орган, құрамында атқарушы хатшылығы және он техникалық комиссия бар. Жалпы рынок тобы құрылды, МЕРКОСУР-ға қатысушылар кереметтей жетістіктерге қол жеткізбесе де олар алдағы жылда интеграциялық үрдісті дамытып, көптеген жетістіктерге жетеміз деген үмітте.
Интеграциялық одақтың осы кезеңдерінің бәрінен өткен, интеграциялық ұйымның даму шегіне жеткен ұйымның мысалы ретінде Еуропалық одақты атап кетуге болады. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Европалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды. Қазіргі күнде Европалық Одақтың эволюциясы европалық қоғамдастыққа жаңа мүшелердің кіруімен ауқымы тұрғысынан да, және экономикалық және саяси сфералардағы интегарцияны дамытудың есебінен тереңдеуі тұрғысы бойынша өтуде. Осы көрсетіліп отырған екі үрдістің бір-бірін қаншалықты өзара толықтыратындығы әлі белгісіз. Европалық Одақта аталмыш одақтың ұлғаюын жақтайтын да, және оның қарсыластары да бар. Қарсылық білдірушілер Одақтың одан әрі эволюциясын жақтай отырып, ұлғаю процесі қоғамдастықтағы дәулетті мемлекеттер үшін келеңсіз экономикалық шығындарға және саяси бірігуге тоқырау әкеле отырып, Европалық Одақтың тереңінен дамуын тоқтатуы мүмкін деп санайды. Дегенмен, қауіптерге қарамастан, интеграцияланудың бай тәжірибесін жинақтаған қоғамдастық, өз маңайындағы мемлекеттерге экономикалық гүлдену мен саяси тұрақтылық кеңістігін ұлғайта түсу бағытында да, және де өз алдына экономикалық сипаттағы амбицияға толы міндеттерді, сонымен қатар сыртқы саясат пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді қоя отырып, бүгінгі күндегі интеграциялық мүмкіндікті тереңдете және дамыта түсудегі прогресті жалғастыра беруге бел байлап отыр.

Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын нәтижелерін айтсақ болады.

Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әрер етуде, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр.

Еуропалық интеграцияның тәжірибелік мүддесі және тереңдеу үрдісі, ең басты Еуропалық Одақтың қызметі Қазақстан үшін маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша, Еуропа елдерімен қатынаста стратегиялық қарастырған жөн. Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның тәжірибесін жинақтаған. Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында аймақтық интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны ескерген жөн. ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ТМД, ЕврАзЭс,) қатысуда. Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-үйрену қолданыстық маңызға ие.

Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі бүгінгі таңда әлемнің бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені зерттеу қазіргі уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазақстанда әлемдік тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан кешкен елдердің тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады. Батыс Еуропадағы түпкілікті соғыстар және халықтардың және мемлекеттердің саяси бірігуі қарсаңында, интеграцияның негіздері интеллектуалдық деңгейде «еуропалық идея» ретінде құрылды. Мұндай жоба авторларының арасында еуропа қоғамдық ой және мәдениет өкілдері, яғни «еуропалық идеяны» құрушылардың басында И.Кант, Ж.Монне, Р.Куденхове-Калерги және басқалар тұрды.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1397 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2300 - | 2053 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.