Қазіргі кезеңдегі геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға орын береді. Қытайдың глобальды стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру және глобальды лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста болуын ескере отырып, қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында «тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Теңдесі жоқ Қытайды экономикалық деңгейі Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады.
XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап Қытайдың сыртқы саясатының стратегиялық маңызды бір бағыты бұрынғы КСРО кұрамындағы болған Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасына ойысты. ҚХР аталмыш өңірдің мемлекеттерімен бірден дипломатиялық қатынас орнатып, олармен мемлекеттік шекарасын айқындап, көп салалы ынтымақтастық орната отырып, оны үздіксіз дамыту саясатын колданып келеді.
60-шы жылдарынын басына дейінгі ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М.С.Капицаның, Б. Колосковтың, О. Владимировтың, Г.В.Астафьев пен A.M. Дубинскийдің еңбектерінде орын алған.
Қазіргі кезде ҚХР геосаяси бағытын үшке бөлуге болады:
- Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы (АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты.
- Азиядағы ҚХР саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс.
3. Қытай мен Евразия – Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары.
Қытай қазір Орта Азия елдеріне, Қазақстанға да ықпал жасауға тырысып отыр. Оны олар құпия сақтап отырған да жоқ..Қытай сыртқы саясатын өте үлкен ақылмен, алыстан болжай отырып жүргізетін халық. Кезінде атақты Бжезинскийдің «Қазақстан АҚШ пен Қытайдың осы аймақтағы тартыс алаңына айналуы мүмкін» деп айтқаны бар.
Тайвань проблемасы
Пекиннің Гонконг, Сингапур, Тайванмен қарым-қатынастары – ҚХР ішкісаяси ісі ретінде қарастырылатын бағыт болып табылады. Тарихи біртұтас территориялық жерлердің бірігу мәселесі қазіргі таңда АТА ғана емес, бүкіл дүние жүзінде толқылануда.
ҚХР сыртқы саясатының бұл бағыты Пекин үшін геосаяси мәнге ие. Бірігу нәтижесінде Пекин аумақта қаржылық және экономикалық лидер болуымен қатар, АТА мемлекеттерін геосаяси тұрғыдан басқару бастайды. Шын мәнінде, Шығыс-Қытай теңізіндегі теңіз бен ауа кеңісітігі Пекин қол астында болады, ал бұл АҚШ пен Жапония мүдделеріне тікелей қайшы келеді.
Қазіргі таңда Тайвань мәселесі Пекин мен Вашингтон қарым-қатынастары арасында басты проблема болып табылады.
ХХІ ғасырдың бірінші жартысында Қытайдың халықаралық мәні жаһандық саясат пен аумақтарда үстемдік жүргізуіндегі ерекше күшеюімен сипатталады. Орталық Азия бойынша Қытай Халық Республикасының АҚШ, Евро Одақпен және Ресеймен қатар толық геосаяси күші ретінде болады.
Қытайдың Орталық азиядағы негізгі мүдделері:
- терроризм, сепаратизм мен экстремизммен күрес;
- аумақты тұрақтылықты сақтау;
- Орталық Азиямен экономикалық дамуын көтеру;
- Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынас;
- аумақта Пекинге қарсы әскери блоктардың орналасуына жол бермеу;
- энергоресурстарға Қытай Халық Республикасы үшін жол ашу.
Халықаралық қатынастарды «демократия мен әділеттік» түсінігі қытайлық ресми саясатта:
• біріншіден, бейбітшілікті сақтау мен елдердің дамуының көпжақты моделін сақтау;
• екіншіден, саяси және қауіпсіздік мәселелерін қару-жарақ қолданбай және қауіп-қатер туғызбай кеңес беру жолымен шешу;
• үшіншіден, экономикалық ынтымақтастық бірлесіп даму және өзара өркениетті және мәдени баю деп түсіндіріледі.
АҚШ-ң барлау қауымдастығының бағасы бойынша, Қытай екі-үш онжылдықтан кейін жалпы өнімнің көлемі бойынша Америка Құрама Штаттарын басып озады, әскери технологияда үлкен жетістіктерге жетеді, экономикалық-геосаяси жалғыз мықты держава АҚШ-қа қарсы шығып, өсіп келе жатқан Шығыс Азия аумағында өз үстемдігін жүргізе алады.