Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Коммуникация түрлері




Жетекші ұйымның мақсаттарын қалыптастырып оларға жету үшін өз міндетін атқарып, негізгі функцияларды жүзеге асырғандықтан ақпарат алмасудың сапасы мақсаттардың орындалу дәрежесіне тура әсер етеді. Яғни индевидтер мен ұйымдар жетістікке жету үшін тиімді коммуникация қажет.

Ұйым мен сыртқы орта арасындағы коммуникация. Ұйымның қажетіне сыртқы орта факторлары ықпал жасайды. Осы факторларға оның коммуникациялық қажеттіліктері тәуелді. Ұйым сыртқы ортамен байланысу үшін түрлі құралдарды қолданады.Ол тұтынушылармен жарнама және тауарлы нарыққа шығаратын басқа да құралдар арқылы байланысады. Қоғаммен қарым-қатынас арасында назар, бірінші ұйымның образын, имиджін қалыптастыруға аударылады. Ұйымдар мемлекеттік реттеуге бағынады және осыған байланысты жазбаша есепті толтырады. Талқылаулар, жиналыстар есеп тапсырулар және т.б. ұйымның ішіндегі құбылыстар сыртқы ортадан пайда болатын мәселелер мен мүмкіндіктерге реакциясы болып табылады.

Ұйымдағы деңгей аралық коммуникация. Ақпарат, ұйымның ішінде деңгейден деңгейге тек коммуникация аясында орын ауыстырады. Ол жоғарғы деңгейден төменге берілуі мүмкін. Мұндай жолмен басқарудың бағынышты деңгейіне ағымдық тапсырмалар, приоритеттердің өзгеруі, нақты тапсырыс және т.б. туралы хабарланады.

Сонымен қатар, ұйымға төменнен жоғарыға қарай бағытталған коммуникация керек. Бұл өнімділікке дұрыс әсер етуі мүмкін.

Кез-келген жоғарыдағы деңгейде жаңа идеяны қайтаруға шешім қабылдануы мүмкін. Жақсы идеяны қайтару менеджерге ұйымның новаторлық ұсыныс жасауына ынталандырмайтыны туралы хабар береді. Нәтижесінде ұйым өнімділікті арттыру мен үнемдеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Жоғарғы коммуникация, сонымен бірге, жоғарыға төменгі деңгейлерге ие болып жатқаны туралы хабар береді. Мұндай жолмен басшылық болып жатқан немесе болайын деп жатқан проблемаларды анықтап, мәселенің шешу жолдарын ұсынады. Жоғарылау коммуникациясының соңғы жаңалығы - өндірістегі немесе тұтынушыларға қызмет көрсетудегі проблемаларды талқылау және шешу үшін жұмыскерлерден топ құрып жиналу. Жоғарылауда ақпарат алмасу әдетте есеп тапсыру, ұсыныс және түсініктеме жазбалары түрінде түсіріп отырады.

Түрлі бөлімдердің арасындағы коммуникация. Жоғарылау және төмендеу коммуникацияларына қосымша ретінде, ұйым горизонталды түрдегі коммуникацияны да қажет етеді. Ол көптеген бөлімдерден тұрады, олардың арасындағы ақпарат алмасу, міндеттер мен іс-әрекеттердің үйлесімдігі үшін қажет. Ұйым өзара байланысты элементтер жүйесі болғандықтан, басшылық арнайы элементтердің келісіп жұмыс істеп, ұйымды дұрыс бағытқа жылжытуға қол жеткізуі керек. Мысалы, ғылымды көп қажет ететін компанияларда өндірістік, маркетингтік жоба-зерттеу бөлімдерінің орталық буын басшылары өнімді жаңаландыру іс-әрекеттерін үйлестіру үшін жинайды. Компаниялар түрлі өнімдер шығара алады, сондықтан жоба зерттеу бөлімі арқылы нарықта неге сұраныс бар екені туралы ақпарат алу өте маңызды. Бұл ұйымның тұтынушыға жақынырақ болып оның қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Горизонтальді бойынша ақпарат алмасуда комитеттер және арнайы топтар жиі қатысады. Горизонтальді бойынша коммуникация қосымша тиімділігі тең қарым-қатынаста қалыптасуынан тұрады. Мұндай қатынастар ұйым жұмысшыларының қанағаттануының маңызды құраушысы болып табылады.

Жетекші мен қол астындағылардың арасындағы коммуникация. Ұйымдағы коммуникацияның айқын компоненті басшы мен жұмысшылар арасындағы қатынас болып табылады. Олар ақпарат алмасуының тек вертикалді түріне мысал болғанымен бұл басшының байланыс қажеттілігінің құрамдас бөлігі болғандықтан оны жеке қарастырудың жөні бар және зерттеу көрсеткендей, басқарушы арасында жүзеге асады. Басшы мен жұмысшылар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір түрі, міндеттер, приоритет және күтілетін нәтижені түсіндірумен; бөлім мәселесін шешуге қатысуын қамтамасыз етумен, жұмысшының тиімді мәселесін талқылаумен, жұмыстың қабілетін дамытумен пайда болып жатқан ақпарат жинаумен, жұмысшыны болашақта болатын өзгерістермен хадардар етумен байланысты.

Басшы мен жұмысшылардың арасындағы коммуникация. Басшы мен жұмысшылар арасындағы ақпарат алмасудың қосымша ретінде жұмыскерлер тобының арасындағы ақпарат алмасу орын алады.

Формалды емес коммуникация бұл арнаны «өсек» тарату арнасы деп атауға болады. Өйткені ауызша тарату арнасымен ақпарат тез таратылады. Мұны басшылардың өздері де ақпарат тарату мақсатында да пайдаланылады. Зерттеулер көрсеткендей формалды емес хабарлау таратылатын ақпарат, яғни өсек көбінесе хатталған емес тура болып келеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5696 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2447 - | 2243 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.