v Нақты нарықтардағы бәсекелестік қабілеті өнімдердің үлесі;
v Нақты өнім түрлері бойынша рентабельділік нормасы;
v Айналым қорларының айналасы;
v Еңбек өнімділігі;
v Инвестициялардың капитал қайырымы;
v Фирма пайдасындағы салық үлесі;
v Еңбектің қормен қамтылуы;
v Фирманың жалпы жұмысшылар санында негізгі жұмысшылар үлесі;
v өндірістің және басқарудың автоматтандыру деңгейі;
- Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру. Басқарудың экономикалық әдістері - өндіріске тікелей емес, ол жанама әсер ететін, кәсіпорынның қызметі мен қызметкерлерінің қоғамға керекті бағытта ұйымдастыратын экономикалық рычагтың жүйесі экономикалық қызығушылық мемлекеттің, ұжымның және тұлғаның қызығушылығына мүмкін болатын қоғамда жүйені құрады.
- Ұйымдастыру-ұйғару әдістері – адамдардың барлық деңгейдегі шаруашылық және басқаруындағы құқықтары мен жауапкершілігіне негізделеді. Бұл әдістер басшының билікті қолдануын, бағыныштыларының жауапкершілігін және ұйымдастыру қатынастарының жүйесін құруды қажет етеді.
- Әлеуметтік-психологиялық әдістер – қоғамдық көзқарастың құрылуында және дамуында, қоғамдық және дамуында, қоғамдық және индивидуалды мағынасы бар бағалылықта – жақсылық пен зұлымдық тұлғаға қатынас негізінде құрылған. Басқару тәсілін таңдауға болады. Тәжірибе бойынша, ең жоғарғы ықпал, әрбір әдіс басқасын толықтыруы мен күштеу негізінде қолданылғанда пайда болады. Нақты бір адамға қатынас құралын таңдаған жағдайда, оның жеке тұлғалық қасиеттерін, еңбекке деген толынысын, оған материалдық немесе рухани құндылықтың артық екенін ескереді. Басқарудың әдісін таңдауда бизнес мақсатынан, жекеменшік пен шаруашылықтан, кәсіпорын көлемінен, материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ететіндігін, кадрлардың даярлылығының деңгейінен, нарық құрылымымен, мемлекеттің агробизнеске қатынасының саясатынан байланысты. Басшы барлық басқару әдістерін толық меңгеруі тиіс, жоғары экономикалық мәдениетті игеруі, құқықтық қатынас саласынан тәжіриеблі және психолог, тәрбиелеуші болуы керек.
Басқарудың экономикалық әдісінің жүйесі шаруашылықтың барлық шартына жүгінеді, олар; жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ықпал ету және т.б.
Жоспарлау. Басқарудың ғылыми түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етілуіне: басшылар мен мамандардың лауазымдық өкілеттілігін (бөлу), басқару кадрларын даярлау және олардың тәжірибесін жоғарылату, басқару технологиясын жүргізу, басқару еңбегін қамту.
Өндірістің жоспарлы басқарылуы мен басқару қызметкерлерінің бірлігін, ұжымның жоспарлы және динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық өндірістің прогрессивті құрылысының басты маңызы, оның тұрақты және пропорционалды дамуы, ғылыми – техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану болып табылады. Осы тапсырмаларды орындау жоспарлауды түрақты түрде жақсартуды талап етеді. Оның негізгі жолдары мыналар: нарықтық құрылымның кең есебі, жоспарлы көрсеткіштердің – жақсартылуы, олардың бағыттылығын соңғы нәтижеге жеткізу; болжаулар мен болашағы бар жоспарлардың қызметін нығайту; ұзақмерзімді, қазіргі және жедел жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету прогрессивті экономикалық нормативтерді енгізу; техникалық құралдарды қолдану; тиімді жұмыс үшін биржа, көрме және аукциондарды пайдалану, келісім – шарт қатынастарды дамыту.
Экономикалық талдау. Экономикалық реттеудің маңызды талабы, барлық бөлімшелерге тең экономикалық жағдайлар туғызу, тең еңбекке тең еңбек ақымен қамтамасыз ету. Алайда, еңбектің тиімділігін ескеру қажет және қолдау шарасын оның деңгейімен белгілеу керек.
Кең ұғымда экономикалық реттеу өндірістің дамуында мынадай экономикалық шарттарды қамтиды; баға, өзіндік құн, кредит, пайда және т.б. Осы шарттарды қолдану комплексті және жүйелі түрде болады.
Реттеу әдістерінің жүйелі және комплексті пайдаланудың соңғы мақсаты – объективті шарттарды қоғамдық даму заңдарының әлеуметтік – экономикалық тиімді жүзеге асыру үшін тұлға, ұжым және қоғам мүддесінде құру.
Мүдделердің бірлігі әлі өндірісте, бөлуде, айырбас пен қоғамдық өндірістік өнімді тұтынуда оптималды қолдануды білдірмейді. Экономикалық мүдделер – динамикалық, қозғалыс категориясы болғандықтан экономикалық жағдайлар оған реттеуші немесе тежеуші ықпал жасау мүмкін. Сондықтан да барлық жағдайда басқарудың механизмінің барлық жағдайын қарастырған жөн болады.
- Басқарудың ұйымдастыру - өкімдік (әкімшілік) әдістері.
w Басқарудың әкімшілік әдістері - басшылардың және директивті органдардың ұжым мақсатына жетуі үшін шаруашылықты басқаруға, тікелей ықпал жасауға бағытталған ұйымдық-әкімшілік құжаттар жиынтығы.
Әкімшілік әдістердің белгілері:
· әкімшілік, әміршілдік ықпал жасауқұралдарына жатады.
· Белгілі бағыттағы шешімді анықтайды, атқарушысына мол еркіндік бермейді.
· Нақты ықпал жасайды:мақсаттарды, міндеттерді, оларды іске асыру, орындау тәртібін анықтайды.
· әкімшілік бағыттағы құжатар басқа шараларды орындау, іске асыру құралы болып саналады.
· Жұмыста мықты, күшті тәртіп ұстау құралыболып есептелінеді
Менеджменттің әкімшілік әдістері төмендегідей жағдайларға негізделген:
w Мемлекет, аймақтың заңдық құжаттар жүйесіне;
w Жоғарғы басқару органдарының және фирманың нормативті-директивті, қолдануға міндетті әдістемелік жүйелеріне;
w Жоспарлар, бағдараламалар, міндетті жүйелеріне;
w Шұғыл (басқару) басшылық жүйесіне;
Әкімшілік ықпал құралдарының мазмұны мен түрлері:
Ұйымдық ықпал Мазмұны: тиімді, тұрақты ұйымдық қатынастар қалыптастыруға бағытталған ұйымдық мезанизм-әкімшілік құжаттарын жасау | Ұйымдық-биліктік Ықпал Мазмұны: қысқа мерзімді өндірістік қатынастарды жасауға бағытталған бұйрық, міндеттер, жарлықтар арқылы ықпал жасау |