Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 5 - Менеджменттегі коммуникация




1. Коммуникация мәні. Коммуникациялық процесс

2. Коммуникация түрлері

3. Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер

4. Коммуникацияны жетілдіру

 

1. Коммуникация дегеніміз қарым- қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Коммуникация – вербалды және вербаьсыз, сөзсіз, дене сезушілік болады, хабарлардың 55 % бет әлпетінің білдіруімен, дене және қол қимылдарымен, ал 38% дауысының мәнеріне және модуляциясына, тек 7 % сөз арқылы қабылданады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым- қатынас орнатуы қажет.

Коммуникация мақсаты:

n Басқару обьектілері мен субьектілерінің арасындағы ақпарат алмасудың тиімділігін орнату;

n Ақпарат алмасу кезінде тұлғааралық қарым-қатынастардың дамытылуы;

n Қызметкерлер мен топтар арасындағы ақпарат алмасуды жеңілдететін ақпараттық каналдарды құру және жетілдіру;

n Ақпараттық потоктарды реттеу және рационализациялау;

Коммуникациялық процесс - бұл екі немесе одан да көп субъектілердің өзара ақпаратпен алмасуы. Бұл процестің басты мақсаты - хабар алмасу және қандайда ақпарат тұрғысында түсінік беру. Коммуникациялық процестің негізгі мақсаты алмасу құралы, яғни хабар болып табылатын ақпаратты түсіндіруді қамтамасыз ету. Дегенмен, ақпарат алмасудың өзі ондағы қатысушы адамдардың қарым-қатынас тиімділігінің кепілі бола алмайды. Ақпарат алмасу үрдісі мен оның тиімділік шарттарын жақсы түсіну үшін оның екі не одан да көп адам қатынасының деңгейі туралы түсінік болуы керек.

Ақпарат алмасу үрдісінде төрт базалық (негізгі) элементті айтып өтуге болады:

-жіберуші - ой қозғайтын немесе ақпаратты жинап қайта жіберетін тұлға.

-хабар - символ арқылы кодталған ақпарат.

-арна - ақпарат тарату құралы.

-алушы - ақпарат орналған және оны өңдейтін тұлға.

Ақпаратпен алмасу негізінде жіберуші мен алушы өзара байланысты бірнеше кезеңнен өтеді. Олардың мақсаты екі жақта бастапқы ойды түсінетіндей, бөлісе алатындай етіп хабарды құру және арнаны пайдалану. Бұл қиын, өйткені әрбір кезең мағынаның бұзылуына немесе толықтай жоғалуына мүмкіндік беретін нүкте болып табылады. Өзара байланысты кезеңдер мынадай:

-ойдың пайда болуы;

-кодтау және арна таңдау;

-ақпарат беру;

-кері кодтау.

Бұл кезеңдер 1-суретте коммуникациялық процестің қарапайым моделі ретінде көрсетілген.

Ойдың пайда болуы. Ақпаратпен алмасу оның қалыптасуы мен таңдауынан басталады. Қандай маңызды ойды немесе хабарды алмасу құралын жіберуші шешеді. Өкінішке орай ақпарат алмасудың көптеген әрекеттері бірінші кезеңде үзіліп жатады, өйткені жіберуші идеяны ойластыруға жеткілікті уақыт бөлмейді.

Ойдың сөзге айналмағанын немесе ақпарат алмасуға қызмет етіп басқа формаға ие болатынын есте сақтаған жөн. Жіберуші тек қай концепцияны алмасу құралы қисығына келетінін ғана шешеді. Оны тиімді жүзеге асыру үшін ол көптеген формаларды есепке алу керек. Мысалы, жұмыс нәтижесін бағалау туралы ақпаратпен алмасқысы келетін жетекші, идеяның маңызы қол астындағыларға, олардың мықты және әлсіз жақтары туралы мәліметті және жұмыс нәтижесін қалай жақсартуға болатынын жеткізу екенін түсіну керек. Идея қол астындағылардың тәртібін сынау немесе мақтаудан тұра алмайды.

 

қалыптастырады кодтап арнамен кері немесе арна жібереді кодтайды таңдайды таңдайды  
               
 
жіберуші
     
 

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4158 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2227 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.