Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Адам мен адамтектес маймылдарды салыстыру




 

Ұқсастығы

Айырмашылығы

– орталық жүйке жүйесі

– шаршатты-шартсыз рефлекстер

– есте сақтау қабілеті

– тырнақтары

– терісінің құрылысы

– қан топтары

– жалпы аурулары

– паразиттері

– 12-13 жұп қабырға

– 5-6 омыртқалы сегізкөз

– тіс түрлері

– хромосома саны

– қуану, ызалану, реніш

– ұрпағына мейірімділік

– тік жүру

– омыртқа жотасының иірімдері

– аяқ сүйектері ұзын бас бармақ басқа саусаққа қарама-қарсы

– жамбас қуысы қысыңқы

– кеуде қуысы жалпақ

– ми көлемі 1400-1600 см3

– үлкен ми сыңарлары: маңдай, төбе, самай жақсы дамыған

– терісінде түктер аз

– дыбыс саңылауындағы бұлшық еттер дамыған

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Адам саусағы мен приматтардың саусағын салыстыр. Салыстырудың қорытындысын айтып бер.

1. Горилла

2. Шимпанзе

3. Адам

Қабілеті жоғары оқушы:

Адам омыртқасының S – тәрізді болуының адам үшін маңызына баға бер.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

             

 

 

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?

Рефлексия

Өзін-өзі талдау кестесі

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін сынып немесе жекелеген оқушылар туралы не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §38. Көру мүшесі құрылысы мен гигиенасы

№11 зертханалық жұмыс Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

           

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары 8.1.7.1 – көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

 

Барлық оқушылар:
Мәтінді оқып, көздің құрылысымен танысады, бөліктерін біледі, бөліктерін суреттен көрсете алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Көз бөліктерінің қызметін нақтылайды, бөліктерді бір-бірімен салыстырады. Көздің оптикалық бөлігінің ерекшелігін айқындайды. Зертханалық жұмыс арқылы көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттейді.
Кейбір оқушылар:
Көру қабілетінің бұзылу себептерін анықтайды, көз ауруларының алдын алу шараларын ұсынады, көз гигиенасын сақтаудың маңыздылығын болжайды.
Сабақтың құндылығы Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау критерийлері: – Сезім мүшелерін жүйелейді, маңыздылығына байланысты рейтингілейді. – Көздің қосымша бөліктері мен көздің қабықтарын ажыратады, жіктейді. – Көз бөлімдерінің қызметін нақтылайды. – Көрудің бұзылуының себептерін анықтайды. – Көрудің бұзылуының алдын алу шараларын қарастырады. – Зертханалық жұмыстың қорытындысын шығарады.

Тілдік мақсат

Оқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдaлануға ынталaндыру, сондай- ақ оқушылар диалогке қатысу, қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Көздің қосымша бөліктері, көз қабаттары, ақ қабық, тамырлы қабық, торлы қабық, қарашық, дальтонизм, аккомодация, конъюктивит, қырағылық, сығырлық
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Екі оқушы келісімге келе алмай тұр. Біріншісі айтады – көз жақында тұрған ұсақ заттарды көргенде қатты шаршайды десе, екіншісі керісінше – көз алыстағы заттарға қарағанда шаршайды дейді. Қайсы оқушының пікірі дұрыс? /Бірінші оқушы дұрыс айтады, себебі жақында тұрған заттарға қарағанда көзбұршақтың жұмысын қамтамасыз ететін бұлшық еттерге күш түседі, сондықтан көз тез шаршайды. Ал алысқа қарау – көз үшін демалыс/
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен адам мен жануарлардың көзі ыстықты да, суықты да сезбейді? /қасаң қабықта жылу мен суықты сезетін рецепторлар болмайды, сондықтан көз ыстықты да, суықты да сезбейді/
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Көз гигиенасын дәптерге жазып алу
Алдыңғы оқу «Орнын тап»


 

1. Адамда қарым-қатынас құралы ретінде... дамыған.

2. Адамның омыртқасы... жерден иіледі.

3. Сүтқоректілер мен адамда кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын... болады.

4. Адамда бас сүйектің... бөлімі жақсы дамыған.

5. Адамда қарым-қатынас нәтижесінде... бұлшық еттері жақсы жетілген.

6. Адам... класына жатады.

7. Адам... типінің өкілі.

8. Жер бетіндегі барлық адамдар... адамға жатады

саналы, сүтқоректілер, сөз, төрт, көкет, хордалылар, ми, мимикалық

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы   Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сынып түрлі түстерді таңдау әдісімен «Көз алмасы», «Көздің қосымша мүшелері» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының қаншалықты сабаққа байланысты екендігі туралы ойларын тұжырымдайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Мен өзімді мадақтаймын» Мақсаты: Өзін-өзі бағалауды үйрену, өзіне деген сенімділікті арттыру. Нұсқау: Мен әрқайсысың өзіңді бір нәрсе үшін мадақтауыңды сұраймын. Қазір өзіңді-өзің мадақтауға мүмкіндік туғалы отыр. Сондықтан басталық, мен бастайын, сендер қостаңдар: «мен өзімді еңбекқорлығым үшін мадақтаймын»...  
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, ПОПС стратегиясын қолданып жауап береді. П – позиция /сенің ұстанымыңның қорытындысы/ – біздің ойымызша... О – обоснование /сенің ұстанымыңды қолдайтын негіз/– Себебі, біз оны... деп түсіндіреміз. П – пример /мысал/ – оны біз... деген мысалдармен дәлелдей аламыз. С – следствие /қорытынды/ – осыған байланысты біз... деген. Дескрипторлар: – Мәтінді толық меңгеріп, сезім мүшелерін жүйелейді, олардың маңыздылығына байланысты рейтингілейді; – Көз алмасы мен көздің қосымша бөліктеріне кіретін мүшелерді талдайды; – Көздің құрылысын анықтайды; – Көз мүшелерінің қызметтерін нақтылайды.   Сергіту сәті: «Көз жаттығуы» Оқулық

  1. Партаның қасына тұрыңдар. 2. Басты оңға бұрамыз, көз солға қарайды. 3. Басты солға бұрамыз, көз оңға қарайды. 4. Басты төмен қарай салбыратамыз, көз жоғары қарайды. 5. Басты жоғары көтереміз, көз төмен қарайды. 6. Денемізді тік ұстаймыз. Көзді қатты жұмып, ашамыз. Осыны 3 рет қайталаймыз. 7. Партаға жайғасамыз. Осылай 2 сек отырамыз.   Рефлексия.   ІІ. Зертханалық жұмыс Зертханалық жұмыс алгоритмі 1. Зертханалық жұмыс мақсатымен, нұсқаумен танысу. 2. Көздің жітілігін зерттеу үшін кестені жарық қабырғаға іліңдер. 3. Оқушыны кесте ілінген қабырғадан 5 м қашықтықта отырғызыңдар. 4. Оқушыға кестедегі әріптерді нұсқап айтуын сұраңыз. 5. Егер оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс айтса, ол оқушының көзінің қалыпты екендігін көрсетеді. 6. Егер оқушы оныншы қатардағы әріпті дұрыс айтпаса, оған дәрігерге қаралуға кеңес беріледі. 7. Көру аймағының шегін анықтау үшін қолыңызға картина алыңыз. Жазбаша қорытынды жасаңыз. Дескрипторлар: – Зертханалық жұмысты нұсқау бойынша дұрыс жасады. – Зертханалық жұмыстың қорытындысын жасай білді.  
Аяқталуы Рөлдік ойын Емхана (окулист – офтальмологтың қабылдауында) Мысалы: Берілетін сұрақтар: 1. Сығырлық пен қырағылық деген не? 2. Глаукомада соқыр болып қалу қауіптілігі бар ма? 3. Апамның көзін шел басты дейді, ол не? 4. Маған атам А дәруменін қолдансаң, көзің жақсы көреді дейді, шын ба? 5. Оқушы үшін көз гигиенасы қалай болу керек? Дескрипторлар: – Рөлдердің шынайы ойналуы; – Сұрақтарды дұрыс қоя біледі;  

 

– Сұрақтарға дұрыс жауап бере біледі;

– Айтылған түсіндірменің нақты, дәлелді болуы.

Рефлексия. «Әуенді тест»

Оқушылар жеті нота бойынша көңіл күйін білдіреді.

 

Қосымша ақпарат. Көздің жітілігі (көргіштігі) деп екі заттың жақын арақашықтығын ажырата алуды айтады. Адамда заттың түсін айыра алмайтын ауру пайда болады. Бұл ауруды 1794 жылы ағылшын химигі және физигі Джон Дальтон зерттеген, сондықтан ауру ғалымның құрметіне дальтонизм деп аталады. Негізінен бұл ауру адамда сирек кездеседі және тұқым қуалайды.

Көз гигиенасы. Көзді әртүрлі механикалық заттардың әсерінен сақтау қажет. Кітапты жарық жақсы түсетін бөлмеде оқу керек. Оқыған кезде кітап көзден 33– 35 см қашықтықта болып, жарық сол жақтан түсуі қажет. Кітапқа тым үңіліп жақын отырып оқудың әсерінен жақыннан көргіштік пайда болады. Себебі, біраз уақыт бойы көз бұршағы дөңестеніп тұрады да, оның қызметі өзгеріске түседі. Тым жарқыраған жарық көзге зиян келтіреді. Рецепторлардың сезімталдық қасиетін шамадан тыс тітіркендіргіш рецептор жасушаларының қызметі бұзылады. Жүріп келе жатқан көліктің ішінде отырып газет, кітап т.б. оқуға болмайды. Көздің жұмысы темекі, алкоголь әсерінен бұзылады.

Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Егер көзге қоқым түссе, онда қолорамалмен немесе мақтамен сүртеді. Ал көз ауыр жарақаттанса, онда көзді таза таңғышпен байлап, зардап шегушіні ауруханаға тез арада жеткізген жөн. Ал көзге ұнтақ, қышқыл, сілті және улы заттар түссе, онда дереу сумен жуу және дәрігерге қаралу қажет.

Пайдалы кеңестер: көз жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамына алма, қызанақ, бұрыш, балық майы, сәбіз, асқабақ сынды жемістер жатады, осы аталған тағамдар құрамында «А» дәрумені бар. Тәуліктік мөлшері – 1мг. Тамақ дайындаған кезде қатты қайнатуға, қатты қуыруға болмайды. Ұзақ уақыт пісіргенде құрамындағы дәрумендер жойылады.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тап- сырманы күрде-

лендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: «Көз қабылдайды, ми көреді» дегенді қалай түсінесің? Ойланып, жауап бер. Қабілеті жоғары оқушы: Көз ауруларын алдын алу мақсатында жаднама жаса: Оқушы үшін Компьютермен жұмыс жасайтын адам үшін

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» стратегиясы Қандай ой пайда болды?                 Не сезіндім?       Не ұнады?

            

 

         


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §39. Есту мүшесінің

құрылысы мен гигиенасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.7.2 – дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, құлақтың бөлімдерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Құлақтың құрылысын талдайды, бөліктерін анықтайды, оларды салыстырады.

Құлақтың әрбір бөлігінің қызметтерін нақтылайды.

Есту мүшесінің гигиенасын талдайды.

Кейбір оқушылар:

Естудің адам үшін маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Құлақтың бөлімдерін ажыратады, бөлімдерді салыстырады.

– Құлақ бөлімдерінің қызметін, бір-бірімен байланысын нақтылайды.

– Естудің адам өміріндегі маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым– жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

дыбыс жолы, құлақ қалқаны, қысым, дабыл жарғағы, сүйекшелер, есту

түтігі, ұлулы дене, шытырман

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Отолоринголог оқушыларға қатты музыка тыңдауға кеңес бермейді. Не

үшін?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен адамдарға өте қатты шу болғанда ауызды ашып тұруға кеңес

беріледі?

       


 

/ өте күшті дыбыс толқынынан дабыл жарғағы жарылып кетпес үшін

ауызды ашуға кеңес беріледі/

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Құлақтың бөлімдерін дәптерге түсіреді.

Алдыңғы оқу

Тест жұмысы

1. Көздің қосымша мүшелері

1. Қас, қабақ, кірпік

2. Тамырлы қабық

3. Қарашық

4. Сығырлық, қырағылық

2. Қарашық орналасқан көз бөлігі

1. Тор қабық

2. Тамырлы қабық

3. Қарашық

4. Қасаң қабық

3. Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жер

1. Сары дақ

2. Соқыр дақ

3. Қарашық

4. Қасаң қабық

4. Нұрлы қабықта болатын пигмент

1. Родопсин

2. Меланин

3. Хлоропласт

4. Рецепторлар

5. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шыққанда болады

1. Қырағылық

2. Сығырлық

3. Дальтоник

4. Бейімделу

6. Құтышалар мен таяқшалар орналасқан көз қабаты

1. Тор қабықта

2. Соқыр дақта

3. Қарашықта

4. Қасаң қабықта

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Топқа бөлу әдісі: «Ортақ қызығушылықтар» Сынып осы әдіс арқылы «Дыбыс», «Децибел» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа байланысын болжайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: Жақсы тілек – жарым ырыс Топ мүшелерінің басқа топ мүшелеріне тілектері ü Қарама-қарсы отырған оқушыға ü өзіне ü мұғалімге Гүл өсіргенді жақсы көрушілер   Қолөнерді жақсы көрушілер

Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. «Фотогалерея» стратегиясы   Мәтінді оқып болған соң суретке сәйкес келетін сөйлемдерді табады. Берілетін суреттер:           Дескрипторлар:   – Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын орындайды. – Құлақтың құрылысын талдайды, бөлімдерін салыстырады, суреттен көрсетеді. Сергіту сәті «Телефакс» жаттығуы Топ мүшелері орындықта бірінің артына бірі отырады. Артқы оқушыға дайын сурет беріледі. Ол суретті ешкім көрмеуі тиіс және ойын барысында ешкім сөйлеспейді. Алдыңғы оқушыға таза парақ пен қарындаш беріледі. Артқы оқушы дайын суретті алдындағы оқушының арқасына қолымен салады, ол келесі оқушыға осылай қайталанып отырады. Алдыңғы оқушы арқасына не салынғанын өзінің таза парағына салып көрсетеді.   Рефлексия. «Менің көңіл күйім» Жайдары, түсінікті                    Бұлтты, сұрағым бар Оқулық


 

 

 

Түнеріп тұрмын, түсінбедім

 
Аяқталуы

Шағын ойтолғау

«Есту гигиенасын жақсарту үшін не істеуге болады?» Дескрипторлар:

– Есту гигиенасын тұжырымдайды.

– Мәтіннен алған білімді дұрыс пайдалана біледі.

– Ойтолғау мазмұны түсінікті, әсерлі.

– Естудің адам үшін маңызына баға беріледі.

Рефлексия. «Саусақ» Оооо

 

УУууу

 

МММммм

 

Қосымша ақпарат.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлай- сыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Шудан сақтану үшін қандай шаралар қолданар едің? Ойланып, жауап бер. Көмек: жол бойындағы жасыл желек, шуды азайтатын материалдар Қабілеті жоғары оқушы: Неге оқушыларға сабақтардың арасындағы қоңырау кезінде қатты айғайлап шулауға болмайды? /Себебі оқушылардың есту қабілеті күнделікті шудан төмендейді. Жүйке жүйесі шаршайды/

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт

 

Рефлексия. «Өзіме сараптама»

– не істедім?

– қандай мақсатпен?

– неге олай жасадым?

– қандай нәтижеге жеттім?

– не жасауым керек еді?

         


ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §40. Есту және көру рецепторлары қызметтерінің механизмі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.7.3 – көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру

 

Барлық оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, көру және есту рецепторларының орналасқан жерін біледі, суреттен, нақ пішіннен көрсете алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Көру және есту рецепторларын салыстырады, бір-бірінен ажырата алады, қызметтерін талдайды.

Кейбір оқушылар:

Көру және есту мүшелері үшін рецепторлардың маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады.

– Көру рецепторлары орналасатын көз қабатын айқындайды, рецепторлардың қызметін нақтылайды, бір-бірімен салыстырады.

– Соқыр дақ пен сары даққа түсініктеме береді.

– Есту рецепторлары орналасатын құлақ бөлімін көрсете алады.

– Фоторецепторлар жұмысына баға береді.

Тілдік мақсат

Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін

қолдану

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Фоторецепторлар, құтышалар, таяқшалар, дыбыс, соқыр дақ, сары дақ, көру

         


 

жүйкесі, иодопсин, родопсин

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Фоторецепторлар – көру жүйкесі – үлкен ми сыңарларының шүйде бөлігі Рецепторлар – есту жүйкесі – үлкен ми сыңарларының самай бөлігі

Осы сөз тіркестеріндегі байланысты талдап, түсіндіріп беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен көз рецепторларын фоторецепторлар деп айтады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Көру және есту рецепторларын дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

1. «Сәйкестендіру кестесі»

Төмендегі сезім мүшелері мен оның тітіркендіргіштерін сәйкестендіріңдер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 2. Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Оқушыларды сынып журналындағы тізім бойынша «Есту рецепторлары», «Көру рецепторлары» топтарына бөледі. Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың тақырыбын табады.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Туған күн» жаттығуы Бұл жаттығуда тілек айту ауызша (вербалды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілгендіктен қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және қарым- қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың бір-біріне деген сенімдері күшейді.  
Ортасы I. Оқулықпен жұмыс. «Шындық детекторы» стратегиясы Әр топ мүшелері мәтінді оқи отырып келесі топқа 8– 10 сұрақтар дайындайды. Келесі топ сұрақтарға шынайы түрде жауап береді, тек бір сұраққа жалған жауап қатады. Топ қай сұрақтың жауабы дұрыс, қайсысы жалған болғанын табады. 3. Дескрипторлар: – мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады; – жуан сұрақтар қоя біледі; – көз рецепторлары және көру рецепторлары туралы білімді Оқулық

Сезім мүшелері Тітіркендіргіштер
Көру мүшесі Бағдаршамның қызыл көзі
Есту мүшесі Тегіс мата
Дәм сезу мүшесі Ащы дәрі
Иіс сезу мүшесі Өртсөндіргіштің дабылы
Сипап сезу мүшесі Иіссудың иісі

 


  дұрыс пайдалана алады.   Көңіл күй рефлексиясы:                 Сауықтыру сәті:   Қымбатты балалар, қазір көздеріңді жұмып, табиғатты елестетіңдер. Әдемі музыка тыңдаймыз. Бұл Л. Бетховеннің «Лунная соната» музыкасы. Л. Бетховен бұл еңбегін нашар естіп жүргенде жазған. Ол тіпті естімей керең болып қалғанда таяқтың бір ұшын рояльға, екінші ұшын аузымен ұстап, музыканы таяқтың көмегімен тыңдай білген. Егер де есту жүйкесі зақымдалмаған болса, осылай музыканы тыңдауға болады. Бұл композитордың қанша ауру болса да мойымайтын, күресе білетін адам екенін көрсетеді.   ІІ. «Фотогалерея»   Суретке сәйкес келетін сөйлемдерді мәтіннен табады, түсіндіріп береді, ерекшеліктерін айқындайды.     Дескрипторлар: – Мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады. – Рецепторлардың ерекшеліктерін айқындайды. – Суретті түсіндіріп береді.  
Аяқталуы «Ыстық орындық»  

 

Оқушылар алған білімді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді.

Дескрипторлар:

– мәтінді толық меңгереді;

– сұрақтарға нақты, дәлелді жауап береді;

– рецепторлардың маңызын нақтылайды, баға береді.

 

Қосымша ақпарат. Таяқшалар ақ-қараны ажыратады.

Құтышалар – көк, жасыл, қызылды ажыратады. Қалған түстердің барлығы араласудан туындайды.

Адам құлағы 20-дан 20 000 Гц болатын дыбыс жиілігін қабылдай алады.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді

қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Көздегі соқыр дақтың аталу себебі қандай? Ойыңды дәлелмен жеткіз.

 

Қабілеті жоғары оқушы:

Бинауралды есту

Бинауралды көру дегеніміз не? Терминді түсіндіріп бер.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Таңдау рефлексиясы

1. Мен сабақта жұмыстандым

2. Өз жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Сабақта мен

5. Менің көңіл күйім

6. Сабақ материалдары маған

Таңдалатын жауаптар: белсенді, енжар ризамын, риза емеспін тез, ұзақ өтті шаршадым, шаршамадым жақсарды, нашарлады түсінікті,  түсініксіз

қызықты, қызықсыз

пайдалы,   пайдасыз

Қорытынды бағамдау

           

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: § 41. Гормондар

арқылы гуморальды реттелу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспаған- дар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.7.4 – эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау

 

Барлық оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, сыртқы және ішкі секреция бездерін ажыратады, жүйелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Гуморальды реттелу, гормон деген сөздердің мағынасын ашады, гормондардың ерекшелігін, оның гуморальды реттелумен байланысын талдайды.

 Ішкі секреция бездерін салыстырады, айырмашылықтарын табады.

Кейбір оқушылар:

Гуморальды реттелудегі гормондардың маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Эндокринді, экзокринді бездерді ажыратады, адам ағзасындағы барлық бездерді осы топтарға жүйелейді.

– Гуморальды реттелу және гормон ұғымдарын түсіндіреді.

– Бездерді салыстырады, ерекшеліктерін табады.

– Гормонның гуморальдық реттелудегі маңызын тұжырымдайды.

Тілдік мақсат

Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Гормондар, экзокринді бездер, эндокринді бездер, гуморальды реттелу,

секрет

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Гормондар және ферменттер биологиялық белсенді заттарға жатады. Гормондар мен ферменттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

       


 

/ Ұқсастығы: Гормондар мен ферменттердің екеуі де ағзаға өте керекті биологиялық белсенді заттарға жатады. Айырмашылығы: Ферменттер – химиялық реакцияларды тездететін нәруызды заттарға жатады, олар барлық тірі жасушаларда, оның ішінде ішкі секреция бездерінде де болады, ал гормондардың химиялық құрамы әртүрлі, оларды ішкі секреция бездері өндіреді, қан арқылы әсер етеді./

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен гормондар тек тірі жасушаларға ғана әсер етеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Ішкі секреция бездерінің тізімдемесін дәптерге түсіріңдер.

Алдыңғы оқу

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Оқушыларды сыртқы және ішкі секреция бездерінің аты жазылған кеспе қағаздар бойынша «Эндокринді бездер», «Экзокринді бездер» топтарына бөледі. Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың тақырыбын табады. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: Метафора жаттығуы /Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы/ Топтарға тапсырма: Әр топ мүшесі өзінің тобын неге теңестіретінін ойлансын.Туындаған ойды талқылап, топтарыңа қандай метафора сәйкес келетінін анықтаңдар. Мысалы: Күрделі құрылысты компьютер. Әрбір тетігінің орны бар, қызметі бар. Біздің топ та сол сияқты. Әр топ мүшесінің өз орны бар.  
Ортасы Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып болғаннан кейін Т кестесін толтыру Т кестесі стратегиясы. Мақсаты: қарама-қарсы мағынаға ие сөздерді теріп жазу. Ішкі және сыртқы секреция бездерін салыстыру, салыстыра отырып топтастыру, ерекшеліктерін айқындау     Кері                                 Байланыс: Көңіл күй                       толқыны     Өте белсенді болдым Оқулық


    Мені еш нәрсе ойландырмады    Аз да болса үлесімді қостым Сергіту сәті: Көбелек» жаттығуы Таңертең көбелек оянды, керілді, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды. Дескрипторлар: – Секреция бездері, экзокринді бездер, эндокринді бездер, гормондар, гуморальды реттелу ұғымдарының мәнін ашады. – Сыртқы және ішкі секреция бездерін жүйелейді, салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды.  
Аяқталуы «Фишбоун» стратегиясы. Сұрағы: гуморальды реттелуде гормондардың маңызы қандай? Дескрипторлар: – Гуморальды реттелу және гормондардың байланысын айқындайды. – Гуморальды реттелуде гормондардың маңызына баға береді.  

Қосымша ақпарат: Гуморальды реттелу. Физиологиялык процестердін гуморальды реттелуі биологиялық белсенді химиялық заттар – гормондар көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөліп шығарады, олар қан мен лимфаға түсіп, содан кейін бүкіл ағзаға таралады. Қызметті реттеудің осы әдісінің артықшылығы – химиялық заттар барлық ұлпалар мен дене мүшелеріне жеткізіледі. Бірақ өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Таралу барысында жартылай ыдырап, ағзадан шығарылады. Гормондар мүшелер мен ұлпаларға түсіп, оларға белгілі бір әсерін тигізеді. Мысалы, сүйектердің өсуіне, жүрек жиырылуының ырғағына (ритм) әсер етеді және т.б.

Гормондардың ерекше қасиеті бар, яғни белгілі бір ұлпаларға немесе мүшелерге әсер етеді.


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Суреттегі санмен берілген ішкі секреция бездерінің атын жазыңдар.   Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
  Қабілеті жоғары оқушы үшін: • Сыртқы орта жағдайлары ішкі секреция бездерінің жұмысына әсер етеді ме? • Ойларыңды жинақтап, түсіндіріп беріңдер.  
Рефлексия

Кері байланыс:

«Блоб» ағашы.

Тақтадағы «Блоб» ағашына өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Осылайша сабақта әр оқушы өзін білімі бойынша ағаштың қай жерінде тұрғанын көрсетеді.

 

 

 

Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы
ахуал қандай
болды?
Мен жоспар-
лаған саралау
шаралары тиім-
ді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе?
Мен өз
жоспарыма
қандай
түзетулер
енгіздім және
неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды


жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау.

САБАҚ: §42. Эндокринді безінің қызметі және оларға байланысты

Аурулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.7.6 – эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау;

8.1.7.5 – бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, ішкі секреция бездерінің қызметінің ауытқуынан болатын өзгерістерді жүйелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Эндокринді бездердің гиперфункциясы мен гипофункциясын талдайды, салыстырады.

 Эндокринді бездердің гормондарын анықтайды, олардың артып немесе кеміп кетуінен туындайтын ауруларды нақтылайды, аурудың

туу себептерін зерделейді, ауру белгілерін сипаттайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1477 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3280 - | 3205 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.017 с.