Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Антигендер   антиденелер 23 страница




Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы   Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Биология: құс, адам,

  Топқа бөлу әдісі: «Пәндік категориялар» Сынып осы әдіс арқылы «Реципиент», «Донор» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа байланысын болжайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Сенің есімің» Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі оқушы кезекпен бірінші оқушының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (Сәуле, Сәулетай, Сәулежан, Нұрсәуле т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғанын айтады. Мұғалім: Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір- бірімізбен сөйлескенде, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан бастайық. жусан, балық, бақа т.б. Химия: тұз, қышқыл, сілті, атом, молекула, элемент т.б.
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. «Идеялар себеті» стратегиясы Жұмыс алгоритмі Сабақтың тақырыбымен танысады.  Жеке жұмыс. Әр оқушы мәтіннен өзіне белгілі мәліметті тезис түрінде жазып шығады. 2 минут беріледі.  Топтық жұмыс. Оқушылар өз                      ақпараттарымен бөліседі, талқылайды. 3 минут беріледі.  Сыныппен жұмыс. Әр топ тақырып бойынша өзінің көзқарасын айтады, білімдерін көрсетеді.  Мұғалім айтылған көзқарастар мен түйінді сөздерді «себетке» салып отырады (тақтаға жазу).   Дескрипторлар:   – Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды. – Қан топтарын, олардың белгіленуін біледі, салыстырады, ажыратады. – Қан құю кестесін қолданып, әмбебап донор мен әмбебап реципиентті анықтайды, мысалдарға жауап бере алады. – Резус-факторды сипаттап береді.   Сергіту сәті. «Өлеңді сезіну» – Өлеңмен танысады. – Өлең жолдарына өз ойларымен қимыл жасайды. – Топпен айтады. Біз тамшымыз теңіздегі, Жағаға ұрған толқыны. Айналамыз, сеніңіздер, Оқулық

  Ұлы айдынға сол күні.   Бақшадағы терекпіз біз, Жапырағы жайқалар... Қосылыңдар керекпіз біз, Тіршілікке қайда да! Рефлексия. «Сауалнама түріндегі рефлексия» 1. Бүгінгі сабақта мен • білдім                                              • түсіндім                                              • үйрендім                                2. Сабақ кезінде ең жақсы өткен...     3. Негізгі қиындықтар менде …     4. Менде өзгерістер болды... а) Пәндік білімімде ә) Сезіну қасиетімде б) Шығармашылық қабілетімде в) Өз іс-әрекетімді сезінуде  
Аяқталуы «Серпілген сауал» стратегиясы Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың? Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады? Дескрипторлар: – Сұрақтарға барынша кең жауап береді. – Тақырыптағы негізгі идеяны ары қарай дамытады. Рефлексия.  

Функционалдық сауаттылық тапсырмалары

Гематология – қан туралы ғылым. Тұқым қуалайтын қан ұйымайтын аурудың аты – гемофилия. Бұл ауру геннің дефектісінен туындайды. Ауру ген Х-хромосомада орналасады.Тарихта ауру генді тасымалдаушының бірі Виктория ханшайымы болған. Гемофилия ауруымен Викторияның ұлы Леопольд және бірнеше немерелері ауырған. Оның бірі Ресей ханзадасы Алексей Николаевич Романов еді.

№1 тапсырма

Ресей ханзадасы Алексей гемофилиямен ауырған. Ханзаданың гемофилиямен ауыру себебін түсіндіріңіз.


А) гемофилия гені әкесінен берілген В) гемофилия гені анасынан берілген С) Анастасия деген әпкесінен берілген

№2 тапсырма

Қанның ұюына қатысады А) тромбоциттер

В) лейкоциттер С) эритроциттер

№3 тапсырма

Қан құю станцияларында қан қоры сақталатыны белгілі. Егер де қан ұю 3-4 минутта жүретін болса, қан құю станцияларындағы қан қоры неге ұйып қалмайды?

№4 тапсырма

Қан топтары сәйкес келмейтін адамдардың қанын неге бір-біріне құюға болмайды? Қауіп- қатерлерді айқындаңыз.

Қосымша ақпарат. Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің болуы

Қан топтары      Эритроциттерде болатын  Қан плазмасында болатын

антигендер                            антиденелер

α және β

О (I)                             болмайды

β

A (II)                                   A

α

B (III)                                  B

болмайды

AB (IV)                               AB

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушы- ларға тапсыр- маны күрделен- діруді қалай жоспарлайсыз? Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Сенің қаның ІІІ топ. Сен қанды қай топқа бересің, кімнен аласың? Қабілеті жоғары оқушы: «Мен донормын» деген М. Мақатаев өлеңін оқып талдау. Негізгі идеяны айқындау. Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Жасыңа да, кәріңе! Кімге қан керек? Ішуге емес, дәріге... Мен – донормын. Шипа болар қаным бар, Қабылдаңдар, алыңдар. Менің жылы қанымның Қасиетін таныңдар. Жоқ! Ақшаға сатпаймын! Аурулар алдында, Борышымды ақтаймын. Өмір беріп өзгеге, Өмірімді сақтаймын! Мен – донормын. Таза қан. Сақ боласыз жазадан, Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтар- дағы байланыс

     
     

 


 

Сақ боласыз мазадан, Қабылдаңыз?!

Көп берем де, аз алам, Сіздегі сансыз түтікпен Менің қаным өтеді, Маған сол да жетеді!

Сіздегі жылы жүректе Менің қаным соғады. Маған сол да болады! Сіздің мидың, біздің қан Болып жатса қорегі.

Басқаның не керегі?! Бәріңе!

Бәріңе! Бәріңе!

Жасыңа да, кәріңе! Кімге қан керек?

Кімге қан керек? Кімге қан керек? Ішуге емес!

Дәріге!..

 

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Таңдау»

1. Мен сабақта

2. Өз жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Сабақта мен

5. Менің көңіл күйім

6. Сабақ материалдары маған Таңдалатын сөздер: белсенді, енжар

ризамын, риза емеспін тез, ұзақ өтті

шаршадым, шаршамадым жақсарды, нашарлады түсінікті,  түсініксіз қызықты, қызықсыз пайдалы,   пайдасыз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

       

САБАҚ: §22. Жануарлардың жүрек-қан тамырлар жүйесі құрылысының ерекшеліктері

Мен эволюциясы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

– жануарлар жүрегінің құрылысы мен қан тамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау;

 

– қан тамыр қарбырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, жануарлардың жүрек-тамыр жүйесін құрайтын мүшелерді біледі, мүшелерді жүйелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қан тамырларының құрылысын зерттейді, салыстырады, қызметтерін айқындайды, жүректің қабаттарын талдайды.

Кейбір оқушылар:

Жануарларды мысалға ала отырып жүрек-тамыр жүйесі эволюциясының күрделенуіне баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Жануарлардың жүрек-тамыр жүйесін құрайтын мүшелерді жүйелейді.

– Буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар, омыртқалылардың жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясын кесте арқылы сипаттап береді.

– Қан тамырларының құрылысын анықтайды, қызметтерін нақтылайды, салыстырады.

– Жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясының күрделенуіне баға береді.

Тілдік мақсат

Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жүрек-тамыр жүйесі, қолқа, артерия, вена, капилляр, перикард, миокард,

эндокард, эпикард, қақпақша

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Жүрек – өмір бойы тоқтамай жұмыс жасайтын мүше. Жүректің өмір бойы

тоқтамай жұмыс жасауының сыры неде? Талқылап, жауабын беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Қолымыздың тамырларының түсі неліктен көкшіл екенін айта аласың ба? (Тамырлардың түсі оның қабырғасының қалыңдығына байланысты болады. Теріміздің ашық күлгін түсті болуы жиі орналасқан капиллярларға байланысты. Себебі, капиллярлардың қабырғасы өте жұқа. Вена тамырларының қабырғалары қалың және ақшыл түсті осыған байланысты

тамырдың түсі көкшіл болып көрінеді).

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Қан құю кестесін дәптерге түсіру

       


Алдыңғы оқу

«Сөйлемді толықтыр»

– Эритроциттердегі нәруыз... деп аталады.

– Қан беретін адам....

– Қан қабылдайтын адам....

–... топты әмбебап донор деп атайды.

– Қан тобы... болатын адам кез келген қан тобын қабылдай береді.

– Агглютинация дегеніміз... жабысып қалуы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы   Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Топқа бөлу әдісі: «Ұқсас ерекшеліктер» Сынып осы әдіс арқылы «Вена тамырлары», «Артерия тамырлары», «Капилляр тамырлары» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа байланысын болжайды. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Мен өзімді мадақтаймын» Мақсаты: өзін-өзі бағалауды көтеру, өзіне деген сенімділікті арттыру. Нұсқау: әрбірің өзіңді бір нәрсе үшін мадақтауыңды сұраймын. Ал басталық, мен бастайын, сендер қостаңдар: «мен өзімді еңбекқорлығым үшін мадақтаймын»... 1- топ: Аталары барлар 2- топ: Әжелері барлар 3- топ: Аға- апалары барлар
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. Материалдарды сынау бағдарламасы бойынша мәтінді меңгерту Жұптасып: 1. Қан тамырларын сипаттау үшін жазып алған сөздеріңді жұбыңа айт (2 минут). 2. Жүрек-тамыр жүйесін сипаттауға келетін сөздер бар ма? (1 минут) 3. Жануарлардың жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясы туралы ойлан – олардың бірте-бірте күрделенуінің себебін сипаттауға келетін сөздер бар ма? (1 мин) Енді басқа жұппен бірігіңіз: 4. Ақпаратпен бөліс (2 мин). 5. Қан тамырларының айырмашылығы неде екенін анықтап көріңіз (2 мин). 6. Тамырлар арасында байланыс бар ма? Талқылаңдар (5 мин). Оқулық

    Барлық сыныппен: 7. Жүрек қабаттарының ерекшеліктері қандай? Талқылаңдар (3 мин). 8. Жүректің тоқтаусыз жұмыс жасауының мәні неде? (4 мин) Дескрипторлар: – Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды. – Қан тамырларын, олардың ерекшеліктерін біледі, салыстырады, ажыратады. – Жануарлардың жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясы сипаттап береді. – Жүректің құрылысын талдайды.   Сергіту сәті «Алақан» Жаттығу жұп-жұппен жүргізіледі. Жұптар алақандарымен шапалақтай отырып, максималды жылдамдыққа жету керек. Сөйлеуге болмайды. Қателескен жұптар қарсыласын ауыстыруы тиіс. (Оқушылар алақанмен шапалақтап ойнағанда жалықпай, ұзақ уақытқа созылған кезде де өзін жақсы, еркін ұстай алады). Кері байланыс «Өз жұмысыма талдау» – Не істедім? – Қандай мақсатпен? – Неге солай жасадым? – Қандай нәтиже алдым?  
Аяқталуы Жүрек-тамырлар жүйесі туралы бес сөйлем жаз. Дескрипторлар: – Сұрақтарға барынша толық жауап береді. – Тақырыптағы негізгі идеяны ары қарай дамытады. Кері байланыс: 1. Топта бірлесіп жұмыс жасағанда не қызық болды? 2. Бірлескен жұмыс барысында жағымды атмосфера орнады ма?  

Қосымша ақпарат. Буылтық құрттарда қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қан арттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдын артқа қарай ағады) құралады.

Ұлулардың жақсы дамыған жүрегі артқы ішектің үстінде орналасып перикардия (целомның қалдығы) қуысында жатады. Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрлі жүйелік топтарында орталық мүшенің, яғни жүректің құрылысы әртүрлі болады. Мысалы, Prosobranchia класс тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде жүрегі симметриялы болып, қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Бірақ, олардың оң жақ желбезектері жансызданып қалуына байланысты жүректе оң жақ жүрекше жойылады. Алдыңғы желбезектілердің (Prosobranchia) кейбір түрлерінде оң жақ жүрекшелері кішірейіп, тұйық біткен. Сонымен қатар жүректің орналасуы да біршама өзгереді, яғни қызмет атқаратын жүрекше қарыншаның алдында орналасады.

Жоғарғы сатыдағы бауыраяқтыларда тек сол жақ жүрекшесі сақталып, оң жақ жүрекшесі


толығымен жойылған. Алдыңғы желбезектілер мен өкпелілерде сол жақ жүрекше қарыншаның алдыңғы, ал артқы желбезектілерде қарыншаның артқы жағында орналасқан күйінде қалады, осы екі жағдайда да жүрек артқы ішектің үстінде жатады. Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйесіне қанды айдау. Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Бауыраяқты моллюскалардың қан айналу жүйесі ашық типті, яғни қан

тамырлары үзіліп қан дене қуысына құйылады.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Қан айналады жүректің әмірімен, Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен Ақ түсті, мөлдір және қызылданып, Адамға күш береді пәрменімен, –

деген өлең жолдарын қолдана отырып, тақырып туралы не айтар едің?

 

Қабілеті жоғары оқушы:

Жүрек жиырылғанда ғана қанды айдайды, ал қан тамырлар арқылы үздіксіз ағады, осыны түсіндіріп бере аласың ба?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтар- дағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

 

Рефлексия.

Іс-әрекет рефлексиясы: «Бағдаршам»

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §23. Қан тамырлар жүйесінің түрлері және қан айналым шеңберлері

№7 зертханалық жұмыс.

Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу

Мектеп:

         

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан- дар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

– жануарлардың қан тамырлар жүйесі түрлерін сипаттау

 

– дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан тамырлар жүйесінің типтерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қан тамырлар жүйесінің типтерін ажыратады, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің суретіне қарап отырып, сипаттап бере алады, шеңберлердің ерекшелігі мен айырмашылықтарын зерделейді.

 Адам жүрегінің жұмысын талдайды.

Кейбір оқушылар:

Адам жүрегінің жұмысын жақсарту жолдарын ұсынады, жүректің қызметіне баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Қан тамырлар жүйесінің типтерін біледі, өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, ашық және тұйық қан айналым жүйесі бар ағзаларды жүйелейді.

– Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің эволюциясын айқындайды.

– Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін суретке қарап отырып, сипаттап береді, салыстырады, ажыратады, ерекшеліктерін нақтылайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 515 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2506 - | 2323 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.