Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Антигендер   антиденелер 25 страница




Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Адамның тыныс алу мүшелерін біледі, ауа жүретін жолдарды жүйелейді.

– Ұлпадағы және өкпедегі газ алмасуды талдайды, ерекшеліктерін анықтайды оларды бір-бірімен салыстырады.

– Адам ағзасы үшін газ алмасудың маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті

терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ұлпадағы газ алмасу, өкпедегі газ алмасу, ауа жүретін жолдар

         


 

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Тыныс алу мүшелерінің ішінде асқорыту мүшелерімен байланысты мүше бар ма? Талқылап жауап беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен жұтынғанда тыныс алу тоқтайды? Жұтынып көріңдер, не

сезіндіңдер?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тыныс алу мүшелерін ретімен дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

Тест тапсырмалары

1. Жүрек жұмысының циклдері неше кезеңнен тұрады? А) 4 Ә) 5  Б) 3      В) 2

2. Капиллярдағы қан қысымы

А) төмен  Ә) жоғары Б) шамалы

3. Жүректің соғуын жиілететін гормон

А) адреналин Ә) инсулин Б) ацетилхолин

4. Жүрек дәрігері

А) эндокринолог  Ә) кардиолог Б) иммунолог  В) дальтоник

5. Жүректің ортанғы қабаты

А) миокард  Ә) эпикард Б) эндокард

6. Қан беруші адам

А) реципент Ә) донор Б) гемотолог

7. Ересек адамның жүрегінің салмағы

А) 100 г Ә) 200 г Б) 300 г  В) 400 г

8. Жүректің бірінші қабаты

А) миокард Ә) эпикард Б) эндокард

9. Жүректің бұлшық еті қандай?

А) көлденең жолақты Ә) бірыңғай салалы Б) көлденең салалы

10. Адамның жүрегінің бөліктері А) 2 Ә) 5 Б) 3  В) 4

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сыныпты санамақ әдісімен «Газ алмасу», «Тыныс алу» топтарына бөлу. Топ мүшелері топ аттары бойынша ойларын ортаға салады. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын». Бірінші тұрған адам өзінен кейінгі екінші адамға қолын созып, сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын деп айтады. Ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға осы сөзбен қолын созады. Осылайша «тізбектеле» барлығы бір- бірінің қолынан ұстап осы сөзді айтып шығады.  
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, «Төрт сөйлем» стратегиясын қолдану. 1. Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру Оқулық

  2. Дәлел Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу 3. Мысал Енді келтірілген өзіндік пікірді тағы бір негіздеу үшін бір сөйлеммен мысал келтіру 4. Қорытынды Қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек   Дескрипторлар: – Мәтінді толық меңгеріп тыныс алу, өкпелік газ алмасу, ұлпалық газ алмасу сөздерінің мәнін ашады. – Құрылыс ерекшелігіне байланысты ағзаның тыныс алу мүшелерін суретке қарап ажырата алады. – Әр мүшенің ерекшеліктерін табады.   Сергіту сәті:   «Төрт құбылыс» Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. ІІ. Суретке қарап түсіндір.     Суреттен не көріп тұрсың? Ұлпадағы және өкпедегі газ алмасуды тап, салыстыр, ерекшелігін негізде.   Дескрипторлар: – Ұлпалық және өкпелік газ алмасудың механизмін суретке қарап түсіндіре алады. – Ерекшеліктерін айқындайды.   «Блоб» ағашы бойынша рефлексия. Мен қайда тұрмын?  

 

 
Аяқталуы

«Тыныс алу дегеніміз – өмір сүру» тақырыбына шағын эссе жазу

 

Дескрипторлар:

– Эссенің талапқа сай жазылуы.

– Айтылған ойдың нақты, дәлелді болуы.

Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты»

Плюс – сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды.

Минус – оқушыға не ұнамады, қызықсыз болып көрінді. Қызықты – бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер туралы жазады.

 

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: суреттегі санмен     көрсетілген мүшелердің атын жазып шық. Қабілеті жоғары оқушы: Төмендегі тізімнен сұрақтарға жауап табыңдар. Тізімдеме: 1. Сілемейлі қабықша

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтар- дағы байланыс

         


  2. Өкпе көпіршіктері 3. Өкпе 4. Ауа тамырлары 5. Кеңірдек 6. Бөбешік 7. Көмекей 8. Шеміршекті жарты сақиналар 9. Плевра 10. Мұрын қуысы Сұрақтар: І. Көмекейге тамақты жібермейді. ІІ. Кеңірдекті қабыстырмайды. ІІІ. Ауаны жылытады, микробтардан тазартады. ІV. Ауа тасымалдайтын жолдардың беткі қабаты. V. Тыныс алу басталатын жер. VІ. Өкпені қаптайды. VІІ. Дыбыс саңылаулары орналасады. VІІІ. Ауа тасымалдайтын жолдардың ең ұзыны. ІХ. Газ алмасу орны.  
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Бағалау парағы»

Мен ойлаған нәрсені орындадым ба?

 

Мен жобаның басты нәтижесі ретінде жазғанды істеу қолымнан келді ме?               

Барлығы мен ойластырғандай болды ма?                                   

Не жақсы орындалды?

 

Не жаман орындалды?

 

Нені орындау жеңіл болды, ал не кенеттен қиынға соқты?                   

Кім маған осы сабақ үшін РАҚМЕТ айтады?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау


САБАҚ: §26. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері.

Кеуде қуысының механизмі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.4.2 – тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіру

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, тыныс алу және тыныс шығаруға қатысатын мүшелерді біледі, оны реттейтін ми бөлімін айқындайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тыныс алу мен тыныс шығару механизмін дәлелдеп береді, көкіректік және құрсақтық тыныс алуды салыстырады, ажыратады.

Кейбір оқушылар:

Тыныс алу қозғалысын қамтамасыз ететін мүшелердің жұмысына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Тыныс алу және тыныс шығаруға қатысатын мүшелерді жүйелейді, ол мүшелердің қызметтерін талдайды.

– Көкіректік және құрсақтық тыныс алуды салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды.

– Тыныс алудың реттелуін түсіндіріп бере алады.

– Тыныс алу қозғалыстарын жүзеге асыратын мүшелердің жұмысына баға береді.

Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Көкіректік тыныс алу, құрсақтық тыныс алу, тыныс алу қозғалыстары, көкет,

қабырғааралық бұлшық еттер.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Өкпеде бұлшық еттер жоқ. Бірақ ол тыныс алғанда кеңейеді және тарылады.

Бұл қалай жүзеге асады?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Адам тамақсыз 30 күн, сусыз бір апта бойы өмір сүре алады. Адам неліктен

ауасыз бірнеше минут қана өмір сүреді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тыныс алу және тыныс шығару механизмінің сызбасын дәптерге түсіру.

Алдыңғы оқу

«Сандар сөйлейді»

Берілген сандар туралы білімдеріңді жинақтаңдар. 16 %

21%

0,03%

78%

4 %

       


Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы   Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.   Сынып оқушыларына ел арасында кең тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылар осы әндерге байланысты «Тыныс алу», «Тыныс шығару» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.  
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. «Автобус аялдамасы» әдісі Алдарыңыздағы постерлерге берілген мәтін бойынша ой- тұжырымдарыңызды жазып, келесі топқа ұзатасыздар, енді сол топ бірінші топтың тұжырымына ойын қосып, ұзатады. Яғни ой қосу, ой алмасу үдерісі жүреді. Дескрипторлар:   – Мәтінді толық меңгеріп, тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін анықтайды. – Құрсақтық, көкіректік тыныс алуды сипаттап бере алады.   ІІ. «Суреттер сөйлейді»   Суретке қарап тыныс алу мен тыныс шығарудың механизмін түсіндіріп беріңдер.     Дескрипторлар: Оқулық    

  – Суретке қарап, суреттің мәнін ашады, не бейнеленгенін түсіндіреді. – Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін салыстырады, ерекшелігін айқындайды. Сауықтыру минуты Біркелкі тыныс алу Нұсқау Мұрын арқылы дем алып, ішіңнен 2-ге дейін сана. Дем шығарып, қайта 2-ге дейін сана. Осылай кезекпен тыныс ал. Құрсақпен тыныс алу Нұсқау: Бір қолды кеудеңе, екінші қолыңды ішіңе қой. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңді тік ұста: Минутына 6–10 рет терең тыныс ал. Кезек тыныс алу Нұсқау. Ыңғайлы отырып тыныс ал. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең тыныс ал. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен тыныс шығар. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастыр. Рефлексия.   Тақырып            Сабақта керек   Бүгінгі ақпараттың бойынша                       емес болған                            ішінде тағы да алған ақпаратты                            үйренуім және керекті               қоқыс                 толықтыруым керек ақпаратты          жәшігіне            деп ойлаған чемоданға          салыңдар                            ақпараттарыңды салыңдар                             еттартқышқа салыңдар  
Аяқталуы «Ойтүйіндеу» Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерінің қорытынды түйінін жазу. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкет пен қабырғааралық бұлшық еттердің маңызына баға беру. Қорытынды төмендегідей болуы мүмкін: Тыныс алу механизмі: Ø Қабырғааралық бұлшық еттер жиырылады. Ø Қабырғалар көтеріледі. Ø Кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Ø Өкпе кеңейеді. Ø Ішке ауа тартылады.  

 

Тыныс шығару механизмі:

Ø Қабырғааралық бұлшық еттер босаңсиды.

Ø Қабырғалар ұшы төмен түседі.

Ø Кеуде қуысының көлемі кішірейеді.

Ø Өкпе қысылады.

Ø Ауа сыртқа шығарылады.

Дескрипторлар:

– Тыныс алу және тыныс шығару механизмдеріне қорытынды жасай біледі.

– Қабырғааралық бұлшық еттер мен көкеттің тыныс алу мен тыныс шығарудағы маңызына баға береді.

 

Рефлексия. «Досыма хат»

Досына сабақ туралы 3 сөйлемнен тұратын хат жазады.

 

Қосымша ақпарат.

Қанның өкпе альвеоларында ауамен қанығу процесі

капиллярлар жүрекке қарай

баратын өкпе венасын                          ауаның кіруі

қалыптастырады                                                                                    көмірқышқыл газының шығуы

 

 

көмірқышқыл газы көп веналық қан альвеолалар капиллярларына түседі

 

ауа альвеоладан капиллярға түсіп веналық (көк) қанды

артериялық (ал қызыл)                                                                                                   алвеолалар веналық

қанға айналдырады                                                                                                          қанды көмірқышқыл

газынан тазалайды

 

 

қан капиллярлары

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Төмендегі суретті түсіндіріп бер.

 

Қабілеті жоғары оқушы:

Ойланып, жауап бер:

Терең тыныс ал. Тынысты барынша ұстап тұр. Тыныс алудың еріксіз/непроизвольно/ қалпына келуіне қанша уақыт кеткенін есепте. Тыныс шығарғанды да осылай есепте.

– Неге тыныс алу еріксіз қалпына келеді?

– Неге тыныс алу кезінде тынысты тыныс шығаруға қарағанда ұзағырақ ұстай аламыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағ ы байланыс

         


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Табыс ағашы»

 

Жасыл жапырақ – түсінікті болды, табысқа жеттім.

Сары жапырақ – сұрақтарым бар, толық табысқа жеткен жоқпын. Қызыл жапырақ – қиналдым, табысқа жету үшін тағы қайталауым керек.

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §27. Өкпе жұмысының көрсеткіштері. Тыныс алу гигиенасы

№8 зертханалық жұмыс.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.4.3 – өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау, қалыпты жағдайдағы

және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, ӨТС ұғымының мәнін ашады

Оқушылардың басым бөлігі:

ӨТС-ті талдайды, зертханалық жұмыс арқылы ӨТС-ті зерттейді, тыныс алу қозғалыстарының минуттық көлемін есептейді.

 Тыныс алуға тигізетін темекі зиянын болжайды.

Кейбір оқушылар:

Саламатты өмір салтын ұстанудың тыныс алуға тигізетін әсеріне баға береді.

         


Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Тыныс алу көрсеткіштерін есептей алады.

– ӨТС ұғымының мәнін ашады.

– ӨТС-ті зертханалық жұмыс арқылы зерттейді, оның әртүрлі болуына қорытынды жасайды.

– Тыныс алуға темекінің тигізетін әсерін түсіндіре алады, одан туындайтын өзгерістерді сипаттайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 964 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2466 - | 2150 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.