Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Антигендер   антиденелер 28 страница




Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамның тірек-қимыл жүйесіне кіретін мүшелерді біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Адамның қаңқасымен танысады, қаңқа бөлімдерін құрайтын сүйектермен танысады, бөлімдерді құрайтын сүйектерді жүйелейді,

       


 

салыстырады.

Кейбір оқушылар:

Тірек-қимыл жүйесінің маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Тірек-қимыл жүйесіне кіретін мүшелерді біледі, жүйелейді.

– Адамның қаңқасын талдайды, басқа ағзалардан ерекшеліктерін зерделейді.

– Адамның қаңқасының бөліктерін құрайтын сүйектерді ажыратады.

– Адамның тірек-қимыл жүйесінің маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Тірек-қимыл жүйесі, енжар бөлім, белсенді бөлім, жалпақ сүйектер, қысқа

сүйектер, ұзын сүйектер, жіліктер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Екі оқушы пікірталасып отыр. Біріншісі – сүйек бұл күрделі тірі мүше десе, екінші оқушы оны жоққа шығаруда. Қай оқушының пікірі дұрыс?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Адамның бойы таңертең ұзындау болады да, неліктен кешке қарай қысқарады?

(Омыртқалардың арасындағы шеміршек адам күні бойы жүрудің әсерінен тегістеледі. Соның әсерінен бой кешке қарай қысқарады).

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Қаңқа бөліктерін дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

Дұрыс тұжырымды табыңдар

1. Тері – біздің ағзамызды сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылғы.

2. Терінің негізгі қабаты гиподерма

3. Теріде болатын ерекше түзіліс – плакоидты қабыршақ.

4. Тері Д витаминінің түзілуіне қатысады.

5. Дәнекер ұлпасынан түзілетін екінші қабат дерма қабаты деп аталады.

6. Май клетчаткасында қоректік заттың қоры бар.

7. Теріде қан жасушалары түзіледі

8. Эпидермистің сыртқы қабаты – мүйізді қабат.

9. Дермада тер бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі бар.

10. Терінің сыртқы қабаты – эпидермис.

11. Терінің дерма қабатында гормондар түзіледі

12. Тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог дейді.

13. Шаш, түктер, тырнақ – эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері.

14. Тырнақ – саусақ ұштарының сыртында орналасқан жалпақ мүйізді түзіліс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар


Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Топқа бөлу әдісі: «Түсті ленталар» Сынып осы әдіс арқылы, «Жалпақ сүйектер», «Қысқа сүйектер», «Ұзын сүйектер» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Қос шеңбердегі комплименттер» Оқушылар екі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарап тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне қарап тұрған оқушылар кезектесіп комплимент айтуы керек. Содан кейін шеңбердегілер орын ауыстырып, басқа оқушымен комплименттермен алмасады.
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, «Сүзіп алу» стратегиясын пайдаланып қаңқа бөлімдерін құрайтын сүйектерді талдайды.     Дескрипторлар:   – Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды. – Қаңқа бөлімдерін талдап, оны құрайтын сүйектерді жүйелейді. Сергіту жаттығулары:   «Саусақ ретімен тұру» жаттығуы Барлық оқушы отырады. Мұғалім оқушылардың алдында артқа қарап тұрып басынан жоғары көтеріп екі (бір, үш, төрт т.б.) саусақ көрсетеді де бір, екі, үш деп тез алға бұрылады. Саусақтың санына сәйкес оқушылар тұруы керек. Бірнеше рет қайталанады. Бұл жаттығу сыныпты белсендіреді. Рефлексия. Парталас көршіңе 1 пікір таңдаңыз:   • Жарайсың! • Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің. ІІ. Орнын тап және қандай сүйек? Оқулық

Қаңқа бөлімдері Бөлімді құрайтын сүйектер
   
   
   
   
   

 


 

   

 

 

Дескрипторлар:

Сүйектің қаңқадағы орнын дұрыс таба біледі.

– Сүйектің қандай сүйек екендігін табады.

Аяқталуы

«Синквейн» Тірек-қимыл жүйесінің маңызы

5 жолды өлең құрастыру.

1. Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істейді?

4. 4 сөзден құралған сөйлем.

5. Балама сөз.

Дескрипторлар:

– Синквейн талапқа сай орындалған.

– Тақырыптың мәнін ашады.

– Тірек-қимыл жүйесінің маңызын көрсете алады.

 

Рефлексия. «Желкенді қайық»

 

Қосымша ақпарат. Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары – 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке – серпімділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді.

Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.

Саралау – Сіз қосымша көмек

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Төменде берілген тізімнен сұрақтарға жауап

табыңдар.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және

         


көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Тізім:

1. Табан сүйектері

2. Маңдай

3. Бұғана

4. Қабырға

5. Жауырын

6. Төс

7. Ортан жілік

8. Кәрі жілік

9. Шүйде

10. Төменгі жақ

Сұрақтар:

І. Бас сүйек сүйектеріне жататын сүйектерді ата. ІІ.Төсті құрайтын сүйектерді ата.

ІІІ. Иық белдеуінің сүйектеріне жатады. ІV. Аяқ-қол сүйектерін ата.

V. Қайсы сүйектер ұзын?

 

Қабілеті жоғары оқушы:

Қазба жұмысын жүргізіп жатқан археологтар қорғаннан екі адамның қаңқасын тауып алды. Археологтар қаңқаның қайсысы ер адам, қайсысы әйел адам екендігін қалай білді?

еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Сауалнама»

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

       

САБАҚ: §32.

№9 зертханалық жұмыс.

Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.6.2 – сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, сүйектің кемік заттары, сүйек қабы, дәнекер ұлпасы, остеон, остеоцит, остеобласт, остеокласт деген

ұғымдарға түсінік береді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтайды, бір-бірінен ажырата алады, қызметтерін нақтылайды.

Сүйектің химиялық құрамын талдайды.

Кейбір оқушылар:

Сүйектің құрамындағы бейорганикалық және органикалық заттардың қызметіне, маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Мәтіндегі кездесетін негізгі терминдерге түсінік береді.

– Сүйектің химиялық құрылысын зерттейді, бейорганикалық және органикалық заттардың қызметін нақтылайды.

– Зертханалық жұмыс барысында сүйектің макроскопиялық, микроскопиялық құрылысын талдайды, ерекшеліктерін айқындайды, қорытынды шығарады.

– Сүйектің химиялық құрылысындағы заттардың маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сүйек ұлпасы, сүйектің кемік заты, сүйекқап, сіңір,остеоцит, остеобласт,

остеокласт, оссеин нәруызы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Егер бір аяқты кессе, екінші аяқтың ішкі құрылысында өзгеріс жүреді. Осыны түсіндіріп бере аласыңдар ма?

(бір аяқты кескенде, екінші аяққа түсетін салмақ артады. Сондықтан екінші аяқтың ішкі құрылысы өзгереді)

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен қария адамдардың сүйектері сынғыш келеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сүйектің химиялық құрылысының сызбасын дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

«Биологиялық диктант»

1. Арқа омыртқасының саны...

2. Омыртқа... жерден иіледі

         


 

3. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалар саны...

4. Жалпақ, үшбұрышты сүйек...

5. Кәрі жілік... болады.

6. Ортан жілік... болады.

7. Омыртқалардың жалпы саны...

8. Тоқпан жілік... болады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сынып оқушылары журналдағы тізімді екіге бөлу арқылы «Сүйектің құрылысы», «Сүйектің құрамы», топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының сабаққа байланысын болжайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Мен сені түсінемін» жаттығуы Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 мин ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл күйін, жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі ойын, ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен бөліседі.   Сынып журналы
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. «Фотогалерея» стратегиясы Мәтінді оқып болған соң суретке сәйкес келетін сөйлемдерді табады. Берілетін суреттер:                Дескрипторлар: Оқулық


  – Мәтінді толық меңгеріп, әр топ өзінің атына сәйкес сүйектің құрамын, құрылысын анықтайды. – Суретке сәйкес келетін мәтінді дұрыс талдайды. – Суреттен сүйекті құрайтын бөліктерді көрсете алады. Сергіту Балаларым тұрыңдар, беттеріңді жуыңдар, Айнаға қараңдар, шаштарыңды тараңдар. Киімдеріңді киіңдер, мектепке қарай жүріңдер, Орындарыңа отырыңдар, сабақты жақсылап оқыңдар.   Рефлексия. «Өз сөзімнің дәлелі» 1. Сабақта мен жұмыстандым..., себебі.... 2. Сабақта мен өз жұмысыммен.... 3. Маған сабақ... 4. Сабақ бойы мен... 5. Менің көңіл күйім... 6. Сабақ материалдары мен үшін...  
Аяқталуы Зертханалық жұмыс Зертханалық жұмыс алгоритмі: 1. Нұсқаулықпен танысу. 2. Кесілген сүйекті қарау. 3. Сүйектен табу керек: – тығыз сүйек затын; – сүйектің кемік затын; – сүйек басындағы жылтыр шеміршекті; – сүйек майы тұратын орынды.   4. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қарау. 5. Сүйектің үш түрі қыздырылған, кальций тұзынан тазартылған, табиғи сүйекті зерттеңіз: – созыңыз; – майыстырыңыз. Кесте толтыра отырып, қорытынды жасаңыз. Сүйек         Созыл-        Құрамының Себебі типтері       ғыштығы   өзгеруі   Дескрипторлар: – Зертханалық жұмысты нұсқаулыққа сай жасайды. – Зерттеушілік жұмысын жүргізіп, дұрыс қорытынды жасай білдеді. Рефлексия. «Плюс, миннус, қызықты» «+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу. «–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді жазады. «қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған, білгісі келетін заттар туралы жазады.  

Қосымша ақпарат.

Артрология – сүйектердің байланысын зерттейтін анатомия саласы.

       

 


Остеология – сүйектер туралы ғылым.

Остеокласт (гр. osteo – сүйек + гр. klastos – ұсақтау). Сүйек тканінің көп ядролы жасушасы. Сүйек ұлпасы әртүрлі себептерден бүлінген кезде остеокласттар резорбцияға (сорылу, сіңу) қатысады. Пародонт ұлпалар қабынғанда, тістің қозғалып түсіп қалуы остеокластар арқылы жүреді.

Сүйек ұлпасын құрайтын жасушалар остеобласт (osteon – сүйек, blastos – өскін, ұрық деген грек сөздерінен шыққан) деп аталады.

 

 

остебласт                    остеоцит                      остеокласт

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсе- туді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспар- лайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Терминдермен жұмыс:

Оссеин Остеоцит Остеобласт Остеокласт

Қабілеті жоғары оқушы:

«Ойланып, жауап бер»

Тірек-қимыл жүйесі үшін сүйектердің беріктігі, иілгіштігі, серпімділігінің маңызына баға бер.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Бекітілді»

 

– Мен көп нәрсе үйрендім.

– Бұл маған өмірде керек болады.

– Сабақта ойландыратын нәрселер болды.

– Сабақта барлық сұрақтарға жауап алдым.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

       

 

САБАҚ: §33. Сүйектердің байланысу

типтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.6.3 – сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, сүйектердегі байланыс түрлерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

 Байланыс түрлерін бір-бірімен салыстырады, ерекшеліктерін талдайды.

 Сүйектерді байланысы бойынша жүйелейді.

 Байланыстардың маңызын тұжырымдайды.

Кейбір оқушылар:

Байланыстардың тірек-қимыл жүйесі үшін маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Сүйектердегі байланыстарды біледі, оларды қаңқа бөліктеріне байланысты жүйелейді.

– Байланыс түрлерін сүйектерге қарап ажырата біледі.

– Байланыстарды бір-бірімен салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1351 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2181 - | 2101 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.