Лекции.Орг


Поиск:




Антигендер   антиденелер 24 страница




– Адам жүрегінің жұмысын талқылайды, циклдерді рет-ретімен қояды.

– Адам жүрегінің жұмысына баға бере отырып, жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады.

Тілдік мақсат

Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ашық және тұйық қан айналым жүйесі, үлкен және кіші қан айналым

шеңберлері, систола, диастола, жиырылу, босаңсу, қарынша, жүрекше

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

салыстыру кестесін дәптерге түсіру

Талқылауға арналған тармақтар:

Ағзадағы қан айналымы ғалымдарды ертеден қызықтырып келеді. Қан айналымға байланысты төменде неше түрлі болжамдар айтылған. Осы айтылған болжамдардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыңдар?

1. Қан жүректе түзіледі де, қан тамырлар арқылы бүкіл денеге таралып, жүрекке қайта келмейді.

2. Жүрек – қан түзуші мүше емес, ол сорғы (насос), яғни қан айдаушы, қан жүректен мүшелерге таралады және бір қан тамыры арқылы жүрекке қайта келеді.

3. Ағылшын дәрігері У. Гарвей: «Жүрек – сорғы (насос), ол қанды мүшелерге артерия қан тамыры арқылы беріп, мүшелерден вена қан тамыры арқылы қайтарып алады», – деген.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Жүрек – мүшелерді үнемі қанмен қамтамасыз етіп тұратын мүше. Бірақ

ертедегі философтар мен ақындар жүректі адамның жанына теңеген. Олар

       


 

адам жүрекпен сүйеді, жүрекпен жек көреді, жүрекпен сезеді, жүрекпен ауруды сезеді деп ойлаған. Неліктен олар жүрек туралы осылай ойлаған?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің сызбасын дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

«Зымыран» сұрақтары

 

– Бауырымен жорғалаушылардың жүрек бөлімдері.

– Омыртқалылардың жүрек бөлімдері.

– Құстардың жүрек бөлімдері.

– Балықтың жүрек бөлімдері.

– Бауыраяқтылардың жүрек бөлімдері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.   Сынып түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы «Үлкен қан айналым шеңбері», «Кіші қан айналым шеңбері» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атына байланысты ой айтады. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Өрмекші торы» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. Жаттығу шарты: Топта бір-бірін жақын танығандықтан, әркім өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқиды.  
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді «Кемпірқосақ» әдісімен меңгереміз. Ұйымдастыру: Топта қозғалуға және талқылауға орын қалдыра отырып орналасады.   Жаттығудың сипаттамасы:   Оқушылар мәтінді талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша топтарға бөліп отырғызылады. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.   Дескрипторлар: – Мәтінді толық меңгеріп, қан тамырлар жүйесінің Оқулық

  типтерін, қан айналым шеңберлерін біледі.   – Жүректің қызметімен танысады.   Сергіту сәті: Ормандағы аңдар қимылы   – Тауыстың басын бұруы. – Маймылдың үстін тазалауы. – Кенгурудің секіруі. – Құстың ұшуы.   Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты» «+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу. «–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді жазады. «Қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған, білгісі келетін заттар туралы жазады. ІІ. «Суреттер сөйлейді» әдісі Суретке қарап қан айналым шеңберлерін сипатта, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің жолын көрсет.     Дескрипторлар: – үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін суретке қарап сипаттап бере алады; – үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің жолын көрсетіп, бөліктерінің атын суретке жазады; – жүрек жұмысының кезеңдерін ажыратады; – жүрек жұмысын суреттен түсіндіріп береді.  
Аяқталуы №7 зертханалық жұмыс Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу Дескрипторлар:  

 

– Нұсқау бойынша жұмысты толық орындайды.

– Дене жаттығуының жүрекке әсерін зерттейді.

– Қорытынды жазады.

– Дене жаттығуының жүрек жұмысына маңызын бағалайды.

 

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі

Әрбір оқушыға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: Менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.

   

Қосымша ақпарат.

жүрек – сердце – heart

үлкен қан айналым шеңбері – большой круг кровообращения – Large circulation кіші қан айналым шеңбері – малый круг кровообращения – Small circulation

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Тарам-тарам бір ғалам, Айқыш-ұйқыш шырғалаң, –

деген өлең жолдарын түсіндіріп бер.

Қабілеті жоғары оқушы:

Жүрек бір рет жиырылғанда тамырларға орта есеппен 80 мл қанды айдайды. Егер жүректің жиырылу жиілігі 1 минутта 78 болса, ал жүрек көлемі – 38,5 болған жағдайда жасөспірімнің жүрегі күніне, жылына қанша қанды айдайды?

/күніне – 4,3 тонна, жылына – 1570 тонна қан айдайды/

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтар- дағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиім- ді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия. «Пойыз» стратегиясы

 

Пойыз вагондары сабақ кезеңдері. Оқушылар топпен әр вагонға түс жапсыру арқылы сабаққа кері байланыс береді.

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

         

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §24. Жүрек-қан тамыр-

лары жүйесінің аурулары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.3.12 – қан тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын біледі, жүйелейді

Оқушылардың басым бөлігі:

жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының туындау себептерін табады, аурудың белгілерін сипаттап береді, аурулардың алдын алу

шараларын ұсынады.

Кейбір оқушылар:

жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу үшін жаднама жазады, саламатты өмір салтын ұстанудың маңызына баға

береді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын біледі, оларды жүйелей алады.

– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының туындау себептерін табады, әрбір аурудың белгілерін анықтайды.

– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын ішіндегі жиі кездесетін ауруларды сипаттап бере алады.

– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу шараларын ұсынады.

– Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын алдын алудағы саламатты өмір салтының маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын

ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

гипертония, гипотония, миокард, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы,

инсульт, инфаркт

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Спиртті ішімдіктерді ішу жүрек-қан тамырлар жүйесі мүшелерінің жұмысын бұзады. Осы процесті тереңірек талдап, түсіндіріп беріңдер.

       


 

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен «жүректі тек жүрекпен емдейді», – дейді

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының алдын алу үшін жасалған

жаднаманы жазу

Алдыңғы оқу

«Кім тапқыр?»

1. Үлкен қан айналым шеңбері қай жерден басталады?

2. Қан тамырлардың түрлерін атаңдар.

3. Қолқа қай жерден басталады?

4. Артериялардың қабырғасы неше қабаттан тұрады?

5. Вена қан тамырларының қабырғасы неше қабаттан тұрады?

6. Ең ірі артерия қан тамырын атаңдар.

7. Қанның қозғалысы қай қан тамырларда баяу?

8. Вена тамырларының ерекшелігін атаңдар.

9. Өте жұқа, бір қабаттан тұратын тамырларды атаңдар.

10. Теріге жақын орналасқан қан тамырларын атаңдар.

11. Кіші қан айналым шеңбері басталатын жер.

12. Неге үлкен қан айналым шеңбері деп аталады?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал Сыныпты «Денсаулық», «Байлық» топтарына «Атомдар және молекулалар» әдісі бойынша топқа бөлу. Екі топ өздерінің топ атының сабаққа байланысын болжайды.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Жүрек жылуы» тренингі Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып тілектерін білдіреді.

 

Жүрек пішіндес түсті қағаз қиындылары

Ортасы

І. Оқулықпен жұмыс.

«Аквариум» стратегиясы.

Мәтінді оқып шыққан соң оқушылардың бір тобы мәтіннен алған негізгі ойды, проблемаларды шешу жолын талқылайды. Қалған оқушылар көрермендер сияқты жаңағы топты қоршап тұрады: Ортадағы топ аквариумдағы «балықтар». Қоршаған топ диалогке қатыса алмайды. Олар өз іс-әрекетімен тек салыстыра алады.

Дескрипторлар:

Мәтінді толық меңгеріп жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын мүшелерге байланысты жүйелейді.

– Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының туындау себептерін талқылайды.

– Ауру белгілерін сипаттайды.

ІІ. Кестені толтыр.

 

« Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын туғызатын факторлар және оның әсері»

Оқулық

         

 

 

Факторлар Тигізетін әсері Туын- дайтын аурулар

 

 

Темекі тарту    
Спиртті ішімдіктер ішу    
Стресс    
Гиподинамия    

 

Дескрипторлар:

– Аурулардың алдын алу шараларын қарастырады.

– Ауру себептерін түсіндіріп береді.

Сергіту сәті:

ШАРТЫ:

Қан қысымының өзегеруі болса – сол қол көтеру. Жүрек ауруы болса – оң қол көтеру.

 

Рефлексия. «Бес саусақ»

«Бес саусақ»: Бас бармақ – Не үйрендім? Балаң үйрек – Неге көңіл аудару керек? Ортан терек – Кімге көмектестім?

Шылдыр шүмек – Алған әсерім, көңіл күйім? Кішкене бөбек – Неден қиналдым?

Аяқталуы

Постер жасау

І топ: Саламатты өмір салтын жақтаймыз.

ІІ топ: «Келешек ұрпақ сау болсын десек» – жаднама жасау.

 

Дескрипторлар:

– Топтың бірлігі.

– Топтың ортақ шешімге келуі.

– Айтылған ойдың нақты, дәлелді болуы.

 

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

Қосымша ақпарат.

Ангиоспазм – қан тамырларының тарылып қалуы. Гипертрофия – ұлпалардың шектен тыс үлкеюі.

Гипоксия – қандағы оттегі мөлшерінің азаюы.

Дилятация – жүрек бұлшық ет қабатының әлсіреуі нәтижесінде кеңеюі. Инфаркт – қан келмей қалуына байланысты пайда болған некроз ошағы. Кардиосклероз – жүректе дәнекер ұлпаның өсіп кетуі.

Миокардит – жүрек миокардының қабынуы.

Некроз – ағзаның жасушалары мен ұлпаларының сенуі.

Тромбоз – қанның қан тамырының ішінде немесе жүрек қуыстарында ұйып қалуы. Тромбоэмболия – тромбтың немесе оның бір бөлігінің үзіліп түсіп қанмен айналып жүруі, эмболға айналуы.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсе- туді қалай

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Терминдерге түсінік бер:

Гипертония

Гипотония

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және

еңбекті қорғау


жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспар- лайсыз?

Инсульт Инфаркт Атеросклероз

 

Қабілеті жоғары оқушы:

Екі ұлы ақын Расул Ғамзатовтың « Прости меня, сердце мое» және Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» өлеңдерін оқып ойын айту, ортақ мағынаны табу.

Оу, ием менің,

Өзіңнен бұрын жаралғам. Алдымен менмін,

Сонан соң – сенсің жаралған.

Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың, Аяқ пен қолың –

Барлығы менен нәр алған.

Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің, Бәріне көндім,

Қателігіңді түзеттім.

Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның. Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым.

Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден, Ал, енді маған демалыс берші шаршадым. Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауға, Қарсы барамыз оттарға, әрі шоқтарға.

Қақым жоқ менің демалыс саған беруге, Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!

ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағ ы байланыс
 

Расул Гамзатов «Прости меня, сердце мое»

Тебя я помучил немало,

Как вспомню, ни ночи, ни дня Со мной ты покоя не знало, Прости, мое сердце, меня.

Как плетью, ах, будь я не ладен, Твое подгонял колотье.

За то, что я был беспощаден, Прости меня, сердце мое.

За то, что железным ты мнилось И мог подставлять под копье Тебя я, безумью на милость, Прости меня, сердце мое.

Кружит, как над полем сраженья, Порой над тобой воронье.

За подвиги долголетия Прости меня, сердце мое!

 

Рефлексия.

Кері байланыс:

Берілген үлгілер бойынша сөйлем құрау

Мен..., өйткені... Мен қалайша... Неліктен мен...

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

білді?

       

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім және неліктен?

Менде мынандай сұрақ бар... Сонымен, мен...

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: §25. Газ алмасу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.4.1 – өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттау

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, адамның тыныс алу мүшелерімен танысады, ауа жүретін жолдарды біледі, оларды жүйелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ұлпадағы және өкпедегі газ алмасуды талдайды, салыстырады, ерекшеліктерін табады.

Кейбір оқушылар:

Адам ағзасы үшін газ алмасудың маңызына баға береді.

Сабақтың құндылығы



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 579 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

740 - | 734 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.