– Тірек-қимыл жүйесі үшін байланыстардың маңызына баға береді.
Поиск: Рекомендуем:
Почему я выбрал профессую экономиста
Почему одни успешнее, чем другие
Периферийные устройства ЭВМ
Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки)
Категории:
|
Антигендер антиденелер 29 страница
– Тірек-қимыл жүйесі үшін байланыстардың маңызына баға береді. | ||
| Тілдік мақсат | Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары | ||
| Негізгі сөздер мен тіркестер: | |||
| қозғалмайтын байланыс, шамалы қозғалатын байланыс, қозғалмалы байланыс, буын қапшығы, буын сұйықтығы, буын қуысы. | |||
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: байланыстардың салыстыру кестесін дәптерге түсіру. | |||
| Талқылауға арналған тармақтар: | |||
| Қалай ойлайсыңдар, қаңқадағы сүйектердің қандай байланыстары бізге түрлі қимыл жасауға көмектеседі? | |||
| Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? | |||
|
| Неліктен бас сүйектің сүйектері қозғалмайтын байланыспен байланысқан, осындай байланыстың бас сүйек үшін маңызы бар ма? | |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: | ||
| Сүйектердің байланыс түрлерін дәптерге түсіру | ||
| Алдыңғы оқу | «Зымыран» сұрақтары – Сүйектерде бейорганикалық заттардың пайыздық мөлшері. – Сүйектердегі органикалық заттардың пайыздық мөлшері. – Сүйекке иілгіштік, серпімділік қасиетті береді. – Сүйекке беріктік, мықтылық қасиет береді. – Сүйектің жасушасы. – Сүйекті зерттейтін ғылым. | |
|
Жоспар | ||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
| Басталуы | Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал Сынып оқушылары туған күндерінің саны бойынша тақ және жұп сандар арқылы «Сүйек байланыстары», «Сүйек буындары» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атына байланысты ой айтады. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: Мен саған сенемін Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін … өйткені сен жақсы адамсың», – деп бір-біріне сенімдерін білдіреді. |
|
| Ортасы | І. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді «Кемпірқосақ» әдісімен меңгертеміз. Ұйымдастыру: Топта қозғалуға және талқылауға орын қалдыра отырып орналасады. Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылар мәтінді талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша топтарға бөліп отырғызылады. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады. Дескрипторлар: – Мәтінді толық меңгеріп, сүйектердің байланыс түрлерін біледі. – Байланыс түрлері бойынша сүйектерді жүйелейді. Сергіту сәті. «Австарлия жалыны» сағат тілімен қол | Оқулық |
| және аяқпен жұмыс 1. Ысқылау 2. Шыртылдату 3. Шапалақтау 4. Аяқты ұру 5. Марш жасау Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты» «+» бағанына жақсы эмоцияларды тізіп жазу. «–» бағанына түсініксіз, қиындық келтірілген нәрселерді жазады. «Қызықты» (?) бағанына оқушылар өздерін қызықтырған, білгісі келетін заттар туралы жазады. ІІ. «Кесте толтыру» Дескрипторлар: – Байланыстарды салыстырады. – Байланыстардың ерекшелігін айқындайды. – Маңызын зерделейді. | ||
| Аяқталуы | Ыстық орындық: Ұйымдастыру: Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды ету үшін оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі • Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» үлестіріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. |
|
| Қосымша ақпарат. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын дегеніміз – сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. | ||
|
|
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Суретке қарап байланыс түрлерін ата.
Қабілеті жоғары оқушы: Жаңа туған нәресте мен ересек адамның сүйектеріндегі ерекшеліктерді тұжырымдаңдар. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Рефлексия. «Пойыз» стратегиясы
Пойыз вагондары сабақ кезеңдері. Оқушылар топпен әр вагонға түс жапсыру арқылы сабаққа кері байланыс береді.
| ||||
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау | |||||
| САБАҚ: §34. Буынның құрылысы және қызметі | Мектеп: | ||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
| Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
| Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | 8.1.6.4 – буынның әртүрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату. | ||||
|
| Барлық оқушылар: |
| Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, буынның құрылысын біледі. | |
| Оқушылардың басым бөлігі: | |
Буындағы қосалқы элементтерді сипаттайды, салыстырады, ерекшелігін анықтайды.
Буындарды жүйелейді.
| |
| Кейбір оқушылар: | |
| Қозғалмалы байланыстың қызметіндегі буынның маңызына баға береді. | |
| Сабақтың құндылығы | Зайырлы қоғам және жоғары руханият. |
| Бағалау критерийлері: | – Буынның құрылысын біледі, оның кездесетін жерлерін көрсетіп бере алады. – Буынның қосалқы элементтерін анықтайды, оларды салыстырады. – Буынның қосалқы элементтерінің өзіндік ерекшеліктерін талдайды. – Буындарды жүйелейді, сипаттама береді. – Қозғалмалы байланыс үшін буынның маңызына баға береді. |
| Тілдік мақсат | Оқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдaлануға ынталaндыру, сондай- ақ оқушылар диалогке қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: | |
| Буын, ұсақ буын сүйектері, шеміршекті дискілер, менискілер | |
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: | |
| Талқылауға арналған тармақтар: | |
| Қаңқаның құрылысын естеріңе түсіре отырып, буындардың орналасқан жерлерін топпен талдап, атап шығыңдар. | |
| Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? | |
| Неліктен буын болған жерде қозғалыс болады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. | |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: | |
| Буындардың жүйеленуін дәптерге түсіру | |
| Алдыңғы оқу | Тест сұрақтары I нұсқа 1. Омыртқа, білезік, алақан сүйектері А) жалпақ В) ұзын С) қысқа Д) жуан 2. Жік арқылы байланысқан сүйек А) жілік В) кеуде қуысы С) омыртқа жотасы Д) бас сүйек 3. Қабырға сүйегі А) жалпақ В) ұзын С) қысқа Д) жуан |

| 4. Байланысқан сүйекті жабады А) буын қабы В) сіңір С) сүйек Д) кемік ІІ нұсқа 5. Сүйектердің байланысу жолы А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 6. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жатады А) ортан жілік В) асық жілік С) кәрі жілік Д) барлығыда 7. Жалпақ сүйектерге жатады А) жауырын, жамбас В) ортан жілік, омыртқа С) алақан сүйектері Д) бет сүйектері 8. Омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамасыз етеді А) жұлын В) омыртқа дискісі С) сіңір Д) буын | ||
|
Жоспар | ||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
| Басталуы | Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сынып оқушыларын суреттер беру арқылы «Қарапайым буындар», «Күрделі буындар» топтарына бөлінеді. Берілетін суреттер. 1-топ: Сүйектің түрлері 2-топ: Бұлшық еттер топтары. Әр топ өздерінің атының қаншалықты сабаққа байланысты екендігі туралы ойларын тұжырымдайды. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Біздің сыныптың фотосы» Әр оқушыға таза парақ беріледі. Әр оқушы сыныптағы бүгінгі көңіл күйді смайликпен салады. Суреттер тақтаға ілінеді. | |
| Ортасы | І. Оқулықпен жұмыс. «Борт күнделігі» Дәптерін ашып сызба сызады Топтар жазбаларын түсіндіреді. ІІ. Бейнеталдау | Оқулық
|
|
https://www.youtube.com/watch?v=XDO3jcwd36I нұсқауын пайдалана отырып, буынның құрылысын,
түрлерін бейнефильмнен қарау
Бейнеталдауға қойылатын сұрақтар:
– Бейнефильмде не көрдіңдер?
– Буындар неге қозғалмалы?
– Буындардың жүйеленуін атаңдар.
Дескрипторлар:
– Мәтінді толық меңгеріп, буындардың қосалқы элементтерін сипаттай алады.
– Буындарды ерекшеліктеріне байланысты жүйелейді.
– Бейнеталдаудан негізгі шешімді таба біледі.
Сергіту сәті: «Сыныпты зерттеу»
Көңіл күйі жақсы оқушылар алақандарыңды соғыңдар.
Сыныпта достары бар оқушылар бір-біріңе қол
бұлғаңдар.
Өзіне сенімді оқушылар орындарыңнан отырып тұрыңдар.
Өз сыныптастарыңды жақсы білемін дейтіндерің оң қолдарыңды созыңдар.
«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген мақалды дұрыс дейтіндер аяқтарыңды тарсылдатыңдар.
Бүгінгі сабақ ұнап жатыр дегендерің бастарыңды изеңдер.
Рефлексия. «Қасыңдағы көршіңе 1 пікір таңдаңыз»
– Жарайсың!
– Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.
– Сен жақсырақ жұмыс жасай алар едің.
– Бүгін сен «жұлдызсың».
– Сен мен үшін ең білгір доссың.
|
| |
| Аяқталуы | Кубизм стратегиясы – ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандай да бір затты жан-жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Сипатта (буынды) Салыстыр (қарапайым, күрделі буынды салыстыр, ұқсастығы, айырмашылығы) Ұсын (буындардың жіктелуі бойынша сызба) – Дәлелде (буынның тірек-қимыл жүйесіндегі маңызын дәлелде) Талда (буын құрылысын) Ойтолғау (Қозғалыс үшін буынның қызметіне баға бер) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. Дескрипторлар: – Топтың бірлігі. |
|
| – Топтың ортақ шешімге келуі. – Тың идеялардың айтылуы. – Буынның маңызының толық дәлелденуі. | ||||
| Қосымша ақпарат. Буын – бір сүйек пен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Адам денесіндегі буынды және буын ауруларын зерттейтін медицина салаларын артрология, синдесмология деп атайды. Тірі ағзаларда буын 3 түрлі рөл атқарады: дене қалпының сақталуына көмектеседі; дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; дененің кеңістіктегі орын алмастыру (локомоция) мүшесі болып табылады. | ||||
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Қабілеті жоғары оқушы: Терминдермен жұмыс: Буын Буын қапшығы Мениск Шеміршекті дискі
Кластерді толтырыңыз. Буындардың жүйеленуі
| Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | ||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Рефлексия. «Бағдаршам» стратегиясы
| |||
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? | ||||
| 1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау | |||
| САБАҚ: §35. Бұлшық ет ұлпаның құрылысы мен қызметі №10 зертханалық жұмыс Адам денесінің бұлшық еттерін жіктеу. | Мектеп: | ||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
| Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
| Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | – бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау; – адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшық ет топтарын оқып тану. | ||
|
| Барлық оқушылар: | ||
| Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, тірек- қимыл жүйесінің белсенді бөлімі бұлшық ет ұлпасына сипаттама береді. | |||
| Оқушылардың басым бөлігі: | |||
| Бұлшық ет ұлпаларын ажыратады, ерекшеліктерін талдайды.
ерекшеліктерін айқындайды.
| |||
| Кейбір оқушылар: | |||
| Бұлшық еттердің қажуының ағзаға тигізетін зиянын болжайды. | |||
| Сабақтың құндылығы | Зайырлы қоғам және жоғары руханият. | ||
| Бағалау критерийлері: | – Бұлшық ет ұлпасының бірыңғай салалы және көлденең жолақты түрлерін ажыратады, салыстырады. – Бұлшық еттерді орналасу, пішініне, қызметіне байланысты жүйелейді. – Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысын талдайды. – Қажудың ағзаға тигізетін әсерін зерделейді. – Зертханалық жұмыстың қорытындысын шығарады. | ||
| Тілдік мақсат | Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика) | ||
| Негізгі сөздер мен тіркестер: | |||
| Бірыңғай салалы бұлшық ет, көлденең жолақты бұлшық ет, қаңқа бұлшық еттері, бұлшық ет ұлпасы, фасция, антогонистер, бүгілу, жазылу | |||

|
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: | ||||||
| Талқылауға арналған тармақтар: | |||||||
| Тынығу мен жұмыс жасаудың үнемі қайталанып отыруы бұлшық етте қалыпты жиырылу ырғағын туғызады. Бірақ ырғақты әуенмен жүру, жұмыс жасау, билеу әлдеқайда жеңіл болады. Осыны түсіндіріп бере аласыңдар ма? (Жұмыс кезіндегі белгілі бір ырғақ қимыл-ықозғалысты жақсартады және бұлшық еттердің, жүйке жүйесінің қажуын тоқтатады). | |||||||
| Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? | |||||||
| Неліктен жүрек бұлшық еті ерекше? | |||||||
| Жазылым бойынша ұсыныстар: | |||||||
| Бұлшық еттердің жүйеленуін дәптерге түсіру. | |||||||
| Алдыңғы оқу | Суреттегі сызықпен көрсетілген бөліктердің атын тап.
Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 697 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: |
||||||