Поиск: Рекомендуем:
Почему я выбрал профессую экономиста
Почему одни успешнее, чем другие
Периферийные устройства ЭВМ
Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки)
Категории:
|
Антигендер антиденелер 14 страница
|
Дескрипторлар:
– Полимерлер құрылысын талдайды.
– Полимерлерді мономерлерден ажырата алады.
| |||
| Аяқталуы | Полимерлер қызметіне синквейн құрастыру Оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлең құрастырудың ережесі мынадай: – бірінші жолда 1 зат есім, – екінші жолда 2 сын есім, – үшінші жолда 3 етістік, – төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды түйіндеу, – бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады. Дескрипторлар: – Полимерлердің негізгі атқаратын қызметтеріне баға береді. – Полимерлер үшін мономерлердің маңызын зерделейді. | ||||
| Қосымша ақпарат. Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе «полимерлер» деп атайды. Полимерлер (грек. «поли» – көп, «мерос» – бөлшек) – ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар. Атомдар санының өзгеруіне қарай макромолекулалардың сапалық қасиеттерінде де ерекшеліктері болады. Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады. Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін. Іс жүзінде кез келген полимерлер – құрамы және химиялық құрылысы бірдей, тек құрылым буын саны әртүрлі бірнеше макромолекуланың қоспасы. Егер құрылым буындары әртүрлі болса, онда сополимер деп атайды. Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. «Үлкен», «кіші» деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, | |||||
| кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. олигос» – көп емес, «шамалы» деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді. Полимерлердің осындай ірі макромолекулаларының пішіні әртүрлі болады. Оларды: сызықты, тармақты немесе торлы және кеңістіктік т.б. деп бөледі. Табиғи полимерлерден целлюлоза мен табиғи каучуктың құрылымдары сызықты екенін білесіңдер, ал синтетикалық полимерлерден капрон, төменгі қысымда өндірілетін полиэтилен сызықты болады. Тармақты құрылымды полимерлерге: крахмал, полипропилен жатады. Жүн, резеңке мен фенолформаль- дегид полимерлерінің құрылымдары кеңістік болады. Полимерлердің физикалық қасиеттері полимерлену дәрежесі мен полимердің құрылымына тәуелді болады. Полимерлер атаулының барлығында сансыз жіңішке жіптердің қатарласа немесе шумақтала шатасып жатуы мүмкін емес. Ұсақ молекулалар бірімен-бірі түйін арқылы берік жалғасып, шарбақ немесе торкөз тәрізді пішінде болады. Мұндай торкөздердің үш өлшемі: биіктігі, ұзындығы және ені болғандықтан, тримерлі молекула деп аталады. Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Машина жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен қатар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимерлердің осындай көп түрлі болуы олардың химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты. Қазіргі уақытта полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда. Полимер материалдарының осы негізгі төрт типінен басқа да қосымша түрлері бар. Мысалы, желімдеу, тығыздау үшін құйылатын қоспалар, газ толтырылған материалдар т.б. Олардың барлығының да өзінің қолданылатын жері бар. Құрылым буындарына қарай ЖМҚ екіге бөлінеді: құрылым буындары бірдей болса полимер, әртүрлі болса сополимер деп аталады. Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші бөлігін құрылым буыны, ал олардың санын полимерлену дәрежесі деп атайды. ЖМҚ молекулалық массаларына байланысты кіші молекулалы Мг<500, олигомерлер (500<Мг<5000), үлкен молекулалы М >5000 деп шартты түрде бөлінеді. | ||
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Мономерлер мен полимерлердің суретін салу, түсіндіру
Қабілеті жоғары оқушы: Кластер құру
Тақырыбы: Органикалық заттар Полимерлер құрылысы т.б.
| Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
| |||
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау | ||||
| САБАҚ: § 4. Көмірсулар мен липидтер. Олардың қасиеті мен қызметі | Мектеп: | |||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
| Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
| Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | 8.4.1.2 – көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау | |||
|
| Барлық оқушылар: | |||
| Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, көмірсулар мен майлар туралы түсінік қалыптасады. | ||||
| Оқушылардың басым бөлігі: | ||||
| Көмірсулар мен майларды ажырата алады, құрылысын сипаттайды, көмірсуларды топтарына байланысты жүйелейді. | ||||
| Кейбір оқушылар: | ||||
| Ағза үшін көмірсулар мен майдың маңызына баға береді. | ||||
| Сабақтың құндылығы | Зайырлы қоғам және жоғары руханият. | |||
| Бағалау критерийлері: | – Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады. – Көмірсулар мен майлардың құрылысын анықтайды, топтары бойынша жүйелейді. – Көмірсулар мен майлардың қасиеттерін тұжырымдайды. – Көмірсулар мен майлардың көп кездесетін өкілдерін сипаттайды. | |||

| Тілдік мақсат | Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары) | |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: | ||
| Полисахаридтер, моносахаридтер, дисахаридтер, липидтер, липоидтер, мономерлер, органикалық заттар | ||
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: | ||
| Талқылауға арналған тармақтар: | ||
| Кейбір өсімдіктердің құрғақ массасының 90% көмірсулардан тұрады, ал жануарлардың бұлшық еттері мен бауырында көмірсулар 1-5%, осындай айырмашылық не себепті болатынын талқылаңдар. | ||
| Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? | ||
| Неліктен моносахарид, дисахарид, полисахарид деп аталады? Терминдермен жұмыс жасаңдар. | ||
| Жазылым бойынша ұсыныстар: | ||
| Салыстыру кестесін дәптерге түсіру | ||
| Алдыңғы оқу | Полимерлер мономерлерден тұрады. | |
|
Жоспар | ||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
| Басталуы | Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Топты заттар бойынша бөледі. /Әр оқушы өзінің бір затын мұғалімге тапсырады. Мысалы, дәптер, кілт, көзілдірік, қаламсабын т.б. Бұл заттар ретсіз портфельге салынып, партаға қойылады. Оқушылар өздерінің заттары тұрған партаға отырады. Сыныпты «Көмірсулар», «Майлар» топтарына бөлу. Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың тақырыбын табады. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: ü Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз! Әр оқушыға 10–15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір тілек тілеу тапсырылады. Ол оқушы қарама- қарсы топтағы бір оқушының қолынан алып, жаңағы өзіне тілеген тілекті жұбына айтады. | |
| Ортасы | Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып болғаннан соң Блум түймедағы бойынша сұрақтарға жауап береді.
| Оқулық |
1. Жай сұрақтар.
Көмірсулар және майлар дегеніміз не?
2. Нақтылау сұрақтары. Көбінесе Егер мен дұрыс түсінсем...», Қателеспесем, сіз былай деп айтқан
сияқты едіңіз....», Сіз айтып тұрғандай...»,
Шынымен, сіз осылай ойласаңыз...»
– Егер мен дұрыс түсінсем, адам қанында глюкоза мөлшері 0,12% құрайды екен. Адам үшін глюкозаның маңызы неде?
– Мәтінде көмірсулар өсімдіктерде болады делінген. Қай өсімдіктерде көмірсулар мөлшері көп болады?
3. Шығармашылық сұрақтар.
– Өсімдіктер көмірсуы – крахмал деп аталады. Ал крахмал суда ерімейді. Сонда ол жапырақтан тамырға қалай барады?
– Моносахаридтерді, полисахаридтерді жүйелеу үшін қандай қасиеттерді негізге аламыз?
4. Төмендегі сөздердің баламасын табыңдар:
Ø жүзім қанты–
Ø сүт қанты–
Ø жануар қанты–
Ø жеміс қанты–
Ø ДНҚ қанты–
Ø РНҚ қанты–
Ø өсімдік қанты–
5. Практикалық сұрақтар.
– ХХ ғасыр басында дәрігерлер қантты ақ өлім /белая смерть/ деп атады. Дәрігерлер Д.И.Менделеевтің таблицасынан қантты алмастыратын, дәмі бойынша
айырмашылығы жоқ, диабет пен тісті бұзбайтын заттарды
|
тапты. Ол қандай заттар? (Сорбит, пинакон)
– Кәдімгі бақа қыста мұзбен бірге қатады, ал көктемде еріп қайтадан тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың себебі
– бақаның қанында көмірсудың жоғары мөлшерде кездесуі. Ол қандай көмірсулар деп ойлайсыңдар? (Глюкоза, фруктоза, галактоза)
6. Интерпретациялық сұрақтар. Неге деген сөзден басталады. Не нәрсенің болсын себебін білуге бағытталады.
– Неге шөл кемесі деп есептелетін түйе шөлге шыдамды? Түйеде май қандай қызмет атқарады?
– Неге қысқы ұйқыға кететін жануарлар май қорын жинайды?
7. Бағалау сұрақтары.
– Ағза үшін көмірсудың қандай маңызы бар?
– Жануарларда май қай мүшелерде кездеседі? Оның қызметі қандай?
Дескрипторлар:
– Көмірсулар мен майларға қандай заттар жататынын біледі.
– Көмірсулар мен майлардың қасиеттерін біледі.
– Көмірсулар мен майлардың қызметтеріне баға береді.
Кері байланыс:
Белгі рефлексиясы:
«V» – мұғалімнің бойынша жауап бердім, бірақ жауап дұрыс болған жоқ;
«W» – мұғалімнің сұрауы бойынша жауап бердім, жауап дұрыс болды;
«|» – өз еркімен жауап бердім, бірақ жауап дұрыс болған жоқ;
«+» – өз еркімен жауап бердім, бірақ жауап дұрыс болған жоқ;
«0» – жауап берген жоқпын.
Сергіту сәті: Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi. Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш Аяқты алға созайық.
Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық. Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
| ||
| Аяқталуы | Салыстыру кестесі: |

Дескрипторлар:
– Моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтерді, липид пен липоидтерді жүйелей алады, бір-бірінен ажыратады.
– Құрылысын пайымдайды.
| ||
| Қосымша ақпарат. Көмірсулардың құрылымы. Көмірсулар құрамына көміртегі, сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында күрделі органикалық қосылыстар 1% мөлшерінде болады. Көмірсулардың қарапайымы – моносахаридтер. Моносахаридге жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклеин қышқылдары мен АТФ-ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады. Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз заттар. Моносахаридтердің екі молекуласының байланысуынан дисахарид түзіледі. Оған мысал ретінде қызылша қанты – сахарозаның глюкоза мен фруктозаның қосылысы екенін көруге болады. Бірнеше моносахарид молекулаларынан полисахарид (грекше «поли» – көп) түзіледі. Ендеше, полисахаридтер полимер қатарына жатады. Олардың мономерлері – моносахаридтер. Бұлар суда ерімейтін, дәмсіз органикалық қосылыстар. Ең кең таралған полисахаридтерге крахмал, гликоген түрінде бауыр және бұлшық ет жасушаларына 5% мөлшерде қорға жиналады. Ал ағзаға энергия қоры – глюкоза қажет болса, олар қайтадан мономерлерге, яғни глюкозаға ыдырайды. Өсімдік жасушаларында крахмал мен жасұнық кездеседі. Крахмал гликоген сияқты көп мөлшерде картоп түйінінің т. б. өсімдік жасушаларында қорға жиналады, оның мөлшері 70%- ға дейін болады. Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиет беретін талшықтар (ағаш сүрегі), т. б. жасұнықтан тұрады. Жасұнықтың құрамында глюкозаның 150–200 молекуласы болады. Көмірсулардың биологиялық рөлі. 1. Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға, биосинтезге бөлінуге т. б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. Жасушаларда үздіксіз жүретін тотығу реакцияларының нәтижесінде көмірсулар қарапайым заттарға дейін толық (СО2 және Н2О) ыдырайды. Көмірсулардың бір грамм молекуласы ыдырағанда 17,6 кДж энергия босап шығады. 2. Көмірсулар құрылыс материалының қызметін атқарады. Барлық өсімдік жасушаларының қабырғалары жасұнықтан тұрады. Липидтердің құрылымы. Құрамындағы элементтердің арақатынасына және құрамына байланысты липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет – олардың полярлы еместігі. Сондықтан да липидтер полярлы емес сұйықтарда, мысалы, бензинде, эфирде, хлороформда жақсы ериді, ал суда мүлде ерімейді. Липидтердің ішіндегі ең көп тарағаны – майлар. Майлар өзара эфирлік байланыспен қосылатын глицерин мен май қышқылынан тұрады. Олардың қатарына бәрімізге белгілі жануар және өсімдік майлары, маргарин және т. б. жатады. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы олардың құрамына кіретін май қышқылдарының табиғи сипатында. Май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып екіге бөлінеді. Жануар майларының | ||
| құрамында қаныққан қышқылдар көп. Жасушаларда майдың мөлшері құрғақ зат массасының 5-10% шамасында болады. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан тұратын жасушалар да бар. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, кеуде бездері, түйенің өркеші осындай жасушалардан тұрады. Май сүттің құрамында да болады. Липидтерге сонымен қатар май тәрізді заттар: холестерин, лецитин, майда еритін А, Д дәрумендері (витаминдер), кейбір гармондар жатады. Липидтердің биологиялық рөлі: Липидтердің суда ерімейтін қасиеті олардың құрылыс материалдары қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Липидтер – энергия көзі. Май жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды, оның әр грамы молекуласынан 38,9 кг/Дж энергия бөлінеді. Май – су көзі. Май тотыққанда (ыдырағанда) су түзіледі. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар ағзасындағы ыдыраған майдың суын пайдаланады. Липидтер қорғаныштық қызмет атқарады. Май жылуды нашар өткізетіндіктен, тері астында қалың май қабатын түзіп, дене температурасын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді, бұл оның поляр теңіздеріндегі суық суда тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Биологиялық молекулалардың пайда болуы. Тірі ағзаларда әртүрлі кіші органикалық молекулалар пайда болады. Оларды мономерлер («моно» бір) деп атайды. Мономерлер қосылып, ірі молекулалар – полимерлерді («поли» көп) немесе макромолекуланы («макро» үлкен) құрайды. Ондай органикалық қосылыстар: жүн, каучук, жібек және мақта адамға бұрыннан белгілі. ХХ ғасырдан бастап химиктер жасанды мономер – пластмассаны ала бастады. Ағза өсімдік текті және жануар текті азық-түліктің құрамынан энергиясы мол полимерлер қабылдайды. Олар әртүрлі ферменттердің әсерінен мономерлерге дейін ыдырайды. Ол мономерлерден сол ағзаға тән полимер молекулалары синтезделеді. Барлық тірі ағзалар органикалық қосылыстардың төрт түрінен тұрады. Олар – көмірсулар, липидтер және нәруыз бен нуклеин қышқылдары. | |||
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсыр- маны күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Майдың, көмірсудың құрамын талда. Қабілеті жоғары оқушы:
Көмірсулардың алмасуы майдың алмасуымен байланысты ма? Жауабыңды негізде. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | |
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Кері байланыс: Кемпірқосақ Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік деңгейін білдіреді.
| ||

| САБАҚ: §5. Нәруыздар | Мектеп: | ||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
| Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
| Сабаққа негізделген оқу мақсаттары | 8.4.1.3 – нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі. | ||||
|
| Барлық оқушылар: | ||||
| Мәтіннен нәруыздың органикалық зат, оның биополимер, мономері аминқышқылдары екендігін біледі. | |||||
| Оқушылардың басым бөлігі: | |||||
| Нәруыздардың әртүрлі қызметіне сипаттама бере алады. | |||||
| Кейбір оқушылар: | |||||
| Ағза үшін нәруыздың маңызына баға береді. | |||||
| Сабақтың құндылығы | Зайырлы қоғам және жоғары руханият. | ||||
Бағалау критерийлері:
Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 960 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: |
|||||