Лейкопластар өсімдіктің барлық мүшелерінде болады. Пішіндері дөңгелек немесе таяқша тәрізді, басқа пластидтерден ұсақтау. Мысалы, көктемде бүршік алғаш жарылып, одан нәзік, түссіз өркен дамиды, алғашында жасушаларында лейкопластар көп болса, жарық түсе бастағанда лейкопластар хлоропластқа айналып жапырақтары жасыл түске айналады.
Тостағанша жапырақшаның ішінде бітеу гүлдің күлтелері түссіз (көкнәр гүлін еске түсіріңіз), ал гүл ашылған кезде қызыл, сары т.б. түске боялады, яғни лейкопласт хромопластқа айналады. Лейкопластар жарық түспейтін жасушаларда сақталады, оның қызметі нәруыз, крахмал, май заттарын қорға жинау. Лейкопластта крахмал қорға жиналады да қабығы созылып барып жарылып, крахмал дәндерінің сыртында тек жұқа қабықшасының қалыңдығы ғана сақталып қалады.
Хлоропластарда фиотосинтез (органикалық заттардың түзілуі) процесі жүрсе, хромопластар – жемістер мен гүлдерге жануарларды еліктіретін алуан түрлі рең береді. Лейкопластар түрлі органикалық заттарды қорға жинауға қатысады, жануарлардан негізгі айырмашылығы да осында.
Вакуоль – іші көмірсулар, тұздар, органикалық қышқылдардың ерітіндісіне толы жасуша ішіндегі кеңістік. Ол сыртындағы қабықшасы арқылы (тонопласт) цитоплазмадан оқшауланып тұрады. Қабықшасының жартылай өткізгіштік (талғап өткізу) қасиеті бар, сондықтан цитоплазмадан өтетін заттарды бақылайды. Вакуоль жаңа түзіле бастаған жас жасушаларда өте ұсақ болады. Жасуша өскен сайын майда вакуольдер бір-бірімен қосылып ұлғайып, іріленіп, цитоплазманы қабықшаға қарай ығыстырып, жасушаның дәл орталық бөліміне орналасады.
Вакуольдің ішін шырын, қант, аминқышқылдары, органикалық қышқылдар, бояғыш заттар, витаминдер, иісті заттар, алколоидтер, минералды тұздардың судағы ерітіндісі толтырып тұрады. Бұл заттардың барлығы – жасуша тіршілігінің өнімдері. Оның бірі қор заты ретінде сақталып қажет болған жағдайда қайтадан цитоплазмаға өтіп жасуша тіршілігіне жұмсалады. Енді бірі зат алмасудың керексіз өнімдері ретінде цитоплазмадан шығарылған қалдық түрінде сақталып, күзде жапырақ түскен қалдық зат есебінде шығарылады.
Жасушада вакуольдың атқаратын қызметі:
1. Жасуша ішіндегі сулы ортаны қалыптастырып, су мен тұздың алмасуын реттейді.
2. Жасушадағы сұйықтықтың қысымы бірқалыпты болуын сақтайды.
3. Вакуольде көптеген органикалық заттар қорға жиналып, өсімдікке қажет болғанда жұмсалады.
4. Керексіз зиянды улы заттар жиынтығы вакуоль арқылы сыртқа шығарылады.
5. Вакуоль улы заттарды ерітіп ыдыратады, мұндай вакуольді лизосома дейді.





ІІ. Суретке қарап өсімдіктер мен жануарлардағы ұлпаларды жүйелеңдер. Ерекшеліктерін табыңдар.


меристемалық (түзуші),
Дескрипторлар:
– Органикалық заттарды жүйелей алады.
– Полимер, мономер, органикалық заттар ұғымының мәнін ашады.
– Полимерлердің қасиеттерін сипаттап береді.
ІІ. Топ тапсырмалары. Суретте не берілген?
1-топ:
2-топ: Полимер ұғымына ассоциация келтіріңіз. Мына суреттер нені еске түсіреді?

