Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Антигендер   антиденелер 17 страница




2- топ: Жабықтұқымды өсімдіктің тұқымдастары Орамжапырақ тұқымдасы: бақшалық орамжапырақ, бақшалық шалғам. Бұршақ тұқымдастары: гибридті жоңышқа, асбұршақ. Раушангүлділер тұқымдасы: раушан, алма ағашы. Астық тұқымдастар: күздік қарабидай, бидай. Лалагүлділер тұқымдасы: май інжугүлі, сарымсақ. 3- топ: Өсімдіктердің тіршілік формалары Ағаштар: алма ағашы

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

       

 

Бұталар: раушан

Шөптесін өсімдіктер: май інжугүлі, күздік қарабидай, бақшалық орамжапырақ, гибридті

жоңышқа, сарымсақ, бақшалық шалғам, бидай, асбұршақ/

 
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспар- лаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Кері байланыс:

«Блоб» ағашы

Тақтадағы «Блоб» ағашына өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді.

Осылайша сабақта әр оқушы өзін алған білімі бойынша ағаштың қай

жерінде тұрғанын көрсетеді.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

САБАҚ: § 9. Жануарлардың басым типтері мен олардың

Кластары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген

оқу мақсаттары

8.1.1.4 – буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше

белгілері бойынша тану

 

Барлық оқушылар:

Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді. Жер бетінде басымдылық көрсететін жануарларды біледі.

           


 

Оқушылардың басым бөлігі:

Буынаяқтылар мен хордалылар типтерінің кластарын жүйелейді, олардың ерекшеліктерін айқындайды, класс өкілдерінің құрылысын

сипаттап береді.

Кейбір оқушылар:

Эволюция барысында буынаяқтылар мен хордалылардың басымдылық көрсету себептерін болжайды.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады.

– Басымдылық көрсететін жануарлардың рейтингісін дұрыс көрсете алады және олардың неге басым екендігін дәлелдей алады.

– Буынаяқтылар типінің кластарын жүйелейді, әр кластың ерекшеліктерін талдайды.

– Хордалылар типінің кластарын жүйелейді, әр кластың ерекшеліктерін талдайды.

Тілдік мақсат

oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін қолдану

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Эволюция, буынаяқтылар типі, хордалылар типі

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Басымдылық көрсететін жануарлар типтерінің қандай тіршілік әрекеттері олардың кең таралуына, түр санының көбеюіне алып келді? Талқылап шешімдеріңді дәлелдеп беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Жер бетіндегі барлық жануарлардың ішінен неліктен сүтқоректілерді

жоғары дамыған класс деп атаймыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Типтер бойынша кластарды дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

Биологиялық диктант

1. Даражарнақтылардың тамыр жүйесі /шашақ/

2. Камбий дегеніміз /түзуші ұлпа/

3. Қосжарнақтылардағы жарнақ саны /2/

4. Гүлді өсімдіктердің кластары /даражарнақтылар, қосжарнақтылар/

5. Гүлдері 5 немесе 4 мүшелі /қосжарнақтылар/

6. Жапырақтары доға немесе қатар жүйкеленген /даражарнақтылар/

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы   Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Оқушыларды жануарлардың суреттері бойынша «Буынаяқтылар», «Хордалылар» топтарына бөледі. Топ атына байланысты топ мүшелері ойларын айтады. Сабақтың тақырыбын табады.   Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: Берілетін суреттер – Буынаяқтылар типінің өкілдері: өзеншаяны, бүйі, маса, шегіртке, инелік, мизан, қарақұрт. Хордалылар типінің өкілдері:


  «Кездесу» ойыны Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, қарсы тұрған баланың жақсы қасиетін айтады.

қандауырша, балық, бақа, тритон, жылан, кесіртке, дегелек,

бүркіт, аю, барыс

Ортасы

Оқулықпен жұмыс.

«Шындық детекторы» стратегиясы

Әр топ мүшелері мәтінді оқи отырып, келесі топқа 8-10 сұрақтар дайындайды. Келесі топ сұрақтарға жауап береді, тек бір сұраққа дұрыс емес жауап айтады. Топ қай сұрақтың жауабы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін табады.

«Суреттер сөйлейді» стратегиясы

Әр топқа 3 суреттен беріледі. Топ мүшелері суреттегі жануардың типін, класын анықтайды, класс ерекшеліктерін талқылап жария етеді.

Берілетін суреттер 1-топ:

 

 

2-топ:

 

     

«Көңіл күй» рефлексиясы:

    

 

Сергіту сәті: Балалар, қазір күз мезгілі. Күн салқындап жатыр. Ауа райын қимылдар арқылы көрсетулеріңді сұраймын.

 

1. Күн суытты, тоңдыңдар.

2. Жылыну үшін қимыл жасаңдар.

3. Ашық күн.

4. Қуанып секірдіңдер.

 

Дескрипторлар:

Оқулық
       


  – мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады; – басымдылық көрсететін жануарлар типін дұрыс анықтайды; – тип кластарын жүйелейді, класқа сипаттама береді.  
Аяқталуы «Ыстық орындық» Оқушылар алған білімді пайдаланып, сұрақтарға жауап береді.     Дескрипторлар: – мәтінді толық меңгереді; – сұрақтарға нақты, дәлелді жауап береді.  

Қосымша ақпарат. Жануарлар дүниесінде Жер жүзінде кең таралған және түрлерінің саны бойынша ең көбі – буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 млн-нан астам түрі бар.

Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және жәндіктер жатады. Бұлардың барлығына тән белгі – аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, типтің аталу себебі осыдан. Олар екіжақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскөкірек, құрсақ немесе бас, көкірек, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануарлардың ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына бұлшық еттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшық еттері көлденең салалы – жолақ, тез жиырыла алады.

Буынаяқтылар – дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Олар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы суқоймаларында, ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлері бар.

Буынаяқтылар табиғатқа және адам өміріне кері әсер етеді. Олар – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің және орманшаруашылығының зиянкестері. Бірақ, екінші жағынан, буынаяқтылар азық-түлік және техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады, топырақ құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.

Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезек тыныстылар – Branchiata, трилобиттәрізділер – Trilobitomorpha, хелицералылар – Chelicerata, кеңірдек тыныстылар – Tracheata.

• Желбезек тыныстылар – Branchiata

• Шаян тәрізділер класы – Crustacea

• Трилобиттәрізділер – Trilobitomorpha

• Трилобита класы– Trilobita

• Хелицералылар – Chelicerata

• Семсер құйрықтылар класы – Xiphosura

• Алып қалқаншалылар класы – Gigantostraca

• Өрмекші тәрізділер класы – Arachnida


• Кеңірдек тыныстылар – Tracheata

• Көпаяқтылар класы – Myriapoda

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Буынаяқтылар және хордалылар типінің кластарына кластер құрыңдар.

Қабілеті жоғары оқушы:

Төмендегі кестені сөздіктегі сөздерді қолдана отырып толтырыңдар.

 

Сөздік: 1. Бүйрек. 2. Тері. 3. Көз.

4. Жұтқыншақмаңы жүйке сақинасы. 5. Баскөкірек.

6. Хитин. 7. Сыртқы, 8. Есту мүшесі. 9. Несепағар.

10. Желбезек. 11. Тұйық. 12. Аяқтар. 13. Бас ми.

14. Мұртша. 15. Құрсақ. 16. Клоака. 17. Ішкі.

18. Сипап сезу. 19. Тұлға. 20. Жұлын. 21. Жасыл жұп бездер. 22. Иіс сезу мүшелері. 23. Бас. 24. Ашық. 25. Құрсақ жүйке тізбегі. 26. Өкпе. 27. Қуық.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

Таңдау рефлексиясы

1. Мен сабақта

2. Өз жұмысыма

3. Сабақ маған

4. Сабақта мен

5. Менің көңіл күйім

6. Сабақ материалдары маған

 

Таңдалатын жауаптар:

       

Салыстыру белгілері Өзен шаяны Құрбақа
Дене бөлімдері    
Жабыны    
Қаңқасы    
Тыныс алу жүйесі    
Қан айналым жүйесі    
Бөліп шығару жүйесі    
Жүйке жүйесі    
Сезім мүшелері    

 

     
     
     
     
     
     
     
     
     

 


тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

белсенді, енжар ризамын, риза емеспін тез, ұзақ өтті шаршадым, шаршамадым жақсарды, нашарлады түсінікті, түсініксіз

қызықты, қызықсыз пайдалы, пайдасыз

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау.

САБАҚ: §10. Жануарлардың

асқорыту жүйесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.2.1 – омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар мен адамның асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру.

 

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, жануарлардың асқорыту жүйесіне кіретін мүшелерге түсінік бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Әртүрлі типке жататын жануарлардың асқорыту мүшелерінің құрылысын талдай алады, ерекшеліктерін айқындайды.

Кейбір оқушылар:

Эволюция барысында жануарлардың асқорыту мүшелерінің өзгерісін қарапайымнан күрделіге қарай жүйелейді.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

.

Бағалау критерийлері:

– Асқорыту, органикалық заттар, қоректену түсініктерін еске түсіру, жаңғырту

– Мәтінде айтылған көпжасушалы ағзалардың асқорыту жүйесінің ерекшеліктерін жүйелеу, қарапайымдылардың асқорыту жүйесін еске түсіру, салыстыру

– Асқорыту жүйесіне кіретін мүшелердің құрылысын талдау, қызметтерін бағалау

– Көпжасушалылардың тип өкілдерін мысалға ала отырып, олардың асқорыту жүйесін зерттеу

– Эволюция барысында асқорыту мүшелерінің күрделіленгенін мысалмен дәлелдеу

         


Тілдік мақсат

Тапсырма орындау барысында оқушылардың назарын ғылымилыққа аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті

терминология мен тіркестері бар лексика)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

асқорыту, органикалық заттар, қоректену, бездер, асқорыту жолы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Лимонды жегенде нені байқадыңдар және ол неліктен болды? Талқылап, нақты жауап беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Сиыр неліктен күйіс қайтарады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жануарлардың асқорыту мүшелерін сызбамен дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

1. Буынаяқтылар типі шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер деп бөлінеді.

2. Хитин дегеніміз – жасұныққа ұқсас ағзалық зат.

3. Франция табиғат зертеушісі Р. Реомюр 1712 жылы ең алғаш өзен-шаян- ның түлеу үдерісін сипаттап жазды.

4. 1931–1934 жылдары Қара теңізден Каспий теңізіне балыққа ілесіп, ірі асшаян – адсперус және ұсақ шаян – элегапс тап болды.

5. Шаянтәріздес жәндіктер желбезектер арқылы тыныс алады.

6. Бунақденелілер класы екіге туақанатсыздар және қанаттылар деп бөлінеді.

Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған. Желілердің ең кішісінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33 м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екіжақты симметриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қан айналым жүйесі – тұйық. Желілердің тип тармағы:

бассүйексіздер, қабықтылар, омыртқалылар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Білімді зейін қойған, Зерделі ұғар. Зерде мен зейіні бар, Шыңға шығар. Сыныпты «Алғырлар», «Тапқырлар» топтарына «Атомдар және молекулалар» әдісі бойынша топқа бөлу. Ортаға «Қара жәшік» қойылады. «Қара жәшік» ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын табады. «Қара жәшік» сұрақтары: – Бұл жүйе қан айналым жүйесімен тығыз байланысты. – Бұл жүйе зат алмасу жүйесімен де байланысты. – Бұл жүйеде ферменттер белсенді қызмет көрсетеді. – Сыртқы секреция бездері мен аралас бездердің біреуі бұл жүйеге кіреді.    

  Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Тілек айту» стратегиясы Оқушылар сынып ішінде өзі ұнатқан досына тілек айтады.  
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. «Төртбұрышқа сурет салу» стратегиясы Мәтінді оқи отырып, «Төртбұрышқа сурет салу» стратегиясы бойынша 4 түрлі сурет салып сол бойынша әңгіме құрау. Суреттер: амеба, жауынқұрт, сиыр, адам. Әңгімеде қамтылатын тақырыптар асқорыту, асқорыту мүшелері, асқорыту мүшелерінің қызметі, қоректік заттар т.б. ІІ. «Суреттер сөйлейді» стратегиясы Суретке қарап асқорыту мүшелерін тип бойынша жүйелеңдер. Әр типтің асқорыту ерекшеліктерін табыңдар.  




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 779 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

4379 - | 4059 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.