Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Антигендер   антиденелер 15 страница




– Нәруыздың мономерлерін біледі.

– Нәруыздың құрылымын көмірсулар мен майлармен салыстырады, айырмашылығын негіздейді.

– Нәруыздың қасиетіне тұжырымдама жасайды.

– Нәруыздың түрлі қызметтеріне баға береді.

Тілдік мақсат

 Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Нәруыздар, органикалық заттар, биополимерлер, мономерлер,

аминқышқылдары, денатурация, ренатурация

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Асқорыту мүшелерінде нәруыз неге дейін ыдырайды? Талқылап түсіндіріп

бер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен нәруыздар жай және күрделі болып бөлінеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Нәруыздар түрлерін жүйелеу сызбасын дәптерге түсіру

         

Алдыңғы оқу

Майлар және майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Табиғи липидтер эфир, бензин, бензол, хлороформ сияқты органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер липидтері майлар, балауыз, фосфолипидтер мен глюколипидтер деп аталатын 4 негізгі топқа бөлінеді. Липидтер ағзада зор рөл атқарады. Олардың бір бөлігі жасушаның қор заты ретінде жиналады, ендігі бір бөлігі жасуша құрылысын түзуге қатысады.

Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің ядро мен басқа да органоидтердің сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тәрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Нәруыздармен қосыла келе, липидтер күрделі нәруыздар – липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембранасын түзеді.

Майлар негізінен қоректік және энергетикалық қор заттарының рөлін атқарады. Майлар көп немесе аз мөлшерде өсімдіктердің барлық жасушаларында дерлік түзіледі. Өсімдіктердің басым көпшілігі, атап айтқанда, жоғары сатыдағы өсімдіктер тұқымдастарының 88 % тұқымына

қор заты ретінде май жинайды. Майлар вегетативтік мүшелерде де түзіледі, бірақ ол мұнда аз болады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сыныпты «Протеиндер», «Протеидтер» топтарына геометриялық фигуралар арқылы бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты терминдердің мағынасын ашады. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Жүректен жүрекке» стратегиясы Оқушылар жанындағы досының көңіл күйін көтеру мақсатында бір-біріне жылы сөздер айтады.
Ортасы І. Оқулықпен жұмыс. ДЖИГСО Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. ІІ. Нәруыздарды атқаратын қызметіне байланысты жүйеле. Актин, миозин, оссеин, коллаген, альбумин, фибрин, фибриноген, гемоглобин, кератин, токсин, эластин, интерферон, тубулин, миоглобин, инсулин, адреналин, каталаза, амилаза, глобулин. Дескрипторлар: – мәтінді толық меңгереді; – нәруыздардың құрылымын сипаттайды; – нәруыздардың қызметтерін талқылайды; – нәруыздарды топтар бойынша жүйелейді. Сергіту сәті: Бір, екі – еңкей, Оқулық

 

Бүгілмесін тізең. Үш-төрт шалқай Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға, Саусақты сөз, жасқанба. Кері байланыс:

 
Аяқталуы

«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.

Тақырып бойынша топ мүшелері келесі топ мүшелерінен сұхбат алады.

Дескриптолрлар:

– мәтіннен негізгі ойды бөліп алады;

– нәруыздар туралы білімін жүйелейді.

 

Қосымша ақпарат.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді

қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Нәруыздардың қызметтерінің ішінде қандай үш қызметті негізгі деп айтар едің? Қабілеті жоғары оқушы: «Тіршілік дегеніміз – нәруызды денелердің өмір сүру тәсілі» деген Ф.Энгельс. Осы пікірге қосыласың ба? Неге?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

 

АКТ-мен байланыс

 

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия

 

1. Мен бүгін білдім…

2. Қызықты болды…

3. Қиын болды…

4. Мен тапсырманы орындадым…

5. Мен түсіндім…

6. Енді мен келесіде …орындай аламын

7. Мен бүгін сезіндім…

8. Мен бүгін … таптым

9. Мен… үйрендім…

10. Менде бүгін сәтті шықты …

11. Мен …істей алдым

12. Мен…орындап көремін

13. Мені таңғалдырды…

14. Бүгінгі сабақ өмір үшін…берді

15. Мен … істегім келеді

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

         

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

 

САБАҚ: § 6. Өсімдік бөлімдеріндегі ерекше белгілері. №3 зертханалық

жұмыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.1.1 – балдырлар, мүктер, қырықжапырақтәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау.

 

Барлық оқушылар:

Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді біледі, өсімдіктерді жүйелеуге қолданылатын таксондарды қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өсімдік бөлімдеріне сипаттама береді, бөлімдердің ерекшеліктерін

анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

Өсімдіктердің көбею ерекшеліктерінің маңызын тұжырымдай алады.

Сабақтың құндылығы

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері:

– Өсімдіктерді жіктеудің таксондарын қолдана алады.

– Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтарын анықтайды.

– Өсімдіктерді бөлімдер бойынша жіктейді.

– Өсімдіктің бөлімдерінің ерекшеліктерін сипаттайды.

– Өсімдіктердің таксондарына байланысты мүшелер жүйесіне баға беру.

Тілдік мақсат

Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жалаңаштұқымдылар, жабықтұқымдылар, даражарнақтылар, қосжарнақтылар, төменгі сатыдағылар, жоғары сатыдағылар, споралы

өсімдіктер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер бір-бірінен қалай ерекшеленетінін талқылаңдар.

       


 

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер неліктен құрлықта кең тараған? Кең таралуға

себеп болған морфологиялық, анатомиялық, биологиялық ерекшеліктерді анықтаңдар.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Өсімдіктердің жүйелену сызбасын дәптерге түсіру

Алдыңғы оқу

Нәруыздың қызметтері.

Құрылыс қызметі: Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары жасуша мембранасының ішкі, сыртқы қабықшасы, митохондрияның ішкі мембранасының 70%-ы нәруыз молекуласынан тұрады. Жануарлардың мүйізі, тұяғы, қауырсыны, түктері, сіңірлері, шеміршектері мен қан тамырларының қабырғасы және т.б. нәруыздан құралған.

Тасымалдау қызметі: Гемоглобин нәруызы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етеді де, ыдырау өнімі – СО2-шығарылады.

Қозғалыс қызметі. Ағзаның қозғалыс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар катысады. Мұндай нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың козғалысына да әсер етеді. Жасушаның бөлінуі кезінде ахроматин жіпшелерінің жиырылуы салдарынан, хромосомалар экватордың полюстеріне тең таралатындығы белгілі.

Қорғаныштық қызметі: Нәруыздар ағзаны әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның ағзасына зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы тұратын нәруыздар – антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп, денені залалсыздандырады. Аурумен ауырғаннан кейін ағзада иммунитет пайда болады.

Ферменттік (катализаторлық) қызметі. Ағзадағы заттардың өзін-өзі жаңартуы ферменттердің әсерімен жүзеге асырылады. Орыс ғалымы И.П.Павлов ферментті «тіршіліктің қоздырғышы» деп атады, өйткені ол ағзадағы зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді.

 

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. Сыныпты «Төменгі сатыдағы өсімдіктер», «Жоғары сатыдағы өсімдіктер» топтарына төменгі сатыдағы споралы өсімдіктер және тұқымды өсімдіктер суреттері арқылы бөлу. Топ мүшелері топ атына байланысты терминдердің мағынасын ашады.     Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: «Біз екеуміз ұқсаспыз» Топ мүшелері өзін кімге ұқсататыны жөнінде қысқаша мәлімет береді. Бұл оқушыны тағы бір қырынан тануға көмектеседі.  

Ортасы

І. Оқулықпен жұмыс.

Белгі қойып оқу немесе INSERT кестесін толтыру Бұрыннан      Жаңа            Менің          Білгім

білемін       ақпарат    ойлағаныма    келеді

                    +                қайшы,

кереғар

-

 

 

Бұрыннан білемін

Оқушылар бұл бағанаға мәтінде кездестірген өздерінің алдынан бері таныс мәліметтерді келтіреді.

Жаңа ақпарат

Осы тақырып бойынша өздері үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады.

 

Менің ойлағаныма қайшы, кереғар

Осы мәтінде келтірілген қандай ақпарат олардың алдынан білетініне қайшы келгенін жазады.

Білгім келеді

Білгісі келетін сұрақтарды жазады.

Дескрипторлар:

Ø Мәтіннен негізгі ойды бөліп алады.

Ø Жүйелеу таксондарын қолдана алады.

ІІ. Жинақтау»

Мәтіннен алған білімді пайдаланып, төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктерді жазып шығыңдар, жазғандарыңды дәлелдеңдер.

Төменгі сатыдағы             Жоғары сатыдағы

өсімдіктер                            өсімдіктер

 

Дескрипторлар:

Ø Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелейді.

Ø Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктерін талдайды.

 

Рефлексия:

«Қол сигналы»

«Топтастыру»

Оқулық

 

 

 

 

 

 

Белгілері Өсімдік бөлімдері

 

1. Хроматофоры болады  
2. Жасұнықтан тұрады  
3. Биология ғылымы зерттейді  
4. Тұщы су қоры  
5. Жерүсті өркендері екі түрлі  

       
       
       

 

   
   

 


 

 

6. Жапырақтарында сорустары болады  

 

 

7. Ине тәрізді үшкір жапырақтары бар  
8. Көбею мүшесі – гүл  

«Кластер» стратегиясы

Өсімдіктер систематикасы

 

 

Дескрипторлар:

Ø Өсімдік бөлімдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын негіздейді.

Ø Әр бөлімнің өзіне тән ерекшеліктерін тұжырымдайды.

Ø Өсімдіктер систематикасының сызбасын дұрыс орналастырады.

Аяқталуы

«Синквейн» бес жолды өлең стратегиясы

Оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:

– бірінші жолда 1 зат есім /балдырлар, қырықбуындар, мүктер т.б./,

– екінші жолда 2 сын есім,

– үшінші жолда 3 етістік,

– төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды түйіндеу,

– бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Дескрипторлар:

– Синквейн арқылы өсімдіктер бөлімдері туралы білімін көрсете алады.

– Өсімдік бөлімдерінің маңызын зерделейді.

 

Қосымша ақпарат: Жоғары сатыдағы өсімдіктер күрделі дифференциалданған көпжасушалы ағза – жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер – 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сабақ және жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабақты өсімдіктер деп атайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді – жынысты – (гаметофит) және жыныссыз – (спорофит). Жыныс мүшелерінің: аталығы – антеридий – аналығы – архегоний – әрқашан көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:

 

 риниофиттер

 сарыбауырлылар  плаунтәрізділер  псилотәрізділер


 қырықбуындар  папоротниктер

 жалаңаштұқымдылар

 жабықтұқымдылар жатады

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Жануарларды жүйелеуде қолданылатын таксондар мен өсімдіктерді жүйелеуде қолданылатын таксондарды талқылаңдар. Екеуіне де ортақ таксондарды көрсетіңдер. Қабілеті жоғары оқушы: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің шығуы және даму жолдары. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелеңдер. Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Рефлексия

Өзін-өзі талдау кестесі

Мен сабақта жұмыс істедім белсенді/белсенді емес Мен өзімнің жұмысыма      ризамын/риза емеспін Сабақ мен үшін...                 қысқа/ұзақ болды

Мен сабақта                          шаршаған жоқпын/шаршадым

Менің көңілім                       жақсарды/шамаланды Сабақтың мазмұны мен     түсінікті/түсініксіз болды үшін                                        пайдалы/пайдасыз болды

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану

2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру

2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жасақтау

   
   
   
   
   
   

 


САБАҚ: §7. Саңырауқұлақтар –





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 595 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

4311 - | 4149 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.