Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Механикалық толқындар. Дыбыс




 

Уақыттың өтуіне қарай кез-келген серпінді ортадағы немесе кеңістіктегі тараған тербелістерді толқын дейді.

Толқын бойында тербеліске түскен бөлшектер толқынының тарау бағытына перпендикуляр бағытта тербелетін болса, ондай толқынды көлденең толқын деп атайды.

Толқын бойында тербеліске түскен бөлшектер толқынның тарау бағытының бойындағы сызықпен тербелетін болса, ондай толқынды қума толқын дейді.

Бір период ішіндегі толқынның тарау қашықтығын толқын ұзындығы дейді. Оны λ әрпімен белгілейді.

Бұдан толқынның тарау жылдамдығы                                                                                                                                                 

Дыбыстық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімін акустика дейді.

Дыбыс толқындары деп адамның есту органдарымен қабылдауға болатын, 16Гц-тен 20000Гц-ке дейнгі жиіліктегі толқындарды айтады.

Дыбыстың қаттылығы оның тербеліс амплитудасымен, ал жоғарлылығы тербеліс жиілігімен анықталады.

Әрбір синусойдалы дыбыс толқындарын тон дейді.

Тонның жоғарлылығы жиілікке байланысты: жиілік неғұрлым көп болса, тон да солғұрлым жоғары болады.

Едәур жоғары жиіліктегі дыбыс тербелістерін обертон дейді.

Дыбыстың тембрі обертондардың тербеліс амплитудасына байланысты.

20ł103 Гц-тен 1013 Гц-ке дейінгі дыбыс толқындарын ультрадыбыс дейді.

Қарапайым температурада дыбыстың ауада тарау жылдамдығы 330-340 м/с.

Ауасыз кеңістікте дыбыс тарамайды.

    5 – дәріс. «Молекулалық физика» бөлімі бойынша молекула-кинетикалық теория негіздері, температура, идеаль газ заңдарын оқыту. Зат мөлшері, Авогадро саны, молярлық масса. Моекула – кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Температура молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы. Идеаль газ заңдары.

   Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі жағдайлары. Зат мөлшері. Авогадро саны.

 Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс дейді.

 Зат құрылысының молекула-кинетикалық негізіне үш тұжырымдама жатады: заттар ұсақ бөлшектерден тұрады; ол бөлшектер ретсіз қозғалыста болады; бөлшектер бірімен-бірі өзара әсерлеседі.

 Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Бір моль дегеніміз 0,012 кг көміртегінде қанша атом болса, құрамында сонша атом немесе молекула бар зат мөлшері.

 Кез-келген заттың 1 моліндегі атомдар немесе молекулалар саны бірдей болады. Бұл санды Авогадро саны дейді.

 
Денедегі барлық N молекулалар санының  Авогадро санына қатнасы νзат мөлшеріне тең.

                       

 

 

Бір моль мөлшерінде алынған затың массасын оның   молярлық массасы дейді.

    
                                                                     

 

mӘ - бір молекуланың массасы.

 Кез келген заттың мольдік масасын Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі арқылы табу үшін сол заттың атомдық (немесе молекулалық) массасын 1000-ға бөліп, кг/моль есебінде жазады.

Мысалы: оттегі үшін көмірқышқыл газ үшін

 Кез-келген зат мөлшерінің m массасы бір молекуланың  массасын олардың N санына көбейткенге тең:                          _________

                                                

 Бұлардан   және  болғандықтан

ν                                    
                                                                   

                     немесе   екендігі шығады.

 

 Авогадро заңы бойынша бірдей температурада және қысымда кез-келген газдың моьдері бірдей көлемге ие болады.

 Қалыпты жағдайда идеал газдың грамм- молекуласының көлемі

                    

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 689 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

4274 - | 4102 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.