Лекции.Орг


Поиск:




Серпі м ділік күші. Гук заңы.




Серпімді денелердің сыртқы күштерідің әсеріне қарсы әсер күші серпі м ділік күш деп аталады.

Гук заңы бойынша дененің деформациялануы кезіндегі күш оның D абсолют ұзаруына (немесе сығылуына) тура пропорционал және одан қарсы бағытта болады.

                                                          Fсеp= - kD

 

Мұндағы к-пропорционалдық коэфицицент немесе дененің қатаңдығы деп аталады. Оның өлшем бірлігі Н/м.

5. Үйкеліс күші.  Екі дененің

жанасқан беттерінің арасындағы

өзара әсерлесуден пайда болатын

және   олардың  салыстырмалы

орын ауыстыруына кедергі жасайтын

күшті үйкеліс күші деп атайды.                                                                                 

  Үйкелістің үш түрі бар: тыныштық

 үйкелісі, сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі.

   Тыныштық үйкелісі кезінде жанасқан денелердің бір-бірімен салыстырғандағы орын ауыстыруы болмайды.

                                                    Fүйк = μ0N.

 

Мұндағы μ0-тыныштық үйкеліс коэффициенті деп аталады, N-тіректің реакция күші.

Сырғанау үйкелісі кезінде жанасқан денелердің бір-бірімен салыстырғандағы орын ауыстыруы болады. 

Fүйк=μN,

 

мұндағы μ сырғанау үйкеліс коэффициенті деп аталады. 

Домалау үйкелісі цилиндр, шар, дөңгелек формалы денелер мен жазық беттердің арасында немесе олардың бір-бірінің арасында болады.

Практикада осындай формадағы денелердің жиі пайдалануы сырғанау үйкелісін азайту үшін болады (әртүрлі подшипниктер,көлік дөңгелектері т.б.)

Fүйк0N/R,

 

мұндағы μдом домалау үйкелісінің коэффициенті, R-домалайтын дененің шеңберінің диаметірі.

6. Айналу осі бар қатты денелер үшін анықталатын күш моменті М денеге әсер етуші F

күшінің күш иініне көбейтіндісіне тең.

                           

M=F

 

Күш иіні дегеніміз айналу осінен (немесе тіреу нүктесінен) күш түсіру

 нүктесіне дейінгі қашықтық.

Рычаг. Рычагтың тепе-теңдікте болу шарты оның иіндеріне әсер етуші күштердің қатынасы осы күштердің иіндерінің қатынасына кері пропорционал жағдайда орындалады, яғни

                 .                                                        

                                                                                      

Көлбеу жазықтықта а үдеумен қозғалған дене мен

жазықтың арасында пайда болатын үйкеліс күші

.
 мынаған тең:

                                                  

 

 


Осы кездегі үдеу:                                              

 

Бір-бірімен жіп арқылы жалғасып, қозғалмайтын блокқа асылған, массалары әртүрлі екі жүк (14-сурет) мына ндай үдеумен қозғалады         

    

 

 

Лифттердегі және басқа да көтеру қондырғыларындағы   

қарсы салмақтардың қолданылуы денелердің еркін түсу

үдеуінен аз салмақпен төмен қарай қозғалуына мүмкіндік    

береді

  3 – дәріс. Механикадағы сақталу заңдарын оқыту әдістемесі. Импульстың сақталу заңы. Энергетикалық (энергия, жұмыс, қуат, ПӘК) түсініктерді қалыптастыру. Энергияның сақталу заңы оның практикада қолданылу мысалдары.

Импульстың сақталу заңы  

1. Дененің импульсы деп дененің массасының оның жылдамдығына көбейтіндісіне сан жағынан тең шаманы айтады.

 


      

 

Дененің импульсын басқаша қозғалыс мөлшері деп те атайды. Импульс – векторлық шама. Өлшем бірлігі: кгłм/с.

Ньютонның екінші заңы бойынша: , мұндағы   болғандықтан , бұдан

    - күш импульсы деп аталады. Оның өлшем бірлігі: Н с.

    

  2. Импульстың сақталу заңы денелердің тұйықталған жүйесі үшін орындалады.

Оқшауланған немесе тұйықталған жүйе деп бір-бірімен өзара әсерлесетін, бірақ осы жүйеге кірмейтін басқа денелермен әсерлеспейтін денелер жүйесін айтады.

Тұйықталған жүйе құратын денелердің импульстерінің геометриялық қосындысы жүйеге кіретін денелердің кез келген қозғалысында және өзара әсерлесуінде тұрақты болып қалады. Егер кезкелген екі дененің соқтығысқанға дейінгі импульстерінің қосындысы m1υ1+m2υ2, ал соқтығысқаннан кейінгі импульстерінің қосындысы m1υ11+m2 υ21 болса онда:

              m1υ1+m2υ2= m1υ11+m2 υ21   

 

  

Бұл өрнек импульстың сақталу заңының өрнегі болып табылады.

Денелрдің реактивті қозғалысы импулстың сақталу заңына негізделген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 528 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

999 - | 765 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.