Лекции.Орг


Поиск:




Шарт туралы білімнің жалпы мазмұны




ҚР “ҚР Еңбек туралы” Заңының 9- бабы.

Жеке еңбек шарттының мазмұны.

1. Жеке еңбек шартында:

1) тараптардың реквизиттері:

 - жұмыс беруші заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері жұмыс беруші заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты;

 - жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмері, берілген күні;

 - қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты, (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);

2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық кәсіп бойынша жұмыс);

3) жеке еңбек шарттының мерзімі;

4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;

5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;

6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;

7) еңбек ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;

8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;

9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;

10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;

11) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуіне тиіс.

2. Тараптардың келісім бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгізілуі мүмкін.

       2. Жеке еңбек шартының түсінігі

Жеке еңбек шартының түсінігі және белгілері.

       Жеке еңбек шарты дегеніміз- бұл қызметкердің ішкі тәртібіне  бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын орындау міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерлерге уақтылы және толық көлемде жалақы төлеп отыру және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім. Қазіргі кезде азаматтардың еңбекке қатысты өз құқықтарын жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шарттын ерекше атап өтсе болады. Себебі, еңбек шарты ғана еңбектің жалдау сипатындағы негізі ретінде нарықтық еңбек қатынастарының тараптарына анағұрлым толық жауап береді. Сонымен қатар, жеке еңбек шарты ұғымымен қоса “контаркт” ұғымы да теңдей танылды. Кең мағынада контракт дегеніміз- кез келген шарт, яғни тең құқылы тараптардың (субъектілердің) арасындағы келісім. Бұл мағынада контракт кәсіпкерлік және басқа да қызмет саласында жаппай пайдаланылады және де әр түрлі құқық салаларының нормаларымен байланысты болып келеді. Еңбек қатынастары саласында “контракт” ұғымы анағұрлым тар, ерекше мағынада қолданылады және еңбек шартының айрықша нысаны ретінде қарастырылады. Қарапайым еңбек шартына қарағанда контрактың өзгешілігі болады. Жеке еңбек шартының ережелері заңның шеңберінен шыға алмайды. Ал контрактың мазмұны да заңмен көзделмеген жағдайларда көрініс табу мүмкін. Мысалы, контракт бойынша келісілген жағдайларға қол жеткізілгенде қызметкерге пәтер, автокөлік, бала-бақшадан орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айрықша көзделуі мүмкін. Әдетте, контракт ірі кәсіпорындардың басшыларымен, спортшылармен, мәдениет қызметкерлермен, оқытушылармен және т.б. жасалынады.

       Жеке еңбек шартының белгілері. Жеке еңбек шарты белгілерінің бірі болып шарт пәнінің өзгешелігі табылады. Жеке еңбек шартына сәйкес, қызметкер белгілі бір қызмет түріне жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім көлемінде орындайтын мамандықты, кәсіпті, біліктілікті, лауазымды орындауға міндеттенеді.

       Кәсіп – белгілі бір қызметтің сипаты және мақсатымен анықталатын еңбек қызметінің бір түрі. Мысалы, дәрігер, оқытушы, заңгер, құрылысшы.

       Мамандық – бұл  қызметкердің мейлінше тиімді еңбек етуіне мүмкіндік беретін терең және жан-жақты білімдері мен дағдылары көрініс тапқан белгілі бір кәсіптің бағыты, нақты бір түрі. Мысалы, дәрігер кәсібі бойынша хирург, педиатр, терапевт мамандықтары; заңгер мамандығы бойынша прокурор, адвокат, судья мамандықтары.

       Біліктілік – бір нақты мамандықты игергендіктің дәрежесі, арнайы дайындық пен тәжірибенің деңгейі. Біліктілік нақты бір қызметтің қандай күрделіліктегі жұмысты орындай алатыны көрсетеді. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дәрежемен, санатпен анықталады. Мысалы, жоғары санаттағы хирург.

Жұмыс беруші жеке еңбек шартына сәйкес қызметкерден жеке еңбек шартында көрсетілген нақты бір кәсіп мамандық және біліктілік бойынша жұмысты (белгілі бір еңбек функциясын) орындауды талап етуге құқылы. Тек жекелеген жағдайларда ғана қызметкерді жұмысқа қабылданған кездегі оның негізгі қызметінің түріне жатпайтын басқа да жұмысты орындауды талап етуге болады.

  3. Жеке еңбек шартының түрлері.

Жеке еңбек шартында белгілі бір еңбек функциясын көрсетудің тәжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты қызметкердің бір қызметтен екінші қызметке оның келісімсіз ауысуы (егер мұндай ауысу басқа жұмысқа ауысу деп саналмаса) жүзеге асырылады. Бұл ретте жалақының мөлшері, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, жеңілдіктердің берілуі өзгеріссіз қалады. Жеке еңбек шартының басқа маңызды белгісі болып өндірістік қызметке қызметкердің өзіндік қатысуы табылады. Бұл қызметкердің кәсіпорын немесе ұйымның штатына енуін және осы кәсіпорынның немесе мекеменің өндірістік қызметіне тартылуын білдіреді. Жеке еңбек шартында нақты қызметкердің еңбекке қатысты барлық жеке қабілеттері ескерілгендіктен, бұл қызметкерді жұмыс берушінің келісімінсіз ауыстыруға жол берілмейді. Қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы жеке еңбек шартының келесі белгісі болып табылады. Кез келген мекеме, кәсіпорын белгілі  бір еңбек тәртібінің негізінде жұмыс істейді бұл өз кезегінде  ұжымның нақты және үйлескен жұмысын қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау қызметкердің міндеті болып табылады. Алайда ескеретін бір жайт, бұл ережелер барлық қызметкерлерге тарамайды. Жекелеген қызметкерлерге олардың жұмысының сипаты мен ерекшеліктеріне сәйкес бұл ережелер таралмауы мүмкін. Мұндай мәселелердің барлығы жеке еңбек шартында көзделіп өтуі мүмкін.

       Жеке еңбек шартының ерекшелігі болып жұмыс берушінің қызметкерлерге жалақы төлеу міндеті табылады (ҚР “ҚР Еңбек туралы” Заңының 70-бабы). Жалақының келесідей ерекшеліктер болады:

- еңбекті бағалаудың бірыңғай тараптарына негізделе отырып еңбектің сапасына және санына қарай төленеді;

- жалақы төлек алдын ала белгіленген нормаларға сәйкес жүргізіледі;

- төлемдердің негізгі бөлігі (тарифтік ставкалар және лауазымдық жалақылар) кәсіпорынның тапқан табысына тәуелді емес ал қосымша – бөлігі (сыйақылар және өзге де төлемдер) кәсіпорынның табысына белгілі бір дәрежеде тәуелді болады (бұл ерекшелік бюджеттік ұйымдарға қатысты орын алады);

- ақшалай нысанда жүргізіледі;

- заңдарда белгіленген ең төменге мөлшерден төмен болмауы тиіс;

- белгілі бір мөлшермен шектелмейді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 490 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

1337 - | 1150 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.