Еңбек құқығының конституциялық құқығы
Лекции.Орг

Поиск:


Еңбек құқығының конституциялық құқығы




Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралықта яғни екі немесе одан да көп құқық салаларына тән қағида болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығын ғана емес, жер, азаматтық, қылмыстық атқару құқықтарын да тән, себебі, аталған құқық салалалары да еңбекті қолдануды (фермерлік қызмет, мердігердік шарттар бойынша жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс және т.б.) реттейді.

3.Еңбек құқығының салааралық, салалық қағидалары.

Жалпы қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты рөлге ие. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және бұл жайт олардың жалпылық сипатын дәлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан мыналарды атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық; қоғамық көзқарасты ескеру және жариялық; ұлтаралық одақтастықтың қағидасы.

    Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың Конституциясын және заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады. ҚР Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігі, теңіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез – келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсіту деп саналмайды. Мысалы, әйел адамдарға, кәмелетке толмаған қызметкерлерге, мүгедектерге және қорғауды қажет ететін өзге де тұлғаларға қызметіне қатысты жеңілдіктер беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік әріптестік органдарының негізгі мақсаттары мен міндеттері.

2. Әлеуметтік әріптестік органдарының өкілдері

3. Әлеуметтік әріптестік органдарының координаторлары.

 

5. Лекция тақырыбы: Еңбек құқығының субъектілері.

Жоспары:

1. Еңбек құқығының субъектілері түсінігі және түрлері

2. Еңбек құқығының субъектілерінің еңбектік құқық субъектілері, оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі

3. Еңбек құқығындағы арнайы құқық субъектілігі.

Лекцияның мақсаты: Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Кез келген құқық саласы сияқты еңбек құқығының да өзінің субъектілері шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықталады.

Лекцияның мәтіні:

                                                                    

Еңбек құқығының субъектілері түсінігі және түрлері

Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қолданыста заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасының сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады. Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілері ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары кәсіптік одақтар мен мемлекеттік органдар қатысады. Алайда, бұл бір қарағандай оңай мәселе емес. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сәйкес арнайы қасиетке - құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс. Бұл мәртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді. Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.

Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:

а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық диалектқабілеттігі):

ә) негізгі (статустық) еңбек құқықтары және міндеттері;

б) Осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;

в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.

Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының әрбір субъектісінің құқықтық мәртебесін құрайды. Енді еңбек қабілеттігінен, еңбек әрекет қабілеттігінен және еңбек диалектқабілеттігінен тұратын еңбек құқық субъектілігін тереңірек қарастырып өтейік.

Еңбек құқығының субъектілерінің еңбектік құқық субъектілері, оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі

Еңбекке құқық қабілеттік - бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек құқығы қатынастарының қатысушы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар болған жағдайда – азаматтар үшін белгілі бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік және оралымды басқару оқшаулығына жету – олар еңбек құқығы қатынастарының субъектісі болуға және құқықтар мен міндеттерді иеленуге қабілетті болады. Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге және жұмыс беруге қабілетті. Еңбекке әрекет қабілеттік - бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ, еңбекке әрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының өз әрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс істеп, халықты жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол өзінің жұмыс істеуге қатысты әрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен міндетерін иеленеді.Жұмыс беруші жеке немесе заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдай және жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі – оларда еңбекке құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттік ірі мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын ірі жайт: еңбекке құқықтық әрекет қабілет дегеніміз - бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет.Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Заңдардан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндетттерді мәртебелі деп атайды. Олар еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы субъектісінің негізгі мәртебелік құқықтары мен міндеттерінің тізімі әр түрлі сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен  ерекшеленеді.





Дата добавления: 2018-10-15; просмотров: 424 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.