Табиғи орта қоршаған ұғымына адамдар мен жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тірі жәндіктер өмір сүретін мекен-жәй, ондағы жер-су, ауа мен жел, жылы мен суық, ас пен қорек жатады.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болған барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Табиғаттың көптеген шектеуші факторлардың ішінен климатқа жататындарын бөліп алып қараған дұрыс, себебі олардың адам өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын әсері өте үлкен.
Климаттың шектеуші факторларына ауаның температурасы, күн сәулесі, жылу, ағын, жел және атмосфералық қысым жатады.
Климаттағы өзгерімтер мен құбылыстар табиғи жолмен және адамдардың іс-әрекеттері нәтижесінде болып жатады.
Табиғи жолмен болатын өзгерістер миллиондаған жылдар бойы жүріп келеді. Жер шарының әр түкпірінен табылған ауа райы туралы деректерді салыстырғанда бірнеше миллион жыл бұрын климаттың басқаша болғаны, содан бері айтарлықтай өзгергені мәлім болды. Ол кезде жоғары ендіктер мен экватор арасында климат айырмашылығы қазіргідей көп болмаған. Жоғары және орта ендіктерде күн жылы болған. Үшінші дәуірде (біздің дәуірге дейін 16-2 миллион жыл бұрын) солтүстік және оңтүстік ендіктерде температура төмендеп, біртіндеп мұз, алғашында өте жұқа, пайда бола бастады. Төртінші дәуірде соңғы 1 миллион жыл бұрын шамасында мұз орта ендікке дейін келіп, қайтадан еріп оның шегі солтүстікке қарай жылжып отырды. Мұздың орта ендікті соңғы болуы 10 мың жыл бұрын болды. Сонан кейін тұрақты мұзды алқап Солтүстік Мұзды мұхит пен Антарктида және маңайындағы теңіздерде сақталды.
Кайназой дәуірінде климаттың салқындауына және жоғары ендіктерде мұз пайда болуына атмосферада көмір қышқыл газының азаюыда себеп болады. Кейінен мұздар да климаттық салқындауына әсерін тигізеді.
Климаттың өзгеруіне ауаның тазалығы да әсер етті. Мысалы үлкен өрт болғанда, немесе жанар тау атқылағанда аспанға күл, шаң-тозаң, бу қосылып оны ластайды. Бұл кезде күн сәулесі жер бетіне аз түсіп ауа салқындай бастайды. Шаң-тозаң сиреген кезде күн қайта жылынады.
Географиялық заңдылықтар негізінде белгілі америкалық эколог Б.Комманер 1974 жылы төрт заңдылықты атады:
1. Барлық заттар бір-бірімен байланысты. Экожүйе құрауыштарының бір бөлігінің бұзылуы, бүкіл экожүйелер қызметіне зардабын тигізеді.
2. Барлық заттың баратын орны бар – табиғатта ешбір зат елеусіз қалмайды. Зат айналымына түсе отырып, пайдалы не зиянды нәтиже көрсетеді.
3.Табиғат - өзінің даму заңдылығын жақсы «біледі» - адам баласы табиғатты жақсартамын деп оның даму заңдылықтарын бұзатынын жақсы біле бермейді.
4. Табиғат – адамзаттың барлық іс-әрекетіне сай жауап қайтарады. Адам баласы табиғат қорларын қайтарымсыз және сауатсыз пайдаланып, ауа, су, топырақты ластап отырады. Адам іс-әрекетінің шегі болуы тиіс. Адамның барлық іс-әрекеті табиғаттың пайдасы үшін тепе-теңдік жағдайда шешілуі тиіс. Биосфераның болашағы онда өмір сүретін адамдардың ақыл-ойына және парасатына тікелей тәуелді. Сонымен қатар адам қоршаған орта сапасын тұрақты сақтай отырып, биологиялық түр ретінде өзін қорғай алады.
Адам баласының тіршілігін сақтаудың екінші бір жолы - өзі жасаған қолайсыз ортаға бейімделу мүмкіндігі. Аталған екі жағдай да орындалмаған кезде табиғаттың биологиялық заңы бойынша – адамзат қауымдастығы біртіндеп жойыла бастайды. Осыған орай жер шарының тұрақтылығын сақтау, географиялық қабықтың біртұтас заңдылықтарын оқып-үйрену биосфера шегіндегі тіршілік ырғағын жүзеге асырады.
Географиялық қабықтағы, әсіресе биосферадағы болып жатқан қазіргі процестер мен проблемалар оны шешудің нақты жолдарын қажет етеді. Олай болмаған күнде биосфераның тұрақтылығы туралы және адамзаттың болашағы жөнінде келер ұрпаққа ақыл айтудың өз артық болар еді. Биосфераның алуан түрлілігіне байланысты ондағы организмдердің көптүрлілігі, саны мен тығыздығы, кеңістікте кездесуі және олардың биологиялық өнімділігі де түрліше болып келеді. Мысалы, су мен құрлықтағы, тропикалық ормандар мен шөлдердегі биологиялық өнімділік сәйкес келмейді. Сондықтан биосферадағы тірі организмдердің өнімділігі сол жердің биоценоз құрамындағы өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір уақыт өлшеміндегі биомассасымен өлшенеді. Биосферадағы шөл және шөлейт жерлердің биологиялық өнімділігі төмен, ал ормандардың өнімділігі жоғары деп есептелінеді. Биологиялық өнімділікті есепке алу – шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру мен азық-түлік мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады.
Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық, өнеркәсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері және сабақтары
Қоғам мен табиғат арақатынасы көп жылдық және жан-жақты. Табиғи орта әлеуметтік ортаға тәуелді емес.
Табиғи орта мен қоғам арасында өте қиын, ауыр өзара қарым-қатынас бар, заттар және энергия алмасуы жүреді. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы – бұл адамзат қоғамының (антропогенді факторлардың) табиғатқа және табиғаттың (табиғи факторлардың) адам денсаулығы пен шаруашылығына әсер етуді айтады.
Бір жағынан адамның табиғатқа әсері жылдар сайын үдеп барады. Екінші жағынан, табиғатта бұрынғыша адамға өз әсерін тигізуде. Адам (қоғам) табиғатпен өзінің пайда болуы тегімен, өмір сүруімен, өзінің болашағымен байланысты. Адамды қоршаған табиғи орта этностар мен нәсілдердің биологиялық түрлерінің пайда болуына әсер етуіп келді және де әсер ете береді. Адамдардың аймақтарда орналасуы, олардың материалдық деңгейі, өндірістік күштерді орналасу жағдайы табиғи ресурстардың орналасу жағдайына, сапасына және санына байланысты болады.
Жерде адам осыдан 4,6 млн жыл бұрын пайда болды. Алғашында адам жинаушы болды. Бұл оның климаты қолайлы жерге орналасуына және аңшылықпен айналысуына мүмкіндік берді. Отты пайдалану және қару-жарақты ойлап табу нәтижесі ірі жануарларды құртуына әкеліп соқтырды. Бұл бірінші экологиялық дағдарысқа (консументтер дағдарысы) әкелді. Бұл дағдарыс адамды шаруашылықтың бұл түрінен (аңшылық және жинаушылық) өндіру шаруашылығына (мал шаруашылығы және жер жырту) өтуге мәжбүр етті.Бастапқы жер жырту өркениеті ылғалдылығы жетіспейтін аудандарда жүрді, бұл су жүретін каналдардың пайда болуына мүмкіндік берді. Топырақтың эрозиясы мен тұздану нәтижесінде Тигр және Ефрат өзендері бассейндерінде экологиялық дағдарыстар пайда болды. Ал ормандарды құрту Сахараның өнімді жерлерінің қуаңшылыққа айналдыруына әкеліп соқтырды.осылай жер жырту дағдарысы пайда болды.
Соңғы жер жырту ылғандануы жеткілікті жерлерде жүрді, нәтижесінде ормандар мен орман далалықтары жойыла бастады. Жер жыртудың дамуы және үйлер мен кораблдерді салу үшін ағаштарды пайдалану Батыс Европада ормандардың жойылуы қаупін туғызды. Бұрынғы кездегі және қазіргі жағдайда ормандарды кесу атмосфераның газ құрамын, климаттық жағдайын, су режимін және топырақ жағдайын өзгертеді. Жердің өсімдіктер әлемін жаппай қыру продуценттер дағдарысын білдіреді.
XVIII ғасырдан бастап өндірістің, содан соң ғылыми-техникалық революцияның пайда болуы нәтижесінде соңғы 100 жылдықта қажеттілік 100 есеге өсті. Қазіргі уақытта бір адамның қажеттілігін өтеу үшін жыл сайын 20 тонна шикізат өндіріледі, оның тек 2 тоннасы ғана пайдаға асып, қалған 90 %-ы қалдыққа айналады. Қалдықтардың көптеген мөлшерінің пайда болуы тағы бір дағдарыстың- редуценттер дағдарысының пайда болуына әкеліп соқтырды. Редуценттер биосфераны ластанудан тазалап үлгере алмайды, олар көп жағдайда бұған биологиялық тұрғыда мүмкіндігі болмайды. Бұл биосферада заттар айналымының бұзылуына әкеліп соқтырады.
Биосфераның әртүрлі заттармен ластануларынан басқа пайдалы қазбалардың көп мөлшерінің жануы, атомдық және термоядролық энергияны пайдалану нәтижесінде трофосфераның жерге жақын қабатының жылулық энергиясы – жылулық ластану жүреді. Бұның соң климаттың жылынуына әкеліп соқтырары сөзсіз. Бұл дағдарыс термодинамикалық деген атаққа ие.
Тағы бір экологиялық дағдарыс – бұл экологиялық жүйелердің сенімділігінің төмендеуі, бұл көп жағдайда озон қабатының бұзылуы және алуантүрліліктің төмендеуінен болады.
Адамның табиғатқа адамзаттың санының өсуі және ғылыми-техникалық прогрестің өсі нәтижесінде әсер етуі тек қана экологиялық зардаптар әкеліп қана қоймайды. Экологиялық сығылушылықтың өсуі социалды тұрғыдан да көрінеді. Тиімсіз социалды зардаптарға әлемдегі өнімдердің жетіспеуі, қалалардағы аурулар санының өсуі, жаңа аурулардың пайда болуы, халықтың экологиялық қоныс аударуы жатады.
Азіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары (климаттық өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әралуандылықтың кемуі, әлемдік мұхитың ластануы және т.б.) олардың пайда болу себептері және зардаптары
Қазіргі уақытта табиғи ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауқымды ғаламдық проблемаға айналды. Табиғаттың шекарасы жоқ, ол бәріне бірдей және біртұтас. Барлық адамзаттың қазіргі кездегі экологиялық проблемалары: озон қабатының бұзылуы, парникті әсер ету (парниковый эффект), топырақтың құнсыздануы, биосфераның биологиялық алуантүрлілігінің азаюы, радиоактивті және басқа да ластанулар түрлері, пайдалы қазбалардың азаюы және басқа да проблемалар ауқымды сипатқа ие болды. Осы ауқымды экологиялық дағдарыстан шығу тек барлық адамзаттың жұмылып атқарар жұмыстарына байланысты болмақ.
Қазіргі кезде ғаламдық экологиялық проблемалар ғалымдық болуыдан қалды, олардың шешуі тек адамзаттың қалай өмір сүретіндігіне ғана байланысты болмақ. Атап айтқанда:
- жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көптеген түрлерін тікелей (аулау, ату) және жанама (олардың өмір сүру ортасын шаруашылыққа пайдалану) нәтижесінде биологиялық алуантүрліліктің жойылуы. Алайда әрбір түр басқа түрлердің санының реттеушісі болып табылатынын ескерсек, онда экожүйенің және барлық планетаның түр құрамының кенеттен өзгеруі табиғаттағы динамикалық тепе-теңдіктің бұзылуына, керек емес организмдердің тез көбейіп кетуіне және шөлдену процесінің тездетуіне әкеліп соқтырады.
- климаттың өзгеруі (қазіргі кезде жылынып барады, алайда болашақта тез салқандауы мүмкін), бұл Жер бетінен жылу сәулелерінің кері қайтуына кедергі келтіретін атмосферада көмірқышқыл газының өсуінен болады. Көмірқышқыл газының көбею себебіне бір жағынан, органикалық жанар-жағар майдың көп мөлшерінің жануы жатса, екіншіден, пайда болған көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп алатын қасиетке ие органикалық өсімдіктердің (мұхит фитопланктонынан бастап) жойылуы жатады.
Осы процестің арты көптеген жаманшылықтарға әкеледі, жаңбырлардың жауу қарқыны өседі, урагандар, сел ағыстары мен қар лавиналары көбееді, материктің су жағалауларын су басады, өздеріне қолайлы климаттық жағдайдан өзгеруіне байланысты ауылшаруашылық мәдениетінің өнімбергіштігі азаяды.
- қауіпті ультрафиолетті сәулелердің қысқа толқынды спектрінің Жерге енуіне кедергі келтіретін озон қабатының азаюы. Оның зардабы адамдардың және жануарлардың ашушаңдылығына, көптеген аурулардың көбеюіне және кейбір мәдениеттердің өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Озон қабатында тесіктің пайда болуының бір себебіне, өндіріс пен тұрмыста «тоңазытқыштарда, кондиционерлерде, аэрозольдарда) қолданылатын фреондардың атмосфераның жоғарғы қабатында пайда болуы жатады.
- планетамыздың гидросферасының (Дүниежүзілік мұхиттар, ішкі су қоймалары, грунт сулары) әртүрлі қалдықтармен (мұнайөнімдері, радиоәрекетті заттар) ластануы, бұл судың сапасы төмен болғандықтан әртүрлі аурулардың көбеюіне және өлімге, теңіз өнімдерінің азаюына, оттегі мен көмірқышқыл газының бөлінуі және пайдалану арасындағы баланстың бұзылуына әкеліп соқтырады.
- қышқылды жаңбырлардың (қарлардың) пайда болуына атмосферада күкірт диоксидінің, азот оксидінің әртүрлі жанар-жағар майларды жандыру нәтижесінде көбеюі, тыңайтқыштарды пайдалану мен сақтау кезінде ережелердің бұзылуы нәтижелерінде көбеюі себебінен болады. Бұл топырақ пен судың қышқылдануына, гидробиоттардың өліміне, алюменийдің қозғалысының жылдамырақ болуына (нәтижесінде ол өсімдіктер организмдерінде пайда болады, кейін адам мен жануарлардың осы өсімдіктерді пайдалануы нәтижесінде әртүрлі ауруларға душар еткізеді), скулуптура мен архитуралық ескерткіштердің бұзылуына және т.б. зардаптарын тигізеді.
-Жер тұрғындарының санының тез өсуі және олардың бір қалыпты орналаспауы. Қазірдің өзінде жар бетінде алты миллиардтан артық адам бар, ал экологиялық оптитум бойынша бес миллионнан аспауы тиіс;
- басқа да шешілуі қиын проблемалар да бар, оларға шөлсізденду, ормандарды кесу, топырақтың құнарлылығының азаюы жатады.
Соңғы кездері кейбір дамыған елдерде экологиялық проблемалардың қауіптілігін азайту үшін көптеген шаралар іске асырылуда.






