Табиғи ресурстардың таусылуы және қоршаған ортаның өзгеруі адамзат қоғамының дамуына экологиялық қауіп туғызып, адамдардың әртүрлі топтарының, барлық елдердің үкіметтік және үкіметтік емес мекемелердің алаңдатушылығын туғызып отыр. Осы себепке байланысты 20 ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігі табиғатты пайдалануға, тұрақты дамудың ұстанымдарын игеруді аяқтауға жаңа жолдар қарастыруда.
1972 жылы Стокгольмде өткен конференцияда 113 елдің өкілдері алғаш рет дамыған елдер өткен экономикалық даму тағыда қайталанатын болса оның өркениеттің жойылуына әкеліп соғатынын айтты. 1983 жылы ҚО және даму бойынша Дүниежүзілік комиссия «біздің жалпы болашағымыз» тақырыбында доклад дайындады. Онда ТД-дың негізгі ұстанымдары алғаш рет жасалынды. Онда келтірілгендей, әлемдік экономиканың дамуы планетамыздың экологиялық мүмкіндіктеріне байланысты анықталуы тиіс. Осыған байланысты кез-келген елдің экономикалық дамуы өнімі мен ақшасына ғана байланысты анықталмайды.
ҚО және даму бойынша 1992 жылы Рео-де-жанейрода өткен БҰҰ конференция «XXI ғасырға күн тәртібін» қабылдады. Ол әлемдік қоғамдастықтың болашаққа стратегиясы болып табылады, сондай-ақ негізгі мақсаттарға - ҚО жоғарғы сапасына және барлық мемлекеттер өмірінде экологиялық қауіпсіз экономикаға жетуге бағытталған. Осы құжатта айтылғандай, адамзаттың бұрынғы деңгейі сын көтермейді, яғни планетамыздың табиғи ресурстарының көп бөлігі таусылды, ал экологиялық жағдай барған сайын қиындап бара жатыр. Сондықтан да тұрақты дамуға көшу қажет.
Тұрақты даму үштіктегі маңызды индикаторлардың: адам-шаруашылық-табиғат тиімді динамикасын қалайды, яғни олар социалды, экономикалық және экологиялық ортаның қозғалысын тұрақты түрде қамтамасыз етуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, тұрақты даму қазіргі және болашақ ұрпақтың социалды-экономикалық мұқтаждығын ҚО-ға зиянын тигізбей қамтамасыз етуіне бағытталған.
Қажеттілік пен өндірістің құрылымын өзгертудің әртүрлі концепциялары ұсынылды. Олардың біреуінің – «эко-тиімділіктің» маңызы ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаның ластануын мен қалдықтарды азайту мақсатында энергетикалық және шикізат ресурстарын пайдалану болып табылады. Ал басқа концепцияда - «эко-тиімділікте» энергияларды, суды, аймақтарды және қалпына келмейтін табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қарастырылған, бұл дамудың тұрақтылығын бұзбау үшін қолданылуы мүмкін. ҚО бір жағынан қалдықтар қоймасы, бір жағынан ресурстар көзі болып табылады. Бұл функциялардың орындалуы ластануға, оған байланысты ҚО-ның деградациялануына әкеліп соқтырады. Экокеңістік концепциясы динамикалық болып тек бір жағдайда ғана есептеледі, яғни оны іске асыру технологияларды пайдаланған жағдайда және қажеттілік пен өндіріс жүйесін қайта құрғанда ғана тиімді болып саналады. Экокеңістік анықтамасын енгізу әлемдік қолданыс пен өндірістің жоғарғы шекарасын және көрсеткіштерін, адам қажеттіліктері байланыстарын мен ҚО функцияларын әсер етуді анықтауға мүмкіндік береді. Осы концепцияны жақтаушылар экологиялық салықтар мен ластану деңгейі туралы келісім жүйелері үшін жиі үн көтеруде.
Тұрақты дамудың үш әртүрлі стратегиясы бар. Олар бір уақытта іске асуы тиіс.
Біріншісі - өктемдік етіп отырған адамның жердің табиғи биотасының табиғи-теңдік жүйесімен әсерлесу стратегиясы. Оның соңғы мақсаты түрлерді, олардың өмір сүру ортасын және биологиялық алуантүрлілігін сақтау болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік түсінігіне табиғи экожүйенің даму жағдайын қамтамасыз ету кіреді.
Екіншісі - өктемдік етіп отырған адамның өзінің азықтық қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған жасанды-теңдік антропогенді экожүйемен әсерлесу стратегиясы. Оған ауыл шаруашылығ және тамақ өнімдері өндірісі бойынша басқа да түрлері жатады. Бұл стратегия бойынша Жердің табиғи биотасын сақтау деңгейі адамды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын технологияның тиімділігіне байланысты болады.
Үшіншісі-өктемдік етіп отырған адамның жасанды ортаның экожүйелерімен әсерлесу стратегиясы. Бұлар – қалалар мен тұрғын үйлер орталықтары, мұндағы жерлерде тұрмыстық, рекрециялық және инфроқұрылымдық объектілер орналасқан. Биосфераны бұл стратегияда сақтаудың қажеті жоқ, мұнда маңыздысы адамдар денсаулығы, үйлер мен құрылыстардың сақталуы, сондай-ақ басқа да адамның өмір сүруі үшін қажетті заттарды сақтау болып табылады.
1997 жылы Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның Генаралды Ассамблеясы сессиясында ТД стратегияларын жүзеге асыруды талдау көрсеткендей, әзірге келесі жүзжылдықта ТД-дың ұстанымдары үшін негізгі сұрақтарды шешу мүмкін болмай отыр:
- Ашаршылық пен жоқтықты жою бойынша практикалық шараларды іске асыру;
- Дамыған және дамып келе жатырған елдерде өмірлер деңгейін теңестіру;
- Дүниежүзілік масштабта ҚО-ға антропогенді әсер етуді әлсірету жолдары мен құралдарын табу.
Басқаша айтқанда, экологиялық катастрофаны әлемді мойындату әзірге мүмкін болмай отыр.
Бақылау сұрақтары:
1.“Тұрақты даму” ұғымын қалай түсінесіз?
2. Тұрақты даму факторларын түсіндіріңіз?
3. Өнеркәсіп орындары – атмосфераны ластаушы факторлар.
4. Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.
5. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық.
Әдебиеттер:
1.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет
2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996.
3.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999.
4.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999.
Тақырып 7






