Қоршаған орта адамдардың іс-әрекеті негізінде физикалық, химиялық және биологиялық ластануда.
Қоршаған ортаның физикалық ластануына қалдықтар (өндірістік, тұрмыстық, радиациялық, қауіпті), дыбыс (жұмыс орындарында, адамдар қоныстанған мекендерде дыбыстың қалыпты деңгейден жоғары болуымен және дыбыс шығару сипатының біртүрлі өзгеруі (кезеңділік, дыбыс күші)), электрмагнитті ластану (ортаның электрмагнитті қасиетінің өзгеруі нәтижесінде пайда болады) және т.б. жатады.
Өндіріс және пайдалану қалдықтары өндірістік, тұрмыстық, ауылшаруашылық, құрылыс және т.б. болып бөлінеді. Агрегатты күйге байланысты қалдықтар газ, қатты және сұйық күйде болады. қалдықтар атмосфералық ауаны, жер үсті және жер асты суларын, топырақ пен өсімдіктерді ластаушылар болып табылады.
Дыбыспен ластау көздеріне көліктер (авто, рельсті, ауадағы), өндірістік қондырғылар мен тұрмыстық жабдықтар жатады. Жалпы дыбыстың 80 %-ы автокөліктерден болады. Дыбыстық әсер ету адамды тез шаршатады, оның ойлану мүмкіндігін азайтады, еңбек ету мүмкіндігін төмендетеді.
Электрлі ластанудың негізгі көздеріне электр берілістері линиясының электромагнитті алаңы, радиотелевизионды және радиолакациялық станциялардың линияларының электрмагнитті алаңы жатады. Электрмагнитті әсер ету электронды жүйенің жұмысының бұзылуына әкеліп соқтырады. Электрмагнитті алаңның тірі организмдерге әсер ету деңгейі мен механизмі әлі белгісіз.
Қоршаған табиғи ортаны физикалық ластанулардан сақтау үшін келесідей шараларды ұйымдастыру қажет:
- бағалы компоненттерді алдын-ала сорттау және жою;
- мусорды жағатын зауыттарда мусорларды жағып жіберу;
- көмуге және жартылай игеруге арналған полигондарды салу;
- компостирлеу, яғни тамақ қалдықтарын аэробты қышқылдау арқылы өңдеу, нәтижесінде биоотын немесе азот тыңайтқышы алынады;
- қорғау экранын жасау;
- тростарды жерге қадау;
- электрберуші линиялардың геометриялық көрсеткіштерін таңдау.
Қоршаған ортаның химиялық ластануына келесілер жатады:
- атмосфералық ауада: көміртегі оксидтерінің, азоттың, озонның, шаңның, аэрозольдың, ауыр металдардың, радионуклиннің, пестицидтердің, бенз(а)пиреннің, фенолдың, көмірсутектердің пайда болуы;
- су беттерінде: радионуклиннің, ауыр металдардың, пестицидтердің, бенз(а)пиреннің, рН-тың, минерализацияның, азоттың, мұнай өнімдерінің, фенолдың, фосфордың болуы;
- топырақта: ауыр металдардың, пестицидтердің, радионуклиннің, бенз(а)пиреннің, азоттың, мұнай өнімдерінің, фосфордың болуы;
-биотада: ауыр металдардың, пестицидтердің, радионуклиннің, бенз(а)пиреннің, азоттың, фосфордың болуы.
Қоршаған ортаны химиялық ластанулардан қорғау үшін келесі шаралар ұйымдастырылуы тиіс:
- барлық шикізат өндіруші кәсіпорындар қалдықсыз және қалдығы аз технологияға өтуі тиіс;
- ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың орнына биологиялық жолмен алынған тыңайтқыштарды қолданған дұрыс.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануына келесілер жатады:
Адамдардың шаруашылығына зиян келтіретін жануарлардың (тышқандардың, шегірткелердің және т.б.), патогенді микроорганизмдердің (вирустардың, бактериялардың және т.б.), арам шөптердің көбеюі.
Микробиологиялық ластанудың негізгі көздеріне тамақ және тері өндірісінің бұралқы сулары, тұрмыстық және өндірістік қалдықтар, молалар, канализациялық жолдары және т.б. жатады. Топырақтар, тау жыныстары, жоғарғы және жер асты гидросферасы. Патогенді ішек таяқшалары жер бетінен 300 м тереңдікке дейінгі жер асты суларынд да бар екені анықталды.
Инфекциялық және паразиттік ауруларды таратушылармен ортаның микробиологиялық ластануы өте қауіпті. Шошқаларда чума ауруы, қойларда оспа, құстарда құс тұмауы, адамдарда геморрагиялық лихарадка және энцефалит аурулары көбееді. Вирусты аурулардың ішінде белгісіз эпидемияның бірі СПИД болуы мүмкін.
Биоқауіпсіздікті және биоалуантүрлілікті сақтау үшін келесі процестерді орындау керек:
- тірі организмдер, биологиялық заттар, гендердің жаңа түрін жасау;
- үй түрінен генетикалық түрді жабайы түрлерге ауыстыру;
- жабайы түрлер мен олардың түрлері арасында генетикалық айналым жасау қажет.
Қоршаған ортаны биологиялық ластанудан қорғау үшін келесі шараларды ұйымдастыру қажет:
- аймақты санитарлық қорғау;
- қажет жағдайда карантин енгізу;
- вирустардың айналымын үнемі бақылау;
- үнемі экологиялық – эпидемиологиялық бақылау;
- қауіпті вирусты инфекцияның ошақтарын бақылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Антропогенді факторлар түрлерін атаңыз?
2. Антропогенді әсер етудің зардаптары қандай?
3. Адамзат қоғамының дамуындағы табиғаттың ролі?
4. Қазіргі заманның әлемдік экологиялық проблемалары қандай?
5. Әлемдік экологиялық проблемалардың пайда болуы?
6. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық ластануы және олардың экологиялық-генетикалық зардаптары.
Әдебиеттер:
1.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005.
2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996.
3.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999.
Тақырып
Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық






