Дәріс мақсаты: Қоршаған ортамыздың атмосфералық, литосфералық және гидросфералық құрамы мен құрылысын, оның ластану көздерін, ластанудан қорғау жолдарын ұғындыру.
Қолданылатын сөздер: литосфера, гидросфера және атмосфера ресурстары, табиғи ресурстар, биотехнологиялар.
1. Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі
Адам мен адамзат қоғамы өзараәсер етуі процесі кезінде қоршаған табиғи ортаның жағдайының қиындауы табиғатты тиімді пайдалануды және табиғатты қорғауды талап етуде.
Табиғатты пайдалану деп бір жағынан адамның тәжірибелік жұмысын, екінші жағынан ғылымды айтады. Табиғатты пайдалану ғылымының негізін салушысы – Ю.Н.Куражковский.
Табиғатты пайдалану міндеттеріне не табиғатты және оның ресурстарын пайдалануға байланысты, не оның өзгерістерінің адамға әсеріне байланысты барлық шаралардың жалпы жағдайын табу жатады.
Табиғатты пайдалану жаратылыстану, жалпы және техникалық пәндермен бірге дамып келе жатыр. Бұл кезде адамның табиғатпен өзара әсерлесуі, яғни ауыл шаруашылығы, экономика, гигиена, табиғатты қорғау, тарих және т.б.әсерлесулерге байланысты мәліметтер қолданылады.
Табиғатты пайдалануға кіреді:
1. Табиғи ресурстарды алу және қайта өңдеу, оларды қалпына келтіру немесе өндіру;
2. Өмір үшін табиғи жағдайларды пайдалану және қорғау;
3. Биосфераның табиғи жүйесінің экологиялық тепе-теңдігін сақтау, қайта өндіру және тиімді өзгерту.
Табиғатты пайдалану кезінде өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында адамның әртүрлі жұмыстары нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның өзгерісіне және экологиялық зардаптарына мән беріледі. Яғни адамның қажеттілігі → адамның әсер ету түрлері: өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, уабанизация → қоршаған табиғи ортаның өзгеруі→ адам үшін зардабы.
Табиғаттың пайдалы қасиеттерін алу бойынша адамзаттың шаруашылығының әртүрлі бағыттары табиғатты пайдаланудың әртүрлі түріне жинақталған: ресурсты, салалы, аймақтық.
Ресурсты және салалық табиғатты пайдалануда меңгеру кезінде материалдық және материалдық емес сферада ресурстарды пайдалану нәтижесінде туындайтын проблемалар қарастырылады. Осы түрдегі табиғатты пайдалану міндетіне табиғи ресурстарды оптималды пайдалану жолдарын меңгеру жатады. Мысалы, ресурстық цикл идеялары негізінде оларды кешенді пайдалану және өндіру. Бұл кезде ресурстық циклдарды барлық заттардың бүкіл өндіру сатыларында қайтадан табиғатқа ауысуы, яғни өндірілген заттың табиғатқа қайтып келуі - тұйық процесі ретінде қарастырады. Салалық пайдалану кезінде табиғатты пайдаланудың басқа табиғат көзін жоюы мүмкін. Мысалы, карерді салу міндетті түрде құнарлы топырақты жояды. Сондай-ақ, кейбір табиғи ресурстарды пайдалануды ұлғайту мен азайту басқа табиғи ресурстың не азаюына, не көбеюіне жағдай жасайды. Мысалы, орманды бірыңғай кесу территорияның рекрециялық жағдайын нашарлатады. Сонымен қатар табиғатты пайдалану бір-біріне кедергі келтіретінде жағдайлар болады. Мысалы, суды қорғау үшін орманды пайдалану аң ату шаруашылығының дамуын кедергі келтірмейді. Ең соңғысы, бір табиғатты пайдалану екіншісінің өсуіне мүмкіндік береді. Рекрециялық аймақта бау-бақша шаруашылығының дамуы осыға мысал болады.
Адамның табиғатпен әсерлесу проблемасы мәңгі проблема болып табылады. Өйткені адамзат табиғи ортамен өзінің шыққан тегі, өмір сүруі және болашағы бойынша байланысты. Адам- табиғаттың бір элементі, «табиғат-қоғам» күрделі жүйесінің бірбөлігі. Өзінің көптеген қажеттілігін (биологиялық, ресурстық, тыныс-тіршіліктік) табиғат арқылы қанағаттандырады. Табиғи орта адам өмірі үшін биологиялық түрдегі жағдай жасайды, яғни адам өмір сүруіне қажетті шаруашылық заттары табиғи ортаның компоненттері болып табылады. Табиғат оның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын көз болып табылады.
Адамзат өзінің қажеттілігін барлық түрлер арқылы қанағаттандырады. Қазіргі дамып келе жатырған шаруашылық қоршаған ортаның теріс өзгеруіне әсерін тигізуде. Қазіргі таңда адамзаттың өмір сүруіне қауіп туғызатын экологиялық проблемалар нақты проблемаға айналды. Олардың пайда болуының негізгі себебіне жер бетінде халықтың көбеюі және өндірістердің шексіз түрде өсуі жатады. Технологиялық процестердің жетілмеуі өндіріске қажетті деп алынған көп мөлшердегі табиғи ресурстардың тек 1,5-2 %%-ы ғана соңғы өнім болып табылады. Негізгі салмақ өндірістік және тұрмыстық қалдыққа айналады. Ауыл шаруашылығының, көліктердің, қалалардың өсуі адам үшін теріс экологиялық әсер етеді.
Ғалымдар оларды 3 топқа бөледі:
1. Ресурсты-шаруашылық (табиғи ресурстардың сарқылуы);
2. Табиғи-ландшафты (көптеген түрлердің азаюы, табиғи ресурстардың деградациясы);
3. Антропты-экологиялық (адамның денсаулылығының нашарлауы).






