Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар




Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты ластану мөлшері өсіп, экологиялар проблемалар жылдан – жылға көбейіп барады. Олардың қатарына келесі проблемаларды жатқызуға болады:

   1.Пайдалы қазбаларды өндіру, шикізаттар алу мақсатында әртүрлі өнеркәсіптер мен өндірістер пайда болды.

Химия өндірісінің дамуы

1.Атмосфераға зиянды заттар шығарады. 6 миллион химиялық қосылыстар бар, соның 40 мыңы адамға зиянды, ал 12 мыңы қауіпті болып саналады. Әрбір люминесцентты лампада 150 мг сынап болады. Бір сынған лампы ауаның 500 мың м3 –ын ластайды.

2.Табиғи заттарды синтетикалық заттармен ауыстыру күтпеген зияндарға әкеліп соқтырады. Мысалы, суқорына сабын түсіп кетсе, табиғи майлар қосындысы негіз болатын сабыннан су тез тазарады, алайда суға синтетикалық жуғыш зат түссе, онда көкжасылды балдырлардың көбеюіне әкеліп соқтырып, су өлі суға айналады.

Мұнай және химия өндірісі кәсіпорындары әртүрлі қауіпті заттардың көзі болып табылады. Оларға ерітінділерді, аминдерді, альдегидтерді, хлор, оксидтер, күкірт, азаот, фосфор қосылыстары және сынап жатады.

Күкірт қышқылы өндірісінде күкірт оксиді және басқа да күкірт қосылыстары лақтырылысы болады.

  Азот өндірісі күніне ауаға 2-5 тонна азот оксидін лақтырады.

Тау өндіруші өндіріс – ауа кеңістігі мен жерді ластаушылардың ішінде көш басшысы болып табылады. Кен орындарын пайдаланудағы тағы бір қосымша әсер ету тұрмыстық және өндірістік шаруашылықты құру, жолдарды салу, өндірілген материалдарды тасымалдау, энергиямен қамтамасыз ететін жүйені жүргізу және шөгінді үстіндегі жерлерді алып тастау кезінде жүреді.

    Өнеркәсіптер жұмысы нәтижесінде атмосфера, гидросфера және литосфера химиялық заттармен, құрылыс өнімдерімен, бұралқы сулармен және қалдықтармен ластанып, адамзат үшін экологиялық апат қаупін туғызуда. Тау өндірісінің қоршаған ортаға әсері тікелей және жанама түрде болады. 

Тікелей әсер ету нәтижесінде пайдалы жер көлемі азаяды, топырақ қабаты антропогенді және техногенді әсер етулер нәтижесінде бұзылып, өсімдіктер жойыла бастайды. Нәтижесінде жер қыртысы мен қабаты формасының өзгерісі пайда болады.

Жанама әсер ету су қабаты режимінің өзгеруіне, атмосфераның әртүрлі өндіріс қалдықтарымен ластануына, жер асты және жер үсті суларының бүлінуіне, табиғи өзгерістердің пайда болуына байланысты жаңбыр сулары, тасқындар көбейіп жерлердің сулануына, кейін батпақтануға әкеліп соқтырады. Осыған байланысты халықтың ауыру деңгейі өсіп, ел ішінде әртүрлі жұқпалы аурулар көптеп пайда болады.

Ауыл шаруашылығында соңғы 30-40 жылда өсімдіктерді қорғау үшін пестицидтер, топырақтың құнарлығын арттыру үшін минералды тыңайтқыштар көп қолданылып жүр.

Пестицидтерді егістік жерлерге ұшақтармен шашып, немесе өртпен түтінін таратады. Ұшақтармен шашқанда олар егістік жерге дәл түспей, желмен 5-20 км дейін жан-жаққа шашырап кетеді. Сөйтіп пестицид қажет емес жер мен су ластанады.

 Пестицидтер өсімдіктері, ағаштарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, мақтадан, жүннен, теріден жасалған заттарды сақтау үшін, ауыру таситын, шыбын-шіркей, құрт-құмырысқамен, басқаларды пайдаланып өмір сүретіндермен (паразиттер) күресу үшін қолданылады.

Олар күрделі химиялық қосындылар болып есептеледі. Өсімдіктердің биіктігін, өсуін реттейтін – ауксин, гибереллин, ретардант, жапырақты түсіретін – дефелиант, өсімдікті тамырымен жойып жіберетін – дисикант, гүлімен ұрығын түсіретін – дефлорант, хайуандар мен шыбын-шіркейді үркітетін – репеллент, оларды қызықтырып ұстап алатын – аттрактант, тұқымды өлтіретін – хемостирилизатор, т.б. химиялық заттар пестицид қатарына жатады. Бұлардың атаулары өздері ықпал ететін өсімдіктер мен жануарлар тобының Латынша атауынан басталып, соңына «цид» деген жалғау қосылудан құралған. Мысалы акарцид, альгицид, интектицид, ихтиоцид т.б.

Пестицидтерді қолданғанда өте сақтық қажет. Қоршаған ортаға және адамдарға әсері көп. Өсімдіктерді биологиялық әдістермен қорғау нақтылы нәтиже бергенде ғана пестицидтерді қажетті мөлшерден асырмай пайдалануға болады.

Пестицидтердің ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалық заттар қосындысынан тұратын ДДТ, диэлдрин, элдрин, полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталып болғандықтан топырақта, теңіз суларында көп жиналады. Мысалы ДДТ 50 жыл бойы сақталады. Жыл сайын 100 мың тонна, жарты ғасырда 3 миллион тонна ДДТ өндіріледі. Оның қаншасы топырақта, қаншасы теңіз суына жиналғанын ешкім білмейді. Антарктидада жүрген пингвиннің бауырынан ДДТ табылғанын ескерсек жер жүзіне қалай кең тарағанын түсінуге болады.

АҚШ, Венгрия, Швеция, бұрынғы Кеңестер одағы, т.б. бірқатар елдерде ДДТ-ны қолдануға тыйым салынған. Ал дамушы елдерде оны безгек, бөртпе сүзек ауруларына қарсы қолданып келеді.

Дүние жүзінде 20 жыл бұрын 4 миллион тонна пестицидтер шығарылған. Қазір қанша шығарылғаны жөнінде мәліметтер толық емес, өйткені көптеген мемлекеттер өнім мөлшерін жасырып, жарияламайтын болды. Экологиялық жүйелер үшін өте қауіпті пестицидтер өндіруді жасыру, әрине адамзат алдындағы өз қылмыстарына жауап беруден қашудың бір түрі ғой.

Америка әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600-мың гектар ағаштарды пестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін әлем ұмытқан жоқ.

Гербицид, дефолиант, десикант, дефлорант т.б. улы химиялық заттар Орта Азия мен Қазақстанда, әсіресе мақта, күріш, бидай алқаптарында ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Соның салдарынан Оңтүстік облыстарда кісі өлімі, әсіресе жас сәбилердің өлімі, ауыру сырқауы, жарымжан болып тууы өте көбейіп кетті.

Деттергенттер жинақтау әдісімен (синтез) алынған химиялық заттар. Олардың негізгі қасиеті заттардың сыртқы қабатына тез әсер етіп өзгерту немесе тазарту. өндірісте, тұрмыстық қызметте оларды кір кетіру, жуу үшін, сыртын бояу, әшекейлеу ұшін қолданады. Детергенттер суда ерімей ұзақ сақталады, ұсақ организмдер ірітіп-шіріте алмайды. Бір литр суда 1 мг түссе су көбіктене бастайды. Детергенттердің рұқсат етілген шегі (ПДК) 1 литр суда 0,3 мг-нан аспау керек. Ал қалдық суларда бұл мөлшер 5-10 есе асып кетіп жатады.

Дүние жүзінде жылына 4 млн тоннадан астам детергенттер өндіріледі.

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе азот пен фосфор, жыл сайын 300 миллион тоннадан астам егістік пен шабындықтарға қолданылады. Олардың бәрін өсімдіктер пайдаланбай топыраққа, жаңбырмен, ағын сулар мен көлдерге, теңіздерге жиналып жатады. Су беті көктеп, көк жасыл балдыр болып кеткен көлдер осының белгісі.

Жыл сайын 60 км су лайланады. Олардың құрамында асхана қалдықтары, сабын көбіктері, қышқыл қоспалар, жанар-жағар май қалдықтары, сынап, кадмий, қорғасын т.б. ондаған заттардың қалдықтары бар. Су қоймаларына жиналған қалдықтағы бұл заттар балдыр, планктон, балық арқылы адамдарға қайтып оралады. Соның нәтижесінде адамдардың денсаулығы нашарлап, әртүрлі аурулар пайда болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1052 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3020 - | 2818 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.