Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау




Қоршаған ортаны кәсіпорындардың зиянды ықпалынан қорғаудың ең тиімді тәсіліне шығыны аз және шығынсыз технологияға өту, ал ауыл шаруашылығы жағдайында арамшөптер мен бүлдіргіштермен күресу кезінде биологиялық тәсілдерге көшу. Бұл әрине күрделі технологиялық, конструкторлық және экономикалық міндеттер кешенін қолдануға мәжбүр етеді. Өндірісті эколизациялау келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс: технологиялық процестерді жетілдіру және қоршаған ортаға зиянды қалдықтар мен қоспалардеңгейін азайтатын жаңа жабдықтарды ойлап табу; барлық өндірістік өнімдер мен өнеркәсіптерді экологиялық сараптама жасауды енгізу; зиянды, улы және пайдалануға келмейтін қалдықтарды ауыстыру; қоршаған ортаны қорғау шаралары мен әдістерін қосымша әдістерді енгізу.

 Қоршаған ортаны қорғаудың қосымша тәсіліне тазалау жабдықтарын қолдану жатады, олар: газ лақтырылыстарын, ақаба суларды тазалау жүйелері мен аппараттары, газды қоршаған ортаға лақтыру кезінде дауысты азайтатын аппараттар. Осы келтірілген шаралар қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттарды азайтып, табиғи ресурстарды толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз ету ғылымның әртүрлі облысында және техникалар саласында жұмыс істеп жүрген мамандар шешуі тиіс жалпы міндеттер болып табылады.

   Табиғат қорғау құқығы – табиғатты қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің, талаптардың жиынтығы.

Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің іс-әрекетінен де зиян көріп жатады.

Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлекеттік шекараға тоқтамай желмен, ағын сулармен өтіп, бір елдің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр қашықтықта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын, орманын ластап, оны тазалауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр ететіндігі белгілі.

Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің ғана қолынан келмейді. Сондықтан бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасалып, тез уақытта және арзан бағамен сондай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады.Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау бір аймақтың немесе бір елдің проблемасынан көп елге қатысы бар, әлемдік проблемаға айналады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті. Онда өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жойылып кету қаупі төнген түрін қорғау, теңізден балық пен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қол жетті.

Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын мойындап, міндетті түрде орындауға келіседі. Жарғы талаптарын орындамаса немесе бұзса жауапқа тартылады. Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап, мемлекеттік орындар мен азаматтардың оны толығынан орындауын қатаң қадағалап отырады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы міндетін атқарды. Кәсіпорын, ұжым, мекеме басшыларынан, жеке азаматтардан заң талаптарын уақытында орындалуын талап етіп, көнбегендерін жауапқа тартады.

Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, хұқық қорғау, орындау орындары және қоғамдық ұйымдар да қатысады.

Міне, сондықтан табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті болып қоймай, оған бүкіл жұртшылық, барлық азаматтар қатысуы қажет.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, уытты және басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанудан қорғау жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер, хұқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нұсқаулары, халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді.

Мемлекеттік заңдар мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын қоршаған ортаны қорғау деп атайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 701 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

4518 - | 4323 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.