Дәріс мақсаты: студенттерге «тұрақт даму» концепциясы мен факторларын, стратегиясы мен принциптерін түсіндіру.
Қолданылатын сөздер: тұрақты даму факторлары, экономикалық, экологиялық және әлеументтік факторлар, тұрақты дамудың ғылыми теориясы.
Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері (өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972).
Тұрақты даму деп қазіргі уақыттағы қажеттілікті қамтамасыз ететін дамуды айтады, алайда бұл даму болашақ ұрпақтың қажеттілігін қамтамасыз ету қасиетіне қауіп төндірмеуі тиіс.
«Тұрақты» даму концепциясы 1987 жылы 200-ден аса мемлекет өкілдері ұсынған БҰҰ-ның Дүниежүзілік комиссиясының Докладында алғаш рет ұсынылды. 1992 жылы Рио-де-жанейрода өткен ҚО және даму бойынша БҰҰ-ның Конференциясында осы концепцияны XXI ғасырдағы біздің планетамыздағы барлық елдерде жүретін басшылық ретінде бекітті.
«Қоғам-табиғат» жүйесіндегі тұрақты даму әртүрлі деңгейлердегі социоэкожүйенің динамикалық тепе-теңдігін сақтауды білдіреді. Социоэкожүйенің компоненттері болып қоғам (социалды жүйе) және табиғи орта (эко- және геожүйе) саналады. Социоэкожүйенің динамикалық тепе-теңдігі олардың дамуы процесіндегі белгілі қарым-қатынасты міндетті сақтауды қажет етеді.
Осыдан түйін шығарар болсақ, онда социоэкожүйенің үздіксіз дамуы үшін жүйенің ортамен заттық-энергетикалық және информациялық алмасуы сақталып қана қоймай, сондай-ақ осы алмасуды қамтамасыз ететін сыртқы жағдайлар да сақталынуы тиіс. Біздің планетамыздың, оның биосферасының ресурстық мүмкіншілігінің шектеулілігіне байланысты осы талапты орындау үшін қоғам тұрғысынан табиғи ортаның дамуына қолдау көрсетуі тиіс.
Тұрақты даму концепциясының негізгі идеясы өзара байланысқан социалды-экономикалық және экологиялық даму үшін механизмдер мен жағдайларды жасауға негізделген, ол кезде табиғи орта социалды-экономикалық процестермен бірге қарастырылады. Бұл жағдайда ғана қоғам мен табиғи ортаның дамуы үшін жағдай пайда болады.
Қазіргі уақытта табиғи ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы ауқымды проблемаға айналды. Табиғаттың шекарасы жоқ, ол бәріне бірдей және біртұтас. Барлық адамзаттың қазіргі кездегі экологиялық проблемалары: озон қабатының бұзылуы, дымқылды әсер ету (парниковый эффект), топырақтың құнсыздануы, биосфераның биологиялық алуантүрлілігінің азаюы, радиоактивті және басқа да ластанулар түрлері, пайдалы қазбалардың азаюы және басқа да проблемалар ауқымды сипатқа ие болды. Осы ауқымды экологиялық дағдарыстан шығу тек барлық адамзаттың жұмылып атқарар жұмыстарына байланысты болмақ.
Адамды қоршаған ортаның проблемалары бойынша БҰҰ-ның Конференциясы Стокгольмда 1972 ж өтті. Конференцияның қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау облысы бойынша дүниежүзілік қауымдастықтардың стратегиялық бағыты мен мақсаты анықталып Декларация қабылданды. Декларацияда адамды қоршаған ортаны қорғаудың 26 негізгі принципі қарастырылған.
Сондай-ақ, 5 июнь қоршаған ортаның Дүниежүзілік күні болып жарияланды. Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ-ның штаб- пәтері бар үнемі жұмыс істеп тұратын органы (ЮНЕП) бірге Кенияда (Найроби қ.) құрылды.
БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясы ұсынған Дүниежүзілік табиғат хартиясы 1982 ж өткізілді. Онда қоршаған ортаны қорғау облысында халықаралық келісімдердің маңызды принциптері ұлғайтылып, қайтадан бекітілді. Ондай принциптер саны 27 болды. Дүниежүзілік хартия сол кезеңдегі халықаралық қауымдастықтың экологиялық мәселелерінің маңызды бағыттарын анықтады.
Рим клубы 1968 жылы Италияның қоғам қайраткері А.Печчейдің бастауымен құрылған. Клубтың алға қойған мақсаты дүние жүзі шаруашылығы даму проблемалары мен экологиялық дағдарысқа көпшілік қауымның көңілін аудару болатын. Клубтың қаржысы мол, оны "Фиат" "Фольксвагенверке" сияқты фирмалар қаржыландырады, сондықтан дәстүрлі ғылыми зерттеу институттарына немесе саяси ұйымдарға кірмейтін ғалымдарға тапсырма беріп, олардың еңбектерін клуб меншігіне сатып алады. А.Печчей мырза қайтыс болған соң қазір клубы А.Кинг басқарады.
Рим клубына дүниежүзінің әртүрлі елдерінің және әртүрлі мамандықтағы ғалымдар мүше болды. 1968 жылдан бастап жалпы атауы «Адамзаттың қиындықтары» деген атаумен «Рим клубының баяндамалары» сериясы шығарылып тұрды.
"Өсу шегінің" алғашқы баяндамасы 1972 жылы ерлі-зайыптылар Д. және Д.Медоуз (АҚШ) дайындады. Баяндамада моделдеу нәтижесінде қазіргі экономикалық және саясат әдістерін қолдану жағдайында өндірістік өсу және ресурстарды және энергияны пайдалану тез қарқынмен дами береді, ол бір шекке жеткенге дейін бұл жалғаса береді. Содан соң катастрофа болады. Дағдарыстың пайда болуына адамдар санының өсуі, қоғамдық өсу маниясы, яғни әрбір деңгейде (жеке, отбасылық, кластық, ұлттық) алдына бір мақсат қояды- ол барынша қауатты және бай болуға деген көзтоймастық себеп болады.
1974 жылы М.Месорович пен Э.Пестель "Рим клубы үшін жазылған екінші баяндаманы" тапсырды. Олардың еңбегі "Адамзат өтпелі кезеңде" деп аталады. Баяндама авторлары апатты даму өлімге әкеледі, сондықтан өмір апатты дамуға тиіс емес деген тұжырымға келді. Әлемнің апатты дамуы қазіргі заманды дағдарыстың пайда болуына себепші болады, яғни бай адамдар мен кедейлер, адамдар мен табиғат арасындағы дағдарысқа әкеледі.
Үшінші «Әлемдік тәртіппен қайта құру» атты баяндаманы голландиялық экономист Я.Тинберген дайындады. Онда жергілікті және ғалымдық мақсаттарды біріктіріп шешуге болатындығы көрсетілген.
Төртінші баяндама 1977 жылы философ Э.Ласлоның басшылығымен дайындалып, "Адамзат мақсаттары" деген атпен жарық көрді.
2. Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы, Дания, 1994)
Қоршаған орта және оның дамуы туралы БҰҰ-ның конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992 ж). Онда 114 мемлекет басшылары, әртүрлі 1600 мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Бұл адамзат тарихындағы ең ірі экологиялық форум болды. Бірінші рет мемлекеттер басшылар мен әртүрлі елдер өкілдері ауқымды экологиялық проблемаларды шешу жолдары туралы келісім жасады. Соның ішінде экономикалық және социалды сферасының өзгеруі туралы шешімдер де болды. Алғаш рет адамзат экологиялық проблемаларды экономикалық проблемалардан жоғары қойды.
Конференцияда 5 негізгі құжаттар бекітілді: қоршаған орта мен оның дамуы туралы РИО декларациясы; XXI ғасырдың күн тәртібі; барлық түрдегі ормандардың тұрақты дамуы мен сақталуы; климаттың өзгеруі проблемалары бойынша Рамалық конвенция; биологиялық алуантүрлілік бойынша Конвенция.
Конференцияның негізгі қорытындыларының бірі тұрақты даму концепциясын қабылдауы. Тұрақты даму деп экономикалық мен экологиялық проблемаларды бір уақытта шешуді айтады. Оның мақсаты қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық бағдарламасын өзгертпей оған негізгі бағыттар беру.
Рио – де – Жанейрода жиналған мемлекеттер өкілдері жоғары деңгейде ұстанымдар жинағын қабылдады. Бұл ұстанымдар халықтардың даму құқұғын және олардың қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттерін анықтайды.
Қоршаған орта және даму бойынша Рио – де – Жанейро декларациясына келесідей негізгі талаптар кіреді:
- Адамдар табиғатпен үйлесе отырып, денсаулығын және ұрпағын жалғастырып өмір сүруге құқықты;
- Қазіргі таңдағы даму үстіміздегі және болашық ұрпақтың мүддесіне зиян келтірмеуі тиіс;
- Тұрақты дамуға жету үшін қоршаған ортаны қорғау дамудың бөліп алуға келмейтін бір бөлігі болып қалуы тиіс және одан бөліп алуға болмайды;
- Жер шарының әртүрлі бөлігіндегі өмір деңгейінің тең келмеуін және жоқтықты жою тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін және көптеген елдердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажет;
- Жердің экожүйесін қалпына келтіру, қорғау және сақтау мақсатында мемлекеттер бірігіп, әріптестікке барады. Дамыған елдер тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша дүниежүзілік әрекеттер констекстісіндегі жауапкершілікті мойындайды;
- Мемлекеттер жұмыс істеуге қабілетсіз өндірістер пен қолданыстар моделдерін шектеуі және жоюы, демографиялық саясатты ары қарай дамытуы қажет;
- Экологиялық сұрақтар барлық қызығушылық танытқан азаматтардың қатысуымен тиімді түрде шешілуі тиіс. Мемлекет адамдардың экологиялық мәліметтермен толық таныс болуы үшін оларға мәліметтерді жеткізуге, олардың қатысуына толық жағдай жасайды;
- Барлық елдерде тұрақты дамуға және экономикалық өсуге әкелетін ашық дүниежүзілік экономикалық жүйені құратын іске мемлекеттер ат салысуы тиіс;
-Қоршаған ортаны ластаған адам ластағаны үшін ақшалай жауапкершілікке тартылуы тиіс;
- Тұрақты даму проблеманы терең ғылыми тұрғыда түсінуді талап етеді;
- Тұрақты даму үшін әйелдердің жан-жақты қатысуы тиіс. Жастардыңда творчестволық күштері мен идеялары керек;
- Соғыстар тұрақты даму процесіне қатты әсер етеді. Сондықтан да мемлекеттер қақтығыс кезінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық құқықты сыйлағандары дұрыс;
- Қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілік және даму бір-бірінен ажырамайды және өзара үндес.
Конференцияда сондай-ақ БҰҰ климаттың өзгеруі туралы арнайы концепция қабылданды. Мұндай қауіптің негізгі себебі атмосферада дымқылды газдардың жинақталуы, кейін олардың дымқылды әсер етуі. Дымқылды әсер ету атмосферадағы су буының және басқа да кейбір газдардың күннің қысқа толқынды радиациясын өткізу мүмкіндігі, сондай-ақ кейбір газдардың жер ұзақ толқынды радиацияны жұтуы кезінде пайда болады. Жер мен космос арасындағы жылу және терең жылуды ұстап қалу нәтижесінде булы әсер ету пайда болады. Климаттың негізгі өзгерісі орташа температураның атмосферада және жер бетінде өсуіне әкеледі, соның нәтижесі адамдар мен экожүйеге кері әсерін тигізеді. Табиғат пен адамға кері әсерін тигізетін айрықша зардаптарға келесілер жатады:
- арктика мұздарының толықтай және жартылай еруі;
- дүниежүзілік мұхиттың мөлшерінің артуы;
- өзендер мен көлдер деңгейінің өзгеруі;
- ауыл шаруашылығы үшін зардаптар.
Осы пайда болған проблемаларды шешу барлық адамдардың өмірін өзгертумен байланысты болады: оларды жаңа жерлерге көшіру, жұмыс істеу орнын өзгерту және т.б. Сондықтан да бұл проблемалар ең қиын проблемалар болып есептеледі. Нәтижесінде көптеген елдер осы өзгерістерге байланысты алаңдатушылық білдіреді және де планетамыздың тез жылып кетуін болғызбау үшін шаралар ұйымдастыруға тырысады. Оның ішінде ең маңыздысы көмірқышқыл газының және басқа да дымқылды булардың атмосфераға өндірістік лақтырылысын реттеу.
Тұрақты даму бойынша дүниежүзілік саммит «Рио+10» (Йоханнесбург (ЮАР), 2002 ж.) өтті. Саммитте тұрақты даму бойынша дүниежүзілік қауымдастық қозғалысының бастапқы он жылдығы қорытындысы қаралды. БҰҰ-ның генералды секретары Кофи Аннанның айтуына қарағанда Бразилияда қоршаған ортаны қорғау бойынша қабылданған көптеген шешімдер орындалмайтын боп танылды, адамзаттың көптеген бөлігіне олардың ауқымдылығы экономикалық жалпы көтерілімге қарамастан көп пайда келтірген жоқ, дамып жатырған елдерге көмек беру тоқтатылды. Саммиттің қорытындысы бойынша қабылдандың құжатқа (кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау жоспарлары» жатады.
3.Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография)
Әлеументтік экожүйенің тұрақты дамуы қоғамның тұрақты даму мүмкіндігін анықтайды, яғни көптеген ұрпақтар өмірінде өмір сүретін қоғамның тұрақты даму мүмкіндігін анықтайды.
Әлеументтік қатынаста тұрақты қоғамда халық саны, капитал қоры және технолгиялар барлығы үшін сақтандыру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Экономикалық қатынаста тұрақты қоғамда ресурстар мен энергияны қолдану келесі талаптарға сай жүруі тиіс:
- қалпына келетін ресурстарды пайдалану қарқыны оларды қалпына келтіру қарқынынан асып түспеуі тиіс;
- қалпына келмейтін ресурстарды пайдалану қарқыны оларды қалпына келтіруді игеру қарқынынан артпауы тиіс;
- ластағыш заттардың лақтырылысы қарқыны қоршаған ортаның оларды жұту мүмкіндігінен артпуы тиіс.
Аграрлық революциямен салыстырғанда экологиялық революция – бұл Жер тұрғындары саны мен табиғи ресурстар арасындағы, социальды-экономикалық және экологиялық даму тепе-теңдікті қалпына келтіру болып табылады.
Бұрынғы екі революция да технологияның жетілуі нәтижесінде жүзеге асты, аграрлық революцияның жүзеге асуына жерді жырту себеп болса, бу қозғалтқышының пайда болуы өндірістік революцияның пайда болуына әкелді. Экологиялық революцияның негізгі қозғалтқыш күшіне информациялық технологияны қолдану қажеттілігі мен табиғаттың көптеген факторларының біріктіріп есепке алуға негізделген техника мен экономикада жаңалықтардың пайда болуы жатады.
Экологиялық революция тез қарқынмен жүруі тиіс. Егер аграрлық революция 10 мың жыл бұрын басталып, ал өндірістік революция екі жүзжылдық бойы жүріп жатса, онда экологиялық революцияның жүзеге асқанына тек қана бірнеше онжылдықтар болды
Ауыл шаруашылықтары облысында революция өнімдерді өндіру өндірісінің көлемінің өсуімен ғана өлшенді, артық қалғандарын жер иелері қала тұрғындарын асырауға жұмсады. Өндірістік революцияда да шикізат өндірісі мен өндірістік тауарлардың көлемінің өсуімен ғана өлшенді. Экологиялық революцияның жеңіске жетуін былай бағалауға болады, яғни ол адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының дені сау, тұрақты өмір сүру жағдайларымен сипатталатын қоғамның тұрақты дамуы қамтамасыз етуі тиіс.
Тұрақты даму концепциясы экологиялық, экономикалық және басқа да социалды процестерді біріктіріп қарастырады. Бұл концепция халықтың санының өсуін, адамдардың өз қажеттіліктерін ақылмен шешуін, экологиялық мәдениеттілік пен этиканы реттеу мүмкіндіктеріне негізделген.






