Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Оқушылар сызба бойынша бүтін және бөлік ұғымдарымен танысады­. Оқушылар сызбаға сүйеніп теңдіктің белгісіз­ бөлігін табады. Сабақ сызба бойынша “есеп” шығаруға, теңдеу шешуге дайындық болып табылады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға құрылыс ала­ ңына саяхат жасауды ұсыныңыз. Олармен құрылыс­ туралы әңгіме жүргізіңіз. Оқушылардан ғимарат­­ тардың қалай салынатынын және құрылыста жұмыс істейтін мамандар туралы, өздерін құрылысшы ретінде елестетуін сұраңыз. Ол үшін конструктор бөлшектерінен қақпа құрастырып­ жинауды тап­ сырыңыз. Егер сабақта конструкторды­ қолдану мүмкін болмаса, қатты қағаз жолақ­тарын қолданыңыз.

Топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Үй жобасының­ суретін көрсетіңіз. Оқушыларға сәулетшi үйдің жанынан ұзындығы 20 см болатын қоршау­ тұрғызуды жоспарлағанын айтыңыз.Қоршаудың бір бөлігі конструктор бөліктерінен­ жасалып, әр топқа дайындап беріледі. Оқушыларға­ қоршаудың осы бөлігін сызғышпен өлшеп, ұзындығын анықтауды ұсыныңыз (қоршаудың белгілі бөлігінің ұзындығы­ 11 см). Қоршаудың белгісіз бөлігінің ұзын­ дығын табу керек. Оқушыларға тапсырманы жобадан ауытқымай,­ өлшемді өзгертпей орындау керектігін айтыңыз. Қоршаудың бүтін бөлігінің ұзындығы 20 см болады. Тапсырманы түсіндіріңіз. Сызбаның бүтінін және бөліктерін көрсетіп түсіндіріңіз. Сызбаның астында белгісіз саны бар теңдік жазылады:

11 + ☐ = 20.

Оқушылардың міндеті — топта ақылдасып, қор­ шаудың ұзындығын табу. Тапсырманы белгісіз­ санды таңдау әдісі бойынша тиісті өлшеу жұмыстарын­ жүр­ гізу арқылы орындайды.

Оқушылардың ұсыныстарын тыңдаңыз. Тапсыр­ маның шешу жолдарын жазып отырыңыз.

Теңдік бүтін мен бөліктерден тұрады деген қорытындыға келтіріңіз. Белгісізі бар теңдік белгілі бөліктен, белгісіз бөліктен және бүтіннен тұрады. Санды теңдікті сызбамен көрсетуге болады.

Құрылысқа саяхат. Оқушыларға оқулықтағы құрылыс материалдары бейнеленген суретке қарап шығуды ұсыныңыз. Әр сурет бойынша бүтін мен бөліктерді тауып теңдік құрастыруды тапсырыңыз. “Б” әрпімен белгіленген тапсырманы талдаңыз. Суреттегі құбырлардың бір бөлігі мәшиненің қорабында­ екені көрсетілген. Оқушыларға қораптағы­ құбыр санын анықтауды тапсырыңыз.

Қорытынды жасаңыз: 5 + ☐ = 7 теңдігі бір белгісіз және бір белгілі бөліктерден тұрады.

5 — бұл белгілі бөлігі. ☐ — бұл белгісіз бөлігі. 7 — бұл бүтін.

Жауабы:

а) 8 + 7 = 15, 8 — бөлік, 7 — бөлік, 15 — бүтін; ә) 3 + 6 = 9, 3 — бөлік, 6 — бөлік, 9 — бүтін; б) 5 + ☐ = 7, 5 — бөлік, ☐ — бөлік, 7 — бүтін;

5 + 2 = 7, 5 — бөлік, 2 — бөлік, 7 — бүтін.

Құрылыста. Берілген тапсырма есептерді шығару­ тақырыбына дайындық болады.

 

Оқушыларға тапсырма мәтінін оқып шығуды тап­ сырыңыз. Олардан мәтін мазмұнын қалай түсін­генін сұраңыз.

Сұрақтар қойыңыз:

 

— Салынып жатқан үйдің биіктігі қандай болады? (9 қабатты). Бұл — бүтін.

 

— Үйдің қандай бөлігі салынып біткен? (5 қабаты.) Бұл — белгілі бөлік.

— Әлі неше қабатын салу керек? Бұл — белгісіз бөлігі.

Оқушыларға жұмысты жұппен орындауды ұсы­ны­­ ңыз. Олардың міндеті — белгісізі бар теңдік құрасты­­ рып, белгісіздің мәнін табу. Оқушылардың жұмысты ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазып орындауына болады.Жауабы:

5 + ☐ = 9;

 

5 + 4 = 9.

 

Шығарып көр. Тапсырманы бүкіл сыныпты қатыстырып орындаудан бастаңыз. Тапсырманың мәтініндегі­ мазмұнын талдап, белгілі бөлікті, белгісіз бөлікті және бүтінді табуды тапсырыңыз. Тап­сырманы әрі қарай жұппен жалғастырып шығаруды­ ұсыныңыз. Олар белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіздің мәнін табады.

 

Жауабы:

 

☐ + 6 = 17; 11 + 6 = 17.

 

Орындап көр. Оқушылар сызба бойынша теңдіктер құрастырады.

Оқушылармен талдаңыз:

— сызбаның қандай бөлігі белгілі?

— Қандай бөлігі белгісіз?

— Бүтінін анықта.

 

Тапсырманы топта талдап, қорытындылауға мүм­ кіндік беріңіз. Оқушылар жұмысты ламинатталған қағаз парақтары­на­ маркермен жазып орындауына болады. Соңынан жазғандарын сыныпқа көрсетіп, өзара тексереді.

 

Жауабы:        

а) 8 + ☐ = 20; ә) ☐ + 8 = 18;

8 + 12 = 20. 10 + 8 = 18.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 297 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2332 - | 2141 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.