Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Оқушыларды кеңістікте заттардың орналасуы мен арақашықтығын бағдарлауда қолданылатын сөздермен таныстыру. Алдында — артында, оң жағы

 

— сол жағы, жоғарыда — төменде, қатарында — ортасында, үстінде — астында, ішінде — сыртында сөздерін пайдалана отырып, тәжірибе жүзінде қоршаған ортадағы заттар мен өздерінің тұрған орындарын бағдарлай білуге жаттықтыру.

 

Кіріспе тапсырма. Сабақты заттардың орна­ласуы мен бағытын көрсететін сөзді және сөз тіркесін тәжірибе арқылы түсіндіруден бастаңыз. Ойыншықтарды (қуыршақ, ойыншық жануарлар және т. б.) орналастыру арқылы сабақтың мақсатында қолданылған сөздермен байланыстыра отырып, сөз тіркестерін айтыңыз. Оқушыларға тапсырмалар түрін ұсынып, тиісті сөздерді кімнің қаншалықты білетінін анықтаңыз.

Тапсырма:

қаламды алып партаның үстіне қойыңдар;

 

қаламның оң жағына сары түсті қарындашты қойыңдар;

сол жағына жасыл түсті қарындашты қойыңдар;

сары түсті қарындаштың жоғары жағына сызғышты орналастыр;

жасыл түсті қарындаштың төменгі жағына өшіргішті орналастыр;

сары және жасыл түсті қарындаштың ортасына қоңыр түсті қарындашты қой.

Осы тапсырманы орындата отырып, оқушының кеңістікті бағдарлауын анықтап алыңыз.

Оқушылардың орнынан тұруын сұраңыз. Өлең жолындағы сөздерге қарай қимылдар жасатыңыз.

Солға, солға, түзу тұр, Оңға, оңға, түзу тұр, Алға қарай бір қадам, Артқа қарай бір қадам, Жоғары-төмен қараймыз.

Орнымызды табамыз. (Оң мен солын анықтай алмаған оқушылармен жеке жұмыс жүргізіңіз).

Қағазбен жеке жұмыс түрін ұйымдастырыңыз. Олардан бір бет қағаздың ортасына нүкте қоюды сұраңыз. Ол нүктені өзінің атының бір әрпін жазып белгілетіңіз. Оқушыларға мынадай әрекеттерді орындауды тапсырыңыз:

— Нүктенің сол жағынан тағы бір нүкте белгілеуін сұраңыз. Ол нүктені өзінің сол жағында отырған оқушының атымен немесе өзінің сол жағында орналасқан кез келген бір заттың атының бас әрпімен белгілеуді тапсырыңыз.

— Нүктенің астыңғы жағынан тағы бір нүкте белгілеуді ұсыныңыз. Ол нүктені оқушыға өзінің артындағы оқушының немесе заттың атымен белгі­ летіңіз. Осылай оң жақ, алдыңғы жақ, бір қатарда

 

сөздерімен нүктелерді белгілеп, заттардың орналасу ретін көрсететін өз қартасын жасап шығарады. Бірнеше оқушыға өзінің жазғанын түсіндіріп, айтып беруін сұраңыз. Ал қалған оқушыларға оның жауабын тексеріп отыруын тапсырыңыз.

 

Осындай әртүрлі іс-әрекеттерді жасап болған соң біздің айналамыздағы заттардың орналасуы туралы сөздерді дұрыс қолданып айтатын болсақ, кез келген адам қай зат туралы айтып тұрғанымызды дұрыс түсініп, оны таба алатынын айтып қорытындылаңыз.

Балықшылар. Оқулықтағы иллюстрация бойынша заттардың орналасуын айтқызыңыз. Оқушыларға сұрақтар қойып, сурет бойынша сөйлетіңіз, мысалы:

 

       Сол жақта томардың үстінде не отыр? Оң жақта

 

ше?

       Жоғарыда нелер көрінеді?

       Ағаштың түбіндегі затты ата.

       Жоғарыда сол жақ бұрышта не көрінеді? Оң жақта ше?

 

       Төменде оң жақта не отыр?

       Ағаштың үстінде не бар?

 

Шығарып көр. Бұл тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындатыңыз. Оқушыларға тапсырмамен танысуды, орындау кезеңдерін бөлуді және рөлдерінөз іштерінде бөліп алуды ұсыныңыз. Топтың әрбір мүшесіне төрт заттың біреуінің суреттің ортасындағы затқа қарағанда қалай орналасқанын анықтауды тапсыруыңызға болады. Осылайша, әрбір оқушы тыңдаушының да, сөйлеушінің де рөлінде болады. Берілген тапсырманы деңгейлік тапсырмаға айнал­ дыру үшін қосымша екі сұрақ ұсыныңыз. Ол сұрақтар ортадағы затқа қарағанда басқа заттардың орналасу бағыты өзгеретіндей сұрақтар беру керек. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың қайсысы бағытты жақсы анықтай білетінін, ал кімге көмек пен қолдау қажеттігіне назар аударыңыз.

Орындап көр. Тапсырманы жеке немесе топпен орындатуыңызға болады. Жеке орындаса, әрбір оқушы өзі отырған жерден құлтемірдің есікке дейін жүру бағытын көрсететін нұсқаулық жазады. Нұсқаулықта бүгінгі сабақта қарастырылып жатқан сөздерді пайдалану керектігін ескертіңіз. Мысалы: алға қарай 3 адым, солға қарай бір адым т.с.с. Өз нұсқаулығы бойынша жанындағы көршісін есікке дейін бағыттап жүргізеді. Құлтемір рөліндегі оқушының көзі байланады.

 

Егер жұмысты топпен орындатсаңыз, әр топтан бір оқушыны құлтемір рөліне қойыңыз. Ол оқушының алдын ала тұратын жерін белгілеп қойыңыз. Қалған оқушылар құлтемірдің есікке дейін жүру нұсқаулығын жасайды. Оқушыларға құрастырған нұсқаулықты ретімен оқытыңыз. Ол нұсқаулыққа сүйеніп қимылдар жасайды. Қай топтың құлтемірі есікке дұрыс, ештеңеге соғылмай жетсе, сол топ жеңімпаз атанады.

 

Ойлан. Тапсырманы әр оқушыға жеке орында­-тып, өз көршісімен бірге тексеруді ұсыныңыз. Осындай сөйлемді бірнеше оқушыға өз көршілерімен бірлесіп, құрастыртуға болады.

 

Жауабы:

көжек қонжықтың оң жағында отырады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 241 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4182 - | 4016 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.