Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Қисық сызық көптеген нүктеден тұрады. Оны сызу үшін сызу құралдары қажет емес. Егер бастапқы және соңғы нүктелері сәйкес келсе, онда мұндай қисықты тұйықталған деп атайды, егер сәйкес келмесе — тұйықталмаған.

Кіріспе тапсырма. Геометриялық түсініктерді қай­талау­ үшін оқушыларға топтық жұмыс ұсыныңыз. Ол үшін әр топқа нүктелер, сызықтар, кесінділер, жазық­ фигу­ралар­ бейнеленген парақшаларды таратыңыз­ және оқушыларға сызықтардың көмегімен (оқушыларға­ бұл сызықтарды қызыл түсті қарындашпен сызуды ұсыныңыз) геометриялық фигураларды топ­қа бөлуді сұраңыз. Содан соң оқушылардан неше геометриялық­ фигуралар тобы пайда болғанын және оның себебін түсіндіріп берулерін ұсыныңыз. Нүк­телер, сызықтар, фигуралар — барлығы 3 топ, бірақ оқушы­лар­ бұдан да артық топтарға бөлуі мүмкін. Мұндай жағдайда­ олардан өз әрекеттерін түсіндіруді сұраңыз. Бұл жағдайда топ саны міндетті емес. Геометриялық фигура­ларды­ бір-бірінен бөліп тұрған қызыл сызықтарға оқушылардың мұқият қарауын ұсыныңыз. Оқушылардан олардың қандай ұқсастығы бар екенін сұраңыз. (Олар қисық сызықтар.) Олардан күнделікті өмірде қисық сызықтарды қайда көргендерін еске түсіруін ұсыныңыз.

 

Оқушылардан сыныптың бос жеріне жиналуын сұраңыз. Еденге әртүрлі заттар қойыңыз. (Олар орын­ дықтар, кегли және т.б. болуы мүмкін.) Сыныпты төрт топқа бөліңіз. Әр топқа жолдың басын нүктемен бел­ гілеп көрсетіп, жіп орамдарын таратып, кедер­гілердің айналасына жол салып, қайтадан өз орындарына­ оралуын ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болған соң оқушылардан жіппен қандай сызықтар салғанын сұраңыз. Олардың жолы бір нүктеден басталып, сол нүктемен­ тұйықталғанына көңіл аударыңыз. Оқушыларға­ мұндай сызықтың қисық тұйықталған сызық екенін хабарлаңыз. Оқулықтағы ережемен таныстыра отырып,­ өз тұжырымыңызды дәлелдеңіз­. Тұйықталмаған және тұйықталған сызықтармен­ осы

тәріздес жұмыс жүргізіңіз.

 

Қисық сызықтарды тап. Оқушыларға тапсыр­ маны жұпта орындауды ұсыныңыз. Қисық сызықтардың көмегімен қандай суреттер бейнеленгенін талқылауды сұраңыз. Олар тұйықталған ба, әлде тұйықталмаған ба? Осы суреттерді тақтада көрсетіңіз, содан соң қисық сызықтарды­ көрсетуге әр топтан бір оқушы шығарыңыз.

 

Жауабы:

көл, бұлт, көгершін, жазық фигуралар (үшбұрыш,­ тіктөртбұрыш, шаршы)

 

Көмектес. Жұптағы оқушылардан қажет жол­ ды тапқан соң шыққан жауаптарын салыстыру үшін көршілеріне бұрылып, басқа жұп құруын сұраңыз­. Содан кейін жауаптары сәйкес келген жұптар қолын жоғары көтереді.Жауабы:

 

жол — тұйықталған қисық. Кеңістіктік фигуралары

 

— шар, пирамида, куб.

 

Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар.

 

Тапсырмамен өз бетінше танысуды ұсыныңыз. Оқу­ шылардан түсі қандай сызықтарды көріп тұрған­ын­ сұраңыз. Қағазға тұйықталмаған сызық түстерінің­ алғашқы әріптерін жазуды және қағазды жоғары көтеруді сұраңыз, содан соң тұйықталған сызық­ тармен де осы тәріздес жұмыс жүргізіңіз. Егер түсініспеушілік болып жатса, кейбір оқушылардан өз таңдауын түсіндіріп беруді сұраңыз.

Жауабы:

күлгін — тұйықталған. Көгілдір — тұйықталмаған­.

Шығарып көр. Оқушыларға алдымен қисық сызық­ тарды санауды, ал кейін өз жауаптарын жұпта тексеруді ұсыныңыз. Тапсырманы тақтаға іліп қойыңыз, тақтаға қисық сызықтарды көрсетемін­ деген оқушыларды шығарыңыз.

Жауабы:

үш қисық: көгілдір, қызыл, жасыл.

Орындап көр. Сыныпта талқылау ұйымдастыры­ ңыз, оқушылардан өз көзқарасын дәлелдеп беруді, қай сандар қисық сызықтармен көрсетілгенін сұраңыз. Ал әріптер ше

Жауабы:

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Оқушыларды сызықтар сипаттамасында “тұйық­­ талған сызық, тұйықталмаған сызық” тірек сөздерін­ қолдануға жаттықтырыңыз. Оқушылардан­ сызық­ тардың неліктен тұйықталған және тұйықталмаған­ деп аталатынын түсіндіріп беруін сұраңыз.

 

Қисық сызықтарды тап. Оқушыларға тапсыр­ маны өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Тапсырма­ ны тексеруді сергіту сәтімен байланыс­тырыңыз­. Оқушыларға тұйықталмаған сызықты қолдарын­ екі жаққа ашып, ал тұйықталған сызықтарды қолдарын­ қапсыра ұстап жауып көрсетуді ұсыныңыз.

Жауабы:

таулар — тұйықталмаған қисық, өрмек, тоған — тұйықталған қисықтар.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

 

Басқа сызықтардан қисық сызықтарды ажыратады­.

 

Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата алады.

 

Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды қағазда бейнелей алады.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

— қисық сызықты бейнелеу үшін сызғыш керек пе?

— Қисық сызықтың басы мен аяғы бар ма? Мыналарды сызып көрсетуді сұраңыз:

а) тұйықталмаған­ қисық сызықты; ә) тұйықталған қисық сызықты.

 

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

 

             


 

Сабақ тақырыбы:

Түзу. Кесінді. Сынық сызық

Күні:15.05

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

геометриялық фигуралар (нүкте, түзу, қисықтар, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) туралы түсінігі болады және оларды ажырата біледі.

 

 

берілген ұзындық бойынша кесінді сызады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Түзу. Кесінді. Сынық сызық

Тірек сөздер

түзу;

 

кесінді; тұйықталған сынық сызық;

 

тұйықталмаған сынық сызық.

Сабақтың мақсаты:

жіп;

 

екі қыстырғыш;

 

әр жұпқа А4 қағаздары;

 

әрбір оқушыға жез немесе алюминий сымдары­ның­ бөліктері.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 454 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3005 - | 2791 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.