Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа байланысты деректі материалдар




Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Екі элементтен комбинациялау деп берілген элементтер жиынынан әртүрлі екі элементтен тұ­ ратын бірнеше нұсқадағы комбинациялар құруды­ айтады.

Кіріспе тапсырма. Сабақты “күн мен түн” ойынынан бастаңыз. Ойынға үш ойыншы қатысады. Олар орындықтарға отырады, ал орындықтарға түрлі түсті стикер бекітіңіз. Жүргізушінің “Күн!” деген бұйрығы бойынша оқушылар орнынан тұрып, орындықты айнала қозғалады. Жүргізушінің “Түн!” деген бұйрығы бойынша олар орындыққа қайта отыруы керек. Мұнда өзі отырған орындығына бір-ақ рет отыру керек деген шарт қойылады. Қалған оқушылардың барлығы қойылған шарттың орындалуын бақылайды. Ойын барлық отырудың мүмкін нұсқалары байқалмайынша жалғаса береді. Барлығы неше нұсқа болатындығын сұраңыз.

Жауабы:

үш нұсқа.

Оқушыларға “Түсті тап” ойынын ойнатыңыз. Әр оқушы үшін қағаз парағын дайындаңыз. Оқушыларға қорапта үш түрлі — қызыл, жасыл және көк түсті текшелер бар екенін айтыңыз. Олар мұнара түрінде жиналған. Сәйкес келетін түсті шаршылардантекшелер құрастырып, мұнараның суретін салуды ұсыныңыз. Сосын қораптан текшелерді біртіндеп алып шығыңыз. Текшелердің түсін тура тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

Оқушылар текшелерден қанша мұнара құрас­ тырса да, салынған суреттердің арасынан оған ұқсас сурет үнемі табылып, сен әрқашан жеңімпаз боласың.

Жауабы:

қызыл, жасыл, көк қызыл, көк, жасыл; көк, жасыл, қызыл; көк, қызыл, жасыл; жасыл, көк, қызыл; жасыл, қызыл, көк.

Оқушыларды топқа бөліңіз. Топта пікір алмаса отырып,­ барлық нұсқаның суретін салуды ұсыныңыз.

Оқушылардан қазір немен айналысқанын сұраңыз­

(текшелердің орнын ауыстырды). Оқушыларға­ мұның комбинациялау деп аталатынын айтыңыз.

Оларды оқулықтағы ережемен таныстырыңыз.

Сүйікті ойыншықтар. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді ұсыныңыз. Бірнеше жұптан сұрап шы­ ғыңыз­. Қалған оқушылардан жолдастарының жауап­­­ тарымен келісетінін (келіспейтінін) сұраңыз.

Жауабы:

қуыршақ пен доп, қуыршақ пен пирамида, пирамида мен доп.

Фотосуреттер. Мұратта үш фотосурет бар. Ол фотосуреттерді­ альбомға­ қалай орналастырады? Тапсырманы орындауды­ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырыңыз. Топтың­ әр мүшесі өз нұсқасымен­ топтың жұмысын толықтырып­ отыруы керек. Оқу­ шылардан тағы да қандай­ нұсқалар барын сұраңыз­.

Жауабы:

а) ұл; ә) ит;

б) мысық; в) ұл; г) ит; ғ) мысық.

Жаңа киім. Оқушылармен топтық жұмыс істеуін ұйымдастырыңыз­. Бірінші топқа барлық комбина­­ циялар­ нұсқасын табу үшін зерттеу жүргізуге арнал­ ған көгілдір мен қызғылт шаршы және көгілдір мен қызғылт дөңгелектерді ұсыныңыз.

Екінші топқа екі топтаманы ұсыныңыз: бір түсті баскиім мен мойынорағыш (оқушылардан сұраңыз). Үшінші А4 пішімдегі параққа барлық нұсқаның суре­ тін салуды ұсыныңыз. Төртінші топқа баскиім мен мойынорағыш суреті салынған қағаз беріңіз. Оларға комбинациялауға болатын нұсқаларды сызықтармен қосуды ұсы­ны­ңыз. Тапсырманы орындаған соң алынған нәтижені салыстырып, қанша нұсқа шыққанын сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Оқушылар заттардың орналасуынан шыққан барлық­ нұсқада алынған заттарды комбинациялау сөзінің­ мағынасын түсінуі керек. Оқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Оқушылардан сыныптың бос жеріне­ шығып, жұп құрауды ұсыныңыз. Бір жүргізу­шіні­ таңдаңыз. Оқушыларды жұппен тұрғы­ зыңыз. Жұптар­ қозғалып жүруі керек. Жүргізуші “комбинациялау” деп дауыстап айтқанда жұптар орындарын­ ауыстырып, жаңа жұптар құрастырылады­. Ең соңғы жұп ойыннан шығады.

Шарлар. Оқушылардан нені орындау қажетекенін сұраңыз. Қандай түсті қарындашты пайдалануға болатынын еске түсіріңіз. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау арқылы сабақ барысында алған білім, білік, дағдыларын бекітеді.

Жауабы:

жасыл, қызыл; қызыл, жасыл; екі қызыл; екі жасыл.

Жеміс. Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау арқылы сабақ барысында алған білім, білік, дағдыларын бекітеді.

Жауабы:

алма, алмұрт, банан; алмұрт, банан, алма; банан, алма, алмұрт; алма, банан, алмұрт; алмұрт, алма, банан; банан, алмұрт, алма.

 

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды комбинациялауды;

алған нұсқаларды есептеуді меңгереді.

Оқушылар сабақты меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:

— комбинациялау деген не?

— Өмірде заттардың комбинациясын көрдіңдер ме?

— Комбинациялауды не үшін пайдаланады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

           


 

Сабақ тақырыбы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 545 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

3925 - | 3915 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.