Поиск: Рекомендуем: Почему я выбрал профессую экономистаПочему одни успешнее, чем другие Периферийные устройства ЭВМ Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки) Категории: АстрономияБиология География Другие языки Интернет Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Механика Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Транспорт Физика Философия Финансы Химия Экология Экономика Электроника |
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Сабаққа қатысты деректі материалдар
Оқушылар торкөзді бетте бағдарлай білуге үйренеді және жазық геометриялық фигураларды салады. Бұл сабақ қағазға фигураларды салуға алдын ала дайындық болып табылады.
Кіріспе тапсырма. Сызықтар және жазық геометриялық фигуралар туралы білімдерін жаңғырту үшін мынадай жұмыс жүргізіңіз. Сыныпты топтар ға бөліңіз. Әрбір топқа жіптің бір бөлігін таратып беріңіз. Оқушыларға оның көмегімен қисық және сынық сызықтарды көрсетуді сұраңыз. Біз түзу және қисық сызықтардың ұзындықтарын өлшей аламыз ба? Жауаптарын түсіндіруді сұраңыз. Содан кейін жіпте екі түйіншек түйіңіз де, жіпті әр жаққа тартуды ұсыныңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: — Қандай фигура алдыңдар? (Кесінді.) — Сендер қалай ойлайсыңдар, неге оны кесінді деп атайды?
Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және тап сырманы жалғастырыңыз. Осы түйіншектері бар жіптің көмегімен қисық сызықты көрсетуді сұраңыз.
Түйіншектер арасындағы жіптің бөлігін нұсқап, мына сұрақты қойыңыз:
— Сендер бұл фигураны қалай атар едіңдер? (Қисықтың кесіндісі.) Неліктен? — Біз түзудің кесіндісінің және қисық сызықтың кесіндісінің ұзындығын өлшей аламыз ба? Сендер қалай ойлайсыңдар? Неліктен?
Кесіндінің ұштары болғандықтан өлшеуге бола ды деген қорытындыға келтіріңіз. Содан кейін тапсырманы жалғастырыңыз. Жіптен тіктөртбұрыш құрастыруды сұраңыз. Төрт оқушы жіптің ұштарын байлап және оны төрт жерден ұстап тұра алады. Сосын оларға мына сұрақты қойыңыз: “Неліктен сендер тіктөртбұрыш құрастырдық деп ойладыңдар?”
Оқушылар тіктөрбұрыштың қабырғаларының қасиеттері туралы білімдерін жаңғыртып, тіктөрт бұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең деген шартты орындағандарына көздерін жеткізе алады.
Осы сияқты жұмыстарды шаршы мен үшбұрышты құрастыру үшін де орындаңыз. Оқушылар тік төртбұрыштың бұрыштары тік бұрыш екенін біл мейтін болғандықтан (“тік бұрыш” ұғымы әлі енгі зілген жоқ), олар параллелограмм немесе ромб құрастырып қоюлары мүмкін. Ондай жағдайда түзету жұмыстарын өткізіңіз. Қатырма қағаздан жасалған бірдей шаршыларға бөлінген тіктөртбұрыштың үлгі сін көрсетіңіз.
Торкөздер фигураның қисайып кетпеуін бақы лауға мүмкіндік беретіндіктен, торкөзді қағазға тік төртбұрышты салу ыңғайлы екенін айтыңыз. Тіктөрт бұрыштың үлгісін тіктөртбұрыштың, шаршының үстіне салып фигуралардың қисаюын тексеріп көруге болады. Оқушыларды орындары бойынша қозғап, фигураны түзетіңіз.
Егер тапсырманы деңгейлік тапсырма үшін қиын дату керек болса, үшбұрышты құрастыру кезінде: тіктөртбұрыштың жартысын; шаршының жартысын, яғни үшбұрышты сызуды ұсыныңыз.
Тапсырманың дұрыс орындалғанын қатты қағаздан жасалған үлгіні тік бұрышқа қойып тексеріп көріңіз.
Оқушыларға сабақта кесіндінің ұзындығын өл шейтінін және жазық фигураларды құрастыратынын хабарлаңыз.
Сызып көр. Тапсырманы орындату кезіндедәптердің торкөздерін пайдаланып берілген фигу раларға тең фигуралар сызуды тапсырыңыз. Әр оқушы жеке орындауы тиіс. Себебі әр оқушы фигу раны сызып үйренуі тиіс. Оқушыларға геометриялық фигураларды сызуды дәптер торкөздерін санау арқылы немесе үлгіні басшылыққа алып орындауды ұсыныңыз. Өзіңіз интерактивті тақтада салып көрсетіңіз. (Интерактивті тақта болмаған жағдайда тақтаға торкөздерді алдын ала сызып дайындап қойып, сонда көрсетуіңізге болады.) | Тышқанның іні. Берілген тапсырмада тышқанның ініне баратын барлық жолдардың ұзынды ғын өлшеп, олардың ішінен ең қысқасын анықтау керек. Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар ұзындықты өлшейді де, оларға қандай ұзындықтағы кесінді сызу қажет тігін бірлесе шешеді. Дұрыс не қате сызғанын өзара тексеру арқылы анықтайды. Орындап көр айдарымен берілген тапсырмадаәр екі нүктені кесіндімен қосу арқылы неше үш бұрыш алуға болатынын тапқызыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылардың әр жұбына тіктөртбұрыштар сызылған бірдей парақтар тара тып беріңіз. Тапсырмаларды нұсқаулық бойынша тізбектеп орындауды сұраңыз. Орындап болған соң әр жұпқа өз парақтарын тақтаға ілуді сұраңыз. Бұдан олар бірдей фигуралардан жаңадан әртүрлі фигуралар құрастыруға болатынын көреді. Деңгей лік тапсырма ретінде оқушыларға торкөзді қағаздан қиып алынған үшбұрыштардан құрастырылған жаңа фигураларды салуды ұсынуға болады. Бұл тапсырма қабілеті жоғары оқушыларға беріледі.
Фигураларды сыз. Оқушыларға фигураларсалуды торкөздерге бөлінген бөліктерде орындату арқылы жаттықтырыңыз. Егер фигураларды салуды а)-дан ғ)-ға дейін орындаса, онда бұл қарапайымнан күрделіге қарай орындау болып саналады. Сондық тан тапсырманы жеке немесе жұппен орындау кезінде фигураны оқушылардың дайындықтарына қарай бөлуіңізге болады. Егер бұл тапсырманы топпен орындаса, онда жұмысты жарыс түрінде ұйымдастыруға болады: топтар фигураны сызады, оны қиып алады. Оларға топтың атын жазады және дұрыстығын тексереді. Тексеру үшін тақтаға оқушылардың қолындағыдай фигураның үлгісін бекітіңіз. Оқушылар тақтаға келіп, қиып алынған фигураны үлгіге қойып тексереді. Егер дәл келсе, жасағандары дұрыс деп есептеліп, топ ұпай алады. Қиып алынған фигураға топтың аты жазылып, тақтаға ілінеді. Осы сияқты жұмысты әр фигурамен жасатыңыз. Жарыстың нәтижесін тақтаға ілінген фигуралар санына және әрбір топтың тапсырманы орындау жылдамдығына қарай қорытындылауға болады.
| |||||
Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав Поиск на сайте: Лучшие изречения: Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10
© Неизвестно |