Кіріспе тапсырма. Сабақты “Домино” ойыныменбастаңыз. Сынып оқушыларын топтарға бөліңіз. Топтарға әртүрлі геометриялық фигура түрлері, өлшемдері және түстері (үшбұрыштар, шаршылар, дөңгелектер және тіктөртбұрыштар) бойынша арнайыжасалған домино тастарын таратып беріңіз. Бұл фигуралардың кескінделуі бойынша оқушылар ойын барысында сабақтың тірек сөздерін қолдануы тиіс. Оқушылар ойын барысында домино тастарын түскен доминоға бірдей жұп табылатындай етіп орналастыру керек, оларды кішілігіне, жуан—жіңішкелігіне, ұзын— қысқалығына қарай жинайды. Бірдей фигураларды көз мөлшерімен салыстырып (үлкен — кішілігіне, жуан — жіңішкелігіне, биік —аласалығына) қойылу ретін анықтайды. Сыныпты аралап, оқушылардың тапсырманы талдауын тыңдаңыз. Қай топтағы оқушылардың барлығы тапсырманы талдауға түгел қатысқанын бақылаңыз. Оқушылардың ой-пікірін тыңдап, қорытындылаңыз.
Домино тастарын жинауды аяқтап, қорытынды жасаған соң, әртүрлі белгілеріне қарай сынып тағы, қоршаған ортадағы заттарды жуан—жіңішке, үлкен—кіші, кең—тар белгілеріне қарай сипаттап салыстыртыңыз. Фигураларды салыстыру дағдысын оқулықтағы “Жолақтарды салыстыр” тапсырмасын орындаумен бекіте түсіңіз.
Жолақтарды салыстыр. Бұл тапсырмада жолақ тардың бір-бірінен қандай айырмашылығы барын және олардың орналасуын анықтатыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Берілген сұраққа оқулықтағы сөздер мен суретті байланыстыра отырып, жұппен ақылдасып жауап беруді ұсыныңыз.
Жауабы:
оқушылардың жауаптары мынадай болуы мүмкін:
қызыл жолақ жіңішке, ол жоғарыда тұр;
жасыл мен көк жолаққа қарағанда ұзын;
жасыл жолақ жуан (жалпақ), ол қызыл жолақтан төмен тұр;
көк жолақ жасылдан жіңішке және ұзын;
көк жолақ қызыл жолақтан жуан (жалпақ) және қысқа т.с.с.







