Лекции.Орг


Поиск:




Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Нүктелі қағаз — 1-сынып оқушысының жазық фигураларды­ салуына арналған құрал. Ол нүктелі жазықтық болып табылады, ондағы нүктелер бірінің астына бірі баған және жол түрінде орналасады. Оқу­ шылар осындай қағазда бұрыштары тік фигураларды­ қиналмай сала алады. Бұл сабақта қатар тұрған көршілес екі нүктенің арақашықтығы 1 сантиметрге тең қағаз қолданылады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай жұмысұсыныңыз. Қазір олардың нүктелі қағазға тік­төрт­ бұрыш салатынын хабарлаңыз. Орындап болған­ соң барлығына қағаздарын жоғары көтеруді және оларда бірдей фигуралардың шыққан-шықпағанын салыс­ тыруды сұраңыз. Яғни, сан туралы ешқандай мәлімет берілмегендіктен, оларда қабырғалары әртүрлі тіктөртбұрыштар шығуы мүмкін. Неге бұлай шыққанын­ сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Содан соң әңгіме жүргізіп, бірдей нәтиже алу үшін ортақ нұсқаулық қажет деген тұжырымға әкеліңіз.

 

Бүгін олар нүктелер арқылы фигураны сызаты­ нын, яғни нүктелі қағазбен жұмыс істейтінін хабар­ лаңыз. Оқушыларға нақты көлемдегі фигураларды салу үшін нүктелерді санап, бағыттарды анықтап алу керек. Тақтаға нүктелі торды іліп, фигуралардың­ құрылымын анимация түрінде көрсетіңіз. Өлшемдері әртүрлі бірнеше тіктөртбұрыштарды көрсетіңіз. Фигураларды салыстыруды ұсыныңыз,­ олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтатыңыз­. Осылайша шаршылармен және үшбұрыштармен­ жұмыс жүргізіңіз. Оқулық пен дәптерде берілген тапсыр­маларды­ орындата отырып, сабақтың тақы­ рыбын бекітіңіз.

 

Нүктелі қағазға тіктөртбұрыш сал. Нұсқаулық­ты ретімен орындай отырып, оқушылар нүктелі­ қағаз­ да тіктөртбұрышты сызуды үйренеді. Тапсырманы­ орындау барысында оқушылар тіктөртбұрыштың­ қабырғаларының қасиеттері туралы білімдерін­ нақтылай түседі. Бұл тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың біреуі тиісті нұсқаулықты ретімен айтып отырады. Екінші оқушы нүктелерді санайды және фигураларды салады. Кейін рөлдерімен ауысуды сұраңыз. Ол үшін шаршы салудың нұсқаулығы жазылған парақшаның біреуін таңдап алу қажет.

 

Нүктелі қағазға үшбұрыш сал. Оқушыларнұсқаулықты ретімен орындай отырып, нүктелі қағазда үшбұрыш сызуды үйренеді. Бұл тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың біреуі тиісті нұсқаулықты ретімен айтып отырады. Екінші оқушы­ нүктелерді санайды және фигураларды салу­ ды орындайды. Кейін рөлдерімен ауысуды сұраңыз­. Үшбұрыш салу үшін нұсқаулық жазылған парақшаның біреуін таңдап алу қажет.

Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшінтоптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Сыныптағы бір топ (сыныптың жартысы) тіктөртбұрышты салуға арналған нұсқаулықты жазса, екінші топ шаршы салуға арналған нұсқаулықты жазуы тиіс. Құрылған нұсқау­­ лықты парақшада безендіруді сұраңыз. Олардың тапсырманы дұрыс орындағанын тексеру үшін топтарға парақшалармен ауысуды және берілген өлшемдер арқылы фигураның дұрыс шығатынын тексеруді ұсыныңыз.

 

Нүктелі қағазға төмендегі фигураларды сы-зып көр. Бұл тапсырманы орындай отырып, оқу­шылар­ нүктелі қағазда фигураларды сызу дағдысын­ бекітеді. Тапсырмада нұсқаулық берілмейді, оқушы-лар өздігінен нүктелі қағазда шамамен, нүктелердіңарақашықтығын санайды және нақты фигураны алу үшін кесінділер қояды. Бұл тапсырманы түрлі форма­ да өткізуге болады: топпен, жұппен немесе жеке. Сондай-ақ мұны тексеру жұмысы ретінде ұсынуға болады: нүк­телі қағазда салынған фигураларды тақтаға бекітіп­ қойыңыз. Оқушылар тексеру кезінде өз фигура­ларын­ қиып, қағазда бекітілген фигураға беттестіру қажет. Егер фигуралар сәйкес келсе, онда ол дұрыс сызылған.

Ойлан. Оқушыларға жұптарымен бірігіп, беріл­ген нүктелер бойынша барлығы қанша тіктөртбұрыш­ салуға болатынын анықтауды ұсыныңыз.

 

Шаршы да тіктөртбұрыш деп есептелетінін.

 

Берілген нүктелердің тіктөртбұрыштардың бұрыштары екенін.

 

Барлық нүктені бір мезетте пайдалану міндетті емес екенін алдын ала айтып қою керек.

 

Жауабы:

 

6 тіктөртбұрыш.

 

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Сабақ барысында оқушылар талқылауға қатысып,­ тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Математикалық­ терминдерді немесе тірек сөздерді дұрыс айт­ пайтын оқушыларды бақылап, оларға түзетулер жасап отырыңыз. Терминдерді дұрыс қолдану мен нұсқаулықты түсіну оқушылардың математикалық тілін дамытатын болады.

 

Суреттегі фигураларға ұқсас фигураларды сызып көр. Тапсырма оқушының жеке орындауынаберілген. Нүктелі қағазда берілген фигураның қасы­ на сондай фигураны сызуы тиіс. Тапсырма сыныпта­ орындалған басқа тапсырмалардан өзгеше, фи­ гураларда қисық сызықтар бар, яғни фигураның бар­ лық қабырғалары бір-бірімен тік бұрыш жасап бай­ ланыспаған. Өйткені оқушылар нүктелі қағазда жақсы бағдарлай алады, нүктелерді нақты санай алады және берілген нүктеден дұрыс бағыттарды таңдап алады.

 

Құлтемір. Шығармашылық қабілетті дамытуға­арналған тапсырма. Оқушылар нүктелі қағазда­ тік­ төртбұрыштарды, шаршылар мен үшбұрыштарды­ сала отырып, құлтемірді сыза алады. Тапсырманы орындап болған соң жұмыстар көрмесін­ ұйымдастырыңыз. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын көреді және оларды­ салыстырады, осы ретте олардың айтқан пікір­лері сізге қалыптастырушы бағалауды жүргізуге көмектеседі.

 

Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бақылай отырып, олардың­ сабақтың тақырыбын, нүктелі қағазбен жұмыс істеу дағдыларының қаншалықты дамығанын анықтап,­ бағалай аласыз. Мұндай бақылау оқушы­­ лардың­ топта тапсырмаларды орындауға қатысуын, өздерінің­ жетістіктері мен мүмкіншіліктерін­ бағалау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді­. Сабақта үйренген дағдыларын орындалған жұмысына­ қарап бағалаңыз.

 

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

 

             


 

 

Сабақ тақырыбы:



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 355 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

1318 - | 1154 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.