Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Заттардың ұзындығын салыстыру нәтижесін “ар­ тық” және “кем” белгілері бойынша жазуға бола­ ды. Мысалы, 15 см > 13 см, 5 дм < 7 дм. Әртүрлі өлшемдермен­ берілген өлшеу нәтижесін салыс­ тырудың дәлелдемесі ретінде метрлік өлшем жүйесі қолданылады. Заттардың ұзындықтары бірдей өлшем­ бірліктермен берілгенде ұзындықты салыстыру үшін санның жазылуындағы ондықтардың саны бойынша­ салыстыру керек. Егер ондықтары бірдей болса, бірліктер саны бойынша салыстырылады. Шамалар әртүрлі өлшем бірліктермен берілген жағдайда­ олардың арасындағы байланысқа сүйеніп бірдей өлшем бірлікке келтіру арқылы салы­стыры­лады:­ 10 см = 1 дм, 1 дм = 10 см.Кіріспе тапсырма. Оқушыларғасыныпбөлмесінде орналасқан нысандарды зерттеуге ұсы­ныс жасаңыз. Ол үшін тапсырмалар жазылған парақшаларды дайындаңыз. Парақшаларда ұзындық­­тары метрлік сызғышпен өлшенетін екі нысанның аты жазылады. Сыныптағы заттар­дың­ ішінен оқушылар ойша салыс­ тыра алмайтындай­ заттарды таңдаңыз. Мысалы, пар­ таның ұзындығы мен ені, тақтаның ұзындығы және терезе­ жақтауының ұзындығы. Оқушыларға өлшеу нәтижелерін­ өздеріне таныс өлшем бірліктерімен, яғни сантиметрмен немесе дециметрмен­ жазуды ұсыныңыз. Өлшейтін заттың ұзындығы 20 см-ден артық болуы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылар өлшеу нәтижелерін дециметрмен жазады: 3 дм, 8 дм, 10 дм, 12 дм т.с.с.

Оқушының сызғышы (20 см), дециметрлік­ бөлік­ термен бөлінген метрлік сызғыш және сантиметрлік­ таспа дайындаңыз (100 см).

Оқушыларды топтарға бөліңіз. Әр топқа өзде­ ріне берілген парақшадағы нысан ұзындықтарын­ өлшетіп, салыстыртыңыз. Заттардың ұзындығын өлшеу барысында өткен сабақтағы екі таңбалы сандарды өлшеудің алгоритмін еске түсіруді ұсыныңыз. Оқушылардың жұмыстарын талдатыңыз. Заттардың ұзындығы туралы олардың­ ауызша жауаптарын тыңдаңыз. Сыныптағы нысандарды­ өлшеу нәтижелерін жазуды ұсыныңыз. Оны қалай істеуге болатынын сұраңыз. Салыстыру белгілерінің көмегімен қорытынды жасауды ұсыныңыз­.

Заттарды ұзындықтары бойынша “артық” және “кем” (> және <) белгілерін пайдаланып салыстыруға­ болатынын қорытындылатып, зерттеу жұмыстарын бекітіңіз.

 

Мысалы: 15 см > 13 см, 5 дм < 7 дм, 1 дм > 9 см, 14 см = 14 см.

 

Әуе шарымен саяхат. Оқушыларға қаланың үстінен­ әуе шарымен саяхат жасауға ұсыныс жасаңыз­. Әуеден, яғни жоғарыдан қарағанда үйлер, жолдар, мәшинелер қалай көрінетіні туралы әңгіме жүргізіңіз. Жергілікті жердің картасы және сұлбасын мысал ретінде көрсетіңіз. Егер мүмкіндік болса, жергілікті­ жердің ғарыштан түсірген суретін немесе интернет-картаны көрсетуіңізге болады.

 

Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқу­ лықта берілген суреттегі заттарды өлшеуді тапсы­­ рыңыз. Өлшеу жұмыстарының нәтижесін оқушылар­ санды теңсіздіктер түрінде ламинатталған қағаздарға жазып көрсетеді. Оқушылар өзара тексеру барысында­ осы беттерде жазылған мәліметтермен алмасып, танысады.

Жауабы:

а)    мұражайдың ені бизнес-орталықтың енінен артық;

ә) теміржолдың ұзындығы пойыздың ұзындығынан артық;

б) көпірдің ұзындығы екі бағдаршам арасын­дағы­ жолдың ұзындығынан кем.Шығарып көр. Тапсырманы орындамас бұрын кесіндінің ұзындығын қалай өлшеуді еске түсіріңіз. Сызғышпен жұмыс жасау ережесі туралы сұраңыз. Екі үйдің шатырының өлшемін қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы суреттерге­ қарап, үйлердің шатырын және қабырғасын­ салыстыруды тапсырыңыз. Салыстыруды санды теңсіздік түрінде жазуды ұсыныңыз.

Жауабы:

30 дм > 20 дм, көк үйдің шатырының ені қоңыр үйдің шатырының енінен артық.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Тірек сөздерді бекіту үшін ойын ұйымдастырыңыз. Сынып бөлмесінің периметрі бойымен салыстыру таңбалары жазылған парақшаларды­ орналастырыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Олардың әр жұбы сурет пен оның өлшеу нәтижесі жазылған парақшаның екеуін алады. Өлшеу нәтижелерін өзара салыстырған соң олар парақшаны­ тиісті белгінің астына орна­ ластырады да, тірек сөзді айтады.

Оқушылар сабақ соңында:

•      шамаларды өлшеудің нәтижелерін салыстыру

белгілерін пайдаланып жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз:

 

— заттарды ұзындығы бойынша салыстырған­да­ қандай белгілерді (таңбаларды) пайдаланады?

— Телефон сымының ұзындығы 22 дм, ал қалам­ саптың ұзындығы 23 см. Қай ұзындық артық? Санды теңсіздік құрастыр.

— Бөлмедегі кілемнің ұзындығы 30 дм, ал альбом парағының ұзындығы 30 см. Осы заттардың ұзын­ дығын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.

— Санды теңсіздіктер құрастырып, оларды са­ лыстырыңдар:­ 57 см және 59 см; 43 см және 34 см; 28 дм және 28 см.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

 

шамаларды өлшеудің нәтижелерін салыстыру

 

белглерін пайдаланып жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында сұрақтар қойыңыз:

— заттарды ұзындығы бойынша салыстырған­да­ қандай белгілерді (таңбаларды) пайдаланады?

— Телефон сымының ұзындығы 22 дм, ал қалам­ саптың ұзындығы 23 см. Қай ұзындық артық? Санды теңсіздік құрастыр.

— Бөлмедегі кілемнің ұзындығы 30 дм, ал альбом парағының ұзындығы 30 см. Осы заттардың ұзын­ дығын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.

— Санды теңсіздіктер құрастырып, оларды са­ лыстырыңдар:­ 57 см және 59 см; 43 см және 34 см; 28 дм және 28 см.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.

             


 

 

Сабақ тақырыбы:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 399 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

4198 - | 4095 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.