Лекции.Орг


Поиск:




Сабаққа қатысты ескертпелер




 

Сабаққа қатысты деректі материалдар­

 

Егер екі немесе одан да көп жиындағы элемент­ тер саны тең және барлығы бірдей элементтерден­ тұратын болса, ондай жиындарды тең жиындар деп атайды. Жиындарды салыстыруда міндетті түрде олардың қандай элементтерден тұратынын, сондай-ақ жиындағы элементтер санын есепке алу керек. Жиындарды дұрыс салыстыру үшін бір жиынның элементіне екінші жиыннан өзіне тең бола алатын жұпты таңдау керек.

 

 

Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптықайталаудан бастаңыз. Оқушыларға өз сөмкелерінде бар заттардан жиынға мысалдар келтіруін сұраңыз. “Жиын” ойынын ойнатыңыз. Сіз қандай да бір жиынды атаңыз, ал оқушылар оның элементтерін атап беруі керек. (Мысалы: құстар — торғай, ит-тер — төбет және т.с.с.) Содан соң оқушыларға өз ойларынан жиын мен оның элементтерін айтуға ұсыныс жасаңыз. (Жауаптарын тыңдап, жақсы жауап берген оқушыларды мадақтаңыз.)

 

Оқушыларды топқа қалаулары бойынша бөліңіз де, топпен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Үстел үстіне үш дәптерден тұратын бірінші жиынды, төрт сызғыш­-тан — екінші жиынды, екі кітаптан — үшінші жиынды жинатыңыз. Оқушыларға бұл жиындарды біріктіруді

ұсыныңыз­ да, бұдан шыққан жиынның элементтерін ататыңыз және санатыңыз. (Жауаптарын­ тыңдаңыз­. Топтарға бір-бірінің жауабын “Бас бармақ” әдісі бойынша бағалатыңыз.)

Оқушыларға әр партаға қағаздан жасалған гео­метриялық фигуралар топтамасын дайындап қойыңыз. Оларға жиындағы элементтер саны әр­ түрлі үшбұрыштар мен шаршылардан жиын құрау керектігін айтыңыз. Тақтаға бір оқушыны шақы­рып, оған отырған оқушыларға сұрақ қойғызыңыз­. Мысалы: “Кімнің жиынында 3 үшбұрыш және 4 шаршы бар?” — деген сұрақ қояды. Оған сыныптағы бірнеше оқушы қол көтеруі мүмкін. Осы оқушылардың жиындары туралы өзара “тең жиын” деп айтуға болатынын және оның не себепті “тең жиын” деп айтылатынын сұрап, жалпы сыныппен “тең жиын” деген ұғымға тұжырым жасатыңыз. Содан кейін осы тәріздес бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтардың­ көмегімен тағы басқа кімде “тең жиындар” бар екенін анықтатыңыз. Тапсырманы талдап, сыныппен біраз жұмыс жасаған соң қолын мүлде көтермеген оқушыларды тұрғызыңыз. Олардың не себепті қол көтермегенін айтқызып, өз тұжырымдарын жасауды ұсыныңыз. (Олардың жиындары сыныптағы

ешкімнің жиынымен тең емес.)

 

Жауабы:

жиындар тең емес, өйткені элементтері мен элементтерінің саны әртүрлі.

Жиындар тең бе? Оқушылармен жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. “Жиындар тең бе?” — деп сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын түсіндіріп беруі тиіс. Жұптарға бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап, бағалатыңыз. Бағалау үшін (оқушыларға үш түрлі белгі беретін қағаздар таратып беріңіз. Жа-сыл — жақсы, сары — орташа, қызыл — төмен.)Жауабы:

       бірінші жолда жиындар тең емес;

       екінші жолда жиындар тең;

       үшінші жолдағы жиындар тең емес.

 

Шығарып көр. Оқушылар жиындарды қалай теңестіруге болатынын анықтау үшін оларға топта пікірлерімен алмасуға уақыт беріңіз. Содан кейін әр топтың шешімін айтқызып, тыңдаңыз. Оларды бұл тапсырманы екі түрлі тәсілмен орындауға болады деген тұжырымға жетелеңіз. Екі жауабын да тез талдап тапқан топ мүшелерін мадақтап, топқа қандай­ да бір атақ беріңіз. (Мысалы: тапқырлар, білгіштер­ т.б.)

 

Жауабы:

       екінші жиынға креслоны қосуға болады;

       бірінші жиыннан креслоны алып тастауға болады.

 

Орындап көр. Оқушылармен бұл тапсырманы топтардың арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады. Бірінші бөлігінде тең жиындар, ал екінші бөлігінде тең емес жиын құраулары тиіс. Оларға тапсырманы берілген уақытта орындау керектігін айтыңыз. Неше минут берілетінін жазып немесе таймермен көрсетіп қойыңыз. Жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді.

 

Жауабы:

       а) 3, 5, 7, 16, 1; ә) М, К, Л, Д, А;

       а) ана, әке, қыз; ә) қыс, көктем, жаз.

 

Қоңыздар. Оқушылардан: “Жиын қандай эле­ менттерден тұрады?” — деп сұраңыз. (Үш түрлі түс­ пен боялған қоңыз.) Қоңыздардың төменгі жағында орналасқан жиындарға мұқият қарауды ұсыныңыз. Қоршаулардың ішінде орналасқан жиындардың ішінен берілген жиынға тең жиынды тапқызыңыз. Өз пікірлерін дәлелдеп айтуды ұсыныңыз. Тең жиынды тапқан соң тең емес жиынды атап, неге тең емес екендігін дәлелдеп беруді сұраңыз. Жауаптарында математикалық тірек сөздерді қосып сөйлеуді талап етіңіз.

Жауабы:

соңғы жиын берілген жиынмен тең, өйткені олардың элементтері және саны бірдей.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 304 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

801 - | 797 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.