Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады
Күкірт (мөлшері 0,25% шамасында) — цистеин, цистин, метионин амин қышқылдарының, В дәрмендәрісі мен кейбір ферменттердің құрамы на енеді. Организмде ол креатин, муцин, глютатион, инсулин, питуитрин, кофермент А, таурин мен оның туындылары құрамында кездеседі. Бұл элемент жүннің, мүйіздің, құс қауырсыны мен мамығының құрамында көп мөлшерде кездеседі. Ол организмде күкірт қышқылын түзіп, тоқ ішекте түзілетін улы заттарды залалсыздан-дыруда маңызды қызмет атқарады.
Алыпты жағдайда қанның құрамындағы йод мөлшері
Йод -өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган).
Йод — қалқанша безі гормойдарының құрамы на енеді, зат алмасу процесін жандандырып, өсу процесін күшейтеді.
Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:
1) йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.
2) микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.
3) кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.
4) йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.
5) йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін
12 Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы Мырыштың мөлшері (zn)
Ересек адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65%,сүйектерде 20% жинақталған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында,бауырда және эритоциттердеболады. Zn – ең көп мөлшері қуықасты безінде кездеседі.Мырыш-қанның құрамындағы қанттың мөлшерін реттер отырады.Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады.Адам ағзасы мырышты ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды. Мырыш — барлық ұлпа ларда кездеседі, карбоанщдраза ферментінің, инсулин гормонының құрамына енеді, мырыш тұздары гипофиз, ұйқы безі және жыныс бездері гормондарының белсенділігін арттырып, белоктар мен көмірсулар алмасуын жандандырады.
Алыпты жағдайда қанның құрамындағы магний мөлшері
Магний — жасуша ішінде жинақталатын катион. Ол митохондрия-ларда шоғырланады, тотықтырғыш фосфорлану процесінің белсендірушісі болып табылады да, қуат алмасуын, ДНК синтезін жандандырады, актин мен миозинді жалғастыратын магнийлі белок комплексінің құрамына еніп, бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Магний гликолиз процесін реттейтін көптеген ферменттік жүйелердің құрамына енеді, кальцийдің кереғары болып табылады. Қан құрамында магний мөлшері өссе, нерв жүйесінің қозғыштығы төмендеп, нерв орталықтарының қызметі тежеледі, организмді ұйқы басып, селқостық (апатия) байқалады. Организмдегі минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар организмде жинақ-талған мөлшеріне қарай макро, микро- және ультра элементтер бо-лып бөлінеді. Физиологиялық маңызы жоғарыда баяндалып өткен химиялық заттар макроэлементтерді құрайды. Микроэлементтер де-неде өте аз мөлшерде (103-105 пайыз) кездеседі. Оларға темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультраэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде нышаны ғана болады (106 пайыз және одан да аз).
3-кезең