Аминқышқылдардың дезаминдеуі аминтоптың бөлінуі арқылы жүреді,мұнда аммиак және азотсыз қалдық түзіледі,ол азотсыз қалдық қышқылдар:гидроксиқышқылдар,қанықпаған қышқылдар немесе кетоқышқылдар түрінде болады.Дезаминдену және трансаминдену реакцияларының нәтижесінде аминқышқылдардың азотты емес қалдықтары түзіледі,олар катаболитикалық және анаболитикалық айналу жолдарына түседі. Аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарының катоболизмі метаболиттердің түзілуіне әкеледі,олар катоболизмнің жалпы жолдарына қатысып, суға дейін ыдырайды.Аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарының катоболизмінің жалпы жолдарына қатысуы мынадай метаболиттердің түзілуі арқылы өтеді:
-пируват арқылы
-ацетоацетил
-сукцинил-КоА арқылы
-қымыздық сірке қышқылы арқылы
7 Организмдегі аммиактың түзілу жолдары және оны пайдалануы.
Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Альфа-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминдеуі-аммиакты байланыстырудың өте тиімсіз процесі,өйткені бұл реакция аминқышқылдадың тотығып дезаминденуіне кері процесс болып табылады.
8 Белоктар алмасуының өнімдері, олар түзілетін процестер, химиялық табиғаты. Бөлінуі. Белоктар ферменттердің әсерінен артүрлі амин қышқылына дейін ыдырап сіңіріледі, ал күрделі белоктар қортылуы простетикалық топтарының бөлінуі мен жүреді. Белоктардың ыдырамаған кейбір бөліктері тоқ ішектегі микрофлора ферменттерінің қатысуымен ары қарай ыдырайды.Бұл процесс- белоктардың ішектегі шіруі деп аталады. Еөбіне шіру процесине күкірті бар амин қышқылдар ұшырайды.Амин қышқылдарының шіруі- декарбоксилдену ж/е бүйір тізбектің тотығуы арқылы жүзегеасырылады. Амин қышқылы декарбоксилдену кезінде,мысалы, арнитин мен лизин декарбоксилденгенде пурресцин мен кадаверин пайда болады.Бұл аминдер ішекте аз мөлшерде түзіледі ж/е өлік шірігенде пайда болуы мүмкін, сондықтан өлік белоктары деп атайды.Бұл аминдердің улылығы үлкен емес олар қанға сіңіп зар арқылы сол күйде шығарылуы мүмкін.Индоксил, скатоксил зәрмен сыртқа шығарылады. Клиникада жануар индексі анықталады. Ол индоксил күкірт қышқылының натрий ж/е калийлі тұзы. Индикан мөлшерінің зәрде артуы- ішектегі амин қышқылының шіру процесін артуын білдіреді. Сонымен бірге индикан мөлшерін анықтау арқылы бауырдың функциональды жағдайында білуге болады
9 Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
Су-тұзды алмасуды реттеудегі бүйректің мәні. Бүйректің осмореттеуші және волюмреттеуші қызметтері бүйрек үсті безінің қыртысты затының гормондары-минералокортикоидтардың,антидиуретикалық гормонның және ренин-ангиотензин жүйесінің бақылауында болады.Ткандер мен мүшелерде судың таралуы біркелкі емес. Ағзада судың 50 %–ы бұлшықеттерде,ал қанда шамамен 5% болады.Барлық ткандердің интерстициальды сұйықтығы немесе клеткааралық су ағзадағы судың барлық көлемінің 25% –ын ал клеткаішілік су 70 %–ын құрайды.Клеткаішілік және клеткааралық сұйықтықтар арасында үнемі сумен және онда еріген заттармен алмасу жүріп жатады.Мысалы:қан плазмасы мен интерстициональды сұйықтық арасындағы капилляр қабырғасы арқылы жүретін алмасу жылдамдығы шамамен минутына 1500литр болады. Судың негізгі ерекшкліктерінің бірі-оның молекуласының құрылымдық агрегаттарға бірігу қабілеті болып табылады.Теория жүзінде судың барлық молекулалары бір кеңістіктік торға ірі молекулаларға біріге алады.Алайда су молекуласының қозғалысы кезінде сутектік байланыстар тез үзіледі де,тез арада қайтадан жааңа байланыстар пайда болады.
10 Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
Минералды (органикалық емес) заттар тағам өнімдерінің міндетті құрамдық бөлігі. Олар минералдық тұздар, органикалық қышқылдар және баса органикалық қосылыстар құрамына кіреді. Адам ағзасында минералды заттар ауыстырылмайтындарға жатады, бірақ энергия көзі болып келмейді.
Тамақ өнімдеріндегі минералды заттар мөлшеріне байланысты макроэлементтер - өнімдерде көп мөлшерде болады, микроэлементтер – аз мөлшерде, ультрамикроэлементтер - өте аз мөлшерде.
Макроэлементтер. Оларға кальций, фосфор, магний, темір, калий, натрий, хлор, күкірт.
Кальций (Са) – ол ағзада сүйек, тіс құру үшін қажет, жүректің жүйке жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне қажет, бойға әсер етеді және жұқпалы ауруларға ағзаның қарсы тұруын жоғарлатады. Кальций тұздарымен сүт өнімдері, жұмыртқа, нан, бұршақ тұқымдастар бай көз болып табылады. Кальцийге ағзаның тәуліктік қажеттілігі 0,8 г
• Микроэлементтер және ультромикроэлементтер. Оларға мыс, кобальт, иод, фтор және т.б.
• Мыс (Сu) және кобальт (Co) – қан айналымына қатысады, ол жануар және өсімдік тағамдарында аз көлемде болады: сиыр бүйрегі, балық, қызылша және т.б.
• Йод (І) – қалқанша безінің құрылуына және жұмысына қатысады. Йод ағзаға аз түссе қалқанша безінің функциясы бұзылады, зоб ауруы дамиды. Йодтың көп мөлшері теңіз суында және орамжапырақта, балықта концентрленген. Йодтың аз мөлшері тау аумақтарының өнімдерінде, онда йодталған тұз жеткізіледі. Йодтың тәуліктік қажеттілігі 0,15 мг.
• Фтор (F) - тіс және қаңқа сүйектерінің пішінденуіне қатысады. Фтор негізінен ас суында болады.
• Ағзаға микроэлементтердің түсу нормасы көп болса, улануға әкеледі. Стандарт пен өнімдерде қорғасын, мырыш, цинк, болуы жіберілмейді, ал қалайы және мыс мөлшері шектелген. Солай 1 кг өнімде 5 мг көп емес мыс (томат пастасынан басқа), қалайы 200 мг көп емес болу керек.
11 Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
Адам ағзасына белоктар,майлар,көмірсулар және витаминдермен қатар минералдық заттарда түсуі қажет.Минералдық заттар энергия көзі болмасада,оларсыз клетканың қызметтері,оның құрылымдық ұйымдастығы болуы мүмкін емес. Барлық минералдық заттар ағзаға тамақпен бірге,суда еріген түрде немесе органикалық молекулалардың құрамында жеткізіледі.Судың негізгі ерекшкліктерінің бірі-оның молекуласының құрылымдық агрегаттарға бірігу қабілеті болып табылады.Теория жүзінде судың барлық молекулалары бір кеңістіктік торға ірі молекулаларға біріге алады.Алайда су молекуласының қозғалысы кезінде сутектік байланыстар тез үзіледі де,тез арада қайтадан жааңа байланыстар пайда болады.
12 Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
Қан плазмасының химиялық заттарын мынадай топтарға бөлуге болады:
-қан плазмасының минералды заттары
-қан плазмасының органикалық заттары
Қан қою,жабысқақ,мөлдір емес,қызыл түсті,сұйық зат.Қанның 55%плазмадан 45%қан түйіршіктерінен тұрады.Организмде қанның мөлшері ер адамдарда 5200мл,ал әйел адамдарда 3900мл.Қанның осмостық қысымы7,6атмосфер.Қан 44-48%түйіршіктен,52-56%плазмадан тұрады.Ал плазма 90-91%судан,9-10%құрғақ заттардан тұрады.Құрғақ заттардың 8-9%органикалық,1%бейорганикалық қосылыстардан тұрады.Қан ұйыған кезде 2-ге бөлінеді:төменгі қабаты тұнбаға түскен қан түйіршіктері оның үстінде мөлдір сарғыш түсті сұйықтық пайда болады.
13 Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері,өкілдері,қалыпты мөлшері.
Қан плазмасының органикалық заттары құрамында азот бар заттар және азотсыз органикалық қосылыстар түрінде болады.Құрамында азоты бар органикалық заттар белоктар мен азоттық алмасудың метаболиттері түрінде болады.Қанның азотсыз органикалық заттары – бұл көмірсулы және липидті алмасудың метаболиттері.Гормондар мен олардың метаболиттері сау адамның қан плазмасындағы олардың мөлшері:
17-оксикортикостероид-140-550ммоль\л
11-оксикортикостероид-140-230ммоль\л
Адреналин-0,35-0,4мкг\л
Тироксин-29-64мкг\л
Азотты алмасу көрсеткіштері:
Мочевина-3,3-6,6ммоль\л
Зәр қышқ.әйел-0,16-0,40
Еркек-0,24-0,57
Креатин әйел-27-71мкмоль\л
Еркек-88-177мкмоль\л
14 Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері.
Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Бейорганикалық тұздар құрамында оң электр заряды бар Na,Ca,Mg,Fe иондары я болмаса катиондар және теріс зарядты аниондар- хлордың, иодтың, күкірттің, фосфордың т.б. иондары болады. Қан плазмасындағы бейорганикалық заттардың қызметі: 1. Олар плазманың осмостық қысымын құрап, оны тұрақты шамада ұстап тұрады.2. суда ерімейтін белоктарды (глобулиндерді) еритін түріне айналдырады. 3. Клеткаларды бейорганикалық заттарды плазмамен бірге жуа отырып, олар клетканың қалыпты өмір сүруіне жағдай тудырады. (Мысалы: нерв жүйесінің, қан айналу системасының, талшық ет жұмыстары иондардың ара қатынасына тікелей байланысты).
15 Қан плазмасының макроэлементтері олардың концентрациясы. Иондар концентрациясының өзгерісінің минерал алмасуын реттейтін гормондардың синтезне әсері. Бикарбонатты буфер системасы негізгі барлық буферлі сиымдылықтың 10-% ін құрайды. Қалыпты жағдайда-плазмадағы биокарбонаттың концентрациясы нің концентрациясынан 20 есе артық болады. Ал қанда қышқыл заттар көбейсе, олар бикарбонатпен реакцияға түсіп, көмірқышқылын түзеді, ол әрі қарай су мен көмір қышқыл газына бөлінеді. -нің көбеюі дем алу орталықтарын қоздырады. Бұл жағдай тыныс алуды жылдамдатады. Ол арқылы өкпеден бөлініп, сыртқа шығарылып тасталады. Сөйтіп тепе-теңдік сақталып қалады. Ал негізгі иондар көбейсе, олар көмір қышқылымен әрекеттесіп бикарбонаттарға айналады да зәр арқылы шығарылады. Гормондар мен органикалық заттар метаболиттері ерекше орында тұр, сау адамның қан плазмасындағы олардың мөлшері мынадай: 17- оксикортикостериоидтар-140-550 ммоль/л. 11-оксикортикостериоидтар-140-230ммоль/л. Альдостерон -91-185нг/л. Адреналин-0,35-0,4мкг,л. Норадреналин -0,73-0,88 мкг/л. Тироксин-29-64 мкг/л.
16 Дәнекер тканінің құрамының ерекшелігі.протеогликандар мен гликозамингликандардың сумен катион алмасуындағы рөлі.Дәнекер ткані (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
17 Сүйек тканінің химиялық құрамы.функциясы зат алмасу ерекшеліктері
Сүйек ткані дәнекер тканнің бір түрі болып табылады және сүйектің құрылымы мен қызметін анықтайды.Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігі мен және тығыздығы мен ерекшеленеді.Бұл қасиеттер сүйектің клеткааралық затының құрамында минеральді қосылыстардың көп мөлшерде болуымен байланысты.Минералды заттардың негізінен калций мен фосфаттардың,сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтауға қатысады.Сүйек тканінің көп бөлігі клеткааралық матрикс, ал аздаған бөлігі клеткалық элементтер түрінде болады.Сүйек тканіің барлық компоненттері үнемі жаңарып және қайта құрылып отырады,сүйектің органикалық және минералды заттары үнемі ыдырап және синтезделіп отырады.Сүйек тканінің клеткаларынығ ішінде остеобластар басым болады.Остеобластарда клеткаларға тән барлық компоненттер болады және коллаген,гликопротеиндер мен глюкозаамингликандардың синтезінің күшті аппаратымен ерекшеленеді.Ересек адамның сүек тканінде 1200г калций,530г фосфор,11г магний бар,бұлардан басқа сүекте микроэлементтер де бар. Сүек тканінің құрамында сүектің өзгешелік қызметтері мен құрылымдық ұйымдастығын қамтамасыз етуге қажетті белоктар коллаген, альбуминдер мен гликопротеиндер бар.Сүек коллагеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері,сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминотканінің аминқышқылдардың көп мөлшерде болуы тән. Сүекті тканнің альбуминдері коллагенді емес белоктардың негізгі бөлігін құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сарысуының альбуминдеріне ұқсас болады.Сүектің альбуминдері гормондардың,минералды және басқа да заттардың қан ағымының сүекке жеткізілуін қамтамсыз етеді. Сүек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі коллагенді фибриллалар синтезделуі және олар минерализациялануы қажет.Осы процесстердің барлығындада остеобласттар негізгі рол атқарады.
18 Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері,нормадан өзгеруі. Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар, қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.
Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді. Қалыпты зәрдің физикалық және химиялық құрамына жүйке - көңілдің тырысуы, бұлшық еттеріне күштің түсуі, тамақтың дәмі және қабылдау тәртібі, ішкен судың мөлшері, қоршаған ортаның температурасы және басқа факторлар әсерін тигізеді. Аталған жағдайлардың әсерінен бөлінген зәрдің сапалық және сандық қасиеттері өзгеруі мүмкін.
Диурездің сандық өзгерістері
Полиурия — тәулігіне бөлінетін несеп көлемінің көбеюі. Ол ағзаға сұйықты табиғи жолмен көп мөлшерде беру немесе изотониялық тұзды ерітінділер, глюкоза сияқты сұйықтарды денеге көп енгізгенде дамиды. Полиурия шақыратын өзгерістер инсулиннің, антидиуретикалық гормонның жетіспеушілігі. Олигоурия және анурия бүйректерге байланысты немесе байланыссыз болып келуі мүмкін. Несептің азаюы немесе мүлдем болмай қалуы несеп тасы ауруында кездеседі, ол тек бір жақ бүйректе болғанның өзінде ренореналдық ауырсыну рефлексі бүйректер қан айналысын нашарлатып, ондағы қысымды төмендетеді. Анурия кейбірде психогенді дамиды, мысалы, қатты қорқып-шошынғанда.
Паллакурия — несепті жиі төгу бірақ ол полиурияға байланыссыз болуы мүмкін. Паллакиурия қуық қабынғанда оның бір белгісі болып байқалады. Кіші дәреттің жиі келуі несеп жолдарындағы рецепторлар тітіркенуінің шегінің төмендеуімен байланысты, рефлекс шапшаң жүреді.
Никтурия — түнде бөлінетін несеп мөлшері күндізгіден көбірек болады. Қалыпты жағдайда күндіз түнге қарағанда несеп 2 есе көп бөлінеді
19 Гормондар, химиялық табиғаты жалпы қасиеттері. Клетка мембранасы мен гормондар рецепторлары туралы түсінік. Гормондар – ішкі секреция бездерінде синтезделінетін биологиялық активті заттар болып табылады. Гормондар зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Гормондардың жіктелуі: 1.Пептид және белокты гормондар. 2. Аминқышқылдарының туындыларына жататын гормондар 3.Стероидты гормондар. Гормондардың қасиеттері: 1. Гормондардың қашықтан әсер етуі, яғни олар өзінің жасалған әсеріне қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биобелсенді заттар өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді. 2. Гормондар организм қызметіне гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. 3. Гормондардың арнайы әсері бар.Белгілі бір гормон жетіспеушілігін басқа гормандармен алмастыруға болады. 4.Биобелсенділігі жоғары болады. 5. Гормондар өте тез, бирақ қысқа әсер етеді. Өте тез әсер етуі оладың молекулалық салмағына байланысты. 6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылысына да әсер етеді. Кейде ағзалар тінінң өсуін күшейтеді, кейде тежейді. 7.Гормондар фермент қатарына жатпайды. Әр түрлі фермент арқылы химиялық процестердің жылдамдығына әсер етеді.
20 Зат алмасудың нейрогуморальды реттелуі. Гормондардың мүшелердің қызметі мен метабализм жүйесіндегі орны. Тірі жүйелердің өзін-өзі реттеуге қабілеті-тіршліктің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Реттеуші механизмдердің өзгеруі клеткалар мен мүшелердің метаболизмі мен физиологиялық қызметтерінің бұзылуына әкеледі, сонымен бірге тіршілік етудің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына ағзаның қалыптасу механизмдерінің бұзылуына әкеледі де, бұл ауруды тудырады. Мүшелер, ұлпалар және клеткалар қызметтерімен қатар, ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазын) қамтамасыз ететін алмасу процесстерін реттеудің механизмдерінің негізгі 2 деңгейі бар:1. Өзін-өзі реттеудің субклеткалық механизмдер деңгейі.2. реттеудің клетка үстілік механизмдер деңгейі. Өзін-өзі реттеудің субклеткалық механизмдері физико-химиялық заңдарға, ферменттік катализ заңдарына, клеткалық мембраналардың қасиеттері мен қызметтеріне және клеткалық генетикалық аппаратының қызметтеріне негізделген. Реттеудің клетка үстілік механизмдері мен реттеуші жүйелердің қалыптасуы эволюция процессі барысында көп клеткалы ағзалардың қалыптасуымен қатар жүрген және 3кезеңде жүйеге асқан: - бірінші кезеңде клеткалардың біріңғай тірі ағзаға бірігуі бірдей қауымдастықты сақтап қалу мақсатында клеткааралық байланыстың нәтижесінде клеткалардың химиялық заттарды бөлуін тудырады.- екінші кезеңде, көп клеткалы ағзалар клеткаларының ары қарай жіктелуі мен мамандануы барысында клеткалардың белгілі бір тобы қалыптасады, олар көпклеткалы ағзалардың жекелеген клеткалар тобына аса өзгешелік әсері бар органикалық табиғатты химиялық қосылыстарды бөле бастады. Эволюциялық дамудың үшінші кезеңінде реттеудің тасымалдаушы түрінің қалыптасуын қамтамасыз ететін тькандер мен мүшелер жіктеле бастады, оларға эндокринді бездердің қызметі де, бағынатын болды, сонымен қатар олар реттеуші белгіні жеткізуші ретінде химиялық заттарды пайдаланады. Адам және барлық жоғары жануарлардың ағзасында реттеуді нейрогуморальды жүйелік түрі қызмет етеді, онда реттеудің субклеткалық және клетка үстілік механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.
21 Гормондардың әсер ету механизмі.
Гормондардың әсер ету механизмі 3 сатыдаен турады.
цитозольдық-мембраналық механизмі,клетка ішілік функциялардың активтілігінің аденилат-циклаза цАМФ протеинкиназа системаасының, жүйесінің аллостерикалық активтердіру есебінен артады. Бұлардың нәтижесінде клеткаішілік функциялар модификацияға ұшырайды. Фосфор қышқылының қалдығын қосып өздерінің активтілігін төмендетеді және жоғарылатады.
Цитозольдық механизмі, әсер ететін гормондар ферменттердің синтезін күшейте отырып оларды активтендіреді,яғни ферменттердің концентрациясын арттырады.
Мембраналық механизмі, әсер еткен гормондар субстрат конентрациясын көбейте отырып, ферменттердің активтілігін күшейтеді.
1.1-ші механизм бойынша әсер еткен гормондардың әкеле жатқан информацияларды 3 түрлі сигналды жүйе арқылы болады. 1-ші – аденилатциказды,2-ші – цианилатциклазды, 3-ші – кальцийлы (Са аркылы). Мұндай гормондар клетканың ішіне кірмейді. Зат алмасуына клеткаішілік кірістірушіліер арқылы әсер етеді. Аденилатциклады сиситема гормондардың сигналын бірнеше есе күшейте отырып, коскадты система бойынша әсер етеді.
2.Цитозолды механизм мембранадан жеңіл өте алатын гормондар осы механизм арқылы әсер етеді. Бұл гормондарға лиипидтерде оңай еритін гормондар жатады. Олардың рецепторлары клетканың ішінде болады.
3.Мембраналық механизм. Осы механизм арқылы әсер ететін гормондарда клеткадағы ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Олардың рецепторлары клетканың мембранасында немесе митохондрияның мембранасында орналаасады. Өздерінің рецепторларымен байланысып, клетканың мембранасының өткізгіштігін субстраттар үшін арттырады. Нәтижесінде ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады.
22 Аденилат-гуанициклазды кальцийді сигналды системалар арқылы заттар алмасуы
Аденилат-циклазды комплекс 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші механизм бойынша әсер ететін гормондар әкеле жатқан информациясын клеткаға 3 түрлі сигналды жүйе арқылы береді – аденилатциклазды және гуанилатциклазды және кальциилі. Мұндай гормондар клетканың ішіне кірмейді. Зат алмасуына клеткаішілік кірістірушіліер арқылы әсер етеді. Аденилатциклады сиситема гормондардың сигналын бірнеше есе күшейте отырып, коскадты система бойынша әсер етеді.
Цитозолды механизм мембранадан жеңіл өте алатын гормондар осы механизм арқылы әсер етеді. Бұл гормондарға лиипидтерде оңай еритін гормондар жатады. Олардың рецепторлары клетканың ішінде болады.
Мембраналық механизм. Осы механизм арқылы әсер ететін гормондарда клеткадағы ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Олардың рецепторлары клетканың мембранасында немесе митохондрияның мембранасында орналаасады. Өздерінің рецепторларымен байланысып, клетканың мембранасының өткізгіштігін субстраттар үшін арттырады. Нәтижесінде ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады
23 Әйелдердің жыныс гармоны. Әйелдердің жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында орналасады.Аналық без екі қабаттан тұрады сырты қыртыс іші милы.Қыртысты қабатта жыныс клеткасы өсіп дамиды,милы қабатта гармон түзіледі.Граф филикулдері жасына қарай 40000 нан 400000 ға дейін болғанмен тек 400-500 дейі ғана толық жетіледі.Аналық бездер 3 түрлі қызмет атқарады:генеративті,вегетативті және гормоналдық қызмет деп 3 ке бөлінеді.Әйелдердің жыныс гармоны эстроген.ол аналық безінің фолекуласында ұрық жолдасында түзіледі.Эстрогеннің 3 түрі белгілі:эстродил,эстрон,эстриол.Әйелдердің жұмыртқалығында 1 тәулікте 1 мг эстродил түзіледі.
24 Еркектің жыныс гармондары. Ерлердің жыныс безі-қос мүшесі.Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпаларынан тұратын капсуламен қапталған,мұны белокты қабық депте атайды.Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпаларынан тұратын бөліктерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының топтары болады.Осы интерстициялық клеткаларда аталық жыныс гармондары өнеді.Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалыып 7-8 жаста ғана қалыптасады.Омыртқалылардың аталық жыныс безінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны түзіледі.Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон басқа жыныс гормондары болады.Олар ұрық безінің клеткаларында түзіліп шығады және шағын мөлшерде бүйрек безінің қабығында және аналық безінде түзіледі.Еркектердің жыныс гормоны андроген деп аталады.Ол гормонды қанда плазма гликопротейды тасымалдайды.Жыныс гормондары стеройдтық гормондар тобына жатады және холестеролдан түзіледі.Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобын құрайды.Олар өзінің физиологиялық міндетін атұарғаннан кейін біразы ыдырап,қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несеп құрамында ағзадан шығады.
25 Гипофиздің тропты гормондары.
Бас-сүйегіндегі түрік ерекшесінің тұсын-да, мидың астында орналасқан. Оны эндокринді бездердің ішінде ең бас-ты без деп атайды, өйткені эндокрин-ді бездерінің құрамындағы қалқанша без бүйрек безінің қатты қабығы және жыныс бездері гипофиз іс-әрекетіне тәуелді, өйткені онда пай-да болатын гонадотопты гормондар қанға өтіп, көрсетілген шеткі ішкі секреция бездерінің қуатын көтереді.
Гипофиздің үш бөлігі. 1 – алдыңғы, безді немесе аденогипофиз, 2 – артқы немесе жүйкелі (анығырағы – нейросекторлы) және 3 – аралық (безді, алдыңғы бірінші-екінші бөліктің аралығында жататын жұқа қабат). Ортаңғы бөлік ересектерде болмайды, ал балаларда күшті дамыған.
Гипофиз ересек адамдарда сопақ пішінді болып, оның ұзындығы 10 мм, ені 13 мм, биіктігі 6 мм, салмағы 0,5-0,65 г, нәрестеде салмағы 0,1-0,15 г, 10 жаста – 0,33 г, 20 жаста – 0,54 г болады. Әйелдердегі гипофиздің көлемі мен салмағы ер кісілерге қарағанда шамалы жоғары, әйел ағзасының тәнтірлігінтанулық (физиологиялық) ерекшелігіне байла-нысты. Жүкті болған уақытта гипо-физдің салмағы мен көлемі біршама үлкейеді.
Гипофизге оның қан жабдық-талуын реттейтін, симпатикалық жүйке талшықтары келеді. Гипофиз-де 22-ден артық гормондар өндіріле-ді. Гипофиз өндіретін өнімнің шама-лы бөлігі қанға, ал шамалы бөлігі – жұлын-ми сұйықтығына, ми қарын-шаларына беріледі. Енді гипофиздің алдыңғы, артқы және аралық бөліктерінің қызметтеріне тоқталсақ.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметі. Гормондардың көпшілігі аденогипофизде: аденокортикотроп-ты, соматотропты (немесе өсу гормоны, тиреотропты, үш гондотопты – көпіршікті күшейтетін, лютеиндейтін және лактогенді), панкреотропты т.б. түзіледі. Өсу гормоны (соматотропты) баланың бойының өсуіне әсер етеді. Өсу гормонының қызметі артқан (гиперфункция) кезінде бой өсуі артады, кейбіреулер шамадан тыс өседі (гигантизм), ондай адамның биіктігі 2,5 – 2,6 м-ге жетеді. Ал керісінше қызметі нашарлаған (гипофункциясында) бойы ергежейлі болады. Ал егер гипофиздің қызметі асқындағанда, ағзаның қалыптасуы біткен кезде, кейбір мүшелердің тасуы (акромегалия) пайда болады. Бұл кезде ауру асқынуынана бет, аяқ-қол шамадан тыс өседі, тағы да жұмсақ ұлпалар мұрын, ерін мен мойны өсіп жуандайды. Тілдің үлкеюі сонша, ауызына сыймай кетеді, ішкі мүшелер – бауыр, жүрек т.б. үлкейіп кетеді, бұлшықеттерің нашарлауы жәнежыныстық іс-әрекеттері бұзылады. Осындай мүшелердің акромегалиясы көбінесе ер кісілерде байқалады.
26 Сүйек тканінің химиялық құрамы. Сүйек ткані дәнекер тканнің бір түрі болып табылады және сүйектің құрылымы мен қызметін анықтайды.Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігі мен және тығыздығы мен ерекшеленеді.Бұл қасиеттер сүйектің клеткааралық затының құрамында минеральді қосылыстардың көп мөлшерде болуымен байланысты.Минералды заттардың негізінен калций мен фосфаттардың,сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтауға қатысады.Сүйек тканінің көп бөлігі клеткааралық матрикс, ал аздаған бөлігі клеткалық элементтер түрінде болады.Сүйек тканіің барлық компоненттері үнемі жаңарып және қайта құрылып отырады,сүйектің органикалық және минералды заттары үнемі ыдырап және синтезделіп отырады.Сүйек тканінің клеткаларынығ ішінде остеобластар басым болады.Остеобластарда клеткаларға тән барлық компоненттер болады және коллаген,гликопротеиндер мен глюкозаамингликандардың синтезінің күшті аппаратымен ерекшеленеді.Ересек адамның сүек тканінде 1200г калций,530г фосфор,11г магний бар,бұлардан басқа сүекте микроэлементтер де бар. Сүек тканінің құрамында сүектің өзгешелік қызметтері мен құрылымдық ұйымдастығын қамтамасыз етуге қажетті белоктар коллаген, альбуминдер мен гликопротеиндер бар.Сүек коллагеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері,сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминотканінің аминқышқылдардың көп мөлшерде болуы тән. Сүекті тканнің альбуминдері коллагенді емес белоктардың негізгі бөлігін құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сарысуының альбуминдеріне ұқсас болады.Сүектің альбуминдері гормондардың,минералды және басқа да заттардың қан ағымының сүекке жеткізілуін қамтамсыз етеді. Сүек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі коллагенді фибриллалар синтезделуі және олар минерализациялануы қажет.Осы процесстердің барлығындада остеобласттар негізгі рол атқарады.
27) Дентин, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
Дентиннің құрамына 72 % бейорганикалық заттар мен 28% органикалық заттар мен су кіреді.Бейорганикалық заттар кальций карбонаты мен фосфатынан, аз мөлшерде кальций фторидімен, магниймен және көптеген микроэлементтермен, органикалық –коллагендермен (90%), фосфопротеидтар және аз мөлшерде гликопротеидтармен, глюкозамингликандармен көрсетілген. Дентин эмалға қарағанда аз деңгейде белгілі. Оның микроқаттылығы 58,9 кг кв мм құрайды.
Дентиннің негізгі құрылымдық элементіне негізгі заттары мен оның дентинді түтікшелерінен немесе каналшаларынан өтетін коллаген талшықтары кіреді.
Коллаген талшықтары дентиннің әр түрлі бөлігінде әр түрлі бағытталған және бір –бірімен шоғырланып түзілген. Дентиннің бұл байланысында 2 қабатты бөледі: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында талшық радиальды бағытпен жүреді (Корф талшығы). Ішкі қабатында талшық тангенциальды орналасқан (Эбнер талшығы).
Осы негізгі екі қабаттың арасында радиалды және тангенциальды бағытталған шиеленістіруші тағы жіңішке аралық талшық бар. Коллаген талшықтарының осылай орналасуы дентинге қатты беріктілік береді.
Дентиннің негізгі заттары фосфопротеид, гликопротеид және гликозаминогликандардан тұратын коллаген талшықтарының арасында орналасқан. Коллаген талшықтары мен дентин түтікшелерінің қабырғасы негізгі заттары обызвествлены.
Дентинді түтікшелер тіс пульпасынан эмалға немесе цементке радиальды бағытта жүреді. Тіс сауытында олар S тәрізді типті, ал түбірінде тік иілген. Дентин түтікшесінің затында біркелкі емес орналасқан. Пульпаға жақын орналасқан аймақта түтікшелер максимальды мөлшерде (75000 кв. мм)байқалады, ал пульпадан алу мөлшері бойынша олардың көлемі азаяды (15000 бастап 30000 дейін кв. мм).
Дентинді түтікшелердің диаметрі 2 ден 5 мкм дейін ажыратады, дентиннің ішкі бөлімінде олар біршама кең және сырқы бағытпен біртіндеп тарылады. Түтікше аралық аймақтың ені 4 тен 8 мкм дейін ауысып тұрады. Дентин түтікшелерінің ішкі беткейі біркелкі емес, өйткені олардың сәулесі апатит кристаллдары конгломератына қарай жылжиды. Тіс сауытының дентинінде дентинді түтікшелер жан-жағына таралмайды және дентинэмальды қосылыстың терминальды тармақтарына ыдырайды, әсіресе көрші түтікшелердің жан-жағына таралып анастомоздар құрған дентиннің цементті қосылыстары.
Дентинді түтікшелердің әрбір сәулесі олардың жан-жағындағы тармақтарына енетін және дентинді түтікшелердің толығымен өтетін дентинобласттардың бір немесе екі өсінділерімен толған. Қалыпты жағдайда бос дентинді түтікшелер болмайды, бірақ қабыну процессі кезінде тіс-жақтық жүйенің және ағзаның қартаюы кезінде дентинобласттардң дентинді өсінділері бөліктеп немесе толығымен атрофияға ұшырайды.
Дентинді түтікшенің ішінде күрделі құрылымның қабықшасы төселген: ол түтікшенің қабырғасына жапсырылған қалыңдығы 30-40 нм болатын электронды-тығыз мембранамен көрсетілген. Кейде бұл мембрана колоборазды инвагинация қалыпта болады, көрсетілген түтікше қабырғасының тубуляр аралық және түтікше аралық микросаңылаулары зат алмасу үшін қажет. Сондай-ақ электронды-тығыз мембрананың сыртында дентиннің деминерилизациясынан кейін анықталатын қалыңдығы 40-90 нм талшықтық қабаты жатыр.
28) Цемент, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
Цемент арнайыланған сүйек тіні болып табылады. Цементтің химиялық құрамы мен құрылымы бойынша сүйек тінінің талшықты түріне жатады. Оның құрамына 68% бейорганикалық заттар, 32% оганикалық заттардан және судан тұрады. Органикалық заттары негізінен коллагендермен көрсетілген.
Жасушалық емес (біріншілік) және жасушалық (екіншілік) цементті ажыратады. Жасушалық емес цемент түбірдің барлық беткейін тістің мойнынан бастап ұшына дейін жіңішке қабатпен қаптайды. Тістің мойнында жасушалық емес цемент біршама эмаль шетін қаптайды. Түбірдің ұшындағы жасушалық емес қабаты аз болады және ұшындағы аймақта болмауы да мүмкін. Жасушалық цемент түбірдің үштен бір бөлігін қаптайды, жасушалық емес цементтің жіңішке қабатына қаланған бифуркациялар мен трифуркациялар. Осы жерде жасушалық емес цемент болмайды, жасушалық-дентинде орналасады.
Жасушалық емес цемент әк тұзымен сіңірілген, олардың негізгі заттары желімделуші коллаген талшықтарынан тұрады. Коллаген талшықтары 2 бағытта жүреді. Олардың біреуі түбірдің беткейлі цементіне параллельді орналасқан, басқа неғұрлым қалыңдаулары цементтің балық қалыңдығына радиальды бағытта өтеді.Радиальді бағытталған коллаген талшықтары перидонттың цементті-альвеолярлық талшықтардың шоғырына жалғасады, ал олар өз кезегіндеальвеолаға тіс түбірінің бекінуін қамтамасыз ететін альвеоланыңкомпактті табақшасына енеді. Цементтің ішкі жағында радиальды талшықтар дентиннің коллагенді талшықтарымен бірігіп кетеді.
Жасушалық цемент өсінді жасушасы-цементоциттерден және негізгі заттардан тұратын коллаген талшықтарынан құралған. Коллаген талшықтарының негізгі заттары жасушалық цементі жасушалық емес цементке қарағанда реттілікпен бағытталған. Олардың көншілігі радиальды орналасқан және цементті-альвеолярлы талшықта жалғасады. Цементоциттер негізгі жолақта – цементті лакунада, ал оның өсінділері – цементті каналшаларда орналасқан. Цементті каналшалардың біршама бөлігі және олардың орналасқан цементоциттерінің өсінділері цементтің ішкі беткейіне бағытталады және периодонттың дәнекер тініне енеді..
29) Эмаль, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
Эмаль эпителидің эктодермальды типінің туындысы болып табылады. Оны тін деп атауға болады, бірақ олада жасуша болмағандықтан, бұл мүлдем дұрыс емес. Сондықтан эмальды энамелогенездің аяқталуынан кейін эналобласттың редукциясымен байланысты болмайтын регенерация мен жаңа түзілістер, яғни жасушалардан кейінгі құрылым ретінде қарау керек болды. Эмаль тістің сыртын қоршап тұрады және тістің мойнының бөлігін де жауып тұрады. Эмальдың қалыңдығы тістің сыртының әр бөлігінде әр түрлі: тіс сауытының дөңес аймағында 1,7 мм, фиссур аймағында 0,5-0,6 мм, тістің мойынында 0,001 мм дейін жетеді.
Эмаль – ағзаның ең қатты тіндерінің бірі. Эмальдың қаттылығы 397,6 кг/мм дейін жетеді. Қаттылығы көбінде басым болғанымен, эмальдың беткейлі қаьатының сынғыштығын да ескеру керек. Қалыпты тістің жетілген эмалының қаттылығы дентин эмалды қосылыстың беткейлі қабатынан біртіндеп төмендей береді.
Эмалдың химиялық құрамы. Эмальдың қаттылығы оларда минералды тұздардың құрамының(97% дейін), апатит кристаллдары: гидроксиапатит (75% дейін), карбонапатит (12%), хлорапатит (4,4%), фторапатит (0,7), кальций карбонаты (1,3 %) және магний карбонаты (1,6 %) жоғары болуымен негізделеді. 2% төмен емес жетілген эмаль массасы апатитті емес формасын құрайды. Эмальдың негізгі компоненті болып гидроксиапатит - Са(РО)(ОН) және 8 кальциийлі фосфат СаН(РО)5НО табылады.
Эмальдың органикалық заттары 1-2,5% құрайды. Оған қөмірсулар, майлар және белоктар жатады. 100 г эмалда 1,65 г көмірсужәне 0,6г майлар болады. Көмірсулар глюкозамен, маннозамен, галактозамен және т.б. көрсетіледі.
Эмаль апатит кристллдары кіретін эмалды призмалар мен призма аралық заттардан құралған. Эмалды призмалардентин эмальды қосылысқа радиальды бағытпен перпендикуляр құрайды.Эмальдың негізгі призмдары мен призм аралық заттары фибриллярлы белоктартар мен эмалдың кальций байланыстырушы белоктарынан тұратын (эмал матрицасы деп аталатын) тонкофибрилляржелісі болып табылады. Фибриллярлы белоктар Органической основой эмалевых призм и межпризматического вещества является тонкофибриллярнаясеть, состоящая из фибриллярных белков и калцийсвязывающего белка эмали (это так называемая матрица эмали). Фибриллярлы белоктар матрицаның үш өлшемді желісін құраушы эмалдың кальций байланыстырушы белоктарына бекитін қаңқа (каркас) ролін атқарады. Осы желінің ілмектеріне алтыгранды, полигоналды немесе жалпақ таяқшалар формасындағы гидроксиапатит кристаллдары орналасады.
30 Дәнекер тканінң химиялық құрамы,биологиялық ролі.Дәнекер ткані (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
2 Кезен
1 Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы,қасиеттері, асқазандағы ас қорытылудағы асқазанның маңызы. Асқазан сөлінің физико химиялық қасиеттері,қышқылдықтың түрлері. Асқазан сөлін зерттеу,тұз қышқылының дебит сағатын анықтау.
Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.
Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:
1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;
2. мукоциттер-шырыш;
3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.
Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:
1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),
2. қарындық (гастриндік) және
3. ішектік сатылар.
Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.
Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.
Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.
2 Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Сондықтан тканьде аммиакты залалсыздандыру механизмі болады,ол мынадай жолдармен жүреді:
-аммоний тұздарының түзілуімен
-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуімен
-аминқышқылдардың амидтерінің-аспарагин мен глутамин түзілуімен
-мочевинаның түзілуімен.
Осы механизмдердің көмегімен қанда және тканьде аммиактың концентрациясы өте төмен деңгейде болады.Аммиакты залалсыздандырудың негізгі және маңызды жолы-мочевинаның түзілуі болып табылады.Кребс пен Гензенлейт мочевинаның синтезі циклді процесс және онда орнитин каталитикалық қызмет атқаратынын анықтаған.Сол себепті бұл процесс Кребс-Гензенлейттің орнитинді циклы деп аталады.
3 Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілуі»,химиялық табиғаты.
Билирубин – суда нашар еритін және токсикалық қосылыс,сондықтан қанға түскенде, қанның плазмасының альбуминдерімен байланысып,осы түрде бауырға тасымалданады.Бұл билирубин белоктарды тұнбаға түсірген кезде ғана анықталады,сондықтан бос немесе «тура емес» билирубин деп аталады.Бауырда бос билирубин пропион қышқылының радикалдарының карбоксильді тобына қосылатын глюкурон қышқылымен коньюгация реакциясында залалсыздандырылады.Билирубиннің глюкуронидтары суда жақсы еритін және токсикалық емес қосылыстар,олар Эрлих диазореактивымен «тура реакция» арқылы анықталады.Сондықтан «тура» немесе байланысқан билирубин деп аталады.Билирубиннің глюкуронидтары біраз мөлшерде гепатоциттерден қанға өтеді.Сондықтан сау адамның қанында коньюгацияланбаған(тура емес) және коньюгацияланған(тура) билирубин болады.Сау адамда тотура емес билирубин жалпы билирубиннің 75% құрайды,ал тура билирубин 25%құрайды.
4) Сары ауру түрлері кезінде гемоглобиннің метобализмі, сары ауру (сарғыштану) лабораториялық диагностикасы.
Сары ауру-гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымда