Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


анотехнология негізіндегі композиттік материалдар.




Нанотехнология ― жаңа молекуланы жасау кезінде жеке атомдардың, молекулалардың, молекуларлы жүйені басқару мақсатында наноконструктормен, арнайы физикалық, химиялық, биологиялық қаситеттерін нанометрлік өлшемдік аймақтық кеңістіктің физикалық-химиялық үдерістерінің заңдылығын зерттейтін сала болып келеді. Негізінен нанотехнология реттік нанометрлік көлеммен өлшенеді. 1 нанометр/1000 000 000 тең, бір миллиардтық метр, немесе 1\1000 (бір мыңдық) микрон. Бұл көлемнің өте кіші екенін анықтау үшін жер шары мен волейбол добының көлемін салыстыра отырып көз жеткізуге болады.

Алғаш рет нанотехнология терминін 1974 жылы жапон зерттеушісі Танугучи сызықтық өлшем кеңістігінде болатын 0,1 ден 100 нм (1 нм = 10– м) үдерісті түсіндіре отырып ұсынған. Стоматологияда жоғары кіші бөлшектегі материалды қолдану ― беріктік қасиеті жағынан айырмашылығы жоқ толықтырғыш бөлшек өлшемі 0,01-0,4мкм тең микротолықтырылған композиттерді (микрофилдер) жасаудан бастап қолданыс тапты.

Нанотехнология қатаю кезінде өте аз отыратын беріктігі жоғары микробөлшекті негізіндегі материалды жасауда көш басында тұр. Материалдың осындай қасиетке ие болуы нанобөлшектердің өзара жеңіл араласуы нәтижесінде болады. Осы қасиеті материалдың толықтырғыш дәрежесін арттырады және материалдың беріктік сипатын жақсартады.

Алғашқы нанотолықтырғыштар кремнийдің екі тотықтығы негізінде болған. Бірақ бұл материалдар ISO 4049 талаптарына сәйкес рентгенконтрасты болмағандықтан оның құрамына жерде аз кездесетін иттербия фториді сияқты металлдар қосындысын енгізе бастады.

НАНОТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ДАЯРЛАНҒАН КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАР

 

Материалдар Құрамы
Filtek Suprеme XT Нанокластерлер + наномерлер
Premise Бөлшек өлшемі 0,4 мкм барий шынысы негізіндегі толықтырғыш, бөлшек өлшемі 0,02 мкм алдын-ала қатайтылған толықтырғыш (PPF) диоксид кремний негізіндегі толықтырғыш  
Ceram X Шынытолықтырғыш, модифицияланған керамикалық нанобөлшек
AELITE Aesthetic Enamel Микрофильді толықтырғыш, нанобөлшектер

 

1. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

 

30 жастағы пациент профилактикалық тексеру мақсатында келіп қаралды. Қарап тексергенде ауыз қуысында қызылиек қызарған, сүңгілеп тексергенде қанайды. Тістері жұмсақ қақпен жабылған. Қақтарды толық алып тазалағаннан кейін 13, 42, 41, 31, 32, 33- тістердің вестибулярлы беткейінде мойын бөлігінде бор түстес ақ дақтар анықталды. Кіреукенің табиғи жылтырлығы жоғалған. Жоғарыда көрсетілген тістердің кіреукесінің түсінің өзгергені бұрын байқалмаған.

1. Жоғарыда аталған патология қандай зақымдануға жатады?

2. Диагноз қойыңыз.

3. Диагноз қоюда қолданылатын қосымша тексеру әдісін атаңыз.

4. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

5. Осы ауруға емдеу жоспарын құрыңыз.

2. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Пациент астыңғы жақ тістер арасына тамақ қабылдағанда ас қалдықтарының тұрып қалатынына, суықтан және тәттіден аздап, қысқа мерзімді ауыруына шағымданады. Тісін тілімен сипап көргенде ақау бар екені анықталатынын айтады. Науқастың айтуы бойынша 2 апта бұрын ас қабылдау кезінде тісінің кішкене бөлігі сынып қалғанын және ақау пайда болғанын айтты. Сырттай қарап тексергенде бет әлпетінде ауытқулар анықталмайды. Шеттік лимфа түйіндері ұлғаймаған, сипап тексергенде ауырмайды.

· Қарап тексергенде 25- тісте тісжегі қуысы анықталды. Дисталды жанасу бетінде ескі пломба және орта тереңдіктегі жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың табанын сүңгілеп тексергенде ауырмайды; ауыру сезімі тісжегі қуысының қабырғасында анықталады.

Суыққа қысқа мерзімді ауыру сезімі бар. Қағып тексергенде ауырмайды.

· Қарап тексергенде 26- тістің медиалды жанасу бетінде аз пигменттелген кіреуке аймағы анықталды. Аймақты кептіріп тексергенде бор түстес жылтыр еместігі айқындалды. Зақымдану ошағының орталық бөлігін сүңгілеп тексергенде кіреукенің беткі қабатының бұзылғаны анықталды. Осы белбеуді тексергенде зонд 1,5мм тереңдікке бойлап енеді. Бор түстес дақ тістің медиалды айдаршық жиегіне тарала орналасқан. Шайнау бетінде табиғи сызаттары пигменттелген. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды.

1. Тексеру жоспарын құрыңыз.

2. 25 және 26- тістердегі ауруға салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

3. Диагноз қойыңыз.

4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ

1. Тістің қатты тіндерін қышқылдық уландыруға арналған препараттағы әсер етуші компонент:

1) сірке қышқылы;

2) сүт қышқылы;

3) ортофосфор қышқылы;

4) ЭДТА[w46];(этилен диамин тетра уксусная кислота)

5) үшхлорсірке қышқылы.

2. Уландырғыш препараттарды тісжегі қуысынан алу жолдары:

1) сумен жуу арқылы;

2) мақта тампонмен алу;

3) 3% сутегінің асқын тотығымен жуу арқылы;

4) 0,02% хлоргексидин ерітіндісімен жуу арқылы;

5) 3% гипохлорид натрий ерітіндісімен бейтараптандыру.

3. Композиттерге келесі материалдар жатады:

1) шыныиономерлі цементтер;

2) күміс амальгамасы;

3) органикалық және бейорганикалық толықтырғыш мономерлер үйлесімі негізіндегі пломбалық материалдар

4) мырыш-фосфатты цементтер;

5) мырыш тотығы.

4. Блек бойынша I класты тісжегі қуысы орналасады:

1) күрек тістердің жанасу беттерінде;

2) үлкен және кіші азутістердің төмпешіктерінде;

3) кіші азутістердің мойын бөлігінде;

4) үлкен және кіші азутістердің табиғи сызаттарында және фиссураларында;

5) күрек тістердің кесу қырларында.

5. Тісжегі қуысын егеп тазалаудың соңғы кезеңі:

1) некротомия;

2) тістің табанын егеп- тазалау;

3) кіреукеге қиық жасау;

4) қуыстың қабырғаларын финирлеу;

5) тісжегі қуысын ашу.

6. Пломба жиегінің салбырап тұруының алдын алу үшін:

1) матрица қою;

2) тісаралық кеңістікке интердентальді сына орнату;

3) матрица және интердентальді сына қою;

4) матрицаны қолданбай пломбаны тегістегішпен қалыптастыру;

5) пломбаның салбырап тұрған бөлігін бормен алып тастау.

7. Егеп- тазаланған қуысқа адгезивті енгізу жолдары:

1) тіс тіндерін уландырғаннан кейін;

2) кіреуке және дентинді уландырудан бұрын;

3) композиттің бірінші порциясын қойғаннан кейін;

4) қуысты медикаментті өңдеу алдында;

5) композитті қояр алдында үш қайтара енгізеді.

8. III класс бойынша тісжегі қуысы орналасады:

1) күрек және сүйір тістердің мойын бөлігінде;

2) күрек және сүйір тістердің жанасу бетінде;

3) үлкен және кіші азутістердің төмпешіктер ұшында;

4) үлкен және кіші азутістердің жанасу бетінде;

5) күрек және сүйір тістердің кесу қырларында.

9. Матрицаны қояды:

1) уландырудан бұрын;

2) уландырғаннан кейін;

3) адгезивті жаққаннан кейін;

4) композиттің бірінші порциясын қойғаннан кейін;

5) пломбаны өңдеу алдында.

10. V класс бойынша тісжегі қуысына жатады:

1) үлкен азутістердің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуысы;

2) үлкен және кіші азутістердің окклюзиялық бетінде орналасқан тісжегі қуысы;

3) барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуысы;

4) үстіңгі жақ бүйір күрек тістердің тұйық тесігінде орналасқан тісжегі қуысы;

5) астыңғы жақ күрек тістердің кесу қырында орналасқан тісжегі қуысы.

11. Компомерлер қандай материалдардың үйлесімділігі болып табылады:

1) амальгама және жабысқақ жүйе;

2) силикофосфатты цементтің мырыш-фосфатты цементпен;

3) композиттік материал және герметик;

4) судағы дентин және эндометазон;

5) шыныпоиалкенатты цемент және композит.

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ;

1 —3; 2 —1; 3 —3; 4 —4; 5 —4; 6 —3; 7 —1; 8 —2;

9 —3; 10 —3; 11 —5.

 

4- ТАРАУ

ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІДЕН БАСҚА ЖАРАҚАТТАРЫ

Тістердің тісжегіден басқа жарақаттары тісжегіге қарағанда сирек кездеседі және тістің қатты тіндеріне тіс тоғасының әсер етуіне байланысты емес. Бұл аурулардың этиологиясы және патогенезі патогенді факторлардың әсер ету ұзақтығы мен кезеңдеріне тікелей байланысты. Аурулардың клиникалық көріністері көп түрлі және тістің қатты тіндеріндегі патологиялық өзгерістердің түрлерін толықтай сипаттайды.(4.1, 4.2-сурет).

Бүгінгі кезде стоматологиялық тәжірибеде күнделікті тістердің тісжегіден басқа жарақаттарының проф. Ю. А. Федоров және авторлар (1997).ұсынған жүйесі кеңінен қолданылады.

 

4.1.- сурет. Тістің қатты тіндерінің жоғары қажалуы

4.2.- сурет Флюороз (борлы-теңбіл түрі)

Тістердің тісжегіден басқа зақымдануының жүйесі [Федоров Ю. А. және басқалар., 1997]

I. Тістердің қатты тіндерінің даму кезеңінде пайда болатын тіс жарып шыққанға дейінгі патологиялары.

•Тістер кіреукесінің гипоплазиясы.

•Тістер кіреукесінің гиперплазиясы.

•Тістердің флюорозы.

•Тіс тіндерінің тұқым қуалаушылық әсерінен бұзылуы

•Тіс тіндері дамуының медикаментозды және уытты әсерлерден бұзылуы.

II. Тістің қатты тіндерінің тіс жарып шыққаннан кейінгі патологиясы.

•Тістің патологиялық қажалуы.

•Тістің сына тәрізді ақауы.

•Тіс кіреукесінің эрозиясы.

•Тіс жарақаттары.

•Тіс қатты тіндерінің некрозы.

•Тіс қатты тіндерінің жоғары сезімталдығы (гиперестезия).

Бұл тарауда ең көп кездесетін аурулар нозологиясы ХАЖ-С-3 (МКБ-С-3) кодымен берілген.

I. Тіс қатты тіндерінің дамуы кезеңіндегі зақымданулары:

•(К00.4) гипоплазия;

•(К00.3) флюороз;

•(К00.5) тұқым қуалаушылық:

–(К00.50) жетілмеген амелогенез;

–(К00.51) жетілмеген дентиногенез.

II. Тістің қатты тіндерінің тіс жарып шыққаннан кейінгі зақымданулары:

•(К03.1) сына тәрізді ақау;

•(К03.2) эрозия;

•(К03.0) патологиялық қажалу;

•(К03.9) қышқылды некроз;

•(К03.8) жоғары сезімталдық гиперестезия.

•Тістердің жарақаттары:

–(S03.2) тістің зақымдануы;

–(S02.5) тістің сынуы.

4.1. КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫ - (К0.4)

(4.3-сурет.) Кіреуке және дентин гипоплазиясы — тістің қатты тіндерінде кіреуке және дентиннің даму үдерісінің бұзылуымен суреттелетін зақымдану

 

4.3.-сурет. Кіреуке және дентин гипоплазиясы

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрау, шағымы Эстетикалық ақау төмендегі түрлермен көрінеді: —тіс бетінде бор түстес ақ, сарғыш-қоңыр түстес дақтар; —мөлдірлігінің, тістердің түсінің өзгеруі; —нүктелі дақтар; —тіс сауыты пішінінің өзгеруі   Жүкті әйелдер организмінде және ерте жастағы балаларда тістердің қалыптасуы және минералдануы кезеңінде зат алмасу үдерісінің бұзылуы тіс кіреукесі мен дентиннің дамуын тежеп, ауытқулардың дамуына әсер етеді. Жүйелі бұзылыстар кесірінен (бейорганикалық зат алмасу, әсіресе фосфор-кальцийдің зат алмасу үдерісі) және жергілікті факторлардың әсер етуі (жарақаттаушы, токсикалық) нәтижесінде амелобластардың және одонтобластардың тұрақты бұзылуы дамиды.
Температуралық, механикалық, химиялық тітіркендіргіштерге ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімі тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін басылады. Өте ауыр және кейбір жағдайда амелеогенез үдерісінің бұзылысынан кіреукенің толық (аплазия) болмауы
Анамнезі, жынысы, жасы Гипоплазияның дамуы пациенттің жыныстық белгісіне байланысты емес   Тістің қатты тіндерінде тұрақты бұзылыс баланың соматикалық аурулармен ауырған жасына сәйкес болып келеді
Сүт тістердегі жүйелі гипоплазия анасының жүктілік кезінде соматикалық аурулармен ауыруының әсерінен және бойында тұқымқуалайтын аурулардың тікелей әсер етуінен тістердің қатты тіндері құрылымының ауытқуларымен көрінеді  
Тұрақты тістердегі жүйелі гипоплазия жоғарыда айтылған факторлардан басқа сәбидің алғашқы өмір сүру айлары кезінде бойынан өткерген ауыр аурулардың салдары нәтижесінде дамиды.  
Бұрын ауырған және ілеспелі аурулар   Асқазан-ішек жолдарының инфекциясы (сальмонеллез)   Асқазанда астың сорылу үдерісі бұзылады. Ана сүтімен қоректенетін балалардағы созылмалы диарея, әртүрлі диспепсиялық бұзылыстар, минералды зат алмасу үдерісін бұзуы кесірінен кіреукеде гипоплазияның дамуына тікелей әсер етеді
  Болашақ ананың жалпы инфекциялық аурулары (қызылша, мерез)   Ұрықтың инфекциялану нәтижесінде (туа біткен мерез) тұрақты тістердің қатты тіндерінің және бірінші үлкен азутістер құрылымының ауытқулары нәтижесіне осы тістердің амелобластарының деформациялануы пайда болады. (Гетчинсон, Фурнье тістері)  
  Егер жүктіліктің алғашқы жартысында ұрық жатыр ішінде инфекцияланса, онда кейін келе баланың тістерінде кіреуке гипоплазиясы дамиды, тістердің құрылымы өзгереді, тістердің жарып шығуы тежеледі.
  Жүктіліктің және босанудың ауыр ағымы Жүктіліктің соңғы кезеңінде немесе сәбидің дүниеге келуі кезінде аталық және аналық резус- фактордың сәйкес келмеуі немесе гемолиздік анемияның дамуына әсер етеді. Содан кейін қандағы боялған заттар (билирубин) тістерде шоғырланып сүт және тұрақты тістерде сұр-жасыл, сары түстес болуына алып келеді. Өз уақытынан бұрын босану ― сәбиде асфексияның дамуына, соның әсерінен симметриялы сүт тістерде және бірінші тұрақты тістерде гипоплазияның дамуына әсер етеді. Бұл іштей дамитын гиполазияның неонаталды сызықпен дамуына әсер етеді. (гистологиялық кесіндіде)  
  Гиповитаминоздар (А, С, D), рахит. Гормоналдық бұзылыстар (гипопаратиреоидит, диабет). Нефроздар, Даун синдромы, тістің қатты тіндерінің тұқымқуалаушы аурулары   Анасында немесе сәбиде Д дәруменінің созылмалы жетіспеушілігі метоболизмнің бұзылысына әсер етеуі ― гипокальциемияның пайда болуына алып келеді. Гипокальциемияның әсерінен тіс кіреукесінде жеке- дара дақтардың пайда болуына, ал өте ауыр түрінде тістің қатты тіндерінің симметриялы деформациялануына әсер етеді.
  Кейбір дәрілік препараттардың әсері (тетрациклин)   Тетрациклин қатарындағы антибиотиктер тістің қатты тіндерінде кальциймен кешенді байланыс құрау нәтижесінде гистогенез кезеңінде тіс кіреукесінде және дентинде жиналады.    
  Сүт тістердегі созылмалы қабыну үдерістері, тістердің минералдану және даму кезеңінде жергілікті зақымдаушы факторлардың әсері, ионизациялаушы сәуленің тікелей әсер етуі Тұрақты тістер ұрығының жергілікті механикалық, токсикалық зақымдануы және жергілікті гипоплазияның дамуы
Негізгі аурудың дамуы     Әртүрлі этиологиялық зақымдаушы әсердің ұзақтығы және қарқындылығы тістің қатты тіндері құрылымының түрі мен пішінінің өзгеруі гипоплазияға тән. Тістердегі дақты өзгерістер тіс кіреукесінің дамуы кезеңіндегі ауытқуларға тән. Тістер пішінінің өзгеруі кіреукенің дамуы ж мен пайда болуы үдерісінің бұзылысын сипаттайды.    
Ертеректе жүргізілген емнің нәтижесі   Ем жүргізілмейді. Емдеуді композиттік сәулемен қатаятын материалдарды колдана отырып жүргізеді     Қанағаттанғысыз диагностика. Ем тұрақты тістерде жергілікті гипоплазияны емдеу барысында нәтижелі болады.
Қарап- тексеру Тістердің қатты тіндерінің жүйелі гипоплазиясы Аттас тістердің вестибулярлы бетінде орналасқан көптеген ақ, сары- қоңыр түстес дақтар. Кіреукенің беті тегіс, жылтыр, бояғыш заттармен бояғанда боялмайды. Дақтардың пішіні өмір бойы өзгермейді. Көбіне барлық тістер жарақаттанады, немесе бір кезеңде дамып жетілген бір топ тістер жарақаттанады. Тістер ұрығы метоболизмінің бұзылысы жүйелі минералды, ақуызды алмасудың бұзылысынан, сыртқы факторлардың әсер етуінен, және жүктілік кезінде немесе баланың 8 жасқа дейінгі мерзімде кейбір дәрілік препараттарды қабылдау әсерінен пайда болады. (тетрациклин және оған ұқсас препараттар)
  Тіс пішінінің ақаулары кіреукедегі даму жеткіліксіздігінің түрлері: —толқынды кіреуке (білік сияқты және олардың арасында аздаған ойық ретінде); —кіреукенің нүктелі ақаулары (қатар орналасқан, тамақ құрамындағы бояғыш заттардан боялады); —кіреукенің сайлы түрі (сайлар кейде жеке немесе көп баспалдақ тәріздес орналасады). Гипоплазияның барлық түрінде кіреуке бүтіндігі бұзылмаған.   Кіреукедегі өзгеріс үдерісі аурудың дәрежесіне байланысты. Кіреуке бетінің өткізгіштігі жоғарылайдығ Ретциус сызықтары айқындалады, призманың шекаралары тегістеледі және призмааралық кеңістік кеңейеді, гидроокисапатиттердің кристалдарының бағыттары бұзылады.
  Дентин дамуының жеткіліксіздігі — Гетчинсон тістері — үстіңгі жақтың тұрақты күрек тістерінің сауыты бөшке тәрізденеді және кесу қырында жарты айға ұқсас ақаулар пайда болады. Ақаудың табаны дентин маңайында орналасқан. Бірінші үлкен азутіс жарақаттануы мүмкін. Тістердің окклюзиялық бетінде орналасқан төмпешіктерінің пішіні қатты өзгерген және жарақаттанған тістерді бүйрек пішінді азутістер деп атайды. — Фурнье тістері пішіні бойынша Гетчинсон тістерін еске түсіреді, бірақ кесу қырында жарты айға ұқсас ойықтар болмайды. Айқын көрінген ақаулар созылмалы аурулар әсерінен дамиды. Кіреуке аймағында трепонеманың әсерінен қабыну үдерісі туындап амелобластардың деформациялануына және тіс, кіреуке, дентин құрылымының өзгеруі әсерінен дамитын ауытқулардың туындауына тікелей байланысты. Трепонемамен инфекцияланған балаларда көз қарашығының бұлыңғырлығы туындайды, құлағының дұрыс естімеуі пайда болады. (туа пайда болған мерез триадасы). Дентиндегі ақаулар интерглобулярлы дентин аймағының басым болуымен, предентин белбеуінің кеңеюінің бұзылысымен, дентин түтікшелері саңылауының ұлғаюымен сипатталады. Кейін келе интерглобулярлы дентин минералды тұздарды бойына жинау нәтижесінде қалыпты минералдану пайда болады.
  Тістің қатты тіндерінің жергілікті гипоплазиясы Кіреукеде бор тәріздес, сары –қоңыр түстес бір немесе бірнеше тістердегі дақтар. Тістің пішіні ойық, нүктелі сайлар сияқты өзгеруі мүмкін. Тістің дамуы және минералдануы кезеңінде жергілікті жарақаттану гиполазияның жергілікті дамуына әсер етеді. Тұрақты тістер ұрығының механикалық, токсикалық жарақаттануы (көбіне үстіңгі жақ орталық күрек және кіші азутістер) оның дамуына тікелей әсер етіп, кейде толықтай жойылуына алып келеді, себебі жарақат ошағында амелобластар жарақаттанады. Егер жарақат әсерінен ұрық аймағында кан құйылу үдерісі пайда болатын болса, кіреуке сары -қоңыр түстес болады. Сүт тістерде созылмалы қабыну үдерісі әсерінен ұлпасының өліеттенуі қабыну үдерісін туындатып, тұрақты тістердің ұрығын зақымдайды. Зақымдану дәрежесіне байланысты кіреукеде гипоплазия дамиды да, тіс сауытының өсуі тежеледі және бұзылады. Ауыр жағдайда кіреуке аплазиясы дамиды. (Турнер тістері)  

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Ауру Жалпы клиникалық көріністері Айырмашылық белгілері  
Тісжегінің дақты кезеңі Кіреуке бетінде ақ, сұр түстес дақтардың болуы. Ағымы симптомсыз. Кіреукенің жеке зақымдануы, мойын бөлігінде орналасуы. Зақымданған кіреуке аймағын кептіргенде жылтырлығы жоғалған бұлыңғыр, кіреуке беті тегіс емес, 2% метилен көгімен бояғанда боялады.

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫН ЕМДЕУ

 

Емдеу Заттар Мақсаты Әсер ету механизмі  
Жергілікті Емдеу әдісін және қолданылатын заттарды таңдап алу аурудың ауырлығына тікелей байланысты. Егер тек дақ болса емдеуді қажет етпейді. Егер пациентте эстетикалық тұрғысына шағым болса: —кіреуке микроабразия; —ақауларды композиттік материалдармен пломбылау; —винирлер даярлау, жасанды сауыт   Түсі өзгерген кіреуке бетін өте жұқа етіп тегістеу. Кіреукедегі, тіс дентиніндегі ақауды жабу. Тіс сауытының анатомиялық пішінін қалпына келтіру.   Құрамында арнайы абразив және тұз қышқылы бар бір мезгілде тегістеуші және эрозиялаушы әсер ететін нәтиже. ҚУЫСТЫ ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ. Ортопедиялық емдеу әдістері.  

 

КІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ГИПОПЛАЗИЯСЫН АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

Алдын-алу Қолданылатын заттар Мақсаты  
Тіс қатты тіндерінің жүйелі гипоплазиясы
Ұжымдық Бойында ауыр созылмалы аурулары бар болашақ аналарды, балаларды диспансерлік бақылау     Тістің қатты тіндерінің минералдануына және қалыптасуына әсер ететін жүйелі ауруларды болдырмау және алдын-алу
Жеке дара   Жүкті аналар мен 8 жасқа дейінгі балалардың жалпы ауруларын емдеуде тетрациклин тобындағы антибиотиктерді тағайындаудан бас тарту. Тетрациклин тобындағы антибиотиктердің тіс құрамындағы кальциймен кешенді байлам құрап, тістің түсін бояуына әсер етуін, дамып- жетіліп келе жатқан кіреуке және дентинде шоғырлануын болдырмау
Тістің қатты тіндеріндегі жергілікті гипоплазия
Жеке дара   Сүт тістердегі тісжегіні және оның асқынуларын дер кезінде емдеу Тұрақты тістердің ұрығының дамуына және қалыптасуына әсер ететін жарақаттаушы факторлардың алдын-алу және болдырмау

 

4.2. ФЛЮОРОЗ(К0.3)

Флюороз (4.4-сурет) — негізінен организмге ауыз суымен түсетін, жоғары концентрациялы фтордың әсерінен тістерде шоғырланып спецификалық өзгеріске ұшырататын жүйелі ауру.

 

4.4.- сурет. Флюороз

ФЛЮОРОЗДЫҢ ДИАГНОСТКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрап тексеру, шағымы Эстетикалық ыңғайсыздық төмендегідей түрде көрінеді: —тіс беттерінде ақ бұлыңғыр дақ түрінде; —тіс сауыты бетінде сары немесе қоңыр түстес дақтардың пайда болуы, кейде тіс бетінде кішігірім дөңгелек келген ақаудың пайда болуы; —тіс бетінің бұзылысы ―- ойықтар мен эрозияның пайда болуы, тіс сауыты пішінінің өзгеруі Тіс сауытының дамуы кезеңінде жоғары концентрациялы фторидтің амелобластарға улы әсер етуі даму кезеңін бұзатындықтан кіреукенің дұрыс қалыптасуын және дамуын өзгертеді. Ұзақ уақыт фтордың әсер етуі салдарынан фосфатазаның белсенділігі төмендейді және кіреукенің минералдану үдерісі бұзылады.  
Анамнезі, жынысы, жасы Флюорозбен зақымданған тістердің кіреукесі мен дентиннің өзгеруі пациенттің жынысына тікелей байланысты емес. Сүт тістер флюорозбен өте аз зақымданады. Бұндай көрініс эндемиялық белбеуде тұратын тұрғындарда ауыз суында фтордың көп болуы кезінде кездеседі. Тұрақты тістердің флюорозбен зақымдануы ауыз суында фторидтің көп болуы сол аймақта дүниеге келген немесе 2-4 жыл тұрған тұрғындар арасында жиі кездеседі.   Ана организмінде фтордың көп бөлігін планцента ұстап қалатындықтан, сүт тістердің минералдану үдерісіне әсер етпейді. Тістерде минералдану үдерісі токсикалық әсерден ерте аяқталуына байланысты кіреукедегі патологиялық өзгерістер өте аз болады.  
Аурудың туындауына әсер ететін факторлар   Фторқұрамдас қосындыны көп мөлшерде тұрақты қабылдау(ауыз суында фтордың концентрациясы 2 мг/лкөп болғанда)   Фторқұрамдас қосындыны күнделікті тұрмыста үнемі қолдану ― тұрақты тістердің кіреукесінде патологиялық өзгерістердің пайда болуын арттыра түседі.
Аурудың пайда болуын науқас немен байланыстырады   Жоғары концентрациялы фторланған ауыз су. Фторидқұрамдас таблеткалар. Фторидқұрамдас тіс қойыртпақтары[w47]    
Негізгі аурудың дамуы Флюороздың ауырлығы және таралуы климаттық-географиялық ерекшеліктерге, тамақтануға, организмге түскен фтордың концентрациясына, кіреукенің минералдану үдерісінің аяқталуына тікелей байланысты Суда фтордың бірдей жоғары концентрациясының болуы кезінде климаты ыстық аймақтарда тұратын тұрғындардың суды көп қолдануынан флюороз пайда болады.
Ертеректе жүргізілген емнің нәтижесі   Ем жүргізілмеген. Тістің қатты тіндерін кальцисіздендіру арқылы жүргізілген. Дақтарды жою  
Қарап- тексеру Флюорозбен зақымданған тістер кіреукесінің мөлдірлігі, жылтырлығы жоғалып, бұлыңғыр болады. Соған байланысты кіреуке бетінде күңгіріт және ақ мөлдір емес аймақтардың пайда болуы тән. Кіреуке кейде жүлгеленіп (сай-сай болып) шұбарланып кетеді. Мөлдір емес ақ дақтар және жолақтар қоңыр түске ауысады. Кіреуке құрылымында айқын көрінетін Рециус сызықтары мен Гунтер-Шрегер жолақты аймақтары анықталады. Зақымданған тінде ақуыз және фтор басым. Кіреуке бетінің жоғары дәрежедегі борпылдақтығы экзогенді бояғыш заттардың шөгуіне жағдай тудырады. Кіреуке призмасының жартылай резорбциялануы нәтижесінде призмааралық кеңістік ұлғаяды және біркелкі емес минералдану аймақтарының пайда болуы кіреукеде бұлыңғыр, ақборлы өзгерістердің пайда болуына әсер етеді.
  Флюороздың клиникалық көріністерінің жүйесі (Патрикеев В. К.) 1. Жолақты түрі – тістердің вестибулярлы бетінде ақбор түстес жолақтар анықталады. (көбіне үстіңгі жақ күрек тістерде). 2. Дақты түрі — күректіс, сүйір және кіші азутістерде, үлкен азутістер сауыттарының әртүрлі аймақтарында бор түстес дақтар анықталады. Кейде бор түстес, өзгерген кіреуке бетінде жақсы дамымаған ашық сары түстес дақтар көрінеді. Дақтар аймағындағы кіреуке беті тегіс, жылтыр. 3.Ақборлы –шұбар түрі ―- барлық тістер тобы зақымдануының өте ауыр түрі. Кіреуке бұлыңғыр, дақталған болып келеді. Түсі ақ түстен қара –қоңыр түске дейін өзгереді. Кіреуке бетінде кішігірім шар тәрізді дөңгелек шеті тегіс емес, табанының түсі сұр түстен қоңыр түске дейін өзгерген ақаулар,- белгілер пайда болады. 4. Эрозиялы және деструктивті түрі – кіреуке құрылымының көптеп бұзылуымен және қажалуымен сипатталады. Кіреукедегі зақымданған аймақ пішіні ойық және эрозиялы, тістердің вестибулярлы бетінде орналасады. Пигменттелген дентиннің анықталуы мүмкін.   Бор түстес жолақтар кіреукенің беткі қабатында орналасады. Бұл түрі ДДҰ жүйесінің II (жеңіл) дәрежесіне сәйкес келеді. Бұл кезде бор түстес дақтар тіс сауытының 25% алаңын алып тұрады. Кіреукенің тығыздығы төмендеп, минералдану бұзылады да, бояғыш заттар кіреукенің өткізгіштігі жоғары аймақтарынанан ене отырып сауыт түсін өзгертеді. Дақты аймақтарда азот құрамдас органикалық заттардың мөлшері көбейеді. Флюороздың бұл түрі III дәрежеге сәйкес келеді де, тіс сауытының 50%-дан астам аймағын қамтып тұрады. Гидрооксиапатит кристаллдары құрылымының айқындығы бұзылған, әсіресе кіреукенің беткі қабатында. Дақ аймағында призмааралық кеңістік зақымданған. ДДҰ жүйесі бойынша бұл клиникалық көрініс флюороздың IV дәрежесі —кіреукенің орта ауырлықтағы зақымдануына жатады. Ақаудың беті және кіреуке қажалады (ойықтар пайда болады), жартылай дентинде, ал фтормен уыттанудың өте ауыр жағдайында механикалық әсердің күшінен сауыттың толық бұзылуы мүмкін. Флюороздың бұл түрі ДДҰ ұйымының V (ауыр) дәрежесіне сәйкес келеді.

 

Қазіргі кезде эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде флюороз ауруын бағалау үшін арнайы сынама бар. H. T. Dean бойынша флюороз сынамасы (1934, 1942) кіреукедегі күңгірттік (мөлдір емес) жағдайды есептейді.

Сынаманы тек кіреукедегі көзге көрінетін өзгерістерді бағалау үшін қолданады. Сынама арқылы жеке және тістемнің жағдайын анықтайды.

DEAN БОЙЫНША ФЛЮОРОЗ СЫНАМАСЫ

 

Жағдайы   Клиникалық көрінісі Ауырлық дәрежесі
қалыпты   –0  
Күмәнді Бірлі- жарым ақ дақтар 0,5  
Онша көп емес   Тістің 25% дейінгі беткейін алып тұратын кіреуке аймағындағы көп емес бұлыңғыр аймақтар 1,0  
Жеңіл Тіс беткейінің жартысын алып тұратын кіреуке дегі бұлыңғыр аймақтар 2,0  
Орта Тіст беткейінің жартысынан көп бетін алып тұратын қоңыр түстес дақтар 3,0  
Ауыр Қоңыр дақтар тістің бетін толық жауып тұрады, эрозиялар және қажалу байқалады. 4,0  

 

Эпидемиологиялық зерттеу кезінде ең көп зақымданған екі тісті бағалау жүргізіледі. Сынаманың маңызын формула бойынша есептейді:

F = nw/N,

N — тексеруден өткендердің жалпы саны; n — тексеруден өткендердің ішінде флюороз диагнозы анықталғандар саны; w — ауырлық дәрежесі.

 

ФЛЮОРОЗДЫҢ ЖЕҢІЛ ТҮРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері Айырмашылық белгілері  
Тісжегінің дақты кезеңі Кіреуке бетіндегі ақ бор түстес дақтар. Тісті кептіргеннен кейін анық көрінеді. Ағымы симптомсыз. Көбіне мойын бөлігінде немесе жанасу бетінде кіреукенің зақымдануы байқалады. Минералсызданған ошақ 2% метилен көгімен бояғанда боялады.

ФЛЮОРОЗДЫ ЕМДЕУ

 

Емдеу Заттар Мақсаты Әсер ету механизмі  
Жергілікті. жолақты және дақты Ақборлы теңбіл және эрозиялы деструктивті түрі Емдеуге қолданылатын заттар және емдеу әдісі аурудың ауырлық дәрежесі үдерісіне байланысты. Ағарту (10% тұз, фосфор қышқылы), микроабразия, қайта минералдау терапиясы. Қайта минералдауға арналған заттар. Пломбалық материалдар. Жас анды сауыт жасау   Дақтарды жою. Жоғары сезімталдықты жою. Тістің қатты тіндерінің ақауларын жабу. Тіс сауытының анатомиялық пішінін қалпына келтіру. Тістің қатты тіндерінің кальцисізденуі. Қуыстарды егеп- тазалау және пломбылау.

 

ФЛЮОРОЗДЫҢ АЛДЫН –АЛУ (8.6.1- тарауды қара)

 

4.3. ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗ, ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗ

(К0.50, К0.51)

Жетілмеген а ме ло ге не з (4.5-сурет.) — тұқымқуалаушы аутосомды-доминантты Х-хромосомаға жалғанған жетілуі мен құрылымы бұзылысымен байланысты кіреукедегі өзгеріс.

4.5.-сурет. Жетілмеген амелогенез

Жетілмеген дентиногенез — тұқымқуалаушы аутосомды –доминантты жетілмеген остеогенездің рецессивті көрінісі. Капдепон дисплазиясы, дентиннің сауытты және түбір дисплазиясы, тіс қуысының дисплазиясы, одонтодисплазия, цемент дисплазиясы жатады. (4.6-сурет).

4.6.-сурет. Жетілмеген дентиногенез

 

 

ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрау, шағымы Төменде берілген көріністермен суреттелетін ақаулар түрінде: —тістердің түсінің өзгеруі (ақ түстен қоңыр түске); —тістердің мөлдірлігінің бұзылуы; —тістер бетіндегі дақтар, ойықтар, кедір-бұдырлар   Кіреуке құрылымының қалыптасу үдерісінің генетикалық негізделген бұзылысы әртүрлі клиникалық түрде көрінетін тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясының туындауына, кіреуке қалыңдығының өзгеруіне әсер етеді    
Анамнезі, жынысы, жасы Генетикалық патологияның клиникалық көріністері еркектерге қарағанда әйелдерде 1,5 есе жиі кездеседі   Тұқымның еркек жынысты мутагенді гені Х-байласқан түрі амелогенездің бұзылуын ғана емес, пренаталды кезеңде оның толықтай жойылуын және тағы басқа өзгерістердің туындауына әсер етеді.  
Бұрын ауырған аурулар немесе ілеспелі (жүре пайда болған) аурулары   Бас–жақ сүйек құрылымдарының бұзылысы болуы мүмкін (тістердің ретенцияциясы, ашық тістем және т.б.)   Қатты тіндердің немесе қатты тіндердің органикалық матрицасының түзілуінің бұзылысы көптеген синдромды аурулармен бірге әртүрлі клиникалық түрдегі гендік ауытқуларды туындатады.
Негізгі аурудың дамуы Сүт және тұрақты тістердің түсі ақ түстен сары –қоңыр түске өзгерген. Кіреукетузеуші үдеріс бұзылысының тереңдігіне және кіреукенің гипопластикалық зақымдаудың. саны және ауырлық дәрежесіне қарай байланысты болады. Сүт және тұрақты тістер бірдей зақымданады. Кіреукеде нүктелі және сызықты ойық ақауларымен қатар кіреуке қабатының жұқаруына дейін немесе оның тек мойын бөлігінде сақталып қалуына дейін жүреді. Кіреуке тығыз, немесе оның жартылай сынуы мүмкін. Гипокальцийлену кезінде кіреуке жұмсарады да, дентиннен оңай бөлініп біртіндеп жойылады. Жалаңаштанған және жоғары сезімталды дентин әртүрлі тамақ құрамындағы бояғыш бояулар әсерінен түсін қара-қоңыр түске өзгертеді. Гендік бұзылыс кезінде амелогениннің гендік мутациясы жүреді. Бұл кіреуке құрылымдарына тікелей әсер етеді, себебі амелогениннің ақуызы негізінен тұратын амелобластар кіреуке компонентін минералдаушы негізгі жасуша болып келеді. Егер кіреуке гипоплазиясы оның құрылымдарының бұзылысымен байланысты болса онда аз қалыңдықтағы кіреуке қабаты оның қалыпты өзгермеген қабатымен қосарланады. Кіреукедегі жетілу үдерісінің өзгеруі кіреуке қабатының қалыпты қалыңдығы кезінде оның қаттылығын, беріктілігін төмендетеді. Осындай жағдайда кіреуке призмаларының шашыраңқылығы анықталады, ал кейде олардың жойылуы немесе аз дәрежеде кристалдануы анықталады. Гипокальциленген кіреукенің жұмсаруы, кіреукенің толық жетілмеуі – кристаллтүзеуші үдерістің бұзылу нәтижесі болып табылады.
Жүргізілген емнің нәтижелілігі   Ем жүргізілмеген. Композиттік материалдармен ем жүргізілген. Науқас шағымының болмауы немесе қанағаттанғысыз диагностика. Зақымдану ауырлығына қарай терапиялық емнің сәйкес келмеуі.    
  Жетілмеген амелогенездің клиникалық көрінісінің жүйесі I. Құрылымның бұзылуымен байланысты тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясы II. Жетілуінің бұзылуымен байланысты тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясы III. Гипокальцийленумен байланысты тұқымқуалаушы кіреуке гипоплазиясы    
Қарап тексеру I. кіші азутістердің вестибулярлы бетінде және үлкен азутістердің ұрт жақ бетінде орналасқан нүктелі ақаулар, тістеу қырлары бұзылмаған. Кіреуке тегіс, оның түсі бұлыңғыр ақ түстен мөлдір қоңыр түске өзгеруі мүмкін. Тіістердің түсі ақ түстен сарғыш-ақ түске дейін өзгерген. Кіреуке қатты, беті тегіс емес, дентинде шоғырлануы мүмкін. Кіреукенің анық призмалық құрылымы болмайды. Жеке біртегіс емес кристаллдар анықталады.
  II. Кіреуке түсі бұлыңғыр-ақ түстен қоңыр түске өзгерген. Зақымдану әрқашан симметриялы орналасады. Кіреуке тығыз, дақталған. Көбіне үстіңгі жақ тістер зақымданады. Құрылымды ақаулар кіреуке қабатының призмасыз сыртқы қабатында орналасады. Дентин өзгермеген.  
  III.Тістердің кіреуке қалыңдығы қалыпты жағдайда, бірақ жұмсақ, ақ, сары түстес. Жалаңаштанған дентин қалдыра отырып тез қажалады. Дентин ас пигменттері әсерінен қара-қоңыр түске боялады.   Кіреукеде органикалық заттардың болуы 3 есе көп. Кіреуке қалыңдығы қалыпты жағдайда, бірақ кальцисізденуден кейін матрицасы болмайды.  

 

 

ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері Айырмашылық белгілері  
Флюороз Тістер бетіндегі ойық, жара түріндегі дақтар, пигменттер. Пигменттелген дентин.     Эндемиялық белбеуде ауыз суында фтордың мөлшерінің көп болуынан нәтижесінде тістердің жүйелі зақымдануы көбіне тұрақты тістер зақымданады.  
Тетрациклинді тістер   Тістердің түсі сұр түстен сары түске дейін өзгерген. Кіреукенің гипопластикалық өзгеруі мүмкін. Ауру тарихында- тетрациклин тобындағы антибиотиктерді қабылдағаны анықталады.

 

 

ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдары Патогенездік негіздеме
Сұрау, шағымы Тістің түсі өзгерген түрдегі дисколорит (сұр-сулыдан сары –қоңыр түске). Тістер пішінінің өзгеруі. Тістердің жылдам қажалуы. Шағымының болмауы.   Кіреукенің және дентин құрылымының тұқымқуалаушы бұзылысы кіреукенің құрылымсыз түрде көрінісімен және дентиннің атипиялық матриксімен суреттеледі.  
Ауру тарихы, жынысы, жасы Жынысқа қарамайды. Таза монғол және негр тектес халықтарда кездеспейді. Аутосомды –доминатты тұқым қуалау типі 50% екі жыныста да ұрпақтарында болу қауіпі анықталған.
Негізгі аурудың дамуы Тістердің окклюзиялық беттерінің қажалуы, кіреукенің болмауы, дентиннің жалаңаштануы тән Кіреуке кристаллдарының дезинтеграциясы түрінде өзгеруі, призмааралық кең кеңістіктердің пайда болуы. Ұлпада одонтобластардың вакуолизациясы, олардың санының азаюы, кейде толық болмауы, предентин аймағының кеңеюі байқалады. Цементте – үстіңгі түбір бөлігі қабатының тарылуы және сүт тістерде, тұрақты тістерде клиникалық өзгерістерге алып келетін құрылымды дегенерациялық өзгерістер
Жүргізілген емнің нәтижесі Ем жүргізілмейді. Композиттік материалдармен ем жүргізіледі. Науқас шағымының болмауы. Ем нәтиже бермейді.
Қарап тексеру Тістің түсі өзгерген: кіреуке түсі сулы-сұр түстеніп, дентин жалаңаштанып, сарғыш–қоңыр түстенген. Тістің қатты тіндерінің жылдам қажалуы сауыт көлемінің кішіреюіне әсер етеді. Кейде шар тәрізденеді. Рентгендік суретте мұндай тістердің түбірлері қысқа, түбір ұштары қалыптаспаған және төңірегіндегі сүйек тінінде құрылымы бұзылған ошақтар (очаги деструкции) анықталады. Клиникалық өзгеріс сүт және тұрақты тістерде байқалады. Дентинде минералды заттардың, кальций және фосфордың төмен болуы тән және сонымен қатар органикалық заттар мен судың көлемі жоғары болады. Генетикалық негіздемеде атипиялық дентиннің пайда болуы және кіреуке құрылымының бұзылысы осы қатты тіндердің бір –бірімен байланысуына кері әсер етеді.

 

ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ, КАПДЕПОН ДИСПЛАЗИЯСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДЕНТИННІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Аурулар Жалпы клиникалық көріністері Айырмашылық белгілері
Жетілмеген дентиногенез - I типтес   Тістердің зақымдануын нақтылау Капдепон дисплазиясының клиникалық көріністерімен ұқсас келеді.   Жетілмеген остеогенезде байқалады: Бұған үш симптом тән. —голубые склеры[w48]; —сүйектердің патологиялық сынуы; —отосклероздың дамуы. Негізінен ұзын қуысты сүйектер зақымданады.
  Сауыт және түбір дентинінің дисплазиясы   Сүт және тұрақты тістердің түсі өзгерген, меруерт түстес, шағылысады. Кіреукенің және дентиннің қажалуы мүмкін. Сүт тістердің қуысы және өзегі толықтай тарылған. Тұрақты тістердің қуысы жарты ай пішіндес. Сүт тістердің түбірлері жақсы дамымаған және шыққаннан кейін тез түсіп қалады. Бір түбірлі тұрақты тістердің түбірлері қысқа, конустәріздес, бірден түбір ұшында тарылады. Азутістердің түбірлері W әріпіне ұқсас келеді. Дене сүйегінің морфологиялық өзгерісі анықталған.  

 

ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ ЕМІ

 

Емі Заттар Мақсаты Әсер ету механизмі  
Жергілікті ем Пломбылау(заманауи композиттік пломбалық материалдар) Жасанды сауыттар және винирлер даярлау   Тістің анатомиялық пішіні және қызметін қалпына келтіру Қуысты егеп- тазалау және пломбылау. Ортопедиялық емдеу әдістері

 

ЖЕТІЛМЕГЕН АМЕЛОГЕНЕЗДІҢ ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН ДЕНТИНОГЕНЕЗДІҢ АЛДЫН –АЛУ ШАРАЛАРЫ

Отбасында тістің қатты тіндерінің тұқымқуалаушы өзгерістермен көрінетін науқастарды алдын -ала нақтылау және дүниеге осындай сәбидің келуін алдын –алу.

ІРЕУКЕ ЖӘНЕ ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫ (К3.2)

Кіреуке және дентин эрозиясы – тіс жарып шыққаннан кейін тістің қатты тіндерін зақымдайтын тісжегіден басқа аурулар тобына жатады. Тістер эрозиясы тістердің қатты тіндерінің белгілі бір себепсіз жойылуымен сипатталатын патологиялық үдеріс (4.7-сурет.).

4.7.-сурет. Кіреуке, дентин эрозиясы

КІРЕУКЕ, ДЕНТИН ЭРОЗИЯСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

 

Тексеру Симптомдар Патогенездік негіздеме
Сұрау, шағымы Шағымы жоқ Кіреукенің призмааралық кеңістігінің тұрақтану кезеңінде кристаллдардың дұрыс бағыттарының бұзылысы, құрылымсыз аймақ көлемінің ұлғаюы байқалады.
Температуралық, химиялық, механикалық тітіркендіргіштерден тез басылатын ауыру сезімі Белсенді дамыған зақымдану кезінде гистологиялық кесіндіде кіреуке құрылымы кондиционерленген немесе ұландырылған кіреуке құрылымына ұқсайды.
Эстетикалық ақау Пигментті заттардың әсерінен түсі өзгерген дентин аймағындағы ақау.  
Ауру тарихы, жынысы, жасы Эрозияның пайда болуы науқастың жынысына, жасына байланысты емес.  
Бойынан өткізген аурулар және ілеспелі аурулары   Құсумен, рефлюкспен, қосарлана жүретін аурулар (булимия, ГЭРБ); жұтқыншақ тесігінің және диафрагманың жарықтары, он екі елі қатпар ішектің ойық жарасы, жүктілік, алкоголизм, сілекей бездерінің аурулары. Асқазан нәрі қышқылының жиі және ұзақ әсер етуі тістің қатты тіндерінде қайта қалпына келмейтін зақымданулар туындатады.
Мамандық әсер етуші факторлар Өндірістік орындардың қышқылының булары Ауыз қуысына экзогенді қышқылдардың енуі (әсіресе жоғары концентрациялы) ауыз сұйықтығының минималды рН-ын 2 мин ұстап тұрады және физиологиялық қалыпты жағдайда оны сілекей тез арада жойады. Қышқылдардың тұрақты және ұзақ әсер етуі, гипосаливация – сілекейдің азаюы, сілекейдің буферлік белсенділігінің бұзылуы табиғи қайта минералдануды тежейді де, тістің қатты тіндерінің жойылуына, яғни-эрозияның пайда болуына ықпал етеді.
Науқас аурудың неден пайда болғанын байланыстырады   Жеміс- жидектердің шырынын, қатты газдалған сусындарды, йогуртты, және құрамында аскорбин, сірке және тағы басқа қышқылдар бар заттарды өте көп қолдану Цитрустарды күніне 2 реттен артық қолдану тістің қатты тіндерінде эрозияның пайда болуын 30-40 есеге арттырады. Қышқыл құрамдас препараттарды ұзақ уақыт қабылдау (С дәруменін, ацетилсалицил қышқылын, темірқұрамдас препараттар) да эрозияның пайда болуын қамтамасыз етеді. Резеңке сағызды бақылаусыз шайнау да қосалқы әсер етеді.  
Негізгі аурудың дамуы   Ең қаттылық болып табылатын кіреукенің беткі қабатының қажалуы ― кіреукенің төмен қаттылықтағы қабаттың және дентиннің жылдам қажалуына алып келеді. Тістер кіреукесінде және дентинде эрозияның пайда болуына химиялық (қышқылдың көп болуы) және механикалық факторлардың (ауыз қуысы гигиенасын дұрыс тазаламау немесе қатты күш түсіре тазалау, &




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1559 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2279 - | 2102 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.