Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 3 страница




2.10.4. ЦЕМЕНТ ТІСЖЕГІСІ (К02.2)

Тісжегі тіс сауытымен қатар тіс түбірін де зақымдайды. Түбір тісжегісі негізінен 35-45- тен асқан адамдарда кездеседі. Түбірдің зақымдануы кезінде цемент тісжегісі дамиды. (К02.2), түбір дентинінің тісжегісі (К02.1), ал кейбір жағдайларда тоқталған тісжегі болуы мүмкін. (К02.3). Түбір тісжегісінің дамуына міндетті түрде– қызылиек рецессияы болуы нәтижесінде туындайтын түбірдің бір бөлігінің жалаңаштануы керек.

Ауыз қуысы гигиенасының күтімінің нашар болуы, яғни цемент тісжегісі дамуында мәні зор. Пародонт аурулары, ас құрамындағы көмірсулардың көп болуы және жас мөлшері ― цемент тісжегісінің дамуында өте маңызды.

Цемент тісжегісінің тікелей себептері тіс қағында тісжегі туындатушы микроорганизмдер қызметінің ферменттенуі нәтижесінде жиналған органикалық қышқылдар және нашар ауыз қуысының гигиенасы болып табылады. Тіс қағындағы рН критикалық мөлшерден төмен болуы цементтің және түбір дентинінің минералсыздануына алып келеді.

Қарап тексергенде зақымдану ошағындағы цемент тісжегісі үлкен емес көлемдегі кәдімгі сары түстес даққа ұқсас келеді. Цементтің қалыңдығы өте үлкен емес, сондықтан оның беттері шайнау үдерісі кезінде немесе гигиеналық процедурадан тез қажалады да, түбір аймақтары жалаңаштанады.

Осының нәтижесінде цемент тісжегісі түбір дентиніне тез таралады. Түбір дентинінің тісжегімен зақымдануы цемент тісжегісі сияқты ― алғашында минералсыздану нәтижесінде түсі өзгереді. Түбір тісжегісінің ағымы созылмалы. Зақымдану ошағы көбіне түбір бетіне қарай тарайды да, кейде ғана тереңденеді. Негізінен ағымы симптомсыз жүреді. Науқастарды көбіне косметикалық аспектісі мазалайды. Түбір цементінің тісжегісі мен түбір дентинінің тісжегісін тіс сауытының мойын бөлігінде орналасқан тісжегімен, сына тәрізді ақаумен, кіреуке эрозиясымен салыстырады.

Цемент тісжегісі мен түбір дентинінің тісжегісін алғашқы кезеңінде емдеу ― рационалды гигиеналық процедура, қайта минералдау шараларын жүргізу болып табылады. Консервативті емнің нәтижесінде, ауыз қуысы гигиенасының сапалы жағдайы кезінде зақымданған аймақ қоңыр түстес болып біртіндеп пигменттеледі.Зақымданған тін тығыздалады және жылтыр болады. Тісжегі қуысын тек пломбылау керек. Пломбылау нәтижесі көбіне науқастың ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтауынан болады. Тамақ құрамында көмірсулы диетаның аз болуына мән беру керек. Тісжегі қуыстарын Блек жүйесінің V класы бойынша егеп- тазалап, пломбылау керек. Материалдардан күміс амальгамасын, иономерлі цементтерді және композиттік материалдарды қолдануға болады.

ІСТЕРДЕГІ ТОҚТАЛҒАН ТІСЖЕГІ (К02.3)

Қазіргі кезде тісжегінің белсенді ағымды минералсыздануымен қатар кіреукеде қайта минералдану үдерісінің жүретіні дәлелденген. Кейбір жағдайларға және кіреукедегі минералсыздану үдерісінің дәрежесіне байланысты тісжегі үдерісінің тоқтауы мүмкін. Қайта минералдану үдерісі үшін кіреукенің органикалық матриксінің бүтіндігі міндетті шарт болып табылады. Науқастың анамнезінен кіреукедегі түсі өзгерген ошақтың ұзақ уақыт тұрғанын анықтауға болады. Бірнеше тістердің зақымдануы кезінде ақаудың сипаттамасы бірдей. Қарап тексеру кезінде кіреуке бетіндегі дақ аймағында кедір- бұдырлық анықталады, бірақ беткі қабаттың бүтіндігі бұзылмаған.

Тісжегі дағының түс реңкісінің әр-алуан болуын жылдамдамыған минералсыздануға жатқызуға болады. Ақшыл-қызыл түсті дақтар кіреукенің интермитациялық минералсыздануына тән болса, ал қара –қоңыр және қара түсті тісжегі дақтары минералсыздану үдерісінің тоқтағаны жайында мәлімет береді. Бір дақ аймағындағы пигменттелген әр алуан реңкінің ақ түстес минералсызданған аймақтарымен қосарлана кездесуі байқалады. Бұл тісжегі дағының әр белдеуіндегі минералсыздану және қайта минералдау үдерісінің біркелкі болмауына тікелей байланысты. Тісжегі, тісжегі дағының барлық даму сатысында тоқатуы мүмкін, бірақ минералсыздану үдерісінің тұрақтануы және тоқтауы ақ түстес тісжегі дағының пмгменттелген түстес даққа ауысуында ғана болуы мүмкін. Ақ және ашық-қоңыр түс кезіндегі патологиялық үдеріске негізінен интермитациялаушы сипат тән.

Пигментті субстраттың пайда болуы – минералсыздану және қайта минералдану сияқты екі қарама-қарсы үдерістің қарқындылығына және патологиялық үдерістің тұрақтануы мен дезинтеграциялануының көрінісі ретінде қоңыр немесе қара түстес дақтардың пайда болуымен суреттеледі.

Кіреукеге қышқылдың әсер етуі ― кіреукеде тісжегі ақауының пайда болу себебі емес. Сілекейдің буферлік қасиетіне байланысты кіреукедегі минералсызданған ошағы жартылай қайта минералданады. Минералсыздану және қайта минералдану үдерістері тек қана жергілікті факторларға ғана байланысты емес, олар медициналық-әлеуметтік факторлар мен организмнің жалпы жағдайымен тығыз байланыста. Олар көмірсулары, тіс қақтары, ауыз қуысының гигиена деңгейі, ауыз суындағы фтордың мөлшері, жас мөлшері, аурулар мен өмір сүру салты болып табылады.

Тісжегінің дамуына организмнің жалпы жағдайы, сілекейдің бөліну жылдамдығы, көлемі және буферлік қасиеті тікелей әсер етеді.

Тоқталған тісжегінің дамуындағы маңыздысы сыртқы қабатының бүтіндігінің, кіреуке қабатының бетінің бүтіндік дәрежесі, ионды селективті мембрана қасиетінің болуы, минералсыздану ошағының дамуына ғана емес қайта минералдануды да қамтамасыз етеді. Тісжегінің ақ дақты кезеңінде тісжегі туындатушы жағдайды жойған кезде кері даму немесе тістің қатты тіндерінің минералсыздануының тоқтауыауыз сұйықтығының қайта минералдаушы қасиетімен немесе қайта минералдаушы препараттарды қолдану нәтижесінде дамиды.

Тісжегінің тұрақтанған сатысы болып табылатын, пигменттелген дақты кезеңінде қайта минералдау терапиясы нәтиже бермейді. Дәрігер- стоматологтың пигменттелген дақ кезіндегі тактикасы төмендегідей: егер тісжегі дақтарының көлемі үлкен болмаса немесе гигиеналық процедура жүргізуге қолайлы орналасса, онда тек динамикалық бақылау жүргізіп отырады, ал басқа жағдайларда, әсіресе жанасу бетінде орналасқан кезде түсі өзгерген тіндерді егеп алып тастау және пломбылауы қажет.

1- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

30 жастағы пациент профилактикалық тексерілу мақсатында келіп қаралған. Қарап тексергенде қызыл иегі қызарған, ісінген, сүңгілегенде қанайды. Тістері жұмсақ қақпен жабылған. Жұмсақ қақтарды алып тастағаннан кейін 13, 33, 32, 31, 41, 42 тістердің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде кіреукенің табиғи жылтырлығы жоғалғаны және ақ бортүстес дақтар анықталды. Жоғарыда аталған тістердің кіреуке түстерінің бұрын өзгергені байқалмаған.

1. Осы патология қандай зақымдануға жатады?

2. Диагноз қойыңыз.

3. Қандай қосымша тексеру әдістерін қолдануға болады?

4. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

5.Осы ауруды емдеу жоспарын құрыңыз.

2- КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Пациент профилактикалық тексерілу мақсатында келіп қаралған. Қарап тексергенде қызыл иек ақшыл қызыл түсті, ылғалды. 35, 36, 47-тістердің шайнау беттеріндегі табиғи сызаттар пигменттелген. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды, зонд сызаттарда тіреліп қалады.

1. Тексеру жоспарын құрыңыз..

2. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

3. Диагноз қойыңыз.

ЖАУАП БЕРІҢІЗ.

1. Тісжегінің зақымдануын бағалау критериін:

1) ауыз қуысыны;ң гигиеналық сынамасына;

2) БЖА- ПМА сынамасына;

3) пародонт тінінің қанағыштық сынамасына;

4) тістер тісжегісінің қарқындылығына;

5) сілекейдің бөліну жылдамдығына.

2. Кіреуке өткізгіштігі келесі аурулар кезінде ұлғаяды:

1) флюорозда;

2) кіреуке эрозиясында;

3) тісжегінің ақ түстес тісжегі дағы сатысында;

4) дентин тісжегісінде;

5) пародонттың жайыла қабынуының орташа дәрежесінде

3. Стефан қисықтығы қамтиды:

1) тісжегі кезінде сілекейдің тұтқырлығы динамикасының өзгеруін;

2) тісжегі кезінде сілекейдің бөліну жылдамдығының өзгеруін;

3) ауыз қуысының гигиеналық жағдайын;

4) тіс қағының рН динамикасының көмірсулар әсерінен өзгеруін;

5) Тісжегі кезінде кіреукенің өткізгіштік дәрежесін.

4. Тістің қатты тіндерін бояуды жүргізеді:

1) тісжегінің ақ дақты кезіндегі тісжегіні анықтау мақсатында;

2) тісжегінің ақ дақты кезіндегі тісжегіні емдеу үшін;

3) дентин тісжегісін диагносткалау үшін;

4) ауыз қуысының гигиенасын анықтау үшін;

5) периодонттың созылмалы қабынуын диагностикалау үшін.

5. Дентин тісжегісіне келесі шағымдар тән:

1) түнгі ауыру сезімі;

2) ұстама тәрізді ауыру сезімі;

3) химиялық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауыру сезімі;

4) тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі;

5) ас қабылдағанда ауырады..

6. АХЖ -С-3 жүйесі тісжегінің келесі түрлерін бөледі:

1) орта;

2) терең;

3) кіреуке тісжегісі;

4) беткей;

5) жылдам дамыған тісжегі.

7. Тісжегі дақтарының түстері сипатталады:

1) тісжегі ағымының ұзақтығы;

2) тісжегі дәрежесінің белсенділігі;

3) тістің қатты тіндерінің тереңдеп зақымдануы;

4) дентиннің үдеріске қатысу дәрежесі;

5) кіреуке тісжегісінің дентин тісжегісіне ауысуы.

8. Дентин тісжегісі кезінде қуыстың орналасуы:

1) тіс ұлпасында;

2) дентинде;

3) кіреуке және дентинде;

4) кіреукеде;

5) периодонтта.

9. Дентин тісжегісі кезінде қуысты сүңгілегенде:

1) барлық белбеуде ауырады;

2) қуыс табаны аймағында ауырады;

3) барлық белбеуде ауырмайды;

4) бір нүктеде ауырады;

5) кіреуке –дентин байланысында ауырады.

10. Тісжегі қарқындылығын анықтау үшін қолданады:

1) Федоров–Володкин бойынша тіс қағы сынамасын;

2) тісжегінің таралуын бағалау сынамасын;

3) РМА сынамасын;

4) ТПЖ сынамасын;

5) CPITN сынамасын.

Дұрыс жауаптар:

1 — 4; 2 — 3; 3 — 4; 4 — 1; 5 — 3; 6 — 3; 7 — 2; 8 — 3;

9 — 5; 10 — 4.

3 -ТАРАУ

ТІСТЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ

ІСТЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУДІ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН АСПАПТАР, ҚОСЫМША ҚОНДЫРҒЫЛАР, АКСЕССУАРЛАР.

Аспаптар мен заттар Қолдану тәсілі Мақсаты
1. Стоматологиялық қондырғы Пациентті әртүрлі стоматологиялық іс әрекеттерге дайындау. Стоматологиялық іс-әрекеттерді жүргізу Емдік алдын алу және ақыл- кеңес беру шараларын көрсету
2. Турбиналы[w37] арнайы жарықтандырылған ұштық Тістің қатты тіндерін егеп- тазалау Тісті қайта қалпына келтіруде қуысты қалыптастыру немесе эндодонттық емдеу кезінде қуысқа енуге жол жасау
3. Механикалық жарықтандырылған ұштық Тістің қатты тіндерін егеп- тазалау. Қайта қалпына келтірілген тістердің бетін тегістеу Тісті қайта қалпына келтіруде қуысты қалыптастыру. Тіске анатомиялық пішін беру. Түбір өзегінің сағасын кеңейту.
4. Композиттік материалдарды қатайтуға арналған галогендік және сәулелі диодты полимеризаторлар. Сәуле тығыздығы 400 мВт/см2 кем емес, толқын ұзындығы 380–520 нм галогенді сәулемен әсер ету Жабысқақты жүйені және сәулемен қатаятын композиттерді қатайтуға арналған.
5. Сәулелі фильтрлі немесе сәулелі фильтрі клипс түріндегі көзәйнек. Егер дәрігер немесе көмекшісі көз көруіне коррекция жасайтын арнайы қондырғыны колданатын болса. Сәуле фильтрлейтін көзәйнекті сәулемен қатайтатын аппараттармен жұмыс істеу кезінде қолданады. Көз анализаторына гологен сәулесінің қауіпті әсер етуінен қарғау
6. Плексигластық қорғаныс қалқаны Маңдай үстіне киілетін қорғаныс қалқаны Көз ағзасы және тыныс жолдарын тістің қатты тіндерін егеп- тазалау кезінде, ауыз қуысын және түбір өзектерін қатты әсер ететін антисептиктік препараттармен өңдеуде немесе әртүрлі қауіпті инфекциялы ауалы- тамшылы қоспалардың түсуінен қорғау
7. Радиовизиография немесе рентгенография жүйесі Медициналық жағдайда рентген сәулелерін қолдану Мониторда радиовизиографиялық көріністі алу, тексерілетін объектінің рентгенограммасы
8. Капсула түріндегі пломбалық материалды, соның ішінде амальгамманы араластыруға арналған құрал. Пломбалық материал бар капсуланы бірнеше секунд механикалық шайқау, араластыру. Қолдануға дайын пломбалық материалды алу.
9. Амальгаманы тісжегі қуысына апаруға арналған пистолет. Амальгаманы пистолеттің ұңғысына салып, оны тікелей егеп- тазаланған қуысқа сығып енгізеді. Стоматологиялық бөлменің тазалығын сақтау. Материалдарды тасымалдауға өте қолайлы.
10. Тісжегіні анықтайтын сәулелі детектор Тістің қатты тіндерін қуатты сәле шоғырымен сәулелендіру Көзге көрінбейтін жерде орналасқан тісжегі қуысын нақтылау
11. Электроодонто-диагностикалауға арналған құрал Тіс ұлпасына сәл ғана әсер еткенде электр тогына қайтарған жауабын тіркейтін аппарат Тіс ұлпасының жағдайын анықтау (ұлпаның өміршеңдігін немесе ондағы өзгерістерді)
12. Ультрадыбысты скейлер Жоғары жиіліктегі ультрадыбыстық тербелісті қолдану Мамандандырылған тісүсті шөгінділерін алу. Тістің қатты тіндерін егеп- тазалау. Түбір өзегінің тазалану сапасын жақсарту
13. Ауалы абразияға арналған қондырғы Ауаның үлкен қысымымен майда дисперсілі ұнтақты қолдану Пигменттелген дақтарды, соның ішінде енуге қиын, иілген тіс беттеріндегі шылым шегушілердің қақтарын алуға арналған
14. Арнайы резеңкелер мен щеткалар Механикалық ұштықтың көмегімен және арнайы қойыртпақтармен жұмыс істеуге арналған Пигменттелген дақтарды, соның ішінде енуге қиын, иілген тіс беттеріндегі шылым шегушілердің қақтарын алуға арналған. Тіс қақтарын алғаннан кейін тіс түбірлерін және қайта қалпына келтірілген тіс беттерін жылтыратуға және тегістеуге арналады.
15. Артикаина және лидокаин негізінде жасалған анестетиктер Карпульді анестетиктермен инфильтрациялық немесе өткізгіштік жансыздандыру жасайды. Ауру симптомын басу.
16. Жансыздандыруға арналған карпульді шприцтер мен инелер Карпульді анестетикпен шприцке қойып, оған инені бұрап орнатады да, шприцтің поршеніне күш сала отырып ішіндегі анестетикті баяу егеді.. Ауру симптомын басу.
17.Тістің қатты тіндерін егеп- тазалауға арналған алмазды және қаттықоспалы борлар Турбиналық немесе механикалық ұштықтарды қолдана отырып, үздік-үздік қайталап жұмыс істеу   Тісті қалпына келтіру үшін қуысты қалыптастыруға немесе түбір өзегі сағаларына енуге жол ашу
18.Тегістеп жылтырату жүйесі, реставрациядан кейін жылтырату межелік жүйе, реставрация бетін жылтыратуға арналған карбидті және алмазды борлар, майысқақ полиэстерден даярланған абразивті жолақтар. Турбиналық немесе механикалық кері айналатын ұштықтарды қолданады. Реставрация бетін тегіс жылтыратады.
19.Сәуле өткізгіш жолақтар (матри- цалар), металлды матрицалар (әмбебап). Матрицаның контурлы жүйесі Блек жүйесі бойынша II, III, IV классты тісжегі қуысын қайта қалпына келтіру кезінде тістер арасына орнатады. Жасанды нүктені қалпына келтіру, тіске анатомиялық пішін беру
20. Матрица ұстағыш Тіс арасындағы арада матрицаны ұстап тұруға арналған   Блек жүйесі бойынша II класс тісжегісін қайта қалпына келтіру кезінде қолданады.
21. Ағаш сыналар Матрицаны тістер арасына қойғаннан кейін орнатады. Матрицаны ұстап тұру үшін
22.Унидозаға арналған пистолет Пистолетке композиттік материал толтырылған унидоз орнатады. Пистолеттің қозғалтқышын басқан кезде унидоздан композиттік материал сығылып шығады. Пациенттен пациентке инфекцияның таралуын алдын алу үшін
23. Уақытша және тұрақты пломбалық материалдар. композиттер, соның ішінде төмен модулді (ағымды), бүктелген, амальгама, шыныполиалкенатты цементтер Материалдардың нұсқамаларымен танысу керек   Тісжегі қуысын уақытша жабуға немесе тұрақты реставрациялау үшін
24.Гидроксид кальций құрамдас емдік төсемдер Доғал аспаппен (нығыздағыш-штопфер) ашылған ұлпа мүйізшесіне немесе қуыс табанына қояды. Орынбасушы дентинді ынталандыру
25. Тістерді байлауға арналған синтетикалық полимерлі ма- териалдар (таспа-лента), материалды кесуге арналған қайшы Материалдардың нұсқамаларымен танысу керек   Қозғалған тістерді байлап қатайтуға, тісі жоқ аймақтарда тіс қою үшін
26. Шыны талшықты штифттер Түбір өзегіне цементтің көмегімен енгізіп, қатайтады. Тіс пішінін қайта қалпына келтіру кезінде қосымша алаң жасауға қолданады.
27. Титанды анкерлі штифттер Түбір өзегіне цементтердің көмегімен енгізіп, қатайтады. Тіс пішінін қайта қалпына келтіру кезінде қосымша алаң жасау ретінде қолданады.
28. Кіреуке және дентинді уландыруға(травление) арналған қышқыл материал Дентинге 10– 15 с, ал кіреукеге — о 15 -30 с Композиттердің тіс тінімен жанасу алаңын шағын кеңістіктер арқылы ұлғайтады.
29. Пломба бетін тегістеу және егеу кезінде пайда болған шағын сызаттарды жабуға арналған материал — Optigard Кіреуке және реставрация бетін пломба шекарасынан 2 мм арақашықтықта кондиционерлейді, қышқылды сумен жуып тастап, аппликатормен кептіріп жұқа қабат материалмен жауып, ауамен үрлейді де, 20сек қатайтады. Реставрация мерзімін ұзарту.
30.Ұнтақсыз резеңке қолғаптар Әр пациентті қабылдар алдында ауыстырады. Инфекциялық бақылау. Инфекцияның таралуының алдын алу.
31. Жұмсақ, жұқа қорғаныш бет перделері (маски) 3–4 пациентті қабылдағаннан кейін ауыстырады. Инфекциялық бақылау. Инфекцияның таралуының алдын алу.
32. Тістерді ауыз сұйықтығынан оқшалауға арналған мақта біліктері Біліктермен сілекей шығатын сілекей без түтікшелері орнына қояды.   Құрғақ операциялық алаң жасау
33. Гигиеналық екі қабатты құрғақ полиэтиленді сулық. «Қолтырауын» типтес сулықты ұстап тұруға арналған қысқыштар Сулықты пациенттің кеуде тұсына қарай су тартқыш қабат жағымен жауып, қысқышпен ұстатады. Гигиеналық шараларды талаптарға сәйкес орындау
34. Сілекей сорғыштар, шаңсорғыш ұштықтары. Ауыз қуысынан сұйықтықты, ерітінділерді, түбір өзегінен шығарылған сулы- ауалы массаларды сорып шығарады. Құрғақ операциялық алаң жасау. Гигиеналық шараларды талаптарға сәйкес орындау.
35. Ұштықтарды майлауға арналған баллондар Арнайы қондырғалар арқылы ұштықтарды майлайды. Ұштықтың үйкеліске ұшырайтын бөлшектерін майлау және тазалау
36. Антисептиктік ерітінділі баллондар және арнайы гигиеналық сулықтар   Пластмасса және металлдан жасалған стоматологиялық қондырғылардың бетін өңдейді: полимеризаторлардың, ультрадыбысты ұштықтардың, турбиналы және механикалық ұштықтардың т.б. Инфекциялық бақылау. Медициналық мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау
37. Коффердам Емдеуді талап ететін тістерге қояды. Операциялық алаңды әртүрлі нәрсемен ластанудан сақтау. Бөгде заттарды жұтып қою немесе бөгде заттың тұрып қалуынан қорғау.
38.Стоматология-лық ретрактор Ауыз қуысының кіре берісіне орнатады. Жұмыс алаңының жақсы көрініп тұруын қамтамасыз етеді.
39. Композиттік материалдардың түсін таңдауға арналған прибор Приборда арнайы үшлюминациялық флюренциялық суық катодтағы күндізгі солтүстіктік аспан түстес сәуле шығаратын, тістің табиғи түсін таңдауда өте қолайлы RGB- шамын қолданады. Композиттердің түсін оңай, жеңіл және қатесіз таңдау
40. Автоклавтарда аспаптарды және науашықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы пакет Дезсұйықтықта тазаланғаннан және тиісті уақыт ұсталынғаннан кейін аспап жиынтықтарын арнайы пакеттерге науашықтармен бірге орап, автоклавқа қояды. Инфекциялық бақылау. Медициналық мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау
41. Ультрадыбыстық ванна Құралды қосу кезінде сұйықтық ортасында ультрадыбыстық тербеліс пайда болады. Автоклавқа қояр алдында аспаптарды толықтай тазалау
42. Автоклав Бұылған аспаптарды автоклавқа қойып, керекті температура режимін орнатады 134° С, қысымы 321 бар, және 40 мин кейін аспаптар толық залалсыздандырылады   Инфекциялық бақылау. Медициналық мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау
43. Глассперленді стерилизатор. Глассперленді шарлар. Глассперленді шарлы камераға аспаптарды салады. Приборды қосқан кезде шарлар тез қызады және аспаптар залалсыздандырылады. Инфекциялық бақылау. Медициналық мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау
44. Қабырғалық немесе бактерицидтік шамдар Ультракүлгін сәулесімен әсер ету Аспаптарды сақтау. Қосымша заласыздандыру. Медициналық мекемелерде санитарлық-эпидемологиялық талаптарды орындау

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 704 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2455 - | 2137 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.