Стоматологиялық композиттер бүгінгі таңда қайта қалпына келтіруге арналған материалдардың негізгі класы болып табылады. Композиттердің силикатты цементтер, толықтырылмаған метилметакрилаттар шайыры және амальгамалық пломбалық материалдан артықшылығы – олардың беріктігі, қолдану және эстетикалық сипаттамасы және көлемінің өте аз өзгеруі.
Композиттер құрамында бейорганикалық толықтырғыштардың өте көп болуына қарамастан қатаю кезінде 1,4 тен 2,5% дейін тіске қарағанда өзінің алғашқы көлемін өзгертеді және жылудан кеңею коэффиценті жоғары.
Композиттердің көрсетілген кемшіліктері тістің беті мен пломба арасында саңылаудың пайда болуына, ауыз сұйықтығының және микроорганизмдердің пайда болған саңылауға өтіп кетуі, қуыстың толық жабылуы сапасының бұзылуына алып келеді. Осы қолайсыз жағдайлардың әсерінен пломбаның түсуі немесе салдарлық, яғни тісжегінің қайталамалы дамуы болады.
Композиттер деп бір немесе бірнеше компоненттерден тұратын материалды атайды. Стоматологияда қолданылатын композиттік материалдар басқа облыста қолданылатын материалдардан, композиттерден өзгешелеу және айырмашылығы бар.
Стоматологияда композиттік материал деп ― түсі тістің табиғи түсіне сәйкес келетін, қуысқа енгізгеннен кейін химиялық немесе сәуленің әсерінен қатаятын, синтетикалық пломбалық материалды атайды.
Заманауи стоматологиялық композиттік материалдардың үш негізгі компоненттері бар: органикалық матрица, дисперсті фаза (толықтырғыш)
және байланыстырушы фаза (силандар, сополимерлер).
Композиттік матрица қатаймаған түрінде мономерден, бастамашы ―- инициатор, тұрақтандырушы ―- стабилизатор, бояғыш пигменттен және басқа қосындылардан тұрады. Мономерлерден көпфункциялы қысқартылған формалы метакрилаттарды қолданады: MA––A.
Аралық түйін ретінде R алифатикалық байлам, уретанпреполимерлері, хош иісті сақиналар мен эфирлер қолданылады.
MA — бұл метакрил қышқылының күрделі эфирінің қалдығы. Композиттік матрицаның молекуласы аздап улы әсер ететін, түсінің тұрақтылығы мен, жоғары физикалық қасиетке ие, жоғары жылдамдықтағы реакциясымен сипатталады. Олар таза метакрилатқа қарағанда аздап улы әсер етеді, иісі және дәмі болмайды. Орталық молекула R механикалық қасиетіне, суды сіңіруіне, отыруына, қатаю дәрежесіне, тұтқырлығына әсер етеді.
Бастамашылар ―- инициаторлар — бұл мономерлермен қосарлана байланыс түзейтін реакциялар әсерінен (химиялық және физикалық активаторлар) энергия сыйымдылықты радикалдарға ыдырайтын компоненттер матрицасы болып табылады. Бастамашылардың реакцияға белсенді араласуы материалдың қатаюында шешуші фактор болып саналады.
Стабилизаторлар немесе ингибиторлар — бұл стеаринді фенолдар. Олар алдын ала қатаюды тежейді және пломбалық материалдың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді. Әртүсті материалды дайындау үшін олардың құрамына органикалық және бейорганикалық пигменттерді, соның ішінде әртүрлі темір тотығын қосады. Басқа қоспаларға пластификаторлар, сәулеқорғағыш заттар, оптикалық анықтағыштар жатады. Шайырлы матрица төмен тұтқырлықты және жақсы аққыш болып келеді. Механикалық және физикалық қасиетін жақсарту мақсатында құрамына қысымға төзімділігін арттыратын, материалдың тозу беріктігін және созылмалығын жақсартатын бейорганикалық толықтырғыш қосады. Сонымен бірге қатаю кезінде материалдың шөгуін, сызықты термиялық кеңею коэффицентін және суды соруды төмендету қажет. Бейорганикалық толықтырғыш ретінде кварцты, керамиканы және кремнийдің екітотығын қолданады.
Композиттік материалдарды жүйелеу ― оның құрамындағы толықтырғыш бөлшектердің көлемі мен қатаю түрлері негіз болып қабылданды.
Қатаюуына байланысты композиттік материалдар:
•Өздігінен қатаятын. Олар екі қойыртпақ заттан тұрады- базалық және катализатор. Екі қойыртпақ затты бір- біріне бір көлемде араластыру кезінде химиялық жолмен қатаяды.
•Сәулемен қатаятын. Олар тістерді қайта қалпына келтіру кезінде қолданылатын материалдардың негізгі тобын құрайды. Материалдардың құрамында қатаюын жылдамдататын сәулеге сезімтал камфорохинон заты болады. Алифатты аминдермен реакцияға түсе отырып, ыдырыған бос радикалды реактивтерді түзейді және қатаю үдерісін жылдамдатады.
Камфорофхинонның белсенді бөлінуі 420-500 нм толқын ұзындығындағы галогенді сәуленің әсерінен пайда болады. Қатаю жылдамдығы инициатордың санына және сәуле шоғырының қарқындылығына тікелей байланысты. Қатаю дәрежесі және тереңдігі композиттік материалдың түсіне де байланысты болып келеді: ашық түсті материалда бұл көрсеткіш жоғары.
Композиттік материалдың толықтырғыш бөлшектерінің көлеміне қарай жіктелуі