Тісжегі қуыстарын егеп- тазалаудың бірінші кезеңі қуысты ашудан басталады. Кезеңнің негізгі мақсаты зақымданған тіндерге визуальді және аспаптардың жақсы енуіне жағдай жасау. Қуысты ашу үдерісі кезінде бұзылмаған дентинмен шекараласпайтын кіреукенің шеткі салбыраңқы қырларын алып тастайды.
Келесі кезең қуысты «алдын алу үшін кеңейту» әдісі бойынша жүргізіледі.
Тіс тіндеріндегі тісжегіге бейімделген аймақтарын иммунды белдеуге дейін[w38] толығымен кесіп алып тастайды. Егер фиссуралар зақымданбаған болса, онда кіреуке деңгейінде ғана кеңейтіледі. Жұмсарған және пигменттелген дентинді толық алу ― некроэктомия кезеңінде жүргізіледі. Патоморфологиялық көзқарасқа байланысты осы кезеңде инфекцияланған, ыдыраған және минералсыздануға ұшыраған дентин мөлдір және бүтін дентин белдеуіне дейін алынып тасталады.
Тісжегі қуысына пішін беру кезеңі. Қуысты қалыптастыру және пішін беру кезеңі пломбаның жақсы жабысуына және тіс қызметінің қалпына келуіне жақсы жағдай жасайды.
Қуыстың резистентті пішінді түрі егеп- тазаланғаннан кейінгі тістің қатты тіндерінің және салынған пломбаның шайнау қызметі кезінде түскен қысымға берік болуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай пломбалық материалдың негізгі қасиетіне қарамай, негізгі пломбалық материалды тіс өсіне қарай орналастырып, ал бүйір қабырғаларын тіс өсіне параллельді, табанын тіс өсіне перпендикулярлы орналастыруы нәтижесінде жеткізіледі.
Композиттерді қолдану барысында қуыстың ішкі контурын аздап тегістеу жасауды ұсынады. Тік және өткір бұрыштар жасауға болмайды. Қабырғалардың тіс қуысы табандарына қарай ауысуы бірқалыпты тегіс болуы керек. Табаны баспалдақты болуы да мүмкін.
Қуыстың ретенциялық пішінді түрі пломбаның жақсы жабысуы үшін қосымша мүмкіндіктерді қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Бұл қосымша алаңның, конвергациялаушы қабырғалардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Егеп- тазалаудың соңғы кезеңі ―- пломбалық материалдың тістің қатты тіндеріне бейімделуі үшін қуыстың қабырғалары финирленуі керек.Тісжегі қуысының орналасуын, зақымданған тіннің ауқымын сырқатнамада толтыру үшін белгілі терминдерді қолдану керек. Зақымдану ошағының орналасуын жазу үшін анатомиялық терминдерді қолданған жөн: окклюзиялық, медиалды, вестибулярлы, оральді ж.т.б. Егер тісжегі қуысы екі жанасу бетіне тарала орналасса және окклюзиялық беті зақымдануға ұшыраса, онда медиалды-дисталды-окклюзиялық деп сипаттап жазылады.
3.5. БЛЕК БОЙЫНША I КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП- ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
І кластық тісжегі қуыстарының пішіні тіске (кіші және үлкен азутіс) және тісжегімен жарақаттанған табиғи сызаттардың орналасу ерекшеліктеріне де байланысты. Осыған сай қуыстың пішіні төрт бұрышқа, үшбұрышқа, ромбыға, цилиндрге және қосу белгісіне ұқсас болуы мүмкін. Кіші және үлкен азутістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуыстарын егеп тазалағанда барлық сызаттарын (фиссурларын) мұқият тексеріп, күмән туғыздыратын болса толық ашу керек. Үлкен азутістің шайнау бетінде және ұрт жақ бетіндегі ойықта (тұйық тесік) тісжегі қуыстары болса және арасындағы тіндер жұқарып кетсе, оларды біріктіріп тазалауға және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болды. Ал жоғарғы екінші күрек тістің таңдай жақ бетіндегі тұйық тесікте және төменгі үлкен азутістердің ұрт жақ бетіндегі ойықтарда жеке дамыған тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде оларға цилиндрге ұқсас пішін береді.
Азутістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуысын және оның төңірегіндегі күмәнді сайларды қоса ашып, егеп-тазалаған кезде олардың табандарының тереңдіктері бірдей болмауы мүмкін. Бұл жағдайда бұзылмаған тіс тіндерін сақтау үшін қуыстың табанын сатыға ұқсас етіп қалыптастырады. Егерде шайнау бетіндегі тісжегі қуысы бірнешеу (2-3) болса және олардың арасындағы қатты тіндерден тұратын қабырға қалың болса, әрқайсысын жеке-жеке егеп-тазалап, пломбылайды. Егер зақымдану өте терең және ауқымды, әсіресе тісжегі үдерісі созылмалы болса, қуыстың табанында пигменттелген дентин қалдыруға болады. Зондпен (сүңгімен) тексергенде шықырлаған дыбыс шығу керек. Күмән туындатқан жағдайда тісжегі маркерін қолдану керек: егер дентин боялса, онда шар тәрізді бормен инфекцияланбаған дентинге дейін мұқият алынып тасталады. Бұл жағдайда тісжегі қуысының табаны әрдеңгейлі етіліп қалыптастырылып, ағымы жоғары композиттік материалдармен тегістеледі.
Қуысты қалыптастыру кезеңі тісжегі қуысына пломбаның жақсы тұруының және функционалды салмақты едеуір мықты қамтамасыз ететін пішін беру болып табылады. Осы кезеңде егеп- тазалауды алмұрт тәрізді, жалын типтес алмазды борларды қолдана отырып ауалы-сулы салқындатумен жүргізеді.
Егер пломбалық материал ретінде амальгама, цементтер болса, онда егеп- тазаланғаннан кейін тісжегі қуысы жәшік тәріздес, ал қабырғалары параллельді немесе дивергациялау болуы керек. Композиттік материалдарды қолдану кезінде қуыстың пішіні еркін қалыптастырылуы мүмкін. Қуыстың қабырғаларын финирлеу пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шеттік өзара байланысты жақсы қамтамасыз етеді. Тістің қатты тіндерін ірі дәнді борлармен егеп- тазалау пломбалық материалдың тіс тінімен ретенциялануын жақсартады деген жалған мәлімет туындаған.
Клиникалық және тексеру барысы бұндай борлармен егеп- тазалау кезінде кіреуке бетінде сызаттар пайда болатынын, кіреуке призмасының бүтіндігі бұзылып, пломбаның шеттік жабысуы нашарлануы әсерінен асқынған тісжегінің дамитыны дәлелденді. Финирлеу межелік алмазды құйрық жағында қызыл немесе сары сақиналы, немесе 16 қырлы қатты қоспалы борлармен жүргізіледі.
Астыңғы жақтағы азутістердің қуыс пішіні фиссуралардың орналасу пішініне қарай анықталады. Үстіңгі жақтың азутістерінің фиссуралары ірі айдаршықтармен бөлінгендіктен қуыстарды бөлек қалыптастырған жөн.
Фиссуралар толық зақымдануға ұшыраған жағдайда қуысты таңдай бетіне қарай шығарады. Үстіңгі жақтың кіші азутістерінде фиссураларын мезиодисталды бағыттан жиектік білікке дейін кесіп алып тастайды. Астыңғы жақтың кіші азутістерінде екі біліктің болуы екі жеке, бір –бірінен бөлек қуыс қалыптастыруды талап етеді. Астыңғы жақтың үлкен азутістерінде вестибулярлы беттің тұйық тесігінде және үстіңгі жақтың бүйір күрек тістерінің таңдай бетіндегі тұйық тесігіндегі I класс бойынша орналасқан қуыстың пішінін сопақша немесе дөңгелектеу етіп қалыптастырады.(3.4- сурет).
3.4-.сурет. Блек бойынша I класты тісжегі қуысын егеп- тазалау нұсқалары
3.6. БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП- ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
Үлкен және кіші азутістердің жанасу беттері тісжегі үдерісіне шалдыққан кезде Блек жүйесі боынша тісжегі қуысы қалыптастырылады. Тісжегі қуысы алдыңғы жанасу бетінде немесе екі жанасу беттерінде орналасуы мүмкін. Екінші кластық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Егер көрші тіс болмаған жағдайда тісжегі қуысына еркін енуге мүмкіншілік болса, оны шайнау бетіне шығармай-ақ егеп- тазалайды және дайын қуыстың пішіні төртбұрышқа ұқсас, домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін. Көрші тіс болған жағдайда немесе қуысқа еркін ену мүмкіндігі бола тұра, оның шайнау жақ қабырғасы өте жұқа болса, тісжегі қуысын шайнау беті арқылы ашады. Алмасты немесе қатты қоспадан жасалған өткір борлардың көмегімен қуыс үстінен тесік жасап барып, оны кеңейту арқылы қуысқа енеді. Одан кейінгі шараларды тісжегі қуысын егеп-тазалаудың кезеңдеріне сай жүргізеді және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болады.
Бұл кезде қуыстың табаны тік және жазық болады, қызыл иек жақ қабырғасы табанына тік бұрыш немесе сүйір бұрыш жасай орналасқаны жөн (қызыл иек бүртігін жарақаттап алмас үшін). Қатты тіндерге аса көп күш түсірмеу үшін қуыстың табаны мен қызыл иек қабырғасының қосылған жеріндегі бұрышты аздап доғалдандыруға болады. Мұндағы тағы бір ерекшелік, шайнау күшінің тіс тіндері мен пломбыға тепе-тең бөлініп, пломбының ұзақ тұруы үшін қосымша алаң жасау қажет. Қосымша алаң шайнау бетінің ұзындығының ⅓-½ бөлігіне, ені негізгі қуыстың еніне тең болуы, ал тереңдігі кіреуке-дентин шекарасынан 1-2 мм төмен орналасуы керек. Қосымша алаңның пішіні әртүрлі (тік бұрышқа, трапецияға, қарлығаштың құйрығына ұқсас) болуы мүмкін. Егер үлкен және кіші азутістердің жанасу беттерінің екеуінде де тісжегі қуысы пайда болған болса, онда оларға шайнау бетінде ортақ қосымша алаң жасалады.
Аталған тістердің жанасу беттерінде сауыт экваторынан төмен орналасқан тісжегі қуысын көрші тіс болмаған жағдайда V класқа тиісті ереже бойынша егеп-тазалайды, ал көрші тіс болған кезде біраз бұзылмаған қатты тіндерді егеп ала отырып, шайнау бетіне шығаруға тура келеді. Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын ұлғая қабынған қызыл иек бүртігі жартылай немесе толық жауып қалуы мүмкін. Бұл кезде егеп-тазалауға қызылиек бүртігін кесіп, немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін кіріседі.
Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын тоннельдік реставрациялау әдісін қолдана отырып егеп- тазалауға болады. II класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбылау ең күрделі мануалды операция болып табылады.
II класс бойынша орналасқан қуысты пломбылау кезінде жіберілетін қателіктер:
•көрші тіспен пломба арасында тығыз жанасу болмаса ас қалдықтарымен қызылиек жарақаттанады;
•жанасу нүктесі тіс айдаршығының жиектік деңгейінде орналасқан;
• мойын бөлігінде салбыраңқы жиек жасау қызылиектің жергілікті қабынуын туындатады;
•мойын бөлігінде материалдың дұрыс жабыспауы екіншілік тісжегінің дамуына ықпал жасайды.
Қандай да бір матрицалық жүйені және сыналарды орнату ауырсыну сезімімен жүреді, сондықтан үнемі алдын ала жансыздандыру жүргізілуі тиіс.
Блек жүйесі бойынша II класты тісжегі қуысын егеп- тазалау нұсқалары 3.5.-суретте берілген.
3.5-.сурет. Блек жүйесі бойынша II класты тісжегі қуысын егеп- тазалау нұсқалары: а — МО қуыс; б — МОД қуыс.
БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША II КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН АШУ ВАРИАНТТАРЫ
Ашу жолдары | Кемшіліктері | |||
тігінен | Вестибулярлы және тілдік | Қызылиектік | туннельді | |
Көрші тістер болмаған кезде және екі тістердің арасын ашу кезінде қолданады. Тістердің араларын ашу үшін интерденталды сыналарды қолдануға болады. | Ірі, клиникалық сауыттарды биік тістерде қолдануға болады. Горизонталды туннель түріндегі қуысты тісжегі қуысына параллельді жатқан окклюзиялық бетке қарай вестибулярлы немесе тілдік беттен ашады. | Тісжегі қуысы пародонт ауруларының ықпалынан тістердің түбірлерінде жартылай қызылиек рецессиясы орын алған жағдайда жанасу беттерінде орналасқанда қолданады. | Туннельді егеп- тазалауды окклюзиялық беттен бастайды. Егеп- тазалауды шайнау бетінен бастайды. Қуысқа енуді жиектік айдаршық алдында үшбұрыш тәрізді фиссуралардың соңында орналасқан тұйық тесікте жасайды. Қуыстың пішіні зақымдану ошағына бағытталған туннель тәріздес. | Жоғарыда айтылған тәсілдерді өте сирек қолданады. Вестибулярлы және оральді ену жолдары зақымданған ошақтағы патологиялық үдеріске ұшыраған тіндерді толық алуды қамтамасыз етпейді. Тікелей тістердің араларын аша отырып егеп- тазалау кезінде қуысты толық бақылып отырып тазалау мүмкіндігі шектеледі. Туннельді ену кезінде тіс қуысын ашып алу қауіпі бар. |
II КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
М атериалдар | Қолдану тәсілдері | Мақсаты |
Гамма -2 фазасыз капсуладағы күміс амальгамасы | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Қуысқа порциямен арнайы амальгаманы тасымалдауға арналған пистолетпен алып енгізеді. | Тістердің анатомиялық пішінін және функционалдық параметрін қалпына келтіру |
Микрогибридті композиттік ма- териалдар, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Қуысқа қабаттай қою технологиясын қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
Нығыздалған ком- позиттік материалдар | Қолданар алдында нұсқауды оқып- қолдану керек. Қуысқа қабаттай қою технологиясын қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін, және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
Төменмодульді (ағымды[w39]) ком- позиттік материалдар. | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. | Матрицаның тіске және бөгде (будан) материалдарға жақсы бейімделуі үшін [w40] |
Үлкен тісжегі қуыстарын пломбылауға арналған шыныполиалкинатты қысқартылған цементтер | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. | Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру |
Керамикалық салма-вкладки[w41] | Екі тәсілде де қатаятын композиттік материалдарды қолданады. Қолданар алдында ережені, яғни нұсқауды оқу керек. | Тістердің анатомиялық пішінін және функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
3.7. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША III КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП- ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
III класс тісжегі қуысына тіс сауытының тістеу қыры бұзылмаған күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан қуыстары жатады. III класс тісжегі қуысын егеп- тазалауда үш тәсіл қолданылады.
Тікелей ену жолын қасында тұрған көрші тіс болмаған жағдайда немесе үлкен диастема мен тремалар немесе II класс бойынша егеп- тазаланған қуыс болған кезде қолданады
Оральді ену жолы көрші тістердің тығыз орналасуы кезінде вестибулярлы беттің бүтіндігін сақтап қала отырып егеп- тазалауда қолданады. Мұның өзі эстетикалық тұрғыда маңызы зор. (. 3.6- сурет).
Вестибулярлы ену жолы ― егер тісжегі қуысы оральді беті жақсы сақталып, ал вестибулярлы беті зақымдаған жағдайда қолданылады.
III класты [w42] тісжегі қуысын егеп- тазалау
Үшінші кластық тісжегі қуысын егеп-тазалаудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер оның орналасу жағдайына және жарақат ошағының аумағына байланысты. Егер тісжегі қуысына еркін ену мүмкіндігі болса, жарақат ошағына сай оған үшбұрыш пішін бере отырып егеп-тазалайды. Тістер тығыз орналасқан және көрші тіс болған жағдайда тісжегі қуысына жол ашып алады. Ол үшін таңдай немесе тіл жақ бетінен тісжегі аймағындағы бұзылмаған кіреуке мен дентин қабатын алып тастап, қуысты аталмыш беттерге шығарып алғаннан кейін ережеге сай егеп-тазалайды. Қуыстың ерін жақ қабырғасындағы бұзылмаған кіреукені барынша сақтап қалуға тырысу керек.
Үшбұрыштың табанын қуыстың қызылиек қабырғасы, екі бүйір қабырғаларын ерін және ұрт немесе тіл жақ [w43] қабырғалары құрайды, ал шыңы тістеу қырына бағыттала орналасады (3-сурет). Егер тісжегі әсерінен тістің тек жанасу беті ғана емес, ерін және тіл жағындағы беттері де бұзылған болса, әр беттегі қуысты бір-бірімен байланыстыра отырып егеп-тазалайды. Бұл кезде жанасу бетіндегі қуыстың табаны ерін және тіл жақ беттеріндегі қосымша қуыстардың табанына бұрыш жасай орналасуы керек.
Егер тісжегі қуысы аса терең болмай, пломбы ұзақ тұрмайтындай жағдай болса, тістің таңдай немесе тіл жақтағы бетінде ІІ класты қуысты өңдеу ережесіне сай қосымша алаң жасайды
III класты тісжегі қуысын пломбылау кезінде ретракциялық жіптерді және сәуле өткізгіштік матрицаларды қолданады. Матрицаларды арнайы ағаш сыналармен, мақта біліктермен тіске жақсылап қыса бекітеді.
3.6-.сурет. Блек жүйесі бойынша III класты тісжегі қуыстарын егеп- тазалау нұсқалары: а —тікелей ену жолы; б — оральді ену жолы; в —вестибулярлы ену жолы; г —вестибулооральді ену жолы (11 және 21- тістер)
III КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
М атериалдар | Қолдану тәсілдері | Мақсаты |
Микрофильді композиттік материалдар | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
Буданды- композиттік матери- алдар, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
Компомерлер[w44] | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
Шыныполиалкенатты цементтер (өте сирек қолданылады) | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
Макрофильді композиттік ма- териалдар (сирек қолданылады.) | Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |
3.8. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША IV КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП- ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ
IV класты тісжегі қуысына тіс сауытының тістеу қыры бұзылған күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан қуыстар жатады. (3.7- сурет).
3.7.- сурет. Блек бойынша егеп- тазаланған IV класты қуысы
IV класты қуысы пломбылау, қайта қалпына келтіру кезінде көп қиындық туындатады. Егеп- тазалау әдісін таңдау кезінде пациенттердің эстетикалық талаптарын және пломбалық материалдарға түсетін қысымды еске алу керек.
Тісті композиттік материалдарды қолдана отырып пломба салуда егеп- тазалауды тіс сауыттың 1/3 бөлігіне дейін зақымданған жағдайда қолдану керек. Вестибулярлы бетінде кіреуке аймағында қиық, ал оральді бетінде қосымша алаң жасайды. Мұндай жағдайда штифтерді қолданбаса да болады.
Тікелей әдіспен композиттік материалдардан даярланған винирлерге тісті егеп- тазалау тіс сауытының ½ және одан да көп бөлігі зақымданған жағдайда жүргізеді. Оральді бетінде қосымша алаңды қалыптастыру алдында пациенттен ауызын орталық окклюзияда жабуын сұрайды. Алдын ала үстіңгі және астыңғы тістердің арасына арнайы көшірме қағазын қояды.
Жанасу нүктелерін анықтайды. Оральді беттің егеп- тазалау шекарасы жанасу нүктесін физиологиялық окклюзияда немесе терең күрек тістік окклюзияда байланыстыратын сызықтан жоғары өтуі керек. Оральді беттен егеп- тазалаудың жоғарғы шекарасы орталық окклюзияда тістердің түйісу сызығымен тура келмеу керек.
Кесу қырының қалған бөлігін 2,5 мм кесу қырын жауып тұратын қойылатын композиттік материалдың қалыңдығына қарай қысқартады.
Вестибулярлы беттің егеп- тазалаудың қарапайым нұсқасы винирдің қызылиек маңындағы шекарасы шамамен 0,2 мм жиектік қызылиектен төмен орналасуы болып келеді. Вестибулярлы беттің егеп- тазалау тереңдігі әрбір клиникалық жағдайға байланысты болады. Арнайы борлар ―- тереңдік маркерлер алдыменен берілген тереңдікті қалыптастыратын 834 немесе 834А (NTI) сияқты борларды қолдануға болады. Содан кейін арнайы борлармен сайлардың арасында қалған тіндерді кесіп алып тастайды.
IV класты тісжегі қуыстарын арнайы ретракциялық жіптерді, ағаш сыналарды, жылтыр матрицаларды қолдана отырып пломбылайды. Композиттік материалдың кіреукелік материалдарымен қоса дентин контурын қалпына келтіру үшін арнайы дентин массасын бірге қолданады.
Қалпына келтірілген тістің бұрышына түсетін үлкен механикалық салмақ ― қайта қалпына келтіруге арналған материалдарға жоғары қаттылық талабын қояды. Мұндай талаптарға тек қана микробуданды, яғни микрогибридті композиттік материалдар және нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар ғана сәйкес келеді.
IV КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
М атериалдар | Қолдану тәсілдері | Мақсаты |
Микрогибридті композиттік материалдар, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар | Қолданар алдында нұсқаумен танысу керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. | Тістердің анатомиялық пішінін және функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру |