Ұлттық Шоттар Жүйесінің құрылуының негізінде шаруашылық айналымының қағидасы, яғни барлық экономикалық айналым: материалдық игіліктердің өндірісі мен қызметер көрсету біртұтас күйінде қалдырылады. Ұлттық Шоттар Жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгерісі – ақырғы қаржы нәтижесінің алынуы. Қаржы-несие қатынастары бірінші кезекте тұрады. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер және активтер, экономикалық операциялар, барлық шаруашылық субъектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды.
Ұлттық Шоттар Жүйесі категориялары, жіктелуі және түсініктері
1. Өнімдер – тауарлар мен қызметтер.
2. Тауарлар – физикалық заттар, экономикалық объектілер, сұраныс бар тауарларға меншіктік құқық таратылады.
3. Қызметтер – тұтынушылардың тапсырыс бойынша әртүрлі әрекеттері өндірушілер арқылы жүзеге асатын тұтыну заттарының күйі:
- тұтынушылардың физикалық жағдайы (мысалы, тұтынушыларды тасымалдау, көшіру; медициналық және хирургиялық емдеу, тұтынушылардың сыртқы жақсаруы);
- тұтынушылардың қабілеттілік жағдайы (мысалы, білім беру, қорғау, қаржылық делдалдық көрсету, т.б.).
4. Объектілер – тауарлар, қызметтер, ақша қаржылары.
5. Субъектілер – шаруашылық бірліктері.
6. Институтциалды бірлік – активтерді иемденетін, міндеттеме қабылдауға қабілетті, шаруашылық субъектілері мен ақпараттарын және экономикалық операцияларды, активтер мен пассивтерді жинақтайтын экономикалық дербес тұлға.
7. Экономикалық өндіріс – бұл қызметтер, институтциалды бірлік тексерумен жасалынған, еңбек, капитал, тауарлар, қызметтерді жүзеге асыратын іс - әрекет.
8. Өндіріс шекарасына қызметтердің келесі түрлері қосылады:
- басқа бірліктерге, көрсетілген және олардың өндірушілері болып табылмайтын тауарлар, қызметтер шығаруға арналған барлық жеке және ұжымдық тауарлардың, қызметтердің өндірісі;
- өздерін өндірушілер арқылы қорлану үшін немесе түпкілікті тұтынуға жұмсалу үшін қалдырылған барлық тауарлардың өндірісі;
- өзіндік түпкілікті тұтынуға қолдануға арналған қызметтердің өндірісі;
- заңсыз өндіріс;
- бүркемелі (жабық) өндіріс.
9. Резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан және бір жылдың ішінде немесе одан көп уақытта осы елдің экономикалық аумағындағы экономикалық қызметке қатысқан институционалды бірлік.
10. Ішкі экономика экономикалық аумақтағы резиденттердің де, резидент еместердің де қызметін қамтиды. Ішкі экономиканың негізгі көрсеткіші - жалпы ішкі өнім.
11. Ұлттық экономика экономикалық аймақтағы және оның шекарасынан тыс орналасқан резиденттердің де қызметтерін қамтиды. Ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы ұлттық табыс.
12. Шетелдегі аумақтық деп анклавалардың үкіметтік мекемелер арқылы аумақтарды демократиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдалануын айтады.
13. берілген елдің экономикалық аймағы – бұл берілген елдің үкіметімен басқарылатын, осы аумақ ішінде адамдар, тауарлар, ақшалар еркін қозғалыста болатын аумақ және оған жататындар:
- әуе кеңістігі, берілген елдің аумақтық сулары және халықаралық суларда континенталдық шельф және де олардан шикізат, мұнай, газ, отын өндіруге осы елдің құқығы бар;
- шетелдегі аумақтық анклавалар немесе халаықаралық ұйымдар, кәсіпорындар, осы елдің экономикалық аумағына орналасқандар.
Ал басқа елдің экономикалық аумағына жататындар:
- еркін аймақтар, берілген елдегі кәсіпорындар, шетелде жұмыс істейтіндер;
- берілген елдің шекарасынан тыс жердегі аймақтық анклавалар.
14. Экономика секторы – экономикалық қызметпен айналысатын институтционалды бірліктердің жиынтығы, яғни өз атынан активтерді біріктіріп, міндеттемелерді қабылдап, экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің жиынтығы.
Ұлттық Шоттар Жүйесінің принциптеріне сәйкес, экономикалық бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: секторлар және салалар.
Секторлар алтыға бөлінеді, бесеуі – ішкі экономика секторлары, резиденттер, ал алтыншысы сыртқы сектор (резидент еместер).
1-ші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар» - алынған табыс пен шыққан шығындардың орнын толтыратын, баға бойынша тауарлар өндіру мен қаржылық қызметтерден басқа қызметтерді көрсететін институционалды бірліктер (кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік қонақ үйлер, кафе және т.б.).
2- сектор – «Қаржылық корпорациялар» қаржылық қызметтер көрсететін институционалды бірліктердің жиынтығын қамтиды (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, биржалар, ломбард, бағалы қағаздар нарығы, трасталық компаниялар). Қаржылық қызметтің екі түрі бар: а) делдалдық қарыз алушыға несие беру мақсатымен өз атынан қаржылық міндеттеме қабылдай отырып, ақшалай қаражаттарды жұмылдырады және осы ағындар сипаттамасын қайта құрып, түрін өзгертеді; б) қосалқы қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты, бұлар – қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар, бірақ өз атынан несие бере алмайды.
3- сектор – «Мемлекеттік басқару органдары» - мемлекет бақылауында тұратын және халыққа мемлекеттік басқару нарықтық қызметін атқаратын институционалды бірліктер.
4- сектор – «Үй шаруашылықтары» - жеке адамдар, бірге тұратын отбасылар, заңды статусы жоқ кәсіпкерлер.
5- сектор – «Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» үй шаруашылықтарына тауар мен қызметті тегін немесе төмен бағамен төлеген жарнасына, берген жәрдеміне жеткізіп береді (саяси партиялар, діни ұйымдар, ауруханалар, клубтар, спорттық қоғамдар, т.б.).
6- сектор – «Қалған әлем» - Қазақстан Республикасына қатысты басқа да шетелдерді біріктіретін экономикалық бірлестіктер.
15. Экономикалық айналым элементтері: объект, субъект, экономикалық операция.
16. Экономикалық операция - өзара келісімдер бойынша жүзеге асырылатын екі институционалды бірліктердің өзара қызметін көрсететін экономикалық ағын. Экономикалық операциялар үш топқа бөлінеді:
- «тауарлар мен қызметтер операциялары» қозғалысы келесі процестермен тіркеледі: өндіріс, тұтыну, инвестициялар, экспорт, импорт;
- «бөлу-үйлестіру операциялары» - табыстармен операциялар жасау: жалақы, проценттер, пайда, трансферттер (салықтар, субсидиялар);
- «қаржы операциялары» - несиелерді алу, оларды өтеу, бағалы қағаздарды сату және сатып алу және басқа да қаржылық активтермен операциялар.
17. Трансферт- бұл экономикалық операция, бір институционалды бірліктің екінші институционалды бірлікке ақысына компенсация төленбей, ештеңе алмай, тауар, қызмет, не ақшаны беруі. Трансферттер ақшалай не заттай түрде берілдеі. Трансферттер үш топқа бөлінеді: ағымдағы, әлеуметтік, капиталдық.
18. Салықтар – бұл мемлекетке ақшалай немесе натуралды түрде институционалды бірліктер орындайтын міндет, компенсация жасалмайтын төлемдер. ҰШЖ салықтары «ағымдағы» және «капиталды» болып бөлінеді.
19. Таза салықтар салықтан демеу қаржыны азайтқанға тең.
20. Демеу қаржылар (субсидиялар) – кәсіпорындарға орны толтырылмайтын ағымдағы мемлекеттік бірлік төлемдері. Демеу қаржыны резиденттік өндірушілер алады және салыққа кері трансферт ретінде болады.