Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы




Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстарының категорияларымен байланысады. Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.

Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер

 

Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік үлесі = х 100

жалпы халық саны

Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік коэффициенті = х 100

15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны

Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны

істейтін бір адамға есебімен = х 100

Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны

Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны

(жұмысбастылық) = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны

жұмысбастылық = х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны

Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны

экономикалық белсенді = х 100

емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны

Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны

жастағы халықтың орнын = х 100

басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме = х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны

жүктеме = х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1634 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2539 - | 2234 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.