Интерполяция деп, өсіңкілік қатардың ішінде берілмеген,яғни жетіспейтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табуды атайды. Қатардың белгісіз көрсеткішін анықтау үшін арифметикалық орташа нақты (абсолюттік) өсім, орташа өсу қарқыны.
Y = Yi+Yi+1
2
Нақты өсімді қолдану арқылы есептеуде келесідей формула қолданылады:
+ Yi
Орташа нақты өсім арқылы есептегенде келесі формуламен анықталады:
Экстраполяция тәсілі деп белгілі уақыттағы өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін қолдана отырып келешекке болжам жа-сауды, яғни осы уақыттан кейінгі мерзімдердің сандық мәндерін жуық шамамен есептеп табуды айтады. Болжам жасау кезінде сол уақытқа дейінгі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процес-тердің даму немесе кему жағдайы, болжам жасалынатын кездерде де өзгермейді деп есептелуі тиіс.Мұндағы қолданылатын тәсілдер-дің ішіндегі ең жеңіл түріне жататындары өсу немесе орташа өсу қарқыны мен орташа нақты (абсолюттік) өсім арқылы есептеу болады.
1. Орташа нақты (абсолюттік) өсім бойынша.
Ух=У0 +∆н*х мұнда ∆н=∑∆н/n; ∆н = Уn -У0/n;
2. Орташа өсу қарқыны бойынша:
Ух=У0 Көх мұнда ;
1. Ух=4516+198,44*10=6539,79
∆н= 6302,0-4516,0/9=1786,0/9=198,44тг;
2. Кө=9√6302,0/4516,0=1,038;
Ух=4516,0*1,03810=4516,0*1,452=6557,23тг
Зін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
1.Өсіңкілік қатарлар дегеніміз не, оның статистикалық зерттеудегі мәні не?
2.Өсіңкілік қатарлардың қандай түрлері бар?
3.Өсіңкілік қатарлардың деңгейінің өзгеруін сипаттауда қандай көрсеткіштер қолданылады?
4.Өсіңкілік қатарлардың өсу және өсім қарқыны қалай анықталады?
5.Өсіңкілік қатарларда маусымдық ауытқу қалай өлшенеді?
ИНДЕКСТЕР
Индекстер туралы түсінік
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.
Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жүргізүде екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын уақыт шамасы есепті немесе ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.
Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-ге көбейту арқылы %-пен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден немесе 100-ден көп болса, құбылыстың өткендігін, ал аз болса, онда кемігендігін көрсетеді.
Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты екі топқа бөлінеді: көлемдік және сапалық.
Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. М/ы, өнеркәсіптің, а/ш-ның, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.
Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.