Егер пациент әлсіз болса, немесе есі айқын емес жағдайда болса:
1.Пациентті қырымен жатқызыңыз немесе басын бір жағына қарай бұрыңыз
2.Жедел түрде дәрігер шақырыңыз
3.жастықты алып тастаңыз
4.Тіс протездерін(егер бар болса) алып тастаңыз
5.Клеенкамен мойынын, кеудесін жабыңыз
6.Ауызына лоток койыңыз
7.Электросоргыш немесе резеңке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алыңыз
8.Ауызды құсық шыққан сайын жуыңыз
Ескертпе: Электросорғышпен немесе резеңке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алыңыз немесе саусаққа оралған залалсыздандырылған дәкемен сүртіп отырыңыз.
170. Қарапайым жүрек-өкпе реанимациясы
Терминалдық жағдайдағы медбикенің іс әрекеті.
Өлу кезеңін орталық нерв жүйесінің қанауынан, деммен гемодинамиканың терең бұзылуынан ажыратады.
Терминалдық жағдайлар ағзаның тіршілік деңгейінің бұзылуынан сипатталады, қан қысымы күрт төмендейді, газ алмасуы және торшалармен тінде терең бұзылыстар дамиды
Арпалыс алды (предагония), арпалыс (агония) және клиникалық өлім өмірмен өлімнің арасындағы терминалдық жағдай болып саналады,
Осындай жағдайда адамның өмірін сақтайтын жалғыз ғана алғашқы реанимациялық көмек көрсету.
Арпалыс алдындағы шағымдары:
- тежелу;
- сана сезімі шатасқан;
- қан қысымының кұрт төмендеуі 60 мм. с. б.б. оданда төмен;
- тамыр соғысының жиелеуі, жіп тәрізді болуы;
- демі жиі сыртқы;
- ентігу (тахипноэ);
- цианоз немесе терінің, кілегейлі қабаттарының бозаруы.
Терминалдық үзіліс - арпалыс алдындағы жағдайдан арпалысқа ауысу. Терминалдық үзілісінде тахипноэдан кейін демі кенеттен тоқтайды. Терминалдық үзілістің ұзақтығы 5-10 сек. - 3-4 минутқа дейін созылады.
Арпалыс - ағзаның ең соңғы өлімге соғатын көріністері.
Арпалыс жағдайындағы шағымдары- демнің бұзылуы (Биота, Чейн-Стокс, Куссмауль демі). Басы әрбір демің алғанда шалқаяды, өлімге шалдыққан адам ауаны жұтадын тәрізді болады (гаспинг);
- сана сезімі жоқ, барлық рефлекстері қанауда, көз қарашығы кеңейген;
- жүректің соғысы жиі;
- қан қысымы кұрт төмендейді 20-40 мм.с.б. бойынша;
- шеткейлі тамырларда тамыр соғысы жойылады, ал ірі артерияларда әлсірейді;
- жалпы тоникалық тырысулар;
- дене температурасының төмендеуі;
- ықтиярсыз зәрмен нәжісінің шығуы.
1. Клиникалық өлім – ол ағзаның (5-6 минуттан кейін), қайтадан оралатын жағдай, деммен қан айналысының толық тоқтауынан мидын жарты шарының қыртысы уақытша қамыған болып анықталады. Зат алмасуының өшіп қалуы біртіндеп басталады.
Жүрекпен дем тоқтағанда ағзадағы зат алмасуы төмендейді, бірақ толық анаэробдық гликолиз механизмнің арқасында тоқтамайды.
Клиникалық өлімнің ұзақтығында- ми торшалары қан айналымының жоқтығында өмір сүру қабілеті сақталынады, ал оттегі мүлде болмағанда 5-6минуттан кейін жүрегі тоқтаса торшалар өлімге шалдығады.
Клиникалық өлімнің шағымдары:
- сана сезімі жоқ;
- демнің тоқтауы;
- терісі боз, цианоз;
- ірі магистральдық тамырлардың соғуының жоқтығы (ұйқы, жамбас, артерияларында);
- көз қарашығының кеңеюі, жарыққа реакциясы жоқ;
- арефлексиясы.
Реанимация - ол ағзаның маңызды қызметтерің, әсіресе деммен қан айналымын тірілту, тіндерді оттегімен қамтамас етеді.
1.Тірілту шаралары тез арада кешіктірмей басталуы керек.
2. Болған оқиғаға қарамастан алғашқы әрекеттерді бірдей бастайды, өте маңызды міндетті түрде орындайтын екі әдіс:
- зардап шеккен адамды қатты жерге жатқызу;
- кеуде қуысын босату.
3. Питер Сафар әдісі бойынша тірілту бір неше ережеден құралады:
А ережесі. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту.
В ережесі. Жасанды дем қолдану «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға».
С ережесі. Қан айналымын қолдау үшін жүрекке тікелей емес массаж жасау.
А ережесі. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту.
Зардап шегушінің ауыз қуысын тексеру:
Бөгде заттар болғанда (қан, сілекей, құсықтың қалдықтары, тамақтың қалдықтары т. б.) ауыз қуысты және жұтқыншақты босату керек:
- зардап шегушініңбасын оң жаққа бұрыңыз, сол жақ қолдың үлкен саусағымен төменгі алдынғы тістерін басып отыру, ал екінші саусақпен жоғарғы тістерді;
- ауызын ашыңыз;
- тіс алмалы салмалы протезін алып тастаңыз;
- ауыз қуысын оң жақ қолдың екінші үшінші дәкемен оралған саусағымен тазалаңыз (дем жолдарын толық ашады) немесе электросорғышпен;
- дем жолдарының өткізгіштігін тексеру үшін 3-5 дем жіберіп кеуде қуысынан байқап көз жеткізу.
В ережесі. Жасанды дем қолдану «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға».