Мақсаты: Қақырықта қатерлі ісіктердің жасушаларын анықтау.
Көрсеткіштері: Тыныс алу органдарының ауруларында және онкологиялық ауруларына күдік болуы.
Жабдықтау: 50 мл сиымдылығы бар бір рет қолданылатын контейнер, оның сыртына белгіні көрсету (бөлімшесі, пациенттің аты-жөні, анализдің зерттеу мақсаты, күні), лабораторияға жолдама толтыру (бөлімше, палата номері, пациеттің аты-жөні, күні, зерттеу мақсаты, медбике қолы) температурасы 370 С, 0,5-0,7литр қайнатылған су.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке қақырықты қалай жинайтыны туралы түсіндіру,келісімін алу
2.Қақырықты таңертен аш қарында жинау
3.Пациентке:
Ø Таңертең екі сағат бұрын қақырықты жинар алдында тістерін тазалау;
Ø Ауызды, жұтқыншақты қақырық алар алдында сумен шаю;
Ø Тұру немесе тігінен отыру;
Ø Ыдысты төменгі ерніне тигізбей ұстау;
Ø Пациент бірнеше рет терең дем алып содан кейін шығарып жөтел шақырады;
Ø Қақырықты 3-5мл көлемде алу;
Ø Ыдыстың қақпағын жабу.
4.Қақырықты лабораторияға 1 сағат ішінде жіберу, себебі атипті жасушалар ыдырауы мүмкін.
135.Қақырықты туберкулез таяқшасына тексеру (194 бұйрық 12 наурыз 2015 жыл)
Жұқпалы аурулардын алдын алу үшін қолданылатын санитарлық ережелері
Мақсаты: Туберкулез таяқшасын анықтау,пациентке қақырығын өз бетімен жинауды үйрету
Көрсеткіші: Өкпе аурулары.
Жабдықтау: 3 арнайлы шынылы контейнерлер немесе бір рет қолданылатын көлемі 50мл аузы кең (сиымдылығы 35мл кем болмау керек) қақпағы бар ыдыс оның сыртына пациенттің аты-жөнің, алған күнің, пациеттің ИИН жазу, жолдаманы толтыру (ТБ-05) маркерленген металлды бикс, резенке қолғап, алжапқыш, контейнер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке қақырықты жинауды үйрету, келісімін алу
2.Қақырықты ашық ауада бөтен адамдар жоқ жерде немесе арнайы ашық терезелері бар жақсы желдетілетін немесе вентиляциясы және кварц шамы бар жерде жинау.
3.Маска, клеенкалы алжапқыш, резенке қолғапты кию
4.Қақырықты таңертен аш қарында бірінші күні 1 рет,екінші күні 2 рет стационарлық жағдайда жинау
5.Пациентке тісін тазалап, содамен немесе қайнатылған сумен аузын шаюды сұрау
6.Пациентке контейнерді берініз
7.Пациенттің артына тұрып контейнерді аузына әкеліп, ұстауын сұраңыз
8.Пациентке аузын қол орамалмен жабуын сұраңыз, 3 рет демін шығару мен алуын одан кейін қатты жөтелуін сұраңыз, 2-3 қақырығын контейнердің шетіне тигізбей тастау
9.Контейнердің қақпағын жабу
10.Жиналған қақырықты тексеру
11.ТБ-05 жолдамасын жазу
12.Жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберу
13.Маска,резенке қолғапты қолданған заттарға арналған контейнерге тастау
14.Қолды жуып, құрғату
Бактериологиялық зерттеуге қақырық жинау
Мақсаты: диагностикалық, аурудың қоздырғышын анықтау
Көрсеткіші: туберкулез және тыныс алу жүйесінің басқа да жұқпалы аурулар.
Жабдықтау:Залалсыздандырылған арнайлы шынылы сыйымдылығы 50мл,диаметрі 35мм қақпағы бар ыдыс, металды бикс, қайнатылған су,дәке,жолдама жазылған бланктер, қалам, стеклограф, қолғап,маска, дез.ерітіндісі бар ыдыс,қалдықтарға арналған ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қақырықты таңертен ашқарында жинаңыз.
2. Контейнерді белгілеңіз.
3. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.
4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғап,маска киіңіз.
5. Пациентке процедура барысын түсіндіріп,келісімін алыныз.
6. Пациентке қақырықты қалай жинау туралы ақпарат беріңіз.
7. Пациентке түсіндіріңіз қақырықты терең жөтелгенде жинайтынын және ыдыс шетіне ауызын тигізбеуін
8. Пациенттен сұраңыз:
Ø 2 сағат бұрын ауыз тазалауын;
Ø Қайнаған сумен ауыз қуысын шаю;
Ø Тұру немесе тік отыру;
Ø Ыдыстын аузын ашу;
Ø Аузын қолорамалмен жауып,3-рет дем алу, 3-ші дем алғанда жөтел шақырып қақырықты контейнерге тастау
9. Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
10. Дез.ерітіндіге малынған дәкемен ыдыстын сыртын сүртіңіз.
11. Қақырықтың дұрыс жиналғанына көз жеткізіңіз,металды бикске салыңыз
12. Қақырықты бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.
13. Маска,қолғапты шешіп,калдық заттарға арналған ыдысқа салыңыз.
14. Қолды жуып,құрғатыңыз.
Ескерту:
Ø Егер қақырық жиналмаса,қақырықты шығаруға арналған дәрілерден кейін жинауға болады;
Ø Қақырықты антибиотиктер тағайындалғаннан кейін жинау керек.