Мақсаты: Диагностикалық. Шектің жұқпалы ауруларының қоздырғышын анықтау. Реконвалесцетиқалық және декретивті тұлғаларды зерттеу.
Көрсеткіші: Шектің микрофлорасын зерттеу. Шектің жедел жұқпалары.
Жабдықтау: Қоректік ортасы бар петри табақшасы, залалсыздандырылған пробиркада орналасқан ректальді күршек, нәжіс жину үшін судно немесе горшок, резеңке қолғап, маска, форма бойынша жолдама, стеклограф, бикс, КБУ
Іс әрекет алгоритмі
1.Пациентке процедура барысын түсіндіру, нәтиженің уақытың айту, келісімін алу
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуу, халат, маска кию
3.Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз, журналға тіркеңіз
4.Қоректік ортасы бар петри табақшасын, стеклографпен сәйкес номер бойынша белгілеңіз
5.Пациентті судноға немесе горшокқа отырғызыңыз
6.Оң қолмен пробиркадан ректальді күршекті алып шығыңыз
7.Суднодағы жаңадан түзелген нәжістен, залалсыздандырылған ректальды күршекпен 3-5 жерден жұғынды алыңыз
8.Тетри табаұшасын жартылай ашыңыз
9.Қоректік ортасы бар петри табақшасына алынған нәжісті келесі жолмен салыңыз:
-қоректік ортаның бетін бұзбай 1,5-2 см көлемінде ректальды күршекпен алынған нәжісті бір қалыпты жағыңыз
10.
11.37гр термостатқа немесе паралонмен оралған бикске петри табақсашын салыңыз
12.Биксті құлыпқа жабыңыз
13.Қолғапты,масканы шешіп КБУ-ға салыңыз
14.Бикстегі алынған материалды жолдамамен зетханаға жеткізіңіз
Ескерту:
Нәжісті жинау әртүрлі тәсілдермен жүреді:
Ø унитаздан,горшоктан,суднодан,жөргектен-бұл “ашық әдіс”
Ø тік ішектен күршектін көмегімен алынады
Ø зерттеу үшін шырышты,фиброзды,қабатты ірінді алады
Ø нәжісті тексеріске алу антибиотиктерді сульфаниламинті дәрілерді қолданбастан бұрын алынады
Бактериологиялық зерттеуге “ашық нәжістен, пробиркаға” нәжісті жинау
Мақсаты: Диагностикалық. Шектің жұқпалы ауруларының қоздырғышын анықтау. Реконвалесцетиқалық және декретивті тұлғаларды зерттеу.
Көрсеткіші: Шектің микрофлорасын зерттеу. Шектің жедел жұқпалары.
Жабдықтау: Металды күршегі бар, тығыз мақтамен жабылатың залалсыздандырылған пробирка, судно немесе горшок, резеңке қолғаптар, маска, форма бойынша жолдама, стеклограф, штатиф, тасымалдауға арналған контейнер немесе бикс,КБУ
Іс-әрекет алгоритмі
1.Пациентке процедура барысын түсіндіру, нәтиженің уақытың айту, келісімін алу
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуу, халат, маска кию
3.Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз, журналға тіркеңіз
4.Қоректік ортасы бар пробиркага, стеклографпен сәйкес номер бойынша белгілеңіз
5.Штатифке пробирканы орнатыңыз
6.Пациентті сол жақ қырына жартылай тізесі бүгілген қалыпта жатқызыңыз
7.Оң қолмен пробиркадан ректальді күршекті алыңыз
8.Сол қолдың 1-2 саусақтарымен жамбастың арасын ашу, оң қолмен айналмалы қозғалыстармен тік ішекке күршекті еңгізіңіз, ең бірінші кіндікке қарай паралель 8-10см тереңдікке еңгізіңіз
9.Тік ішектің қабырғасынан айналмалы қозғалыстармен материалды алыңыз, одан кейін абайлап тік ішектен күршекті алы шығыңыз
10.Пробирканың айналасына тигізбей күршекті залалсыздандырылған пробиркаға салыңыз
11.Пробиркаға жолдаманы жабыстырыңыз
12.Пробирканы штатифке, штатифті паралонмен оралған бикске салыңыз
13.Биксті құлыпқа жабыңыз
14.Қолғапты,масканы шешіп КБУ-ға салыңыз
15.Бикстегі алынған материалды бактериологиялық зертханаға 2 сағат көлемінде жолдамамен жеткізіңіз
Ескерту:
Нәжісті жинау әртүрлі тәсілдермен жүреді:
Ø унитаздан,горшоктан,суднодан,жөргектен-бұл “ашық әдіс”
Ø тік ішектен күршектін көмегімен алынады
Ø зерттеу үшін шырышты,фиброзды,қабатты ірінді алады
Ø нәжісті тексеріске алу антибиотиктерді сульфаниламинті дәрілерді қолданбастан бұрын алынады
Пациентті бронхоскопиялық тексеріске дайындау
Мақсаты: Пациентті сапалы тексеріспен қамтамасыз ету. Бронхының шырышты қабатын визуальді көзбен қарау.
Жабдықтау: Залалсыздандырылған: резеңке қолғап, бронхоскоп, дәкелер, транквилизатор, дез. ерітіндісі бар ыдыс, орамал, ауру тарихы, жолдама.