Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Гипертониялық клизма жасаудың медбикелік технологиясы




Мақсаты: ішекті жақсы босаңсыту.

Көрсеткіші: әр түрлі ісіктер, отадан кейінгі пациенттің жағдайы, атоникалық дәретінің тұрып қалуы, тоқ ішектің қабынулары.

Қарсы көрсеткіштері: төменгі тоқ ішектегі жедел қабыну және жаралық процестерде, тік ішектің маңайынының жарылуы, геморрой.

Жабдықтау: залалсыздандырылған резеңка баллон, немесе Жане шприці, жел шығаратын түтікше, 10% натрий хлорид ерітіндісі 100-150 мл немесе 20–30% - магний сульфат ертіндісі 100–200 гр, латекстік қолғап, вазелин, лоток, клеенка, үлкен жөргек, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс,қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).

Іс әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, келісімін аламыз;

дәріні(суға) 38-400С дейінгі жылытамыз;

2. Пациенттің астына клеенкамен жөргекті салып, сол жақ қырына жатқызып оң жақ аяғын тізесіне бүгіп, ішіне тартуын сұраймыз;

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып қолғапты, алжапқышты, масканы киіңіз.

4. Бикстан жел шығаратын түтікшені алып лотокқа салыңыз.

5. Резеңке баллонға немесе Жане шприцына 100(200 мл) жылы ерітінді сорып алып, лотокқа орналастырамыз(Т0 – 380С).

6. Жел шығаратын түтікшені 20 – 30 см. вазелин майымен жағыңыз.

7. Пациенттің жамбасын сол қолдың I және II саусағымен ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені абайлап бірінші 3-4 см кіндікке қарай, қалған 20-30 см омыртқа жотасына жіберіңіз.

8. Жел шығаратын түтікшеге резеңке баллонды немесе Жане шприцын жалғап гипертоникалық ертіндіні жіберіңіз.

9. Жел шығаратын түтікшенін шетіне қысқышпен бекітіңіз, резеңке баллонды немесе Жане шприцын ажыратып алыңыз.

10. Жел шығаратын түтікшені суырып алыңыз (дәрінің бар жоғын алдын ала тексеріңіз).

11. Дәкемен жоғарыдан төмен сүртіп алыңыз.

12. Пациентті дәріні ұстау үшін, шалқасына 20-30 мин жатуын сүраймыз. ии.

13. Түтіншені, жел шығырытын түтікшені дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

14. Қолғапты, масканы, дәкелерді арнайы контейнерге тастаңыз.

15. Қолды жуып құрғатыңыз.

Майлы клизма жасаудың медбикелік технологиясы

Мақсаты: нәжістерді, газдарды шығару.

Көрсеткіштері:

· іш құрылысына операция жасағаннан, босанғаннан кейін бірінші күндері.

· Тазарту клизмасының нәтижесіз болуы.

 

Қарсы көрсеткіштері:

ü асқазан ішектең қан кеткенде;

ü тік ішектің қатерлі ісігінде;

ü тік ішектің түсуінде;

ü тоқ ішектің жараларында.

Жабдықтау: залалсыздандырылған резеңке баллон, өсімдік майы 50 – 100 гр, 37–380С дейін жылытылған, жел шығаратын түтікше, лоток, латекстік қолғап, дәкелер, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).

Іс әрекет алгоритмі:

1. Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін

алыңыз.

2. Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық

деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

3. Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз.

4. Ыстық суы бар ыдыста, майды 37-380С градусқа дейін жылытыңыз.

5. Залалсыздандырылған резеңке баллонды қысып ішіндегі ауасын

шығарыңыз, ұшын стақандағы майға салып, май сорып алу үшін

баллонды ақырындап босап, лотокқа орналастырыңыз.

6. Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық жайыңыз.

7. Залалсыздандырылған дәкемен жел шығаратын түтікшені алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз.

8. Сол қолыңызбен пациенттің жамбасының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап жел шығаратын түтікшені тік ішекке 20-30 см. тереңдікке енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен).

9. Резеңке баллонды жалғап, майды ақырындап ішекке жіберіңіз.

10. Сол қолыңызбен түтікшені резеңке баллонның алдынан қысып

тұрыңыз, сосын резеңке баллонды алыңыз. Оны қолданылған

материалдарға арналған ыдысқа салыңыз.

11. Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікшені шығарыңыз, сол қолыңызбен түтікше бойын қысып, ондағы майды толық шығарыңыз;

12. Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата тұруын түсіндіріңіз.

13. Үлкен дәретке отыру 10-12 сағаттан соң болады, сондықтан бұл

клизманы ұйықтар алдында қоюға тырысыңыз.

14. Түтіншені, жел шығырытын түтікшені дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

15. Қолғапты, масканы, дәкелерді арнайы контейнерге тастаңыз.

16. Қолды жуып құрғатыңыз.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3112 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2155 - | 2045 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.