Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Вакумдық жүйе арқылы көк тамырдан қан алу.




Қанды вакум жүйесі арқылы алу – ол қауіпсіз жүйе тасымалдауда қанның анализінің нәтижелі болуына тән.

Вакутайнер – көк тамырдан қан алу үшін бір рет қолданылатын толық жабылған вакумдық пластика.

3 компоненттен тұрады:

1.Екі жақты ине қауіпсіз клапонымен.

2.Бір рет қолданылатын ұстағыш.

3.Вакумның көлеміне байланысты залалсыздандырылған пробирка.

Күнделігі: қауіпсіздігі, нәтижелі болуы, гемолиздің минимальді болмауы, қанның көлемінің дұрыстылығы, залалсыздығы.

Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіші: пациентті қарау.

Асқынулары: гематома, тромбофлебит, сепсис.

Қан алу орны: шынтақтың ішкі жағы, білек, қолдың үсті.

Жабдықтау: залалсыздандырылған екі жақты ине қауіпсіз клапонымен, бір рет қолданылатын ұстағыш, вакумдық пробирка, мақта, қолғап, латок, тері антисептигі, жгут (көк тамыр манжеткасы), клеенкалы жастыкша, маска, алжапқыш, қорғаныш көзілдірігі немесе экран, қалдықтарға арналған контейнер.

Іс – әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісімін алу.Таңғы асын ішпегенін анықтау.

2.Лабороторияға жолдама жазу.

3.Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.

4.Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5.Маска, қолғап, қорғаныш көзілдірігін және алжапқыш киіңіз.

6.Қан жинау системасын алыңыз.

7.Ораудың мерзімін, герметикасын тексеріңіз және қан алу компонентерінің жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

8.Орауды ашыңыз.

9.Инені, қорғаныс клапонын алыңыз (екі жақты иненің сүр қорғаныс қалпағын).

10.Инені ине ұстағышқа бекітіңіз.

11.Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, жоғарғы бөлігін киімнен босатыңыз, шынтақтың астына жастықша қойып, қолын төмен түсіріңіз.

12.Ортыңғы бөлігіне дәке қойып, жгутты байлаңыз.

13.Кәрі жілік артериясынан пульстің бар жоғын анықтаңыз (пульс қалыпты болуы керек).

14.Көк тамырды табыңыз.

15.Пациентке қолын бірнеше рет ашып жұмуын сұраңыз, сосын жұдырығын қатты қысуы керек.

16.Қолыңызды антисептикпен өңдеңіз.

17.Кәрі жілік маңайын өңдеңіз, инъекция жерін 2 мақта шаригімен өңдеңіз, қалдықтарға арналған котейнерге салыңыз, 3 мақта шаригін сол колыңыздың 4-5 саусағына ұстаңыз.

18.Системаны оң қолыңызға ұстаңыз,

19.Бас бармақпен керекті жерден төмен басыңыз

20.Ине мен ине ұстағышты пациенттің қолына 15 С бұрышпен ұстаңыз, инені кіргізіңіз.

21.Ине ұстағышты сол қолға ауыстырыңыз, ал оң жақ қолға пробирканы алып ине ұстағышқа бекітіңіз және қан түсуін қамтамасыз етіңіз.

22.Залалсыздандырылған пробиркаға қан толғанда жгутты шешіңіз.

23.Ұстағыштан қанға толған пробирканы алыңыз.

24.Пробирканы 8-10 рет айналдырыңыз, бірақ шайқамаңыз.

25.Басқа зерттеуге қан қажет болғанда ұстағышқа келесі пробирканы қойыңыз.

26.Пробирканы контейнерге салыңыз.

27.Көк тамырдан инені суырып алып, залалсыздандырылған мақта шаригін қойыңыз, ине ұстағышты алыңыз.

28.Пациентке мақта шаригін 3-5 минут бүгіп тұруын сұраңыз.

29.Пробирканы мәркірлеңіз.

30.Ауру туралы мәліметті қан алатын дәптерге тіркеңіз.Пробирканы контейнерге салып, жолдамамен лабороторияға жіберіңіз.

31.Қолданылған заттарды қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

32.Қолды жуып құрғатыңыз.

 

Көктамырға антибиотиктердің сезімталдығын тексеру үшін гемокультураға қан алу

Мақсаты: Диагностикалық

Көрсеткіші: Дәрігер нұсқауы

Жабдықтау: Бактериялогиялық лабораториядан әкелінген залалсыздандырылған тағамы бар флакон, спиртовка, сіріңке, заласыздандырылған инемен шприцтер, лоток, мақта түйіршіктері, пинцет, жгут, жастықша, дәке, 70%-дық спирт, тығындылары бар таза пробиркалар, штатив, халат,маска, залалсыздандырылған резеңке қолғап, қолданылған заттарға арналған лоток, танометр, фонедоскоп, шокқа қарсы дәрілер.

Іс әрекет алгоритмі

1. Пациентті ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу.

2. Процедураға дайындау, пробиркаларды нөмірлеу, жолдама жазу, қолды жуып құрғату, арнайы киім киіп мақта түйіршіктерімен қолғапты өңдеу, спиртовканы жағу.

3. Пациенттің шынтағына жастықша салу.

4. Қолын киімнен иық ортасына дейін босату.

5. Резеңке жгутты шынтақтан жоғары 10см байлау, жгуттың ұшы жоғары қарап тұруы тиіс.

6. Қолғапты 70%-дық спиртпен өңдеу.

7. Пациенттің қолымен жұмыс істеуін сұрау.

8. Пациент қолын қысып тұрады,ине салатын жерді 10/10, 5/5 көлемде 70%-дық спиртпен сүрту.

9. Қанға толған венаны тауып алу, сол жақ қолдың саусақтарымен теріні тарту, венаны бекіту, оң жақ қолға шприцті алу, 450 С венаны тесу, 1-ші теріні, 2-ші венаны.

10. Иненің көк тамырда екеніне көз жеткізу.

11. Жгутты шешпей керекті қанды сорып алу.

12. Жгутты шешіп қолын босату.

13. Мақта түйіршігін инъекция жасаған жерге қойып, инені суырып алу.

14. Пациент қолын 3-5мин қысып ұстауын сұрау.

15. Қақпағы бар пробирканы спиртовканың маңайына апарып күйдіру,қақпағын пинцетпен ашу.

16. Шприцтағы қанды пробирка қабырғасына тигізбей құю, қақпақшасын спиртовка отына күйдіріп пробирканы жабу.

17. Қолданылған заттарды арнайы лотокқа салып, қолғапты шешу.

18. Лабораторияға жолдама жазу, пробирканы штативке салып, контейнерге бекітіп бір сағаттың ішінде БАК лабораторияға апару.

19. Қолды жуып құрғату.


132. Ауыз арқылы глюкоза толерантты тест тексеру

Мақсаты: Қант сусамырының жасырынды ағымындағы диагностикасы

Көрсеткіші: Дәрігердің нұсқауын орындау

Пациент таңертен ашқарында (200 гр суға 75гр глюкоза ертіндісі араластырып) ішеді. Ашқарындағы қанттың мөлшері бірінші бір сағаттан кейін сосын екінші сағаттан кейін өлшейміз. 70% елдердің егер глюкозаға толеранттылығы бұзылса 10 минуттан кейін қант сусамыры дамиды

Қалыпты жағдайда қандағы қанттың мөлшері 3,5-5,3 микромоль на литр.

Қанттың мөлшері глюкометр аспабымен өлшенеді.

Пероральды (оральды) глюкозағатөзімділік (глюкозотолеранттылық) сынақ (ПГТ)

Мақсаты: жасырын ағымды қант сусамырының диагностикасы.

Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы.

Пациент ашқарынға глюкоза ерітіндісін ішеді (75 г - 200 мл суда). Қант деңгейі ашқарынға, одан кейін глюкоза қабылдағаннан бір немесе екі сағаттан соң өлшенеді. Глюкозаға төзімділіктің бұзылуына тән көрсеткіштер таблицада көрсетілген.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3967 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2610 - | 2184 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.