Мақсаты: емдеу
Қарсы көрсеткіштері:
-жарақатты зақымданулар;
-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.
Жабдықтау: бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер,залалсыздандырған қолғаптар, 2 залалсыздандырылған пинцет, залалсыздандырған дәкелер, глицерин, фурациллин1:5000, таза лоток, жылытылған су, сұйықтықты жинайтын лоток, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.
2. Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.
3. Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.
4. Пациенттің жыныс мүшелерін жуыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға пинцетпен дәкені алыңыз. Жууды жоғарыдан қасағадан бастап тік ішекке қарай төмен жүргізіңіз. Теріні осы әдіспен құрғатыңыз.
5. Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, қолыңызды жуыңыз.
6. Залалсыздандырылған қолғапты киініз.
7. Сол қолынызбен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолынызбен жоғарыдан төмен қарай зәр шығаратын каналды тік ішекке қарай фурацилинмен жақсылап жуыңыз.
8. Пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндегі салыныз.
9. Мәрлі дәкені ауыстырыныз.
10. Екінші залалсыздандырылған пинцетті алыныз.
11. Залалсыздандырылған пинцетпен жазатын қалам сияқты жұмсақ катетердің ұшынан ұстаныз, ұшынан 4-6 см арашылығынан, катетердің сыртқы ұшын оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаныз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған залалсындандырылған катетерді 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша абайлап зәр шығатын тесікке енгізіңіз. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.
12. Зәр шыққаннаң кейін катеттерды алмаңыз, Жане шприціне жылытылған 100-150мл фурациллин ертіндісін сорып алып катетерға жалғаныз.
13. Ертіндіні жібергеннен кейін Жане шприцін алып катетерді зәр жинайтын лотокқа салыныз. Осылайша қуықты фурацилинмен тазарғанша жуыңыз.
14. Катетерды қуықтан алыныз.
15. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыныз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыныз.
Пациентті зертханалық және аспаптық тексерәске дайындау.
Зертханалық анализге саусақтан қан алу
Мақсаты: диагностикалық, жалпы клиникалық анализге қан алу: қанның мөлшерін және құрамын анықтау(эритроцит,лейкоцит,тромбоцит) қан құрамындағы гемоглобинді және эритроциттің тұну жылдамдығын анықтау, қандағы глюкозаны анықтау,жәнеде қан тоқтағанын және қан кеткен уақытты анықтау.
Көрсеткіші: дәрігердің нұсқауы бойынша.
Теріні тесу орны: құлақтың ұшы, аты жоқ саусақ, сәбидің өкшесі.
Жабдықтау: стерильденген, шынылы – скарификатор,мақта шариктері, қолғаптар, тері антисептигі, 5% йод ерітіндісі,қалдыққа арналған контейнер.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Медбике зерттеу алдында пациентке қан алу туралы ескертуі жәнеқан аш қарында алынатынын, дәрі қабылдамастан, ал кешкі асқа майлы тағам жемеу керектігін түсіндіруі керек.
2. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.
3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен өңдеп, қолғап киіңіз.
4.
5. Тесілген орынды тері антисептигіне батырылған 2стерильді мақта шаригімен өңдеңіз және спирттің құрғауын күтіңіз, айтпесе тері тесілгеннен кейін қан саусақ бойымен ағуы мүмкін.
6. Пациенттің саусағындағы тырнақ фалангасын жайлап қысыңыз және скарификаторды ұстап тұрып саусақтың орта сызығынан тырнақтан сәл алшақтау сол жағынан тесіңіз.
7. Тесік саусақтың тері сызығынан көлденең орналасуы тиіс, тесік үңірейеді, қан одан оңай және көп мөлшерде ағады. Тері сызығына бойлай тырнақтың жанынан тесуге болмайды, қан оған түсіп,зерттеу қиын болады.
8. Бірінші тамшы қанды стерильденген құрғақ мақта шаригімен сүртіңіз.
9. Әр зерттеуге қанды жаңа тамшыдан алады.
10. Қанды алған соң тесілген жерді 5 % йод ерітіндісімен өңдеңіз.
11. Қолданылған заттарды қалдыққа арналған контейнерге тастаңыз.
Ескерту:
- Қол күйгенде және үсіп қалғанда құлақ ұшынан алуға болады.
- Нәрестелерден қанды аяқтың үлкен саусағынан немесе алақаннан алады.